Главная страница
Навигация по странице:

  • Онлайн Мектеп

  • Сайттың түрі

  • Тіркелу Міндетті Тіл(дер)і

  • Қазіргі статусы жұмыс істейді және даму үстінде Телефоны

  • онлайн мектеп. Онлайн Мектеп. Онлайн Мектеп url


    Скачать 33.04 Kb.
    НазваниеОнлайн Мектеп url
    Анкоронлайн мектеп
    Дата03.08.2022
    Размер33.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОнлайн Мектеп.docx
    ТипДокументы
    #640213

    Онлайн Мектеп[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

    Jump to navigationJump to search

    Онлайн Мектеп



    URL

    onlinemektep.org

    Коммерциялық

    Иә

    Сайттың түрі

    білім беру платформасы

    Тіркелу

    Міндетті

    Тіл(дер)і

    қазақ, орыс, ағылшын

    Иесі

    Bilim Media Group

    Ашылған уақыты

    2020

    Қазіргі статусы

    жұмыс істейді және даму үстінде

    Телефоны

    +7 (707) 944 95 95

    Онлайн Мектеп — Қазақстанның барлық нүктелерінен оқушыларды қашықтықтан оқытудың онлайн платформасы болып табылады.[1]



    Мазмұны

    • 1Тарихы

    • 2Сабақтар

    • 3Сайтқа кіру

    • 4Дереккөздер

    • 5Сілтемелер

    Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    2020 жылы Орталық онлайн-оқыту саласындағы инновациялық компания Bilim Media Group-пен бірлесіп Online mektep цифрлық білім беру платформасын әзірлеп, іске қосты (www.bilimland.kz).

    Негізгі мақсат – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын онлайн режимде бейімдеп оқыту мүмкіндігін беру.

    Online Mektep елдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін үлгілік оқу жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған барлық пәндерден цифрлық білім беру контентін қамтиды.

    Сабақ мазмұны, жаттығулар мен тапсырмалар кешені Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетекші мұғалімдерімен әзірленіп, Орталықтың пән мамандарының модерациясынан өтеді. Жобаға 500-ден астам әзірлеуші мұғалімдер, оның ішінде НЗМ және еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері тартылды. 1-11 сыныптардың 1-4 тоқсанына әзірленген сабақтардың жалпы саны 24 074 құрады.

    Платформаның негізгі идеясы — әр сабаққа конспект, сызба, зияткерлік карта түрінде теориялық материалдар әзірлеу, ал сабақтың практикалық бөлігі деңгейлік тапсырмалар түрінде беріледі, бұл тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті дағдыларды жүйелі және бірізді түрде дамытуға мүмкіндік береді.

    Сайт сабақ мазмұнын ұйымдастырудың деңгейлік жүйесін ұсынады. Сабақтарды әзірлеген кезде тапсырмаларға негізделген оқыту қағидаты негізге алынды (task-based learning). Оқушы белгілі бір деңгейлік тапсырманы орындай отырып, белсенді танымдық үдеріске елігіп кетеді. Әрбір тапсырмаға қысқаша теориялық материал түріндегі «Білу маңызды» және «Түсіндірме» айдарлары беріледі, олар оқушыға сабақ тақырыбына қатысты білімдерін бекітуге және тапсырмаларды саналы түрде орындауға көмектеседі.

    Оқушылардың материалды игеру деңгейі мен оқу қарқыны әртүрлі болатыны ескеріліп, оқушыға платформадағы материалдарды жеке оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл өз кезегінде өткен материалды сапалы түрде бекітуге, сондай-ақ жеке оқу кестесін құруға мүмкіндік береді.

    Онлайн платформа еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Қазіргі уақытта Online Mektep-ке қосылған мектептер саны – 3 910, белсенді оқушылар саны – 238 754, күн сайын 2 875 697 белсенді пайдаланушы, 1 қыркүйектен бастап сайт барлығы 51 779 298 рет қаралды.[2]

    Сабақтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    Тізімде: Қазақ тілі, Орыс тілі, Француз тілі, Неміс тілі, математика, физика, бастауыш математика, АУДИОХРЕСТОМАТИЯ, алгебра, шахмат, химия, және де виртуалды зертхана бар.

    Сайтқа кіру[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    Порталға кіру үшін сізге мектеп директорынан өз логиніңіз бен пароліңізді алу қажет. Осыдан кейін сайтқа өтіп, логин мен парольді енгізіп, кіру түймесін басыңыз.

    Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    1. ↑ https://onlinemektep.info/

    2. ↑ https://cep.nis.edu.kz/online-mektep/?lang=kaz

    Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

    • https://www.gov.kz/uploads/2020/8/27/7ad4c898c2a613915032556bf1f150e3_original.11539510.pdf

    Санат: 

    • Алфавит бойынша сайттар

    • Қазақстандағы білім беру сайттары


    написать администратору сайта