Главная страница

георафия. География гео Жер жне графиясуреттеу


Скачать 0.6 Mb.
НазваниеГеография гео Жер жне графиясуреттеу
Дата20.12.2022
Размер0.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлагеорафия.docx
ТипДокументы
#855878

География (гео— «Жер» және графия—«суреттеу»[1]) — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.

Даму тарихы-(тас дәуірі)- Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. 

Б.з.б. 6 ғасырда географияда екі бағыт:

  1. жалпы жертану (негізін Аристотель қалады) және

  2. елтану (Геродот) айқындала бастады.

Географияның эллиндік дәуірдегі дамуы

Эллиндік дәуірде Эратосфен өзінің «География» атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды[8].[9] Б.з.б. 1—2 ғасырдағы күрделі географиялық еңбектерге Страбонның «Географиясы» (ел тануы), Птолемейдің «География жөніндегі нұсқауы» (географиялық координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады.

Ұлы географиялық ашылулар


ХVI ғасырдан бастап география аса маңызды ғылымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге географияның ерекше ғылыми тілі картография қалыптасты. Ұлы географиялық ашылулардың ғылыми қорытындылары голланд ғалымы Бернхардус Варениустың “«Жалпы география»” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды.

Экспедициялар кезеңі


XVII — XVIII ғасырларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге қызығушылық арта түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). Ресейде экономикалық географияның қалыптасуына И. К. Кирилов, В. Н. Татищев, М. В. Ломоносов зор үлес қосты. Жаратылыстану ғылымының XVIII — XIX ғасырлардың I жартысындағы аса көрнекті жетістіктері бұрынғы натурфилософиялық жорамалдардан бас тартуға, "табиғаттағы процестердің бәрінің өзіне тән себептері бар" деген ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде география жөнінде екі түрлі пікір туды: XIX ғасырда неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (1845—1862) атты еңбегінде "Физикалық географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеу", — десе,[10] неміс географы Карл Риттер өзінің “«Dіe Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des Menschen»” (1822 — 1859) еңбегінде "Географияның басты міндеті — табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана", — деп түсіндірді.

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы ғылыми экспедициялар мен теориялық ашылулар


XIX ғасырдың аяғында Ресейде B.В. Докучаев комплексті физгеографиялық зерттеулердің негізін қалап, бұл зерттеулердің міндетін халық шаруашылығы мәселелерін шешумен байланыстырды.[11] География өзара байланыстылықты тануға А. И. Воейков зор үлес қосты. XX ғасырдың басында Л. С. Бергтің, А. А. Борзовтың т. б. еңбектерінде ландшафт туралы ұғым қалыптастырылды. Географиялық ғылыми зерттеулердің дамуына Орыс географиялық қоғамы (1845) үлкен еңбек сіңірді. 19 ғасырдағы және 20 ғасырдың басындағы экспедициялар Азияның бұрыннан беймәлім ішкі аймақтарын (П. П. Семенов-Тян- Шанский, Н. М. Пржевальский, Г. Н. Потанин), Жаңа Гвинеяны (Н. Н. Миклухо-Маклай) зерттеді, Антарктиданы (Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев) ашты.

География өзінің одан әрі даму сатысында (XVIII ғ.) геологияға, XIX ғасырдың I жартысында экономикалық (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді. Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғасырдың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды.

Географияның зерттеу объектілері


 география ғылымының негізгі обьектісі ретінде жер бетін қарастырады. Бұған байланысты Карл Риттер географияның зерттеу объектісі ретінде Жер бетін, Э.Мартонн - Жер бетіндегі адамзат қызметіне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстармен олардың таралу себептерін, О.Пешель - Жер табиғатын қарастырады.

Көптеген физик-географтар П.И.Броунов ұсынған «географиялық қабық» обьектісімен келіседі.

географиялық қабық;

-литосферадан, гидросферадан, атмосферадан, биосферадан тұратын күрделі құрылым

компоненттері; ауа, су, тау жыныстары, тірі заттар жатады

Географияның зерттеу әдістері


Тарихи қағида бойынша дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) географияда XX ғ. 30-50 жылдары бастап пайдаланып келе жатыр. XX ғ. 60-80 жж. ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көптеген жаңа мүмкіншіліктер пайда болды: ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б. Географиялық ақпараттық жүйе пайда болды[13][14].

Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:

  1. жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);

  2. нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);

  3. ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);

  4. ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);

  5. алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.

География бөлімдері

Физикалық география


 Жердің сыртқы қабатын, оның табиғи кешендері мен компоненттерін зерттейді

Биогеография, Климатология & Meтеорология, Төрттік геологиясы, Экологиялық география, Геодезия, Геоморфология, Гляциология,
Гидрология & Гидрография, Ландшафт экологиясы, Океанология, Топырақтану, Палеогеография

Әлеуметтік-экономикалық география


Әлеуметтік-экономикалық география қоғамның аумақтық бөлінуін зерттейді[34]. Өз кезегінде Экономикалық және әлеуметтік географиясы салаларға бөлінеді.

Мәдени география, Елтану, Экономикалық география, Медициналық география, Тарихи география, Саяси география, Демография, Діни география, Әлеуметтік география, Транспорт географиясы, Туризм географиясы, Геоурбанистика.

Ұлы географтар

  • Эратосфен б.з.б. 276 – 194 жж) - грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген[87].

  • Страбон (б.з.б. 64/63 – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы[88].

  • Клавдий Птолемей (100 - 178 жыл шамасы) - грек математигі және астрономы[89].

  • Әл-Идриси (1100, Марокко, Сеута — 1161 немесе 1165, сонда) — араб географы, саяхатшы. Мароккодағы Идриси әулетінің атақты әмірлер ұрпағынан шыққан[90].

  • Герард Меркатор (1512–1594) — 16 ғ-да катографияның дамуына үлес қосқан фламандық картограф[91].

  • Александр Гумбольд (1769–1859) - неміс ғалымы, Берлин FA-ның мүшесі (1800), Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі. 1829 ж. Қазақ даласын аралады.

  • Карл Риттер (1779–1859) - неміс географы, география ғылымының негізін салушылардың бірі.

  • Уильям Моррис Дейвис (1850–1934) - америкалық геологы және географы. Кембридждегі (АҚШ) Гарвард университетінің профессоры (1890). Америка геологиялық қоғамының президенті (1911). .

  • Поль Видаль де ла Блаш (1845–1918) - Француз географиялық мектебінің негізін салушы, оның ішінде адам географиясына ерекше мән берді. Физикалық география және халықтар географиясы бойынша зерттеу нысандарының авторы.

  • Хэлфорд Джон Маккиндер (1861–1947) - британдық географ және тарихшы, халықаралық катынастардың теоретигі, жалпы палатаның депутаты.[92]

  • Карл Отвин Зауэр (1889–1975) - америка географы, мәдениет географиясының негізін салушы.

  • Вальтер Кристаллер (1893–1969) -неміс географы, Оңтүстік Германияның экономикасы мен географиясын зерттеді. Кристаллер идеялары Ұлыбритания және АҚШ-тың экономикалық географиясының дамуына үлкен ықпал етті.[93]

  • И-Фу Туан (1930-) - қытай және америкалық географ. Мәдени география, урбанистика және мәдени ландшафт жөнінде көптеген монографияларының авторы.

  • Дэвид Харви (1935-) - ағылшын-американ географы. Гиллингхэмде (Кент, Англия) туған. Жұмысын тарихи-географ болып бастап, кейін гееографияның математикалық моделдерімен айналысты. «Географияға түсініктеме» кітабының авторы.[1].

  • Майкл Фрэнк Гудчайлд (1944-) - белгілі британ-америкаkық географ. 19 жыл Батыс Онтарио университетінде жұмыс істеді, қазіргі кезде Калифорния, Санта-Барбара университеттерінде география профессоры. Физикадан бакалавр және философия мен географиядан 4 мәрте құрметті доктор дәрежесінің иегері.[94]

  • Дорин Мэсси (1944-) - британдық географ және қазіргі заманының әлеуметтану ғылымының зерттеушісі, Ашық университетінің профессоры.[95]

  • Эллен Черчилль Семпл (1863–1932) - америкалық географ. Э.Ч.Семпл Вассара колледжінде және Лейпциг университетінде оқыды. Кларк және Чикаго университеттерінде дәріс берді.

Ұлы географиялық ашуларын жасаған саяхаткерлер (ғалым емес)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Руаль Амундсен (1872-1928) – норвег саяхатшы. Оңтүстік полюске алғашқы рет қадам аттаған адам[96].

  2. Жак Картье (1491— 1557) — Франция саяхатшысы. Джон Кабот және Самюэль де Шампленмен бірдей Канаданың алғаш ашушысы болып есептеледі.

  3. Христофор Колумб (1451 — 1506) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген.

  4. Джеймс Кук (1728 — 1779) — ХҮІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.

  5. Эрнан Кортес (1485—1547) - Мексиканы жаулап алған және Ацтектердің мемлекеттігін жойған испан конкистадоры.

  6. Васко да Гама (1469—1524) — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды

  7. Ибн Баттута (1304 — 1377) – араб саяхатшысы. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер.

  8. Фернан Магеллан (1480 —1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді

  9. Марко Поло (1254 — 1324а) — Италия саяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған.

  10. Чжэн Хэ (1371—1435) — қытай саяхатшысы, теңіз флоты бастығы, дипломат, жеті бірдей ірі масштабты әскери-сауда экспедициясын басқарушысы.

§ 1 ЖЕР - КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ПЛАНЕТАСЫ

- Күн ауданы жер ауданынан 110 есе , көлемі 3 млн 33 мың есе үлкен.

- Күн бетінің температурасы 60000С

- Күн төңірегіндегі планеталар жолын – орбита (Із, жол деген аударма) д.а

- Жер күннен үшінші тұрған планета

- Жер шеңбері экватордың ұзындығы 40 075 км және салмағы 6 000 млн тоннаға жуық.

- Жер күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналады

- Жер бетінің ауданы 510 млн км

- Жер бетіндегі су көлемі 360,6 млн км2 пайызға шаққанда 71 %

- Құрлық көлемі 149,4 млн км2 пайызға шаққанда 29 %

- Жер үш бағытта ; өз білігінде, ғарыш бойынша, Күн жүйесінің бөлігі ретінде қозғалады.

- - Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан 21,4 км – ге аз, сондықтан осындай полюстер маңындағы сығылған шар – сфероид немесе элипсойд деп аталады. Жер шарының нағыз геометриялық пішіні геоид деп аталады.

Жердегі магнит өрісінен атмосфераның жоғарғы қабатындағы сиреген ауаның жарық шашуын полярлық шұғыла деп аталады.

- Жердің өз білігінен айналу кезінде барлық денелердің қозғалысында ауытқу пайда болады бұны Кариолис күші деп аталады.

- Күн сәулесінің түсу бұрышы экватордан полюстерге қарай азая береді де, соған сай температура төмендей береді

- Жер батыстан шығысқа қарай өз білігінен 1 тәулікте айналып шығады.

- Солт. жарты шардан полярлық жұлдыз немесе Темірқазық арқылы кез келген обьектіні табуға болады.

Жердің қазіргідей қалыпқа келуіне 4,5 млн – ға жуық уақыт кетті.

Жер - ғарыштан жасыл және қоңыр дақтары бар әдемі ашық көгілдір түсті шар.Ең алғашқыда жер пайда болған уақытта

жерде бір ғана құрлық – Пангея болды. Ол келе – келе Лавразия, Гондвана материктері болып екіге бөлінді. Бұдан кейін ол қазіргі алты материкке бөлінді. Еуразия, Африка, Оңт. Америка, Солт. Америка, Антарктида, Аустралия. Мысалы Оңтүстік Америка Африкадан 135 млн жыл бұрын жылжып кетті.

§ 2 ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР МЕН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

КАРТА ТУРАЛЫ

Географиялық ашылулар;

-Дүние жүзінің алғашқы картасын жасаған – грек ғалымы Эротосфен.

-География сөзінің авторы немесе географияның атасы - грек ғалымы Эротосфен.

- ХV ғ. Мартин Бехайм тұңғыш глобусты жасады

- Градус торы бар алғашқы картаны жасаған ғалым - Птоломей





Карта және глобус

Карта – математикалық негіздерге сүйеніп жасалған. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшардың, аспан денелері және т.б кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен көрінісі берілген.

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық болып екіге бөлінеді.

Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттердің байланысын бірге көрсетеді бұны кешенді карталар деп атайды.. Жер бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеуді - картографиялық проекция – деп атайды.

- Солтүстіктен белгілі бір бағытқа бағытталған бұрыш аралығы Азимут д.а Азимут тек компаспен анықталады.

- Азимут 00 – 3600 аралығында есептеледі

- Айналадағы көзге көрінетін кеңістікті – көкжиек деп аталады.

- Қағаз бетіне обьектіні кішірейтіп түсіруді – масштаб деп атайды. Масштаб 3 ке бөлінеді : Сандық (1: 1000 000), Атаулық (1см : 10 км), Сызықтық.

Масштаб көлеміне қарай карталар: 1: 25 000 (ірі масштабты);

1: 1 000 000 (орташа масштабты);

1: 1 000 000(ұсақ масштабты) ;

- План - деп кішігірім жер бетінің бөлігінің белгілі бір масштабпен жасалған проекциямен кескінделген сызуды айтамыз.

- Картаның планнан айырмашылығы - картада картографиялық тордың паралель мен меридианның болуы

- Меридиандар мен параллелдердің қиылысуынан – Картографиялық тор пайда болады

- Жер осьінің жер шары бетімен түйісетін нүктені – полюстер деп аталады

- Оңтүстік полюс пен Солтүстік полюсті қосатын сызықты - Меридиан деп атайды.

- Экваторға қарама – қарсы жатқан сызықты - Параллельдер д.а

- Екі параллель арасы - 111 км немесе 150С – қа тең

- Әр параллель шеңбер тәрізді болады, ал Меридиан доға пішіндес болады.

- Бастапқы меридиан мен берілген нүктеге дейінгі градус шамасы – географиялық бойлық деп аталады.

- Экватордан солтүстікке жне оңтүстікке қарай тартылған градус шамасы – географиялық ендік деп аталады.

- Жер бетінің мұхит немесе теңіз деңгейінен қосып есептегендегі биіктікті – абсолют биіктік дейді.

- Жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүкте аралығындағы биіктік айырмашылығын - салыстырмалы биіктік дейді. Оны нивелир немесе тіктеуіш немесе деңгейлегішпен өлшеп анықтайды.

- Ылдидың бағытын горизонтальға кесе – көлденең қойылған сызықша – Бергштрих деп аталады.

- Экватордың ұзындығы - 40 000 км

- Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтық – 6378 км

§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА

Табиғат компонеттеріне: Ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар, күн сәулесі жатады.

- Барлық табиғат компоненттерінің өзара байланыста болып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі немесе өзара әрекеттескен аумақтың бір бөлігі – Табиғат кешені деп аталады.

Мысалы орман, шөл, өзен, өзеннің жағасы, Тау алды, тау. Бірақ табиғат кешенінің ең ірісі – географиялық қабық болып табылады.

Географиялық қабық – литосфераның жоғарғы , атмосфераның төменгі бөлігі. Ол гидросферамен биосфераның өзара байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Географиялық қабықтың 4 заңдылығы бар: 1. Тұтастығы 3. Зат және энергия айналымы

2. Ырғақтылығы 4. Зоналылығы

Зат алмасу деген- табиғаттағы су айналымы ( су буланады, жаңбыр болып қайта жауады), атмосферадағы ауа айналымы (адам СО2 шығарып өсімдіктерге берсе, Өсімдік О2 ні шығарып адамға береді, организмдер қалдықтарын -шірігін топыраққа берсе, шірік өсімдікті қоректендіреді) жатса, Күн мен Жердің ішкі сыртқы энегиясы да осыған жатады.

Ал ырғақтылық – (ритмділік) Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы т.б

Біртұтастылығы – табиғаттағы барлық процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Мысалы Топырақ - өсімдікке, Өсімдік - топыраққа, Өсімдік - жануарға, Жануар - өсімдікке не береді? (Өзің ойланып көр)

Географиялық қабықтар қабаттары да төртеу;

Литосфера – жердің қатты қабаты. Атмосфера - ауа қабаты. Биосфера – тіршілік қабаты. Гидросфера – су қабаты

Адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған жерлер – антропогендік фактор деп аталады. Антропос – қазақша адам деген сөз.

Адам орман егіп парк ашуы мүмкін немесе орманды өртеп сол жерді батпаққа айналдыруы мүмкін.

ЛИТОСФЕРА

Литосфера - мантияның жоғарғы қабаты мен жер қыртысынан тұрады. Литосфера қалыңдығы – шамамен 70 км . Мантия – жер қыртысы мен ядро аралығындағы қабат. Мантияны жер қыртысынан жұқа Мохорович қабаты бөліп жатады

Оның жоғарғы шекарасы – 2900 км – ден басталады

Жер қыртысы – жердің ең беткі жұқа қатты қабығы.Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5- 10 км, материктер астында 35 – 40 км, ал биік тауларда - 70 км – ге дейін жетеді.

Геологиялық жыл санау бойынша жер ғаламшарының жасы шамамен – 5 млрд жылға жуық . Ол 5 кезеңге (эра) бөлінеді.

Жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт шамамен – 3,5 млрд жылдан астам.

- Жердің ежелден қалыптасқан, қозғалмайтын, тегістелген салыстырмалы түрде тұрақты бөлігін – платформа – деп атайды. Платформа үстінде жер бедерінің жазықтары қалыптасады.

- Ежелгі және жас платформалардың әртүрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді тау жыныстары басып жатқан бөлігін - тақта – д.а.

- Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері – геосинклинальдар д.а. Бұл аймақтарда жер сілкіну вулкан процестері жиі болады.

- Қазіргі ең ірі геосинклинальдық белдеулерге; Альпі – Гималай, Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

- Жердің ойлы – қырлы беті – жер бедері деп.а

- Жер бедерінің өзгеруі; ішкі (жер сілкіну ,вулкан, цунами,)және сыртқы (жел, өзен ағысы, күн сәулесі, тұрақты желдер,т.б. ) күштерге жатады.

- Жазықтардан оқшау беттері қия, биік бөліктерді таулар деп аталады

- Жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады

- Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді тау торабы д. а.

- Литосфералық тақталар:

- Литосфералық тақталар жылына 2-6 см ге қозғалады

- Ең ірі 13 тақта бар. Осы ірі тақталар ірі тектоникалық жарықтар (рифтілер) арқылы бір бірінен бөлініп жатады Ең ірілері: Үнді – Австралиялық, Американдық, Тынық мұхиттық, Атлантикалық тақта.

Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

Жердің литосфералық қабатын – Тау жыныстары құрайды.

Тау жыныстары

Магмалық шөгінді метаморфты

жер астындағы магма суып , қатты күйге айналғанда түзіледі

өсімдік, жануарлардың қалдықтары және әртүрлі жыныстар мен фрагменттерінен құралған

жоғары температураның және қысымның әсерінен пайда болған жыныстар. Бұл жағдайда кейбір жыныстар қатты күйге, кейбірі жұмсақ қабатқа айналады.

МАГМАЛЫҚ

ЭФФУЗИВТІ ИНТРУЗИВТІ

- Магмалық жыныстардың мантиядан жарықтар арқылы сыртқа шығып төгілуін пайда болған лава түріндегі су мен газдан ажырағын бөлігін эффузивті, ал магманың белгілі бір тереңдікте сыртқа шықпай қатқан бөлігін интрузивті дейді.

- Жер қыртысы негізгі 3 қабаттан тұрады - 1) Базальтті, 2) Гранитті, 3) Шөгінді жыныстар қабаты.

- Мұхит астындағы жыныстық қабаттарда гранитті қабат болмағандықтан мұхит астындағы жер қыртысының қалыңдығы жағалауға қарағанда аз болады

- Ыстық бұлақтар. Ыстық су мен буды ауық – ауық атқылап тұратын бұлақтарды гейзерлер деп атайды.

§ 4 АТМОСФЕРА - АУА ҚАБЫҒЫ

- Атмосфераның құрамы: азот – 78%, оттегі – 21%, көмір қышқыл газы – 0, 03% , инертті газдар, су булары, шаңдар, микроорганизмдерден тұрады.

- Атмосфера төмендегідей қабаттардан тұрады;

- 7- 18 км – тропосфера . Ол - атмосфераның ең төменгі ең тығыз қабаты. Торопосфера қалыңдығы полюстерде 9 км, қоңыржайда 10 – 12 км, экваторда 15 – 17 км- ге тең;

- 50 км – стротосфера; 85 км - мезосфера, 300 км - термосфера; 600 – 1000 км - энзосфера, 50 км - озоносфера қабаты.

Ауадағы су буы : Булану кезінде ауа су буын шексіз сақтай алмайды. Оның шегі температураға байланысты. Мысалы, 200С температурада 1 м 3 ауа 17 г суды ғана сақтай алады .

- Одан әрі су буын сақтай алмайтын ауаны сондықтан қаныққан ауа д.а.

- Ауадағы су буының мөлшеріне қарай ылғалдылық -салыстырмалы ылғалдылық, абсолют ылғалдылықпен анықталады.

- Абсолют ылғалдылық дегеніміз - 1м3 – ауадағы су буының мөлшері ,

- Салыстырмалы ылғалдылық - 1м3 ауадағы ылғал мөлшерінің оның осы температурада сақтай алатын ылғалының мөлшеріне қатынасы; ол % - бен өлшенді. Ауадағы су буын - шаш гигрометрімен өлшейді. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда - тұман түседі

- Бұлттар түрі: Егер бұлт – үйіліп жатқан мақта сияқты түйдектеліп жатса – будақ бұлт д.а

- 2 км биіктікке дейін қалыптасып, тұманға ұқсасбірсыдырғы сұрғылт қабат құрайтын бұлт – Қабат бұлт – д.а 6 км биіктікте майда мұз кристалдардан түзілетін бұлтты «Шарбы бұлт» д.а

- Аспандағы бұлттылық дәрежесін 0 – 10 ға дейінгі балмен өлшейді

- Күн радиациясының жиынтық, шашыранды, тура, жұтылған, шағылысқан деген түрлері болады

- Жер бетінің күнді кері шағылыстыруын альбедо д.а

Изотерма сызықтары – картадағы бірдей ауа температурасын қосатын сызықтар

Изобара – атмосфералық қысымды көрсететін шама

- Қалыпты атмосфералық қысым – 760 мм ге тең. Атмосфералық қысымды Барометр – Анероидпен өлшейді

- Ауа қысымын мбар бойынша есептейді.

- Атмосфералық қысым мөлшеріне қарай төменгі қысым, жоғарғы қысым деп екіге бөлінеді.

- Қысым ошақтары :

Циклон – төменгі қысымнан яғни жел шетінен орталыққа қарай бағытталады.

Антициклон – Жоғарғы қысымнан пайда болады да ол керісінше орталықтан шетке қарай ұйытқиды.

- Циклонның жергілікті атауы – ураган д.а Сары теңіз бен Филиппин аралығындағы циклондарды – тайфун д.а Аустралияның солт. батыс жағалауы мен Какос аралдарында пайда болатын циклондарды Вили – вили д.а

- Әртүрлі физикалық қасиеттері бар ауа массаларының жіңішке өтпелі зонасы - Атмосфералық фронт д. а

- Ауа массаларының қозғалуынан жел пайда болады .

- Жел жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал – Флюгер

- Тәулік ішіндегі ең жоғарғы , ең төменгі температура айырмасын тәуліктік амплетуда дейді.

- Ауа ағындарының маусым бойынша бағытын өзгертіп отыруын муссондар деп атайды.

- Экваторлық және тропиктік ендіктердегі тұрақты желдер немесе 30 С ендіктерден экваторға қарай үнемі соғып тұратын желдер - пассаттар д. а

- Бір тәулікте бағытын екі рет өзгертетін желдерді бриздер д.а Бриз 2 ге бөлінеді күндізгі бриз – теңізден құрлыққа, түнгі бриз – құрлықтан теңізге қарай соғады.

- Атмосфераның төменгі қабатының белгілі бір уақыттағы , белгілі бір жердегі , белгілі бір мерзімдегі жай – күйін немесе тәулік ішіндегі ауа құбылысын – ауа райы деп атайды

- Ауа райының міне осындай белгілі бір жерге тән көп жылдық орташа жай – күйін климат деп атайды.

- Ең ірі , ең суық ағыс – Батыс желдері ағысы

- Тропосфераның қасиеті жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктерін – Ауа массалары д.а

- Ауа массалары ендіктерге қарай 4 ке бөлінеді:

АУА МАССАЛАРЫ

Қоңыржай Тропиктік Экваторлық Арктикалық

Жер шарында 5 жылу белдеуі бар

2 қоңыржай

1 ыстық белдеу

2 суық белдеу

Солтүстік тропиктен солт. Поляр шеңберіне дейін солт. Қоңыржай Оңт . тропиктен оңт. Поляр шеңберіне дейін оңт. қоңыржай. белдеулері жатады

Оңтүстік, солтүстік, Тропиктер аралығы жатады

Поляр шеңберінен полюстерге дейін солт және оңт. Суық белдеулер

Жер шарындағы климаттық белдеулерді

Алисов 7 негізгі, 6 қосымша белдеуге топтастырған

Негізгі

Климаттық белдеулер

Ерекшеліктері

Экваторлық белдеу

. Төменгі қысым, экваторлық ауа массалары, жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын – шашынның мол түсуі, ауа райы ыстық, ылғалды, қапырық

Тропиктік белдеу

Троп.құрғақ Ауа массаларының ықпалынан температура өте жоғары (ыстық), жыл бойы ыстық, жоғарғы қысым , ауа массалары өте құрғақ, жауын – шашын аз түседі, үнемі ыстық, бұл бөлікте жаңбыр тек құрлықта ғана емес мұхит үстінде де аз түседі.

Қоңыржай белдеу

Қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым, төрт жыл мезгілі айқын байқалады. Жауын шашын біршама мол бірақ материкте әркелкі таралған

Арктикалық белдеу

Жыл бойы суық, тұрақты солт. Шығыс желдерінң ықпалында болады. Мардымсыз жауын – шашын қар күйінде түседі.

Өтпе

Субэкваторлық

Жазы экваторлық белдеуге, қысы тропиктік белдеуге ұқсас

Субтропиктік

Жазы тропиктік белдеуге, қысы қоңыржай белдеуге ұқсас

Субарктикалық

Қыста арктикалық , жазда қоңыржай белдеуге ұқсас.

Климат қалыптастырушы факторлар

Географиялық ендік

Ауа массаларының қозғалысы

Жер бедерінің сипаты

Мұхиттардың ықпалы

§ 5 ГИДРОСФЕРА – СУ ҚАБЫҒЫ

Гидросфераның жалпы көлемі шамамен 1,4 млрд км3 . Осының тұщы су қоры – 2,5 % .

Дүние жүзілік мұхит суының айдыны 70,8 % құрайды. Теңіз суының – де грамм мөлшерінде болатын тұз ерітіндісінің мөлшері су промиллемен ( ‰) өлшенеді. Мұхит суының орташа тұздылығы- 35 ‰.

Әлемде ең тұзды су – Қызыл теңіз. Оның тұздылығы – 42 ‰ тең .

Мұхит суы қатады, Жәй су қатады.

- Материк – барлық жағынан мұхиттар мен теңіздер қоршаған құрлықтың аса ірі аймағы.

- Арал – құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. Аралдар пайда болуына қарай; Материктік, тектоникалық,вулкандық, маржандық

- Түбек - құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып тұрған бөлігі

- Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі

- Бұғаз – екі жағынан материктердің немес аралдардың жағалары шектеп тұрған су айдыны.

- Цунами – жер қойнауының ішкі процестер әсерінен туатын алып толқындар

- Тайфун – сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ

- Жалпы жер шарының ауданы – 510,2 мм км 2

- Осындағы мұхит ауданы - 361,1 млн км 2

Мұхит суының басты қасиеті – температурасы мен тұздылығы

Мұхит суының орташа тұздылығы - 35 промилле ( %0)

- Материктің мұхитқа өтпелі бөлігі – қайраң деп аталады.

Д.ж.ең үлкен қайраң – Солт. Мұзды мұхитында

- Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей дейді

Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді су – Су массасы деп атайды

Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді.

Мұхиттық ірі ағыстар:

Жылы ағыстар

Суық ағыстар

Оңтүстік пассат ағысы, Гольфстрим , Солт. Атлант ағысы, Бразилия ағысы, Курасио


Солт. Пассат ағысы, Канар, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағысы, Калифорния

Мұхиттағы тіршілік:

Ағыстар әсерінен еркін қозғалатындар – Планктондар

Мұхит суының беткі бөлігінде еркін қозғалатын – Нектондар

Мұхит түбіне бекініп өмір сүретін – Бентостар деп аталады.

Тынық мұхиты

Бұл мұхитта 13 теңіз бар. Ең терең мұхит. Ең терең жері Мариана шұңғымасы (11 022 м). Мұнда 10 мыңнан аса арал бар. Орташа тереңдігі 4000 м. Бұл мұхитты Магеллан мен С.Элькано ашты. Су бетінің жылдық орташа температурасы -10 С, +290 С.

Орташа ж – ш 2000 мм. Көлемі жөнініен 1- орында.

Атлант мұхиты

Бұл мұхитта 9 теңіз бар. Көлемінен 2 орында, Орташа тереңдігі – 3600м . Максимальды тереңдігі – 9207м (Пуэрто – Рико шұңғымасы), Жылдық орташа температура 16,50 С тең. Орташа ж-ш -1040мм

Үнді мұхиты

Бұл мұхитта 5 теңіз бар. Мұхиттың ең терең жері 7450м , орташа тереңдігі - 5700 м. Мұхиттық қайраң аз. Тау жоталары арасында қазан шұңқырлар көп. Орташа температура +170С. Жылдық жауын – шашын 3000мм –ге тең. Бұл барлық аумағы осы оңтүстік жарты шарда ғана орналасқан бірден – бір мұхит.

Солтүстік мұзды мұхиты

Жердегі мұхиттардың ең кішісі. Мұхитта 9 теңіз бар. Мұхиттың 1\ 3 бөлігін қайраң алып жатыр. Орташа температура қыста 400С, Жазда 00 С, Орташа жауын – шашын 100 – 200мм.

Солт. Мұзды мұхиттың негізгі бөлігі орналасқан климаттық белдеу- Арктикалық климаттық белдеу.

Жер бетіндегі өзендер

Өзен – Табиғи арнамен ағып өтетін су ағыны

- Көлдер – жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар

- Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал (1620м)

- Қазақстан көлдерінің ең ірілері – Каспий ,Арал, Балқаш

- Көлдер екіге бөлінеді – 1) Ағынды көлдер, 2) Ағынсыз көлдер

- Өзен құламасы – деп оның бастауының сағасынан метр есебімен көрсетілген биіктікті атайды.

- Өзен бастауы деп - өзеннің басталатын жерін айтады

- Өзеннің барып құятын жері - өзен сағасы – деп аталады

- Өзеннен а ағып шығатын немесе өзенге келіп құятын бөлікті - өзен саласы деп атайды

- Таудағы жыл бой қардың еріп үлгермей жинақтала беретін , биіктігін белгілейтін шартты сызықты – қар жиегі немесе шекарасы – деп атайды

- Өзен арнасы бойында қалыптасып, суға шайылмайтын қатты тау жыныстары кездесетін жерлерде судың тік кемерден құлап ағуын – сарқырама – деп атайды

- Әлемдегі ең биік сарқырама - АНХЕЛЬ ( Оңт. Амер.1054м - ден) , екінші сарқырама Тугела (Афр. 947,8 м)

§ 6 БИОСФЕРА – ТІРШІЛІК ҚАБАТЫ

Тіршілік қабатын – биосфера деп атайды

Өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тіршілік ететін аймағы – жер беті.

Әлемдегі ең биік ағаш эвкалиптінің тамырының ұзындығы 100м жетеді.

Тірі организмдерді фауна (жануарлар) және флора (өсімдіктер) деп екіге бөлеміз.

- Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзушілерді, яғни өсімдіктер – продуценттер (өндірушілер) д. а

- Түзілген органикалық заттармен қоректенетіндер (жануарлар, саңырауқұлақтар) – консументтер (пайдаланушылар)

- Осыған дейін түзілген өнімдерді бейорганикалық заттарға ыдырататын микроорганизмдерді – редуценттер (қалпына келтірушілер)

- Әлемдегі ең жасы ұзақ ағаш - Секвоя д. а (жасы 3 – 4 мың)

- Әлемдегі ең алып сүт қоректі – ол көк кит оның салмағы 160 тонн

Мұхиттағы өмір сүру деңгейіне сай мұхиттағы тіршілік планктондар (қалқыма) беткі жақта қалқып жүретіндер, нектон (жүзгіш) – мысалы балықтар, бентос (тереңдік) өте тереңдегі тіршілік деген мағынаны білдіреді.

- Жапырағының ауданы 2– 3 метрден асатын өсімдіктің аты – Виктория – Араукария д.а

Табиғат зоналары және биіктік белдеулік туралы

Климаттық белдеулер сияқты Табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен көбеюіне сай экватордан полюстерге қараай ендік бойынша өзгеріп отырады. Осы заңдылықты ендік зоналылылық немесе табиғат зонасы д. а. Мысалы, мұны біз Еуразияның ТЗ негізінде қарастыруға болады.

Еуразияның табиғат зонасы

ТЗ

Табиғат жағдайы

Жануарлары мен өсімдіктері

Топырағы

Арктикалық шөл


Жазы өте суық, әрі қысқа -40С

Мүк, қына,балдыр, ақ аю, ақ түлкі

Мәңгі тоң

Тундра мен Орманды тундра


Ж – ш өте аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады

Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю,көген, құр

Көпжылдық тоң


тайга

Қысы қатал, жазы салыстырмалы түрде біршама жылы және ұзақ. Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Топырағы күлгін, батпақты.

Ағаш текті өсімдіктер, қылқан жапырақтылар: қарағай, шырша, май қарағай самырсын, балқарағай Зубр,бұлан, марал, елік, қоңыр аюқабан, уссури жолбарысы

Күлгін, батпақты

Аралас және жалпақ жапырақ-ты орман


Тайга мен мен жалпақ жапырақты ормандар арасында жатыр.

Қылқанды, ұсақ және жалпақ жапырақты орман; жөке амур барқыт ағаш, лиана, корей самырсыны. Зубр, аю, непра

Шымды күлгін

Орманды дала және дала


Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінен Алтайға дейін

Жалпақ жапырақты ағаштар: емен, үйеңкі, қайың, көктерек, шөптесіннен; селеу, боз. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқан

Құнарлы қара топырақ, орманның сұр топырағы



Шөлейт және Шөл


Каспий маңы ойпатынан басталады

Жусан, селеу, бетеге, бұйырған, ксерофиттер, сексеуіл, қызғалдақ қаңбақ

Күрең (каштан), сұр – қоңыр топырақ

Қатты жапы-рақты мәңгі жасыл орман-дар мен бұталар

Жазы құрғақ, ыстық, қысы жылы

Емен, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарис, цитрус

Құнарлы қоңыр топырақ

Ал бұл табиғат зонасы әр материкте оның тұрған белдеуіне сай өзгеріп отырады.

Сізге сұрақ; Дәл осы Еуразияның ТЗ – на қай материктің ТЗ ұқсас болуы мүмкін., ал ТЗ – сы Африкада, Аустралияда қандай болуы мүмкін.

Биіктік белдеуліктер туралы

Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес тауларда да болады. Таулардағы табиғат кешені тау етегіне басына қарай өзгереді. Олар белгілі бір биіктікке сай көмкеріле таралған сондықтан биіктікке байланысты табиғат кешенінің өзгеруін - Биіктік белдеуліктер деп аталады

- - - - - - - - - -Гималайдағы биіктік белдеулікте- - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - -- -

Қар мен мұздық немесе глиациалды зона 4500м

С убальпілік биік шөпті, аласа шөпті шалғын 3500м

Қ ылқан жапырақты орман 2500м

Ж алпақ жапырақты орман 2000м

Мәңгі жасыл субтропиктік орман 1000м

С убэкваторлық ылғалды орман етегіндегі терая

Альпінің биіктік белдеуліктері

Қар белдеу мен мұздықтар





написать администратору сайта