Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектепке дейінгі білім

  • Негізгі ерекшеліктері: Теңдік.

  • Жалпы орта білім төмендегідей

  • 1-2 сынып.

  • 3-6 сынып.

  • 7-9 сынып.

  • Финляндия мектептері ерекшеліктерге толы

  • Финляндия мемлекетіндегі бағалау жүйесі қандай Бағаның атқаратын рөлі қандай

  • БОТ Финляндия. Финляндияны білім беру жйесі. Біз немесе мірге, немесе емтихана дайындаймыз. Біз біріншісін тадаймыз!


    Скачать 8.12 Kb.
    НазваниеФинляндияны білім беру жйесі. Біз немесе мірге, немесе емтихана дайындаймыз. Біз біріншісін тадаймыз!
    Дата05.05.2019
    Размер8.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБОТ Финляндия.docx
    ТипДокументы
    #76180

    Финляндияның білім беру жүйесі.

    «Біз немесе өмірге, немесе емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз!» деген әдемі сөздерді Финляндия мемлекетінің азаматтары айтқан болатын. Сіздермен осы мемлекеттің білім беру жүйесімен жан-жақты танысамыз.

    Финляндия халқы сәби дүниеге келе салысымен, оған толыққанды азамат ретінде қарайды. Бірден төлқұжат береді. Ата-аналарға қоғамдық орындарда баласына дауыс көтеруге тыйым салады. Тәрбие тек үйдің ішінде берілуі керек сынды қағида қалыптасқан. Ал қол көтергендері үшін көлемді айыппұл төлетуі мүмкін.

    Мектепке дейінгі білім

    Кез келген 10 айлық бала балабақшаға баруға құқылы. Ол жерде тамақты тегін алады. Әдеттегі балабақшаға мүгедек балаларды да қабылдайды. Олар өзге балаларға ілесіп, нәтижесінде жастайынан өмірге икемделе бастайды. Кейде өмір сүруге қажетті мүшелерін қалпына келтіреді.

    6 жасынан бастап баланы мектепке дайындайды. Ол жерде қажет болатын қабілеттерді жетілдіреді. Тіпті бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгерте бастайды. Баланы ерекше талант иесі деп танып, мектепке дейін екі тілді меңгертеді. Білім беру жүйесінің ерекшеліктері

    Қағидалар:

    - барлық бала тең құқылы;

    - жекеменшік мектептер жоқ;

    - сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі;

    - түскі ас тегін;

    - оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді;

    - мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ;

    - мұғалімдерге толықтай сенім артады;

    - жемқорлық өте аз;

    - табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады;

    - ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.

    Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады. Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған.

    Негізгі ерекшеліктері:

    Теңдік. Мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік. Ата-анасының қоғамдық статусына мән берілмейді. Мүмкіндігі шектеулі балалар да жалпыға ортақ мектептерде оқи береді. Қабілеттілігіне тәуелсіз, оқушылар «жақсы», «жаман» болып бөлінбейді. Барлық пәндер бірдей дәрежеде оқытылады. Бір пәнді тереңдетіп оқып, екінші пәнге үстіртін қарауға болмайды.

    Тегін. Жалпы білім алумен қатар, оқулықтар, көлік тасымалы, тамақ, сыныптан тыс іс-шаралар, оқу құралдары, ноутбук, планшетке дейін мемлекет есебінен.

    Жеке тұлға. Әрбір оқушыға қабілеттерін ескере отыра жеке оқу жоспары жасалады. Бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.

    Тәжірибе. Бұл мектептерде ешқандай емтихан жоқ. Тек жалпы орта мектеп бітірер уақытта тапсырылатын тест бар. Бірақ, ол тесттің нәтижесі оқушыға да, мұғалімге де, мектепке де әсер етпейді. Оқушыларды оған алдын ала дайындамайды, қалай бар солай тапсырады. Оқушыларға болашақ өмірде қажет болатын нәрселерді ғана үйретеді. Мысалы, пештің құрылысы қажет болмаса, үйретпейді. Оның орнына, фин оқушылары сайт жасау, салықтарын есептеу, шарт жасасу, кірісін есептеу секілді дүниелерді біліп шығады.

    Сенім. Біріншіден, ұстаздар қауымын тексеріспен шаршатпайды. Мемлекет бағыт-бағдар ғана береді, әр мұғалім өз әдіс-тәсілімен оқытуға мүмкіншілігі бар. Екіншіден, оқушыға сенім. Егер оқушыға сабақ үстінде презентация ұнамаса, оның кітап оқуына, жазуына, яғни басқа нәрсемен шұғылдануына құқысы бар.

    Еркіндік. Шынайы оқығысы келген оқушы оқиды. Егер оқушының ол сабаққа қызығушылығы жоқ болса «екілікпен» қорқытпайды. Керісінше, оған қызық саланы табуға тырысады. Нақты үлгермеген болса, келесі сыныпқа көшірілмейді. Фин мектептерінде сыныпқа көшпей қалу ешқандай да ұят емес. Себебі, болашаққа жауапты түрде дайындалу керек деп есептейді.

    Дербестік. Мектепте оқушыға өзі ойланып, жеке шешім шығаруға үйретеді. Оқушылар арасындағы кикілжіңге де етене араласпайды. Себебі, үлкен өмірдегі келеңсіздіктерді шешуге дайындық ретінде.

    Оқу жылы тамыз айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталады. Күзгі және көктемгі демалыстар бар. Сабақ 5 күн, бір ауысымда жүргізіледі. Жұма — қысқартылған күн.

    Жалпы орта білім төмендегідей:

    — Төменгі(alakoulu), 1-6 сынып

    — Жоғарғы (yläkoulu), 7-9 (егер үлкен өмірге дайын болмасаң, 10 сынып оқуға болады, бірақ міндетті емес)

    1-2 сынып. Ана тілі, оқу, математика, табиғаттану, дін (өзінің сеніміне сәйкес ), музыка, сурет, еңбек, дене шынықтыру. Бір сабақта бірнеше пән оқытылуы мүмкін.

    3-6 сынып. Ағылшын тілін бастайды. 4-сынапта қосымша тағы тіл таңдайды: француз, швед, неміс, орыс. Таңдау бойынша әртүрлі қосымша сабақтар енгізіледі. Олар әр мектепте әртүрлі: компьютерде пернетақтамен тез теру, хорда ән айту, ағашпен жұмыс, компьютерлік сауаттылық. Барлық мектепте 9 жыл бойына музкалық аспапта ойнау үйретіледі. Оқушылар сыбызғыдан контрабассқа дейін үйреніп көреді.

    5-сыныпта биология, география, физика, химия, тарих қосылады. 1-6 сынып аралығында барлық пәннен 1 мұғалім сабақ береді. Дене шынықтыруда жетісіне 1-3 рет кез келген спорт ойындарын ойнау. Сабақтан кейін шомылу міндетті. Жеке пән мұғалімдері 7 сыныптан бастап сабақ береді.

    7-9 сынып. Фин тілі мен әдебиеті, швед тілі, ағылшын, математика, биология, география, физика, химия, денсаулық негіздері, дінтану, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, таңдау пәндері, қыздар мен ұлдарға бөлінбейтін еңбекке баулу. Бәрі бірдей сорпа дайындауды, бәрі бірдей ағаш жонуды үйренеді. 9 сыныпта 2 апта «еңбек өмірімен» танысу болады. Оқушылар өздері қалаған жұмыс орнын таңдап, үлкен қызығушылықпен «жұмысқа» аттанады.

    Финляндия мектептерінде 9-10 жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін арнайы гимназиялар мен лицейлерде оқи алады. Содан соң жоғары оқу орындарына түсе алады. Ең басты артықшылықтары – теоря мен практиканың теңдігі. 3,5-4,5 жыл оқып, бакалавриат дәрежесін алған студент ешқандай қиындықсыз жұмысқа орналасып, оны әрі қарай алып кете алады. Жоғары оқу орындарына түсу үшін оның алдында оқыған оқу орындарындағы үлгерімдері есептеледі немесе кейбір жерлерде түсу емтихандары ұйымдастырылады. Университетте оқығандары үшін ешқандай студент ақша төлемейді, барлығы мемлекет тарапынан қаржыландырылады.Және де шәкіртақы алуға құқығы бар. Тек бұл жолы тұрғылықты жері мен тамағын студенттің өзі қамтамасыз ету керек.

    Қазіргі уақытта Финляндияда 39 университет жұмыс жасайды. Осы оқу орындарындағы оқу сапасын, теория мен практиканы ұштастыра алу қабілеттіктерін, студенттік өмір сапасын тексеретін FINEEC арнайы ұйым жұмыс жасайды. Бұл мекеме қызметкерлері ешкімге тәуелсіз бағалау жүргізеді және оның нәтижелері барлығының ашық түрде көруге мүмкіндіктері бар.

    Сонымен қатар, Финляндия халқын сауаттандыру мақсатында «жазғы университеттер», «ашық университеттер», жұмыссыздарға арналған оқу орындары белсенді жұмыс жасайды. Бұл жерлерде жылына 600 мыңға жуық адам білім алады.

    Финляндия мектептері ерекшеліктерге толы:

    Мектеп территорясы қоршалмаған, есік аузында күзетшілер мүлде болмайды. Сабақ кестесіне сай кіргізетін автоматты жүйе арқылы жұмыс жасайды.

    Балаларға партада отыру міндетті емес. Қаласа жердегі кілемде отыра алады. Төменгі сынып бөлмелері дивандармен жабдықталған.

    Мектеп формасы мүлдем жоқ. Жатарда киетін киіммен келсе де рұқсат етілген. Екінші аяқ киім міндетті, бірақ көбіне балалар шұлықпен немесе жалаң аяқ жүргенде жөн көреді.

    Ауа райы қолайлы уақыттарда сабақтар таза ауада өткізіледі.

    Үй тапсырмасын өте сирек беріледі. Балалар демалу керек деп есептейді. Ата-аналар баласының сабағын орындатумен отырғанша, отбасымен мұражайға, тауға барғанда жөн санайды.

    Тақтаға шығып сабақ айту әдісі қолданылмайды. Мұғалім мен көмекшісі (фин мектептерінде кездесетін қызмет) сабақ үстінде барлық оқушыны аралау арқылы тексере алады.

    Дәптерге қарындашпен жазып, қалағанша өшіруіне рұқсат. Мұғалімдер де қарындашпен тексеруіне болады.

    Финляндия мемлекетіндегі бағалау жүйесі қандай? Бағаның атқаратын рөлі қандай?

    Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады.

    Барлық мұғалімдермен тек қана 1 жылдық келісім шарт жасасады. Оның кейбіреулерін егер қаласа ұзартуға болады, ал кейбіреулерінде ондай мүмкіндік те жоқ. Финляндия ұстаздарының еңбекақысы жоғары болып саналады. Көмекші ұстаз айына – 2500 еуро, пән мұғалімдері – 5000 еуро алады.

    Фин оқушылары әлемдегі ең көп кітап оқушы балалар болып есептелінеді.

    Финляндия білім беру жүйесіне үнемі өзгерістер енгізіп, жетілдіріп отырады. Ең бастысы, мектеп өз қызметін атқарып отыр. Оқушылар түнімен сабақ оқып, жүйке ауруларына ұшырамайды, мектептен қашып, безіп кетпейді, емтихандардан құтылып, тезірек есеюді армандамайды. Сабырлы, бақытты, саналы, кітап оқиды, компьютермен жұмыс жасай алады, спортпен айналысады, музыкалық туындыларды дүниеге әкеледі, әртістік қабілеттерін көрсете алады, т.б. Өмірмен қуана алады. Бәрін жасай отырып, білім алып үлгеруде.


    написать администратору сайта