Сенімділік интервалы- 3 курс ОМ. Генералды орташаны сенімділік интервалы
Скачать 0.67 Mb.
|
Салыстырмалы көрсеткіштердің сенімділік интервалыБір және сол белгілердің кездесушілігі р салыстырмалы жиілігі-яғни барлық зерттелуші объектілер арасында берілген белгімен n таңдама көлемі бойынша табылған объектілір бөлігі кейбір қателіктермен генералды бөлікке шағылысады. Генералды бөлік үшін сенімділік интервал шектерінде жатады бастап Екі генералды бөліктер айырмасы үшін сенімділік интервал келесі өрнекке ие Мұндағы t-берілген αжәне (п1+п2-1) бостандық дәрежесі үшін екіжақтылық t-Стъюдент критериінің крититикалық мәні.
Бақылау тапсырмасы: Дальтонизм белгісі бойынша 1000 адам жіктелді. 29 кестеде келтірілген берілгендер бойынша сенімділік интервал түсінігін қолдана отырып, адам жынысы және дальтонизмнің болуы арасында тәуелділік барын α=0,05 кезінде тексеру қажет. Нөлдік және альтернативті болжамды жасаңыз. Кесте. Тапсырмаға
Нұсқа 1 Ауылдық және қалалық тұрғындар аурушаңдығы зерттелді. Таңдамалы зерттеу ауылдағы 100 тұрғындардан 36 адам, қаладағы 100 тұрғындардан 28 адам дәрігерге қаралғанын көрсетті. Дәрігерге қаралу тұрғындар орынынан тәуелді ме анықта. Нұсқа 2. 150 жалғызбастылар кездейсоқ таңдамасында 72 ер адам бойдақтар санын құрады, ал тұрмысқа шықпаған әйелдер-78 адам. Осы берілгендер негізінде генералды жиынтықтағы барлық тұрмыс құрмаған әйелдердің тұрмыс құруының теориялық мүмкіндігі туралы қорытынды жаса Нұсқа3 Екі емдеу әдісінің тиімділігі салыстырылды және келесі мәліметтер алынды
Емдеудің осы екі түрі тиімділігі жағынан ерекшеленеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз. Нұсқа4 Биостатистикадан емтихан билеті екі тараудың сұрақтарынан құралды. Емтиханды 20 студент тапсырды. Бірінші тараудан 32 сұрақ, ал екінші тарудан 18 сұрақ кездескендігі анықталды. Бұл мәліметтер екі тараудың сұрақтары бірдей ықтималдықпен түскендігі болжамымен арақатынасады ма? Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз. Нұсқа 5 1000 адамды дальтонизм белгісі бойынша жіктеді. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша α = 0,05 мәнділік деңгейінде дальтонизм мен адам жынысы арасындағы тәуелділікті тексеру қажет. Нөлдік болжам құрастырыңыз.
Нұсқа 6 Тұмау эпидемиясы кезінде осы ауру түріне қарсы екпенің тиімділігі зерттелді. Келесідей нәтижелер алынды:
Бұл нәтижелер екпенің тиімділігін көрсетеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз, α=0,05 қабылдаңыз. Нұсқа 7 1400 адам жұмыс істейтін химиялық өндіріс орнында аурушаңдық 37%-ды, сол уақытта берілген аймақта ол жалпы 23% (15000 адам тұратын аймақта) деңгейде тіркелді. Өндіріс орнының шарттары аурушаңдыққа әсер етеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз. Нұсқа 8 Социологиялық зерттеу мәліметтері бойынша жастар арасында спортпен шұғылданатындар 200 адамның 42-сі болса, ал егде жастағылар ішінен 325 адамның 55-н құрайды. Спортпен шұғылдану адам жасына тәуелділігін анықтаңыз. Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз. Нұсқа 9. 84 жерасты жұмысшыларының арасынан бронхит ауруы төрттен бірінде, ал 105 құрылысшылардың үштен бірінде тіркелген. Мамандықтың созылмалы бронхиттің пайда болуына әсерін анықтаңыз. Қайсысында бұл ықтималдық жоғары? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз. Нұсқа 10. 500 адамды жусанға деген аллергия белгісімен жіктеді. Келтірілген мәліметтер бойынша аллергия белгісі мен адам жынысының арасындағы тәуелділікті анықтаңыз, α = 0,05 болғанда.
Нұсқа 11 Екі антибиотиктің тиімділігі салыстырылды және келесідей мәліметтер алынды
|