Главная страница

Кәсіптік практика күнделігі. Кәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр. Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк


Скачать 271.58 Kb.
НазваниеСемей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк
АнкорКәсіптік практика күнделіг
Дата27.04.2022
Размер271.58 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр.docx
ТипДокументы
#500632
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы

мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖК КМК


Келісілді Бекітемін

ШЖҚ КМК«Семей қаласының №1-ші Директордың

қалалық емханасы» оқу- өндірістік жұмысы

ҚЖМК бас мейірбикесі жөніндегі орынбасары

______ _____ Ульбауова А.М.

___ _______ 2022ж ___ _______ 2022ж




Кәсіптік практика

бағдарламасы


Пән: «Медициналық шұғыл көмек»

Мамандығы: 0302000 "Мейіргер ісі"

Біліктілігі: 030204 3 « Жалпы практикадағы мейіргері»
Курс: 4

Семестр: 8
Құрастырған оқытушы: Сыдыққызы.Г

Тексерген: Ынтыкбаева Тогжан Толемисовна

Орындаған: Рүстемова Ақмарал


Семей 2022 ж

Кәсіптік практика күнделігі

Күні/Дата

Орындалған жұмыс көлемі/

Объём выполненной работы

Қойылған мақсатқа жету/

Достижение поставленных целей

Ескерту/Примечание

23.032022


Мен Рүстемова Ақмарал ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медициналық колледжінің» IV курс студенті. Мен «Медициналық шұғыл көмек» пәні бойынша кәсіптік тәжірибемді ШЖҚ КМК «Зайсан аудандық ауруханасынан» өттім.Кәсіптік тәжірибем 23.03.2022 күні таңғы сағат 8.00-де басталды.Мені тәжірибе жетекшіміз-ментор Тогжан Толемисовна қабылдап алып,емдеу мекемесімен таныстырды және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді. Және алғашқы тәжірибемді тіркеу бөлімінде бастадым.Тіркеу бөліміндегі құжаттарды толтырып,қоңырау қабылдадым.Жұмысымды «111-ші бұйрыққа» сәйкес қолды өңдеу алгоритмімен бастадым.Сонымен қатар тәжірибе орныма келе салысымен ағымды тазалау жүргіздім,1-ші күні маған регистратура мейіргері көмектесті.
қолды өндеу

Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, 70% этил спиртін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шештім.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексердім.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып орадым.

  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттедім.Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жудым:

  • алақанды алақанмен;

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

  • Қолды құлып қылып,айқастыра жуу

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

  1. Қолымды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайдым. Қолымды шынтақ деңгейінен жоғары ұстап тұрдым (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).

  2. Шүмекті қолдың оң немесе сол шынтағымен жаптым.

  3. Қолымды қағаз сүлгімен құрғаттым. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабу.

Регистратурадағы жұмыстың негізгі мақсаты:

  • Науқастарды тіркеу,

  • қабылдауға жазу,

  • бөлімшелері бойынша дәрігерлерге жіберу,

  • көмек порталын толтыру,

  • телефонға жауап беру және науқастарға ақпарат беру,

  • КМАЖ жүйесі арқылы науқастарды дәрігердің қабылдауына жазу.

Дәрігер қабылдауына жазылған науқастар тізімі:

  • Қасымов Бауыржан

  • Табельбеков Райымбек

  • Тілеуханов Ерсін

  • Абдыканова Жанар

  • Конаров Бақытжан

  • Лимеров Андрей

  • Аширова Бақыт

Қоңырау шалған науқастар тізімі және себептері:

  1. Рахатбаева Рымхан:баласы Жаранбаев Дидарда ЖРВИ симптомдары болған,және бұл кісіге біз мобильді бригада жібердік

  2. Рысқұлова Нұршат:өзінің бөлімше дәрігерін сұрастырды және басқа бөлімшеге ауысқысы келгендіктен сол жайлы ақпарат бердім

  3. Қасабаев Қыдырхан:шағымдары:құлағы мазалауы,басы ауырсынуы.Бұл науқасты бөлімі бойынша тіркелген жалпы тәжірибедегі дәрігеріне жаздым.

  4. Алипова Жаныл:жүрек тұсының ауырсынуы,ауырсыну сол жақ иығына берілуі.Бұл науқаста миокард инфарктісіне күдік болғандықтан жедел жәрдем жібердік.

Регистратура бөлімінде Асылбаев А. есімді науқас келді және шұғыл көмек көрсету керек болды.

Ол науқаста мынадай шағымдар болды: Тұншығу,жөтел,иістерге сезімталдықтың жоғарылауы,кеудесін қысып тұрғандай сезім,экспираторлы ентігу,пульсі жиі және әлсіз.

Менің мейіргерлік болжам диагнозым:Бронх демікпесі

Бронх демікпесі-инфекциялық аллергиялық ауру.Бронх демікпесі деген болжам диагноз қойғаннан кейін дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмекгімді көрсеттім:

Бронх астмасы кезіндегі шұғыл көмек

Дәрігер келгенге дейінгі көмек

1)Науқаты тыныштандырдым

2)Кеудесін қысып тұрған киімдерін босаттым

3)Таза ауамен қамтамасыз ету үшін,терезе аштым,дереу дәрігер шақырттым

4)Науқаста өзімен бірге қалта ингаляторы болды мен оны науқасқа қолдануға көмектестім,бірақ демікпесі тоқтамады

5)Науқасты мәжбүрлі қалыпқа отырғыздым-ортопноэ қалпы

Дәрігердің тағайындау бойынша орындалатын көмек

6)Бронхолитигі бар (сальбутамол) небулайзерді қолдандым . 7)Маска арқылы ылғалданған оттегі беру керек болды бірақ бұл науқаста небулайзерден кейін демікпесі тоқтады.

Егер демікпесі тоқтамаған жағдайда жалғасатын көмек:

8)К/т 2,4% - 10мл эуфиллин 5-7мл. 9)К/т Преднизолон 90-120 мг. 10) К/т тамшылатып 500мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісі немесе 500мл 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі . 11)көк тамырға 5000-10000 ЕД гепарин

12)Наукастың қан қысымын, пульсін, ТАЖ қадағалау

13)Науқасты реанимация бөліміне немесе қарқынды терапия бөліміне жеткізу.

14)Науқастың басын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдау.

Күнделікті тазалау: алгоритмі


Жиһазды, жабдықтарды, терезе алдыларын, есіктерді ылғалды жиыстырып-тазалау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуушы және дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен тәулігіне кем дегенде екі рет (оталық бөлімшелерде оталардың арасында) жүргізіледі.

Жиыстырып-тазалау күн сайын, кем дегенде 2 рет: 

  • 1-рет – жуушы ерітінді қосумен (10 л суға 50 грамм зат).

  • 2-рет – бекітілген мөлшердегі дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен жүргізіледі.

Жуушы ерітінді:дихлоризация-нурат натрия 0,015%

Шаралар

  • Дез.ерітіндіге шүберекті салып,дымқыл шүберекпен кереуетті(болса),жұмыс үстелін,компьютерді және оның жабдықтарын,терезе алдыларын, басқа да жиһазды сүрту.Сонымен қатар жұмыс орнындағы қабырғаны сүрту.

  • Жиыстырып-тазалау еденді дезинфекциялаушы ерітіндімен жуумен аяқталады.

  • Одан кейін кварцтеу (тізбеге сәйкес) мен желдету жүргізіледі.Кварц мен жүрген жерде 15 минутқа қосылды.

  • Жиыстырып-тазалаудан кейін шүберек дезинфекциялаушы ерітінді жасау нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялаушы ерітіндіде 120 минут бойы зарарсыздандырылады, дезинфекциялаушы құралдың иісі кеткенге дейін, ағынды сумен шайылады және кептіріледі.

  • Кварцтеу жүргізуді медбике Толық тазалау мен үй-жайларды кварцтеу журналына белгілейді.

  • Бактерицидтік сәулелендіргіштердің жұмсалған уақытын есепке алу журналын толтырдым

  • Бөлменің ауадағы салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналын толтырдым.

Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет
Науқастарды дәрігер қабылдауына жазу 7 рет
Дәрігерге шұғыл хабарласқан науқастардың қоңырауын қабылдау 4 рет
Науқастардан шағымдарын сұрау 4 рет
Қалта ингаляторын қолдану бронх демікпесі кезінде 1 рет
Небулайзер арқылы ингаляция жасау 1 рет
Жалпы бронх демікпесі кезінде алғашқы көмек көрсету 1 рет





24.032022


Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетінде бастадым.Бұл жердегі жұмыстың мақсаты:науқастарды дәрігерге дейін қарап тексеру,салмағын,бойын,температурасын және қан қысымын өлшеу,егер керек болса глюкоза және холестерин деңгейін анықтау,көзішілік қан қысымын өлшеу.Науқастарға скрининг жүргізу.

Бүгін мен 7:30да тәжірибе орныма келіп мейіргерімен және оның функционалдық міндетімен таныстым және ағымды тазалау жүргіздім. Тәжірибе орнымда ЖКС жағдайы кездесті және ол науқасқа сол жердегі мейіргермен бірге көмек көрсеттім,ЭКГ-ға түсірдім.
Дәрігерге дейінгі кабинеттің жұмысын ұйымдастыру--Бұл кабиенттің жұмысы:

Ең алғашқы кезде науқастан жағдайын сұрау,шағымдарын тыңдау одан кейін науқасты КМАЖ-не тіркеу.Тіркемес бұрын науқастың бойын,салмағын және қан қысымын,температурасын өлшеу,егер керек болса қандағы қант мөлшерін,көзішілік қысымды өлшеп береміз.

КМАЖ жүйесіне тіркеген кезде науқастың аты-жөні,ЖСН-і,жынысы,мекен-жайы,жұмыс орны,бойы,салмағы,қан қысымы,зиянды әдеттері бар-жоғы,тұқым қуалайтын аурулары бар-жоғы,аллергоанамнез,қандағы глюкоза мөлшері және т.б толтырылады.Егер науқастың жағдайы қиындап кетсе науқасқа алғашқы көмек көрсетіп дереу дәрігер немесе жедел жәрдемді шақыру.Науқастың жағдайына байланысты тексеру жүргізу,мысалы,жүрегі ауырып келсе міндетті түрде шағымдарын тыңдап,қан қысымын өлшеп,ЭКГ-ға түсіреміз және кардиолог маманына қаралуға ұсыныс жасаймыз немесе жолдама беру.

Салмақ,бой және қан қысымын өлшеген науқастар тізімі:

  1. Машенова Алмагуль

  2. Сембаев Алдияр

  3. Конаров Бақытжан

  4. Абдыкенова Жансая

  5. Узибаева Загила

  6. Турунбаев Еділ

  7. Сыдыков Нұрлан

  8. Чегедеков Мұрат

  9. Аширбаева Бақыт

  10. Жанбасбаев Мират

  11. Ахметкалиева Нұрбақыт

  12. Сазанов Анатолий

  13. Базарбекова Альмира

КМАЖ жүйесіне тіркеген науқастар тізімі:

  1. Машенова Алмагуль

  2. Сембаев Алдияр

  3. Конаров Бақытжан

  4. Абдыкенова Жансая

  5. Узибаева Загила

  6. Турунбаев Еділ

  7. Сыдыков Нұрлан

  8. Чегедеков Мұрат

  9. Аширбаева Бақыт

  10. Жанбасбаев Мират

  11. Жазылбеков Арман

  12. Ахметкалиева Нұрбақыт

  13. Сазанов Анатолий

  14. Базарбекова Альмира

ЭКГ-ға түсірген науқастар тізімі:

  1. Жазылбеков Арман

  2. Узибаева Загила

Глюкометрмен қан құрамындағы қант мөлшерін есптеген науқастар тізімі:

  1. Машенова Алмагүль

  2. Базарбекова Альмира

Науқастарды қабылдау кезінде келесі шағымдармен Жазылбеков Арман деген науқас келді: Ең алдымен бұл науқаспен амандасып жасын,ЖСН нөмірін сұрадық.Бұл науқас ауырсыну салдарынан дұрыс жауап бере алмады сондықтан мен дереу қан қысымын өлшедім және қан қысымы көттерілген.Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып ауырсыну,ауырсыну әдеттегіден ұзақ, 15 минуттан көп сақталған,ауырсыну сол жақ иығына таралған. Науқас қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі бар,тері жабындары бозғылт, суық тер басқан,жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.Дереу дәрігер шақырттық және сол жердегі мейіргермен ЭКГ-ға түсірдік.

Менің мейіргерлік болжам диагнозым:Жіті коронарлы синдром болды.Бұл науқаста ЭКГ жасағанда ST тісшесінің жоғарылауынсыз көрінетін ЖКС болды.

Жіті коронарлы синдром - миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдар және клиникалық көріністер.

Жіті коронарлы синдромның түрлері:

  • ST тісшесінің жоғарылауымен көрінетін миокард инфарктісі;

  • ST тісшесінің жоғарылауынсыз көрінетін миокард инфарктісі;

  • Тұрақсыз стенокардия;

Дәрігер келгенге дейін келесі көмекті көрсеттім:

ЖКС кезіндегі алғашқы көмек

  • Науқасты тыныштандырдым

  • Науқасты ыңғайлы жерге отырғыздым

  • Кеудесін қысқан киімін шешіп (және физикалық жүктемені тоқтату)

  • Таза ауа келу үшін терезе аштым

  • Қан қысымын,пульсін және ТАЖ өлшедім

  • ЭКГ-ға түсірдім

ЖКС –та негізгі және қосымша дәрілер тізімі:

  1. Изосорбит динитраты (изокет) 10 мг -10,0 к/т енгізу үшін

  2. Ацетилсалицил қышқылы 0,5 табл.

  3. Клопидогрел 75 мг. таблеткалар

  4. Фондапаринукс 2,5мг./0,5мл тері астына

  5. Эноксапарин 100мг/1,0 мл тері астына арналған ерітінді

  6. Нефракционированный гепарин 5,0 флаконы

  7. Морфин 1%-1,0 амп.

  8. Бисопролол 5мг., 10мг. таблеткалар

  9. Метопролол 50мг. т таблеткалар

  10. Натрия хлорид 0,9% - 500,0 к/т енгізу үшін

  11. Глюкоза 5%-500,0 к/т енгізу үшін

  12. Реополиглюкин 400,0 к/т енгізу үшін

ST тісшесінің жоғарылауынсыз көрінетін ЖКС кезіндегі көмек

  • Кислород: 4-8 л/мин,яғни дәрігер рұқсатымен ылғалдандырылған оттегі бердік

  • Нитроглицерин тіл астына салдым,бірақ оған басылмағасын

  • Аспирин шайнаттым

  • Клопидогрель: 75 мг дозада ішкіздім

  • Антикоагулянттар: Эноксапаринді 0,5 мг/кг көк тамырына енгіздім

  • Морфин: 3-5 мг көк тамырына енгіздім

  • Бұл науқаста гипертензия болғандықтан метопролол тағайындалды 5 мг көк тамырға енгіздім

Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет
Салмақ өлшеу 13 рет
Бой өлшеу 13 рет
Қан қысымын өлшеу 14 рет
КМАЖ-не тіркеу 14 рет
ЖКС кезінде алғашқы көмек көрсету 1 рет
ЭКГ-ға түсіру 2 рет
Глюкометрмен қан құрамындағы қант мөлшерін есептеу 2 рет
Ылғалдандырылған отттегі беру 1 рет
К/т инъекция орындау 3 рет
Тері астына инъекция 1 рет
Науқастардан шағымдарын сұрау 14 рет




25.032022


Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі тәжірибемді күндізгі стационарда жалғастырдым.Мұнда келісімен осы жердегі мейірбикенің функционалды міндетімен танысып,жеке қорғаныш құралдарын кидім:халат,қалпақ,маска және қолымды 111-ші бұйрық бойынша өңдеп,стерильді резеңке қолғап кидім.Бұл жердің медбикесі менен 111,96-шы бұйрық жайлы сұрады және қол жуу алгоритмін көрсеттім.Сонымен қатар медбикелік дағдыларды айтуымды сұрады,соның ішінде бұлшық етке,көктамырға,тері асты және тері ішілік инъекция алгоритмдері мен бір реттік жүйені қалай қою керектігін айттым.Сонымен қатар бүгінгі бір науқаста «гипертониялық криз» болды және алғашқы көмекті көрсеттім.
Бұлшық етке инъекцияны орындау
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таныстым.

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті бердім.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектестім.

  4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босаттым.

  5. Инъекция жасайтын жерді анықтап алдым (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

  6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексердім түйін және тығыздалу болмау керек.

  7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолымды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты кидім.

  8. Шприцті құрастырдым.

  9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алдым

  10. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салып қойдым.

  11. Оң қолға шприцті алып: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстадым; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойдым (поршеннің сабы бос болуы керек).

  12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекіттім.

  13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгіздім (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмау.

  14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіздім.

  15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойдым.

  16. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алдым.

  17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасадым.

  18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым және қолымды гигиеналық деңгейде жудым.


Бұлшық етке инъекция жасаған науқастар тізімі:

  1. Сейтқожинов Ролан:Цианкобаламин(В12)

  2. Құрманбай Серікбол:Пиридоксин

  3. Есенбек Зәуреш:Витаксон

  4. Есімханов Ержан:Витаксон

  5. Ганцева Лина:Цианкобаламин

  6. Тардыбекова Ақмарал:В6

  7. Кузьмин Кирилл:Аскорбин қышқылы

Система қойған науқастар тізімі:

  1. СейтқожиновРолан:Физ.ерітінді+пентоксифиллин

  2. Құрманбай Серікбол:Физ.ерітінді

  3. Есенбек Зәуреш:Метронидазол

  4. Ганцева Лина:Диалипон Турбо

  5. Кузьмин Кирилл:Метронидазол

Қан қысым өлшеген науқастар:

  1. Жамылханова Анар

  2. Дерменбекова Аманғайша


Жамылханова А . есімді науқаста кенет мынадай шағымдар болды: қатты кеуде ауырсынуы,бас ауруы,жүрегінің жиі соғуы,бас айналу,көруі нашарлауы,ауа тарылуы,қорқыныш сезімі

Менің мейіргерлік болжам диагнозым:Гипертониялық криз.

Жедел түрде қан қысымын өлшедім және дәрігер шақырдым.Дәрігер келгенге дейін келесі алгоритм бойынша көмек көрсеттім:

Гипертониялық криз кезіндегі алғашқы көмек

  • Науқас қалпы – басын жоғары көтеріп жатқыздым

  • Науқасты тыныштандырып,кеудесін қысқан киімдерін босаттым және таза ауа келу үшін терезе аштым

  • АҚ әрбір 15 минут сайын бағалап отырдым.

  • АҚ біртіндеп алдынғыдан 15-25% төмендету

  • Науқастан дәрігер тағайындаған препараты бар жоғын сұрадым және тағайындаған препаратты бердім.

Дәрігер келгеннен кейін орындалатын шаралар:

  • Пероральді гипотензивті дәрілік заттарды қолдандым (бір препараттан бастау: нифедипин, каптоприл, пропранолол,бисопролол, метопролол).

  • Бас миының перифериялық тамыр қарсыласуды төмендету және стабилизациялау үшін- винкамин 30 мг

  • АҚ төмендету ( 15- 20% бастапқысынан алғашқы сағатта,кейін 2- 6 сағ 160 және 100мм.сын.бағ.

  • Дәрігер рұқсатымен желкеге,балтырға қыша қағаздарын қойдым.

Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет
Қол жуу 24 рет
Стерильді қолғап кию 24 рет
Бұлшық етке инъекция орындау 7 рет
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып

енгізу 6 рет
Қан қысымын өлшеу 2 рет
Анамнез жинау 1 рет
ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК 1 РЕТ



  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта