Главная страница
Навигация по странице:

  • Газдардың молекулалық - кинетикалық теория негiздерi

  • Барлық оқушы

  • Сабақтың басы Ұйымдастыру-ынталандыру

  • Сабақтың ортасы Жаңа сабақ

  • Электр өрісінің кернеулігі

  • Сынақ заряд ұғымы бұл заряд электр өрісін тудырмайды және өте кішкентай, сондықтан қарастырып отырған өрісті өзгертпейді деп болжайды. Нүктелік зарядтың кернеулігін

  • 2 D .

  • 1-тапсырма (дәптерлеріңде орындаңдар).

  • Тапсырма дискрипторлары

  • §51. 16-18 беттердегі есеп үлгісін жазу. 20-беттег і есептерді шығару

  • Электр өрісі. ҚМЖ 10 ЭЛЕКТР ӨРІСІ. Газдарды молекулалы кинетикалы теория негiздерi


    Скачать 92.7 Kb.
    НазваниеГаздарды молекулалы кинетикалы теория негiздерi
    АнкорЭлектр өріс
    Дата30.01.2022
    Размер92.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚМЖ 10 ЭЛЕКТР ӨРІСІ.docx
    ТипДокументы
    #346143

    «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» КММ


    Бөлім:

    Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi


    Педагогтің аты-жөні:

    Шияпов Ш.М.

    Күні: 18.01.2022




    Сынып:

    10 Қатысқандар: Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы:

    Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі

    Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

    10.4.1.2- суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқа кернеулігін анықтау үшін пайдаланады


    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушы-суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқа кернеулігін анықтау үшін пайдаланады

    Көпшілігі-электр өрісі кернеулігі ұғымын түсініп,электрлік өрісінің күш сызықтары қандай болатынын біледі;

    Кейбіреуі-электр өрісінде зарядтың қозғалысын анықтан,Кулон заңын қолданып, есептер шығарады

    Бағалаукритерийлері

    • Кулон заңы мен электр өрісінің кернеулігінің формуласын қолданады

    • Суперпозиция принципін біледі

    • Аттас және әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын графикалық түрде сызады

    • Біртекті және біртекті емес өрісті ажырата алады

    • Суперпозиция принципін қолданып есептер шығара алады

    Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі/уақыты

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар


    Сабақтың басы



    Ұйымдастыру-ынталандыру

    Оқушылармен амандасу. Байланысты тексеру. /дұрыс көріну, естілу, микрофонды өшіру, қосу ережелері,сұрақ қою мүмкіндіктері/

    Миға шабуыл:

    1.Денелердің электрленуі деген не?

    2. Электр заряды деген не?

    3.Электр зарядының сақталу заңы деген не?

    4.Кулон заңы дегеніміз не?

    Дескриптор: Электр зарядының сақталу заңының және Кулон заңының физикалық мағынасын біледі

    Амандасады,

    сұрақтарға

    жауап береді

    10 баллдық жүйемен

    ҚБ

    2 балл

    Оқулық,

    онлайн мектеп платформасы,акт құралдары

    Сабақтың ортасы


    Жаңа сабақ

    Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі

    Жаңа сабақ бойынша теориялық материалдармен қысқаша таныстыру.

    Интернет ресурстары арқылы қысқаша бейнероликтер көрсету.

    Электр өрісінің кернеулігі-электр өрісіне қойылған нүктелік зарядқа әсер етуші күштің, сол заряд мөлшеріне қатынасына тең, векторлық шама

    ; (2) Электр өрісінің кернеулігі, өрісте орналасқан нүктелік зарядқа әсер етуші күшті анықтайды. (3) тыныштықта тұрған зарядталған бөлшек өрісі кернеулігі векторының бағыты, өріске орналасқан нүктелік оң зарядқа, зарядалған бөлшек тарапынан, әсер етуші күштің бағытымен сәйкес келеді.

    Сынақ заряд ұғымы бұл заряд электр өрісін тудырмайды және өте кішкентай, сондықтан қарастырып отырған өрісті өзгертпейді деп болжайды.

    Нүктелік зарядтың кернеулігін анықтау үшін Кулон заңын пайдаланып нүктелік зарядтың q біртекті изотропты ортада электр өрісінің ,зарядтан  r  қашықтықта :



       (2)

    Е гер > 0 (2) формуладан нүктелік зарядтың q кернеулігі  E  барлық нүктелерде q зарядтан радиалды тысқары бағытталады және егер < 0 зарядқа қарай бағытталады


    .

    Суретті тапсырма: Кім жылдам.Жекелей жұмыс

    Т өмендегі берілген қай диаграмма зарядталған екі пластина арасындағы электр өрісін дұрыс көрсетеді?



    2
    D
    .
    Суретте берілген диаграмма екі параллель зарядталған пластиналарды көрсетеді.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы Р, Q және R нүктелеріндегі электр өрісін дұрыс сипаттайды?



    A P нүктесінде өріс Q және R нүктелеріндегіден күштірек.

    B P нүктесінде өріс Q және R нүктелеріндегіден әлсіз.

    C Өріс P and Q нүктелерінде бірдей, бірақ R нүктесіндегіден күшті..

    D P, Q және R нүктелерінде өріс бірдей.

    1-тапсырма (дәптерлеріңде орындаңдар).

    Нүктелік заряды 27 н Кл-ға тең болғандағы өрісте 3 см, 6 см, 9 см, 12 см, 15 см, 18 см қашықтықтағы кернеулікті есептеп шығарыңдар.

    Тапсырма дискрипторлары:

    • Оқулық арқылы графиктерді қарастыру.

    • Берілген сұрақтарға жауап беру

    Бағалау

    Интернет ресурстағы тапсырмалардың барлығын орындаса мах 8 ұпайға иелену

    Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылардың тапсырмаларды орындау уақытын қадағалау. Кері байланыс беру

    «Аялдама әдісі» арқылы есептер шығару.

    Барлығы төрт аялдама болады. Әрбір аялдамада деңгейлік есептер орналасқан.

    Тапсырма дискрипторлары:

    • Есептің шартын жазу. ХБЖ-не келтіру

    • Қолданатын формуласын жазу

    • Есептің шешу жолы мен жауабын дұрыс жазу

    Тапсырманы ұқыпты орындауын және дұрыс бағалауын қадағалау. Кері байланыс беру



    Нұсқаулықпен танысады.


    1.Нұсқаулық

    оқушылар Жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды

    2.Нұсқаулық

    Тапсырмаларды дұрыс орындалған тапсырмаға 2 балл.

    Жалпы:4 балл
    Жұптық жұмыс.

    Тапсырмаларды жұппен орындау.
    Оқушы іс-әрекеті. Оқушылар өз тобымен бірге әрбір аялдамаға тоқтап, берілген есептерді шығарады.




    4 балл
    ҚБ

    Дескриптор арқылы бағалау

    ҚБ

    4 балл

    ҚБ: бірін бірі бағалау

    Бағалау. Әрбір дұрыс есепке 3 ұпайдан беріледі. Жалпы топтық жұмыста барлығы мах 12 ұпайды құрайды. Топтар бірін-бірі бағалайды



    Оқулық
    Жұмыс дәптері
    Слайдтар

    Интернет ресурстары

    Тапсырмалар

    Сабақтың соңы
    Рефлексиялық қорытынды


    Бүгінгі сабақта:

    Білдім....

    Түсіндім....

    Түсінбедім.....

    Сұрағым бар...
    Үйге:§51. 16-18 беттердегі есеп үлгісін жазу. 20-беттегі есептерді шығару:












    написать администратору сайта