Кәсіптік практика күнделігі. Кәсіптік практика күнделігі Тұрсынқанова Қалнұр. Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шжк кмк
Скачать 271.58 Kb.
|
26.032022 | Мен Рүстемова Ақмарал 26.04.22 күнгі тәжірибемді күндізгі стационарда жалғастырдым.Бүгін тәжірибем барысында күндізгі стационарда анафилактикалық шок болды.Анафилактикалық шок кезіндегі алғашқы көмек алгоритмін есіме түсірдім және көмек көрсеттім. Бұлшық етке инъекция: Сейтқожинов Ролан:Цианкобаламин(В12) Құрманбай Серікбол:Пиридоксин Есенбек Зәуреш:Витаксон Есімханов Ержан:Витаксон Ганцева Лина:Цианкобаламин Тардыбекова Ақмарал:В6 Алмасова Балғын: Антибиотик Елеубаева Ақжан: Антибиотик Сұйықтықтарды көктамырға тамшылатып енгізу: СейтқожиновРолан:Физ.ерітінді+пентоксифиллин Құрманбай Серікбол:Физ.ерітінді Есенбек Зәуреш:Метронидазол Кузьмин Кирилл:Метронидазол Елеубаева Ақжан:Физ.ерітінді Тері ішіне аллергиялық сынақ: Алмасова Балғын Елеубаева Ақжан Көк тамырға инъекция: Елеубаева Ақжан:1 % димедрол ертінідісі 0,05 мл/кг Бүгін күндізгі стационарда Елеубаева А. Есімді науқас келді. Науқаста «Сизомицин» деп аталатын антибиотикке аллергиясы ұстап,жеңіл дәрежедегі анафилактикалық шок дамыды.Ол науқасқа антибиотик тағайындалғанда күндізгі стационар медбикесі сол науқастан антибиотикке тері ішіне сынақ қойды және 15 минут ішінде ешқандай көрініс байқалмағандықтан науқасқа тағайындалған антибиотигі енгізілді.Препарат енгізіліп біткеннен кейін науқаста бас айналу,жүрегі айну,кеудесінде,мойнында қышыма белгілері пайда болды.Науқастың тынысы жиі,АҚ төмендеген 90/70 мм с.б. Анафилактикалық шок (АШ) — ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс. Науқас Елеубаева А.-да жеңіл дәрежелі анафилактикалық шок болғандықтан, дереу дәрігер шақырттық және дәрігер келгенге дейін тек аяғын жоғары көтеріп,таза ауа жібердік,ал дәрігер келгеннен кейін антигистаминді препарат енгіздік,инфузионды терапияны бастадық және қан қысымын бақылап отырдық.Жанағы орындалған шаралардан кейін 9-10 минут ішінде науқастың жағдайы жақсарды және қан қысымын қайтадан өлшегенде 110/70 мм с.б. болды.Ал кеудесіндегі қышыма белгілері де басыла бастады.Дәрігер шақырғаннан және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін міндетті түрде Бөлім меңгерушісіне хабарлау керек және арнайы журналға тіркеу:инциденттер журналы және арнайы критикалық жағдайларды ескерту схемасы бойынша жұмыс жасау керек. Анафилактикалық шок кезіндегі алғашқы көмек Жедел жәрдем: — ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату; — тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету. — науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделленбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйірне қарату, асфиксия, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту; — оттегімен емдеу; аллерген парентеральді енген жағдайда 0,1% адреналин ертндісімен 0,1 мл/жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық етіндісіне араластырып аллерген енген жерді; айналдыра eгiп шығады; -аллерген енген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспаитын eтin, 30 минутка жгут салу (әр 10 минут сайын жгутты бip-eкi минутқа босатып отыру қажет) -көктамырды тауып 0,1% адреналин ерітіндісін 0.1 мл/жасына (0,01 — 0,02 мг/кг) сәйкес мөлшерде бipaқ, 1,0 мл -ден аспау керек; -глюкокортикоидты гормондар енгізу преднизолон 5-10 мг/кг , әсері болмаса қайталау; -антигистаминді дәрілер енгізу: 2% супрастин 0,1- 0,15 мл/жасына немесе 1 % димедрол ертінідісін 0,05 мл/кг көктамырға немесе бұлшық етке, бipaқ біp жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл-ден, бip жастан асқан балаларға 1,0 мл, 1% дифенгидрамин epтіндіci 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген урдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті әсері! — инфузионды терапия 0,9 % натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Кан тамырішілік көлемді қайта қалпына келтіру yшiн. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ертінді(пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы және көлемі АҚҚ жоғарылауымен, Орталық венозды қысым жоғарылауымен және науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады. | Ағымды тазалық жүргізу 2 рет Бұлшық етке инъекция орындадым 8 рет Сұйықтықтарды көктамырға тамшылатып енгіздім 4 рет Тері ішіне аллергиялық сынақ жасадым 1 рет Көк тамырға инъекция 1 рет Анафилактикалық шок кезінде көмек көрсеттім 1 рет Анамнез жинау 1 рет Қан қысымын өлшеу 2 рет | |
28.032022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі тәжірибемді физиотерапия бөлімшесінде өттім.Келе сала мейірбикенің функционалды міндетімен таныстым және жұмыс орнымды дайындадым.Бүгін мен осы бөлім ішінде емдік дене шынықтыру кабинетінде болдым. Көк тамырға инъекция: Заманбеков Т: Эналаприл 1,25 мг 1 мл,Цитиколин 1000 мг Қан қысым өлшеу : Заманбеков Т.:Инсульт басында 2 реттен және емшара барысында 1 рет,емщара аяқталғасын 1 рет ЕДШ жаттығуларын жасаған науқастар тізімі: Ережепбаев Ерасыл Мекендекова Айман Ашимбаева Гүлжанат Құрманбай Серікжан Базарбеков Данияр Саханов Владимир Заманбеков Талғат Емдік дене шынықтыру кабинетінде Заманбеков Талғатта инсульттан кейінгі қалпына келтіру жаттығулары кезінде келесі шағымдар орын алды:басы қатты ауырсынуы, бас айналуы,инсульттық белгілерге тексеріп көргенде оң болды. Менің мейіргерлік болжам диагнозым: Қайталама инсульт болды. Дереу дәрігер шақырттым және дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсеттім. Инсульт кезіндегі шұғыл көмек Науқасты ыңғайлы етіп жатқыздым,есі болмағандықтан басын бір жақ бүйіріне бұрдым Бас жағын 30 градусқа көтеріп қойдым Кеудесіндегі киімін босатып,таза ауа келуін қамтамасыз еттім және терезе аштым 2 жағынан қан қысымын өлшеп көріп едім ҚҚ-230/120 болды. Дәрігер келгеннен кейінгі көмек: Қан қысымы жоғары болғандықтан 5 минут ішінде 1,25 мг 1мл эналаприлді көктамырға тамшылатып жіберіп және қан қысымын өлшедім. (Егер есі болса және жұтыну рефлексі сақталса 25мг дозада каптоприлді беру) SpO2 95%- тен төмен,сондықтан ылғалдандырылған оттегі бердім Ми құрылымдарының метаболизмінің бұзылысының алдын алу үшін нейропротекторлы терапия: глицин 1г 1 рет тіл астына,цитиколин 1000 мг к/т не б/етке,магний сульфаты 25 ерітіндісі 30 мл/тәул. Егер осы шаралар ішінде науқас жағдайы жақсарса ары қарайғы оңалту шараларын жүргізу Ми қан айналымы бұзылуының екі түрі бар: Ишемиялық – қан тамырының бітелуі. Көп жағдайда бұл жүректен шыққан тромб немесе атеросклеротикалық түйнек. Қан тамырындағы жарықшақ жабылып, қан түспеген соң, қорек жетпеген бас миының бөлігі өліп қалады. Геморрагиялық – қан тамырының жарылуы. Соның салдарынан бас миына қан кетіп, бұл да бас миының бір бөлігінің өліп қалуына алып келеді. Екі жағдайда да ауру үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан шұғыл түрде дәрігерге жүгініп, жедел жәрдем шақыру керек. | Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет Бұлшық етке инъекция орындау 1 рет Көк тамырға инъекция 2 рет Қан қысым өлшеу 4 рет Ылғалдандырылған оттегін беру 1 рет ЕДШ жаттығуларын жасату 7 рет Инсульт кезіндегі алғашқы көмек 1 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау1рет | |
29.032022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді хирургия бөлімшесінде өттім.Тәжірибем 8:00де басталды,мен 7:30 да келіп киімімді ауыстырып арнайы хирургиялық костюм кидім,және келе салып ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім.Хирургия кабинетінде таңғыш салуды,іріңді жараларды таңуды және алғашқы хирургиялық өңдеуді көріп,өз тәжірибемде қолдандым.Және бүгінгі тақырыбым транспорттық иммобилизация болды.Хирургия кабинетінің мейірбикесі осы тақырып жайлы толық түсіндірді және менторымызбен де қайталадық.Сонымен қатар бұл тақырып бойынша көмекті манекенге көрсетіп үйрендік Іріңді жараға таңғыш қою. 1.Қолымды гигиеналық дәрежеде өңдеп,стерильді перчатка кидім. 2.Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешіп алдым. 3.Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шештім. 4.Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап өңдедім. 5.Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептіріп алдым. 6.1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны тағы өңдедім. 7.Жараны тексердім және барлығы таза екеніне көз жеткізгесін,жараны шприцпен инесіз 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шайдым және стерильді салфеткамен кептірдім. 8.Жараны 1% йодонат ерітіндісімен өңдедім. 9.Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойдым және оны лейкопластырьмен бекіттім. 10.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастадым. Жара өңдеген науқастар: Есекеев Ермек Аманжолов Дархан Транспорттық иммобилизация мұны біз манекенге жасап көрдік. Иммобилизация — аяқ- қол немесе басқа ағзалардың қатты жарақаттануларында және оларды тыныштық жағдайда тасымалдау кезінде қозғалыссыздықты қамтамасыз етеді. Иммобилизацияның екі түрі бар: транспортық (уақытша),емдік (тұрақты). Емдік иммобилизацияны дәрігер, кейде фельдшер гипстік таңғыш түрінде орнатады. Транспорттық иммобилизация – алғашқы көмек көрсетуде аяқ-қол сынығында және басқа жарақаттарда қолданылады. Сөйтіп,транспортты иммобилизация шоктың, тіндердің (тері, бұлшықет, тамыр, жүйке) сүйек жарықшалары мен екіншілік зақымдануының,инфекциялық асқынудың алдын алады. Транспорттық иммобилизация көрсеткіштеріне сүйек пен буын, ірі қан тамыр мен жүйке бағаны, жұмсақ тіндердің массивті зақымданулары, күйік, үсу,аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромы жатады. Транспорттық иммобилизация кезінде келесі ережелерді сақтау керек: 1. Аяқ-қол жарақаты иммобилизациясы жарақат алғаннан кейін жедел жасалуы керек. 2. Шинаны жұмсақ мақтамен немесе матамен орап, науқасты шешіндірмеу, ол жаңа жарақаттар салуы мүмкін, шинаны киімнің үстінен саламыз. 3. Егер шинаны жалаңаш денеге орнататын болсақ, ойықтардын алдын алу үшін жарақаттың үстіне жұмсақ мата немесе дәке қойып орнатамыз. 4. Шинаны таңардың алдында, жарақатты асептикалық өңдеу жүргізіп, таңамыз. 5. Егер қан тоқтату үшін жгут салынса, шинамен оны жаппай, дәкемен орамау керек, дәптерге жгут салынған уақытты міндетті түрде көрсету керек. 6. Шина орнатқан жағдайда, ораған дәке жолақтарымен жарақатты қатты тартып, қан айналымына кедергі жасауға болмайды, егер науқас аяғының ұйығанын, көгеріп келе жатқанын және сезгіштігі төмендегеніне шағымданса, шинана босатамыз немесе толығымен алып, қайтадан орнатамыз. 7. Шинаны суық кездерде орнатса, жылы орап тастау керек, және кәдімгі қателіктерге жол бермеу керек, ол қысқа шиналарды қолдану, шина салғанда жарақаттанған жерге жақын екі буынды қоса шиналау қажет, сонда ғана толық иммобилизция болды. Шинаны дұрыс орнатпаған жағдайда, ол орнынан тайып, қосымша жарақаттар келтіреді. 8. Транспорттық шиналар жарақат алған сегментпен қатар екі жанындағы буындарға да салыну керек.Сан сүйегі жарақаты кезінде үш буын иммобилизациялану керек (жамбас, тізе,табан) және иық жарақатында да. Аяқ-қолдыиммобилизациялау үшін ортафизиологиялық жағдайға келтіру керек. Бас пен мойын жарақаттарында(бас жарықтары, ми шайқалулары, мойын омыртқаларының сынуы немесе жұмсақ тіндерінің жарақаттарында ) транспорттық иммобилизация міндетті түрде салынады. 1). Төменгі жақты шиналауға жұқа тақтайшаларды немесе қатты қағазды қолдануға болады, оларды жұмсақ матамен орап иекке қойып дәкемен басқа таңып байлайды. 2). Мойын иммобилизациясы үшін қатты қағаз немесе мақта мен дәкеден оралып жасалған шиналарды орнатады, ол тыныс алуға кедергі келтірмеуі керек. 3). Жоғарғы шеткі мүшелердің траспорттық иммобилизациясы. Бұғана немесе жауырын суйегі сынғанда, дәкемен таңып, денеге таңып орайды. 4). Иық сынғанда шинаны білезіктен жауырынға дейін орнатады. 5). Иммобилизация толық және дұрыс орнығу үшін, сынған иықты шиналау үшін, шынтақты бүгіп орнатамыз, ол сым шиналармен оңай салынады. Қолда шина болмаса, қатты қағаз қолдануға болады, бірақ ол дұрыс орнықпайды, сондықтан екі ұзын бөлікті аламыз. Оларды жауырыннан шынтаққа дейін, ал екіншісін шынтақтан саусақтарға дейін таңып орнатып, мойнына асып байлаймыз. Тоқпан жілік сынса, шинаны шынтаққа дейін немесе тоқпан жіліктің ортасына дейін орнатамыз. Егер стандартты шиналар болмағанда, шынтақты бүгіп, алақанмен ішке қаратып, денеге таңып байлаймыз. Дәке болмаса, шыт немесе киімнің жеңін қолдануға болады. Омыртқа мен жамбас жарақаттарында, иммобилизацияны қатты төсектерге немесе тақтайларға салып тасымалдаймыз. Төменгі шеткі мүшелердің транспорттық иммобилизациясы. Жамбас сынса, (жамбас, тізе тобық буындары зақымдалса) толық қозғалысты шектейміз. Ең тиімді қозғалысты шектеу, ол екі шина салу: біріншісі ұзыны - қолтық астынан, сыртқы табан ұшына дейін, екіншісі қысқасы – шаптан ішкі табанға дейін. Табанды 900 бұрышта орнатымыз. Егер тізе немесе тобық буыны зақымдалса, толық қозғалыссыздықты тізедеде және тобық пен табанда да қамтамасыз етеміз. Егер қолда ешқандай иммобилизация құралдары болмаса, аяқтарға «аяқты аяққа» әдісін қолданамыз, ол сау аяққа жарақаттанған аяққа бірнеше жерден таңып байлаймыз, сонда оң аяқ шина қызметін атқарады. | Ағымды тазалық жүргізу 2 рет Қол жуу 7 рет Жараны өңдеу 2 рет Жара таңу 2 рет Таңғыш(повязка) салу 2 рет | |
30.032022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді ем-шара кабинетінде өттім және мейіргердің функционалды міндетімен таныстым. Бүгінгі тәжірибемде науқастардан көктамырдан биохимиялық зерттеуге қан алдым және арнайы журналдар толтырдым(Қан үлгілерін ИФА әдісімен АҚТҚ жұқпасына зерттеу журналы және RW жұқпасына зерттеу журналы).Тәжірибе орыныма келіп ағымды тазалау жүргіздім. Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған науқастар тізімі: Сыдықов Н.:АҚТҚ жұқпасына Аширова Б.:қан тобын анықтау үшін Ахметкалиева Г.:АҚТҚ жұқпасына Қонаров Б.: RW сынамасы Болат С.: RW сынамасы Бұлшық етке инъекция: Машенова А.:Витаксон Сембаев А.:В6 Турунбаев Е.:В6 Тілеуханов Е.:В12 Рахатбаев Р.:Аскорбин қышқылы Лимерканов Л.:Антибиотик Көк тамырға инъекция: Есенбек Зәуреш Бүгінгі тәжірибем күрделі болды себебі бір науқас есінен танды,алғашқы көмек көрсеттім.Себебі бұл науқастан қан алуға жібергендіктен таңғы ас үшпеген және ауруына байланысты алаңдаған. Менің мейіргерлік болжам диагнозым:Естен тану Жедел тамыр жетіспеушілігі(талма,коллапс,шок) Жедел тамыр жеткіліксіздігі (ЖТЖ) - бұл тамыр арнасының сыйымдылығы мен айналымдағы қан көлемі арасындағы арақатынастың бұзылуымен сипатталатын жағдай. Жедел тамыр жеткіліксіздігінің келесі клиникалық түрлері бөлінеді-естен тану, коллапс, шок. Естен тану-бұл вегето-тамырлық бұзылулармен, бұлшықет тонусының төмендеуімен және қысымның төмендеуімен бірге жүретін қан айналымын реттеуге психикалық немесе рефлекторлық әсер ету нәтижесінде пайда болған ми қан айналымының жедел бұзылуынан туындаған қысқа мерзімді сананың жоғалуы. Жедел көмек Естен тану Науқасты төменгі аяғын жоғары көтеріп көлденең күйге қойдым.Поза Тренделенбург. Кеудесін қысқан киімін босаттым Таза ауаға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін терезе аштым. ҚҚ,пульс,ТАЖ өлшедім және қан қысымы төмен және ес түссіз Аммиак ерітіндісін(нашатыр спирті) 15 см алыстықтан иіскетіп,самайына біраз жағып қойдым АД тұрақты төмен болғандықтан – кофеин тері астына 0,5 мг/кг дәрігер тағайындауы бойынша енгіздім. | Ағымды тазалық жүргізу 2 рет Көк тамырдан қан алу 5 рет Бұлшық етке инъекция 6 рет Көк тамырға инъекция 1 рет Қан қысым өлшеу 2 рет Естен тану кезіндегі көмек 1 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 1 рет | |
31.032022 | Мен Рүстемова Ақмарал 31.03.2022 күнгі тәжірибемді терапия кабинетінде жалғастырдым.Бүгін тәжірибеге 7:30 келіп ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім. Ал тәжірибе орнымда науқас қабылдау барысында дәрігерді дереу шақыртты,себеп: Касабаев Ж. есімді науқаста анамнезінде сол жақ қарыншалық жетіспеушілік,соның салдарынан бұл науқаста өкпе ісінуі болған және алғашқы көмекті дәрігермен көрсеттім. Жолдама берген науқастар тізімі: Таримбеков Серік:ЭКГ кабинетіне Жамылбаев Заңғар: Эндокринологқа ҚҚ,температура өлшеген науқастар тізімі: Есімбеков А. Таримбеков С. Есекеев Ж. Алибаева Н. Ерланқызы А. Сағадат М. Жамылбаев З. Өкпе ісінуі Өкпенің ісінуі кезіндегі шұғыл көмек. 1.Науқасқа отырыңқы жағдай жасадым. 2.Науқасты тыныштандырып, таза ауамен қамтамасыз ету үшін терезе аштым; Тәуелді мейіргерлік көмек: Ылғалдандырылған оттегін бердім 70% этиль спиртімен Бобров аппараты арқылы. 3.1мл-1% морфин 1мл физерітіндіге ерітіп к/т енгіздім; 4.Нитроглицерин 0.5 мг тіл астына әр 15-20мин сайын салып отыру тағайындалды (3 ретке дейін); 5.40-80 мг фурасемид,яғни диуретик тағайындалды к\т (АҚ бақылау); 6.АҚ жоғарылағандықтан к\т 1-2мл 5% пентамин 20 мл физ ерітіндісіне ерітіп енгіздім; 7.33% 2 мл этил спирті к\т енгіздім баяу; 8.Преднизолон 60-90 мг к\т енгіздім; 9.Науқасты көрсетілген көмектен кейін стационарға госпитализациялау тағайындалды,отырғыза тасымалдадық. | Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастарға дәрігердің тағайындауымен жолдама беру 2 рет ҚҚ өлшеу 7 рет Температура өлшеу 7 рет Пульсоксиметр қолдану 7 рет Өкпе ісінуінде көмек 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 7 рет | |
01.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал 01.04.2022 күнгі кезекті кәсіптік тәжірибемді эндокринолог кабинетінде жалғастырдым.Тәжірибеге 7:30-да келіп жұмыс орныма ағымды тазалауды жүргіздім.Бүгін біз бұл кабинетте қандағы қант мөлшерін анықтадық,ол үшін арнайы құрал глюкометр керек.Сонымен қатар қант диабеті туралы тақырып қозғалды және асқынулары,әсіресе гипер- және гипогликемиялық кома кезінде қалай көмек көрсетілуі керек екені түсіндірілді. Тәжірибе барысында гипогликемия болды бірақ ерте анықталу және тез алғашқы көмек көрсетілгеннің нәтижесінде кома деңгейіне жетпеді. Қандағы қант мөлшерін анықтау Дайындау: глюкометр,тест жолақтары,этиль спирті,мақта шариктері,тескіш Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіреміз,рұқсатын аламыз,заттарды дайындаймыз. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызамыз,қолды гигиеналық деңгейде жуып,резеңке қолғапты кию Тест жолағын глюкометрге орналастыру Науқастың 4-ші саусағын спиртпен өңдеп,тескішпен тесу Саусақтағы қанды тест жолағына тамызып,нәтижені күту және науқасқа хабарлау. Қанда нормада қант мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л не 590-1080 мг болуы қажет.Егер көбейген жағдайда гипергликемия,ал азайса гипогликемия деп аталады.Егер бұл асқынулар қауіпті күйге жетсе кома дамиды,сондықтан жедел көмек керек. Глюкометр көмегімен қант мөлшерін анықтадым: Ахметкалиева Жанар-5,6 ммоль/л Ельшінбеков Ерсін-6,0 ммоль/л Лучеков Сергей-5,3 ммоль/л Есейинова Ақерке-2,6 ммоль/л Қан қысымын өлшеу Ахметкалиева Ж. Ельшінбеков Е. Лучеков С. Есейинова А. Ельшінбеков Ерсінде-гипергликемия,ал Есейинова Ақеркеде гипогликемия. Гипогликемиялық кома-организмдегі қант деңгейінің күрт төмендеуімен(2,8 ммоль/л және одан төмен) сипатталатын жағдай.Бұл аз уақыт ішінде ес жоғалту және бас миының не мүшелердің салдануына әкеліп соқтырады. Комаға дейінгі алғашқы көмек(Есейинова Ақерке) Глюкометрмен қант деңгейін өлшеп алдым,көз жеткіздім Тәтті печенье беріп көрдім Тамақ беру ем дәмге байланысты Тәтті шай ішкіздім Кома болған жағдайда: Дереу дәрігер шақыру 1 бүйіріне жатқызу Аузында зат болса алу Дәрігер тағайындауымен глюкагон 1мл көк тамырға не тері астына енгізу 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға тамшылатып енгізу Ауыр жағдайда адреналин(1мл 0,1% тері астына) не глюкокортикостероидтар Есін жиысымен қант деңгейін өлшеу Науқастың жағдайын одан әрі қадағалау және жалпы жағдайын бақылау Гиперликемиялық кома-бұл қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен сипатталады.Мұндай кома бірнеше сағат бойы,кейде күн бойы дамиды. Ельшінбеков Ерсінде де кома жағдайына жеткен жоқ,сондықтан бұл науқасқа да тек дәрігер рұқсатымен инсулин енгіздім және жалпы жағдайын бақыладым. Гипергликемиялық кома кезіндегі көмек Уақытты анықтау және белгілеу Дереу дәрігер шақыру 1 бүйіріне жатқызу,тіс протезі болса алып тастау,тыныс алуын қалына келтіру Қысып тұрған киімдерін босату Глюкометрмен қан құрамындағы глюкоза деңгейін анықтау АҚ,пульс және ТАЖ өлшеу Ылғалдандырылған оттегін беру Дәрігер тағайындауымен инсулинді к/т енгізу Рингер ерітіндісін к/т тамшылатып енгізу,0,9% натрий хлорид не 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісін дәрігер тағайындауымен енгізу Науқастың жалпы жағдайын бақылау | Ағымды тазалау 2 рет Глюкометр көмегімен қант мөлшерін анықтау 4 рет Қан қысым өлшеу 7 рет Гипогликемия кезіндегі көмек 1 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 4 рет | |
02.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал 02.04.22 күнгі тәжірибемді терапия кабинетінде өткіздім.Тәжірибе орныма ертерек келіп ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім. Науқастарды тіркеу: Изекеева Балжан:шағымдары:бас ауруы маңдай тұсында,мұрынның жиі бітелуі,мұрыннан жағымсыз иіс шығуы,кейде жағымсыз бөлінділер ағуы.Жолдама:жалпы қан анализі және ЛОР кабинетіне Бақтыбекқызы Айым:шағымдары:эпигастрий аймағындағы ауырсыну,қыжыл,аузына металл дәмі келу.Жолдама:жалпы қан анализі,гастроэнтеролог. Нарынбекова Дильназ:шағымдары:жоқ,алдын ала тексеруден өту үшін.Жолдама:жалпы қан анализі,гинеколог,дерматолог,флюорография Масленников Дмитрий:шағымдары:мұрын бітелуі,бас ауруы,тамаққа тәбеті төмендеуі,иіс,дәм сезбеуі,әлсіздік.Жолдама:фильтр кабинеті,ПТР-ға тест тапсыру. Өмірбай Жалғас:шағымдары:жоқ,алдын ала тексерілуден өту үшін.Жолдама: жалпы қан анализі,гинеколог,дерматолог,флюорография. Турысбекова Айғаным:шағымдары:қан қысымының көтерілуі,бас айналу,көзі қарауытуы.Гипертензия болғандықтан бұл науқасқа жедел көмек көрсетілді:Науқасты жатқыздым;Бас жағын жоғары көтердім;Кеудесін қысқан киімін шешіп,терезе аштым;Дәрігер рұқсатымен каптоприлді тіл астына салдым;Қан қысымын қайтадан өлшеп едім әлі түспеген сосын нифедипин бердім дәрігер тағайындауымен,осы кезде науқастың жағдайы жақсарды.Бұндай диагноз науқаста жиі қайталанған екен,сондықтан науқасты АГ бойынша «Д» есепке алдық. Валиков Виктор:шағымдары:оң жақ қабырға астында өткір ауырсыну,жүрегі айну,құсу,ауырсынуы оң иыққа берілуі,бірнеше сағат бұрын майлы тағам жегенін айтады.Ал дәрігермен бұл науқастың ауру тарихын қарағанда бауыр коликасы деген диагноз қойылған екен.Науқас шыдамай қатты ауырсынып тұрғандықтан жедел көмек көрсеттік: Бауыр(өт)шаншуы Бауыр коликасы (лат. colica hepatica), сондай — ақ өт коликасы (colica biliaris) - оң жақ қабырға астындағы өткір, шаншу(колика) ауырсынуымен сипатталатын жағдай. Шұғыл көмек: * тыныштандырдым, төсекте ыңғайлы жағдай жасап жатқыздым, басын бүйіріне бұрып,басын бұрғасын аузының астына лоток койдым; * толық аштықты, физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіп,алкоголь ішуге және темекі шегуге тыйым салды дәрігер; * оң жақ бел аймаққа жылытқыш салдым дәрігер рұқсатымен, тіл астына 1 таблетка нитроглицерин бердім. Ауырсынуды жеңілдету үшін: * дицетел (пинаверия бромиді) 1 табл. (50 мг) бердім * дюспаталина ретард (мебеверин) 1 қап. (200 мг) ішке. * папаверин гидрохлориді 2 мл 2% ерітінді +1 мл 0,2% платифиллин гидротартраты ерітіндісі +2 мл 50% анальгин ерітіндісі көктамыр ішіне 10-15 мл изотоникалық ерітіндіде ерітіп көк тамырына баяу енгіздім; * баралгин 5 мл вена ішіне ағынды түрде жібердім. Бұл науқасты терапиялық бөлімге емделуге және стационарға жатуға кеңес және жолдама берілді. | Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет Келген науқастарды тіркеу 6 рет Қан қысымын өлшеу 6 рет Температура өлшеу 6 рет Пульсоксиметр арқылы қанның оттегімен қанығуын анықтау 6 рет Келген науқастарға дәрігер тағайындауымен жолдама жазу 6 рет Анамнез жинау 1 рет Науқастардан шағымдарын сұрау 6 рет | |
04.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді ем-шара кабинетінде жалғастырдым. Көк тамырдан қан алған науқастар тізімі: Болат Серікжан Табельбеков Райымбек Узибаева Загила Алипова Ханима Машенбеков Алим Турсынхан Азамат Бұлшық етке инъекция: Узибаева Загила:Витаксон Сембаева Алтын:Пиридоксин Ганцева Валерия:Антибиотик Дүйсен Серікжан:Цианкобаламин Турундуков Еділ:Витаксон Ал ем шара кабинетінде Ганцева В. есімді науқаста антибиотикке аллергиялық реакция дамыды.Ол науқастың беті және ерні іси бастады және қолында қышыма белгілері пайда болды.Дереу дәрігер шақырттық ал дәрігер келгенше мен тәуелсіз мейіргерлік көмек көрсеттім Мейіргерлік болжам диагнозым:Квинке ісігі Квинке ісігі Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі. Квинке ісінуінде шұғыл көмек. Іс -әрекет алгоритмі: Дәрігер келгенге дейінгі көмек: 1.Аллерген енгізуді тоқтатып, инъекция орнынан жоғары жерге жгут қою,бірақ бұл науқаста бұлшық етке инъекция болғандықтан инъекция орнына алғашында суық бастым. 2.Аяғын көтергізіп жатқыздым,кеудесіндегі қысқан киімін босатып,терезе аштым Дәрігердің тағайындауы бойынша жасалатын іс әрекеттер: 3.Ылғалды оттегін бердім. 4.0,1%-0,5мл адреналин тері астына енгіздім және инъекция айналасын крест жасап егіп шықтым. 5.Көк тамырға 10мл 0,9% физ.ерітінді натрий хлоридке 90-120мг преднизалонды ерітіп, баяу енгіздім. 6.2,0мл 2% супрастин б/е енгіздім. 7.10мл-10% кальций хлорид ерітіндісін к/т енгіздім. 8.К/т 2,0мл лазикс 10мл 0,9% физ.ерітінді натрий хлоридке ерітіп енгіздім.Науқастың жағдайы жақсарғандықтан көмекті тоқтаттық және науқастың жалпы жағдайын бақыладық. Егер: • Ісік көмей және жұтқыншаққа жайылған кезде қосымша 0,3 мл араласқан адреналинді тері астына баяу енгіземіз. • Зәр айдағыш дәрілік заттар: лазикс 40-80 мг к/т 10-20 мл физиологиялык ерітіндімен. • Бронхоспазм болса, небулайзер арқылы қабынуға қарсы В2 адреномиметиктерді қолданамыз - сальбутамол 2,5-5,0 небулайзер арқылы • Бронхоспазм кайтпай, сакталып турса көктамырга біртіндеп тамшылатып 5-6 мг/кг 2,4% аминофиллин ерiтiндiсiн 20 минут ішінде құю. Немесе көктамырга тамшылатып,02-0,9 мг/кг /сағ бронхоспазм жоғалғанға дейiн құяды. • Брадикардия болса тері астына атропин инъекциясы жасалынады(0,3-0,5 мг) • АҚ төмендеп кетсе кристаллоидты ерітінділерді енгізеді | Ағымды тазалықты жүргізу 2 рет Көк тамырдан қан алу 6 рет Бұлшық етке инъекция жасау 5 рет Квинке ісігі кезінде көмек 1 рет Ылғалдандырылған оттегін беру 1 рет Анамнез жинау 1 рет | |
05.042022 | Мен Рүстемова Ақмарал бүгінгі кәсіптік тәжірибемді сүзгі(фильтр) кабинетінде жалғастырдым.Бүгінгі тәжірибе орныма келе салып жеке қоғаныш құралдарын кидім.Фильтр кабинетіндегі мейіргердің функционалды міндетімен таныстым. Фильтр кабинетіндегі жұмысымен және ережелерімен танысып,әрі қарай жұмысыма кірістім.ПТР-ға жағынды алдым. Фильтр кабинеті-емханада ұйымдастырылатын эпидемияға қарсы қорғаныс, оның міндеті пациенттерді емханаға кіре берісте екі негізгі ағымға бөлу болып табылады: 1) инфекциялық ауруға күдікті адамдар (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылулар және инфекциялық аурулардың көріністері); 2) сау адамдар немесе әртүрлі функционалды ауытқулары бар адамдар. Мұндай фильтр бөлмелерінің негізгі міндеті – ЖРВИ белгілерімен ауырған науқастарды анықтау және оқшаулау-бұл жөтел, қызба және басқа белгілер. Мұнда жылдам сұрыптау және ПТР-талдау жүргізіледі.Фильтр кабинеті "лас" аймаққа жатады. Фильтр кабинетіне келген науқастар тізімі: Нұғманова К. Асылбеков А. Есенбек З. Елшінбаев Т. Хамит Е. Терекбаева Б. Фильтр кабинетінде болғанда Нұғманова Кербезде субфебрильді температура болды және құрысулармен көрініс берді.Осы кезде дереу дәрігер шақыртып,дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмекті көрсеттім. |