Кәсіптік практика күнделігі. Кәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр. Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк
Скачать 271.58 Kb.
|
Температураның көтерілуі аясында құрысуларСудорог инфекциялық ауру кезінде дене қызуы 38 ºС -тан жоғары көтерілгенде пайда болады (жедел респираторлық ауру, тұмау, отит, пневмония және т.б.). Температураның фонында ұстамаларға тән нәрсе. Әдетте, судорог температураның биіктігінде байқалады және оның құлауымен бірге тоқтайды, ұзаққа созылмайды - бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін; сонымен қатар адам есінен танып қалуы мүмкінҚұрысу кезіндегі алғашқы көмек1. Науқасты жатқыздым, басын бір жаққа бұрып, таза ауамен қамтамасыз ету; тыныс алуды қалпына келтіру: ауызды және жұтқыншақты шырыштан тазарттым.2. Қызуды түсіретін шараларды жүргіздім:Маңдайына салқын дымқыл бастым; Ірі қан тамырлар аймағында салқын компресс бастым (қолтық, шап) 3.Денесін - 40% спирт, 9% сірке суы, тең мөлшерде су араластырып (1: 1: 1) ерітіндіге малынған мақта тампонымен сүрттім (бетінен, емізіктерінен, жыныс мүшелерінен басқа), содан кейін құрғатып; 2-3 рет қайталап сүрттім.4.Құрысу болғандықтан дәрігер рұқсатымен құрысуға қарсы диазепамды 0,5 мг б/етке енгіздім.Және дәрігер тағайындауымен антигипертермиялық дәрілер бердім. Құрысуға қарсы ем: 1. Диазепам* 0,5 мг/кг 2. Парацетамол 500 мг,. Фебрильді ұстама (дене қызуы 38,0 -ден жоғары) Парацетамол 15 мг\кг (аспайды 60 мг\кг\сут) Ибупрофен 6-10 мг\кг (аспайды 20-40мг\кг) Салқындатудың физикалық әдістері Және ЖРВИ симптомдарымен науқас келді,олардан ПТР-ға жағынды алдым. ПТР-ға жағынды алу Керек құралдарды дайындау Пациентке шараны түсіндіру және рұқсатын алу Пациентті отырғызу Қолды жуып,резеңке қолғап кию Жағынды алатын тампонды ашып аламыз және пробирканы қораптан алып қоямыз Тампонды науқастың мұрынына кіргізіп 3,4 рет айналдыра жағынды аламыз Тампонда пробирка ішіндегі ерітіндіге салып,айналдыра жағынды енгенше салу Тампонды ҚЖАК-ге тастап пробирка бетін жауып,лабораторияға жіберу | Жеке қорғаныс құралдарын кию 1 рет Келген науқастарды тіркеу 6 рет Температура өлшеу 6 рет ПТР-ға жағынды алу 6 рет Құрысу кезінде алғашқы көмек көрсету 1 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастардан шағымдарын 6 рет | | |
06.042022 | Кәсіптік тәжірибемнің 06.04.22 күнімді педиатрия кабинетінде(дені сау бала кабинеті) өткіздім.Бұл жердегі жұмысым ағымды тазалау жүргізумен басталды, және осы жердегі мейіргердің функционалды міндетімен таныстым. Келген науқастар тізімі және оларды КМАЖ-не тіркеу Нұрғазин Аяулым 19.04.24 Ахметжанова Мадина 19.01.22 Тигушева Перизат 21.06.10 Рыспаев Ерсін 11.01.03 Маулетов Әли 20.11.02 Жанабылов Айдос 16.05.12 Педиатрия кабинетіне 6 жастағы бала келді.Анасының шағымдары: баласында 2 күн қатарынан диарея болған, мотор белсенділігі мен бұлшықет тонусы төмендегенін байқаған, баласы ұйқышыл және әлсіздікті сезінген, тәбеті төмендеген,баласы аузы көп құрғауына шағымданған. Менің мейіргерлік болжам диагнозым: Изотоникалық дегидратация 1-ші дәрежесі. Жедел дегидратация Дегидратацияның үш түрі бар: Изотоникалық. Дегидратацияның бұл түрі құсу, диарея, қан кету және шамадан тыс диурез кезінде су мен электролиттердің біркелкі жоғалуымен сипатталады. Гипертониялық. Гипотоникалық сұйықтық жоғалған кезде пайда болады. Судың жоғалуы жасушадан тыс кеңістіктен болғандықтан, электролиттердің концентрациясы артады. Бұл жағдай тыныс алу кезінде тыныс алу жүйесі арқылы және қызба мен шамадан тыс терлеу кезінде тері арқылы сұйықтықтың жоғарылауында пайда болады. Гипотоникалық. Натрий тұздарының жоғалуы кезінде пайда болады. Оның тым аз мөлшері судың жоғалуына әкеледі. Сұйықтық жасушаға ауысады, бұл жасушааралық кеңістіктің дегидратациясын тудырады. Бүйрек ауруларымен диуретиктерді қабылдау кезінде мүмкін (тұздар жоғалады). Сусыздану дәрежесі Сусыздану дәрежесі дене салмағына байланысты судың жетіспеушілігімен бағаланады: 1-ші дәреже: судың жоғалуы дене салмағының 5% - ынан аспайды; 2-ші дәреже: судың жоғалуы дене салмағының 5-тен 10% - на дейін; 3-ші дәреже: судың жоғалуы дене салмағының 10-15% - дан асады, сұйықтықтың 20% - дан астамы өлімге әкеледі. Сусыздану кезіндегі алғашқы көмек Науқастың сусыздану деңгейін анықтау Науқасты жатқызу және себебін анықтау Сусызданудың жеңіл дәрежесі сондықтан науқасқа аз-аздан сұйықтық ішкізу және оральді регидратация тағайындалды(регидрон ұнтағы) Ал ауыр деңгейлерінде инфузионды терапия тағайындалады Ең алдымен адекватты тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жүргізу керек.Ол үшін тамыр ішілік изотоникалық ерітінді құю керек (физиологиялық ерітінді және Рингер лактат ерітіндісі),вена ішіне әдетте 20 мл/кг 20 минут бойы енгізіледі. Бұдан кейін науқастың жалпы жағдайын қадағалау керек:ҚҚ,пульс,ТАЖ | Ағымды тазалау 2 рет Келген науқастарды КМАЖ-не тіркеу 6 рет Анамнез жинау 6 рет Балаларды қарап тексеру 6 рет Температурасын өлшеу 6 рет 1 жасқа толмаған балалардың бойын,салмағын өлшеу 1 рет 1 жастан асқан балалардың бойын,салмағын өлшеу 5 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 6 рет Оральды регидратация 1рет Инфузионды терапия 1 рет | |
07.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгін кәсіптік тәжірибемді дәрігерге дейінгі қарау кабинетінде жалғастырдым.Кәсіптік тәжірибе орныма 7:40-та келдім және тәжірибе орныма ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім.Ал жұмыс соңында жалпы тазалау жұмысымен аяқтадым.Бүгінгі тақырып «асқазанды зонд арқылы шаю» болды.Осы тақырыпты тәжірибеге бармас бұрын менторымызбен талқылап алдық және манекенге жасап көрдік ЕПМ-де жалпы тазалау алгоритмі белгілі бір реттілікті білдіреді: Жуатын ертітінді:дихлоризация-нурат натрия 0,06% а) төбелер, қабырғалар, жиһаз, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы 0,5 %-дық жуу ерітіндісімен (10 литр сұйықтыққа 50 гр. Ұнтақ есебімен немесе тазалау әсері бар дезинфекциямен*) өңдейді және таза сумен жуады; ә) төбелерді, қабырғаларды, жиһазды, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы су бүркіп шаяды немесе талап етілетін концентрациядағы дезинфекциялайтын құрамға ылғалдандырылған шүберекпен сүртеді. б) тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін үй-жай белгілі бір уақытқа дезинфекциялық әсер үшін жабылады; в) дезинфекциялағаннан кейін бөлмелер желдетіледі; г) өңделген жерлер сумен шайылады және таза шүберекпен сүртіп кептіріледі (қабырғалар, төбе, жиһаз, техника); ғ) тазалау жұмыстары аяқталғанда еден дезинфекциялайтын сұйықтықты қолданып жуылады; д) үй-жайлардың барлығы көлемі мен ауданы есепке алына отырып кварцтеледі, содан кейін желдетіледі; е) тазалау жұмыстарынан кейін губкалар мен щеткалардың барлығы дезинфекциялық ерітіндіге салып өңделеді, құралдың иісі кеткенше суға салып тазаланады және кептіруге жіберіледі; ё) арнайы киімдер кір жуатын бөлікте тазаланады. Толық тазалау жұмысы мен кварцтеудің жасалғаны туралы факті Толық тазалау және кварцтеу журналына енгізіледі. АСҚАЗАНДЫ ЖУУ Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару. Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда. Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса). Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз. Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз. Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз. Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз. Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз. Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз. Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз. | Ағымды тазалау 2 рет Бой,салмақ өлшеу 8 рет Науқастарды тіркеу 8 рет Қан қысым өлшеу 8 рет Көз ішілік қан қысымын өлшеу 1 рет Холестерин өлшеу 1 рет Жалпы тазалау жүргізу 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 8 рет | |
08.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал 08.04.22 күнгі кәсіптік тәжірибемді жедел жәрдемде өттім.ЖРВИ симптомдары бар науқастарға және дереу алғашқы көмек көрсетілуі керек үйлерге бардым.Ең алғашқы көмегім термиялық күйік кезінде болды. Термиялық күйіктер кезіндегі жедел көмек көрсету. • Зақымдайтын факторды жою (өрттен алып шығу, киімді сөндіру, дененің күйген жерінен барлық заттарды алып тастау (киім, белбеу сақиналары, басқа заттар, әшекей бұйымдар), жараның айналасындағы жабысқақ киімді кесу, жұлып алмау, жанып тұрған киімді шешу, мүмкіндігінше күйген бетке жанасатын барлық материалдарды алу. • Жедел жәрдем шақыру:егер күйік аймағы 5% үлкен болса ;бала мен қарт адамдағы күйген кезде;Ш дәрежедегі күйік кезде;ауыз, мұрын, бас, тыныс алу жолдары, екі аяқ -қолы күйген кезде;шап күйген кезде • Жарақаттан кейін дереу күйген бетті суық сумен 15-20 минут суыту ( су, мұз, қар бар контейнерлер немесе арнайы салқындатқыш гельдері дексапантенол, «Пантенол-спрей»), салқындату ісікті азайтады, ауруды басады, тіндердің қызып кету уақытын қысқартады, термиялық агент әсерінің терең жатқан ұлпаларға одан әрі таралуына жол бермейді. күйік жараларын одан әрі емдеуге жақсы әсер етеді, зақымның тереңдеуіне жол бермейді, бірақ салқындату ауруханаға жеткізуді кешіктірмеуі керек. • Екінші дәрежелі күйік кезінде бүлінген тін арқылы сіңіп кететін көпіршіктер пайда болады. Егер көпіршіктер мен күйіктерден кейінгі көпіршіктер дұрыс емделсе, онда қабыну мен іріңдеуден аулақ болуға болады. Егер көпіршіктер ашық болса, таңғышты (стерильді бинт, таза құрғақ шүберек) салып, содан кейін таңғыштың үстіне суықпен қою (жоғарыда айтылған). • Демалыс, мол сусын, шокқа қарсы ең қарапайым шаралар қолдану. • Медициналық бөлімге жеткізу Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек • Дереу жедел жәрдем шақыру. • Киімін тез шешіп, химиялық заттарды теріден алып тастау (құрғақ тампонмен, орамалмен және т.б.), қышқыл күйген кезде дымқыл тампонды қолдану қауіпті, себебі сумен араласқан зат терең енеді. тері тесігі арқылы. • Қышқыл күйген жағдайда 30-40 минут бойы ағынды сумен ұзақ уақыт шаю(агрессивті затты кетіру үшін.Күйікті гидрофтор қышқылымен 2-3 сағат бойы ағынды суда жуу. • Егер күйік сілтіден туындаса, сумен жуылған теріні бор қышқылының ерітіндісімен (бір стақан суға жарты шай қасық ұнтақ) өңдеу. • Дененің фосфордан зардап шеккен аймақтарын суға салу немесе күшті ағынмен шаю (фосфор ауада жанады). Күйген жерді мыс сульфатының 5% ерітіндісімен өңдеп, таза, құрғақ бинтпен жабу. Күйік аймағын маймен, маймен немесе маймен майлаған кезде фосфор теріге сіңеді - БҰЛ ҚАУІПТІ! • Әк әктен туындаған күйіктерді сумен бірден жууға болмайды (жылу пайда болады және термиялық жарақат күшейеді). Әкті теріден құрғақ, таза шүберекпен алып тастап; содан кейін теріні ағынды сумен шайып.Құрғақ, стерильді таңғыш салу. • Ауырсынуды басу үшін анальгетиктер беру • Ауруханаға жеткізу | Б/етке инъекция 4 рет К/т инъекция 3 рет Термиялық күйік кезінде алғашқы көмек 1 рет Жәндік тістеуінен дамыған аллергиялық реакция кезінде көмек 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 5 рет Анамнез жинау 4 рет | |
09.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал кезекті тәжірибемді күндізгі стационарда жалғастырдым.Бұл жерде күнделікті ағымды тазалау жүргізіп,ары қарайғы жұмысыма кірістім:қолды өңдеп,стерильді қолғап кию,бұлшық етке инъекция орындау,көк тамырға бір реттік жүйе арқылы сұйықтықтарды тамшылатып жіберу,науқастарды қабылдап алу.Бүгінгі тәжірибе тақырыбы «Улану кезіндегі көмек: улы газбен улану, Органофосфор қосылыстарымен улану, қышқылдармен, сілтілермен; тамақтан улану, улы саңырауқұлақтармен улану, наркотикалық заттармен улану, ішімдікпен, дәрілік заттармен;» туралы болды жетекшімізбен осы жайлы талқыладық және қалай алғашқы көмек көрсетілуі керектігі айтылды. | Ағымды тазалық жүргізу 2 рет Бұлшық етке инъекция 5 рет Көк тамырға бір реттік жүйе арқылы сұйықтықтарды тамшылатып жіберу 12 рет | |
11.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді ем-шара кабинетінде жалғастырдым. Және бүгінгі күннің тақырыбы «ЖӨР балаларға және ересектерге»жайлы болды,мұны біз ментормен бір қайталап,қалай алғашқы көмек көрсетілуі керек екенін манекенге жасап көрсеттік. Бастапқы шаралар Өзімізге және науқасқа қауіп жоқ екеніне көз жеткізу Науқасқа сұрақ қою нақты есін жоғалқанына көз жеткізу Жедел жәрдем шақыру Науқасты тегіс жерге Тренделенбург қалпына келтіру Науқастың кеудесін қысқан киімін босату және таза ауа жіберу Науқастың жағдайын тексеру:пульсін ұйқы артериясынан тексеру және құлағымызды науқастың мұрнына жақындатып демалысын тексеру және кеуде клеткасына көңіл аулару Әрі қарай клиникалық өлім көрсеткіштеріне көз жеткізгеннен кейін ЖӨР-ын жасау Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады: А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету. |