Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі Іс-әрекет алгоритмі: Басты шалқайту

  • Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту

  • Ауызды ашыңыз

  • Мақсаты

  • Мұрыннан қан кету ; Дағдыларды орындау алгоритмінің сипаттамасы

  • Травмалық қан кету (байлам салу, жгут, саусақпен басу); Қан кетуді тоқтату

  • Артерияны басу техникасы: артерияны саусақпен немесе жұдырықпен сүйекке дейін қатты басыңыз.

  • Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы

  • Тыныс алу жолдарындағы бөгде заттар (Геймлих әдісі)» туралы болды.Менторымызбен талқылап,қалай алғашқы көмек көрсету керектігін айттық. Орналасуына байланысты жіктелуі

  • Бөгде зат жұтқыншақта болса

  • Жас балалар мен жасөспірімдерге шұғыл көмек егер тыныс алу жолына бөгде зат түссе

  • Тыныс жолдарын тазартуды көбінесе Геймлих тәсілімен өткізеді

  • Зардап шегушінің кеудесін басп ау , тек жүкті әйелдерде басу әдісі кеудесінің төменгі жағында жүзеге асырылады.

  • Кәсіптік практика күнделігі. Кәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр. Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк


    Скачать 271.58 Kb.
    НазваниеСемей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк
    АнкорКәсіптік практика күнделіг
    Дата27.04.2022
    Размер271.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр.docx
    ТипДокументы
    #500632
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6

    В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
    С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

    І.Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.

    Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет.

    • зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;

    • аузын ашыңыз;

    • алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

    • оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;

    • зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

    ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.

    2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.

    3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

    В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
    Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

    1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

    2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпедендем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.

    Өкпенің жасанды вентиляциясын

    «Ауыздан - ауызға» жасау әдісі
    Іс-әрекет алгоритмі:

    • бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

    • осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

    • екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

    • терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.

    С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
    Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

    Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
    Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

    2. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

    3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

    4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз.

    5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

    6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.

    7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

    8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

    9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

    Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.


    Б/етке инъекция 3 рет
    Анамнез жинау 6 рет
    Науқастардан шағымдарын сұрау 7 рет




    12.042022

    Бүгінгі кәсіптік тәжірибем хирургия бөлімшесінде өтті.Күнделікті жұмысыма кірістім:қолымды гигиеналық өңдеп,қолғап кидім,жараны алғашқы хир.өңдеп,таңып бердім және гипс шешуге көмектестім. Бүгін бір науқаста травмалық қан кету болды және қан кетудің капиллярлы түрі.Ол науқасқа ең алдымен жарасын өңдеп,қан кетуді тоқтату жұмыстары жүргізілді:таңғыш салу.Және мұрыннан қан кетуді тоқтаттым.


    • Мұрыннан қан кету;


    Дағдыларды орындау алгоритмінің сипаттамасы:

    1. Ең алдымен, науқасты отырғызып, қолына лоток беру, онда мұрыннан қан ағып кетеді және науқас аузында жиналған қанды түкіреді. Бұл қан кету дәрежесін немесе оның тоқтауын бағалаудың жалғыз әдісі. Науқасты жатқызу және басын артқа шалқайту дүрыс емес, өйткені ол жалған қан тоқтағанына әкеледі: қан мұрын жұтқыншағына түседі, жұтылады, бірақ сыртқа шықпайды. Мұрыннан көп емес қан кету дәке немесе мақтаны (құрғақ немесе 3% сутегі асқын тотығымен немесе 0,1% адреналин ерітіндісімен суланған) мұрын қанатының алдыңғы жағына енгізгеннен кейін тоқтайды, мұрын қанатын қан кететін жақтан мұрын қалқасына 5-10 минут басу, қарағұсқа және мұрынның кеңсірігіне 30 минут бойы суық ұстау.

    2. Егер бұл әдіс қан кетуді тоқтата алмаса, алдыңғы тампонадаға жүгініңіз. Пинцетпен немесе гемостатикалық қысқышпен тар (ені 3-5 см) стерильді дәке немесе ұзын дәке майлықтың ұшын ұстап, қан кету аймағының артында болатындай етіп мұрынға терең енгізу. Тампонды стерильді вазелин майымен алдын ала майлаған жөн. Егер қан кетуді алдыңғы тампонада тоқтатса, онда тампонды мұрын қуысында бір тәулікке қалдыру керек.

    3. Ұзақ және көп мөлшерде мұрыннан қан кету кезінде науқас, жедел қан жоғалту кезіндегі кез келген емделуші сияқты, айналымдағы қан көлемін толықтыруы қажет. Ауруханаға дейінгі кезеңде бұл шаралар полиглюкинді көктамырішілік инфузиямен еңгізу, ол болмаған жағдайда – натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінің 1000-1500 мл.

    4. Гипертониялық криздерден туындаған мол мұрыннан қан кету кезінде жергілікті шаралардан басқа, ең алдымен қан қысымының төмендеуіне қол жеткізу қажет. Нифедипин (коринфар) осы мақсатта гипотензиялық әсерге жеткенше әр 15-20 минут сайын 10 мг (барлығы 10-30 мг) тағайындалады.

    5. Гемостатикалық терапия – бұлшықет ішіне 2-4 мл 1% викасол ерітіндісін енгізу – бауыр циррозында қан ұюының бұзылуына байланысты қан кету үшін көрсетілген.

    6. Көп жағдайда осы емдік шараларды қолдана отырып, мұрыннан қан кетуді тоқтатуға болады. Белгілі бір дағдыларды қажет ететін едәуір қан жоғалту, алдыңғы жақтың томпонадасы қан тоқтамаса және артқы тампонадаға қажеттілік боп табылса, шұғыл госпитализацияға көрсеткіш болып табылады.

    • Травмалық қан кету (байлам салу, жгут, саусақпен басу);

    Қан кетуді тоқтату – ол қан кетуді тоқтатуға бағытталған шаралар. Қан тамырларының түріне байланысты, қылтамырлық, көктамырлық және артериялық қан кету болып бөлінеді.

    • Қылтамырлық қан кетуді тоқтату асептикалық таңу дәкесін салу жолымен, сондай-ақ, егер қолы мен аяғы жарақаттанса, аяқ-қолын денесінің деңгейінен көтеру арқылы жүзеге асырылады.

    • Көктамырлық қан кетуде қыспа таңғыш салынады. Ол үшін  жараны таңу орындалады: жараға дәке, оның үстіне бірнеше қабат мақта (егер болмаса – стерильді орамал) салынады, тығыз оралады. Осылай таңғышпен басылған тамыр тез тромбыланады – қан кету тоқтайды.

    • Артериялық қан кетуді тоқтату үшін артерияны басу қажет.

    Артерияны басу техникасы: артерияны саусақпен немесе жұдырықпен сүйекке дейін қатты басыңыз.

    Артериялар пальпацияда оңай сезіледі, сондықтан осы тәсіл ең тиімді. Бірақ, бұл тәсілде алғашқы жәрдем көрсететін адамнын күші қажет.

    Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда қан тоқтатудың үздік тәсілі бұрау салу.

    Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы:

    1. Бұрауды киімнің үстінен немесе жараның сәл үстінгі жағынан жұмсақ дәкеге қою.

    2. Бұрауды тарту және тамырлардың соғуын тексеру– қан кету тоқтау керек, ал бұраудың астындағы тері сұрлануы қажет.

    3. Жараға таңғышты салу.

    4. Бұрау салынған дәл уақытты жазып қою.

    Аяқ-қолға бұрауды көп болса тек 1 сағатқа салуға болады. Бір сағаттан кейін бұрауды 10-15 минутқа босаңсыту қажет. Қажет болса қайта тартуға болады, бірақ 20 минуттан артық тартпау керек. Бұрау жылы,ыстық уақытта 60 минутқа дейін,ал қыста 30 минут салынады.

    Ағымды тазалау 2 рет
    Қол жуу 9 рет
    Стерильді емес қолғап кию 2 рет
    Стерильді қолғап кию 7 рет
    Жараны өңдеу 2 рет
    Жара таңу 3 рет
    Қан кетуді тоқтату шаралары 1 рет
    Мұрыннан қан кетуді тоқтату 1 рет
    Анамнез жинау 3 рет
    Науқастардан шағымдарын сұрау 3 рет




    13.042022

    Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді регистратурада жалғастырдым.Тәжірибе орныма келе салып ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім.Бүгінгі тақырып «Тыныс алу жолдарындағы бөгде заттар (Геймлих әдісі)» туралы болды.Менторымызбен талқылап,қалай алғашқы көмек көрсету керектігін айттық.

    Орналасуына байланысты жіктелуі:

    1. Жоғарғы тыныс алу жолындағы бөгде зат.

    2. Төменгі тыныс алу жолындағы бөгде зат.

    Диагностика критерилері

    1. Кенеттен басталатын асфиксия. Дені сау адамда кенеттен тұншығу сезімінің пайда болуы. Бөліктік обструкция кезінде - дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем жоғалуы.Толық обструкция кезінде науқас сөйлей алмайды, тек қолымен мойнын көрсетіп белгі береді. Гипоксияның жылдам дамуы науқастың есінен танып, құлауына алып келеді.

    2. Тағам қабылдағаннан кейін, ұстама тəрізді кенеттен басталған «себепсіз»жөтел.

    3. Бөгде зат жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалса - инспираторлы, ал бронхтарда болса - экспираторлы ентігу болады.

    4. Ысқырықты тыныс.

    5.Көгеру белгілері

    Ем мақсаты:

    1. Өлімнен аман қалу.

    2. Шұғыл түрде тыныс алу функциясын қалыпқа келтіріп, науқастың жағдайын жақсарту.

    3. Тыныс алу функциясын оңтайлы деңгейде ұстап тұру.

    Бөгде зат жұтқыншақта болса – корнцанг немесе саусақпен алу əрекетін жасау.
     

    Бөгде зат кеңірдекте, көмейде, бронхтарда болса – науқастың есі ауыспаған жағдайда, жоғары тыныс алу жолдарынан бөгде затты, науқастың арқасынан ұрып немесе абдоминальдық - диафрагмалық сығып-сығып қалу (Геймлих əдісі) əдісімен шығарып жіберуге тырысу. Бұл əдістерді демді ішке терең алған сəтте жасау керек. Нəтиже болмаған жағдайда – коникотомия жасау қажет.
    Жас балалар мен жасөспірімдерге шұғыл көмек егер тыныс алу жолына бөгде зат түссе

    • Көмек көрсетуші орындыққа отырады.

    • Жәбірленушіні ішімен төмен қаратып, тізесіне жатқызу.

    • Алақанның түбімен жауырын арасына 5 айқын соққы беру.

    • Әр соққыдан кейін бітеудің жойылғанын тексеру қажет

    Тыныс жолдарын тазартуды көбінесе Геймлих тәсілімен өткізеді:

    • Сасқалақтамау

    • Тез арада диагностика жасау

    • Науқасқа жедел көмек көрсету және жанында адам болса жедел жәрдем шақыруын сұрау

    1. Зардап шегушінің артынан тұру.

    2. Оны кіндігінен сәл жоғары, қабырға доғасының астынан екі қолмен қамтып ұстау.

    3. 1 Қолдың жұдырығын түйіп,бас бармақ жағын басатын жерге орналастыру,ал 2-ші қолды сол қолдың үстіне қою

    4. Шынтағыңызды тез бүгіп, зардап шегушінің ішін қатты басу.

    Зардап шегушінің кеудесін баспау, тек жүкті әйелдерде басу әдісі кеудесінің төменгі жағында жүзеге асырылады.

    Тыныс жолдары босағанға дейін бұл тәсілді бірнеше рет қатарынан қайталау.

    Егер зардап шегуші есінен танып, құлап қалса, оны арқасына жатқызып, санына отырып, екі қолмен қабырға доғасын басу.

    Баланың тыныс жолдарынан бөгде затты алып тастау үшін оны ішіне жатқызып, 2-3 рет жауырын ортасынан қағу керек.







    Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет
    Қол жуу 3 рет
    Стерильді емес қолғап кию 2 рет
    Науқастарды дәрігер қабылдауына жазу 7 рет
    ИС-ғы Көмек порталын жабу 8 рет
    КМАЖ-гі активтерді жабу 11 рет
    Қоңырау қабылдау 5 рет
    Хабарласқан науқасқа ақпарат беру 3 рет
    Геймлих әдісімен тыныс алу жолынан бөгде затты шығару 1 рет
    Науқастардан шағымдарын сұрау 7 рет






    14.04.2022

    Мен Рүстемова Ақмарал соңғы тәжірибе күнімді өттім.Қорытындылай келе барлық берілген тақырып бойынша сабақтар өтілді және алгоритм бойынша алғашқы көмек көрсетілді. Тақырыптан бөлек мен мейіргерлік дағдыларымды да арттырдым. Бізге жауапты ментор бізді қабылдап алып,толығымен бәрін үйретті және бөлген кабинет,бөлімшелердің мейірбикесіне тапсырды. Тәжірибем іс жүзінде жақсы өтті.Мен мынадай кабинеттерде болып шықтым:Регистратура,дәрігерге дейінгі қарау кабинеті,әйелдерді,ерлерді қарау кабинеттері,флюора және флюоротека кабинеттері,ем шара каб.,күндізгі стационар,екпе және вакцинация кабинеттері,терапия(дені сау бала)каб.,эндокринолог,ЭКГ,жедел жәрдем көлігі,хирургия және травматология бөлімшесі,физиотерапия бөлімшесі






    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта