Главная страница

10б сын КМЖ зерттеу адистер. География пні бойынша ЫСа мерзімді саба жоспары баыты математикалык жаратылыстану багыт


Скачать 22.64 Kb.
НазваниеГеография пні бойынша ЫСа мерзімді саба жоспары баыты математикалык жаратылыстану багыт
Дата18.10.2022
Размер22.64 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла10б сын КМЖ зерттеу адистер.docx
ТипДокументы
#739386

Мектеп:


Мұғалім:

География пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бағыты: математикалык жаратылыстану багыт

Күні: 18.10.22

Сынып: 10б

Бөлім: 1. 1 . Жалпыгеографиялық әдістер

Сабақтың тақырыбы

Зерттеу әдістері түрлері

Оқу мақсаттары

10.1.1.2. Зерттеу тақырыбына сай сандық әдістерді қолдану.

10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сай салыстырмалы әдістерді қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  1. Зерттеу әдістерін ажыратады.

  2. Зерттеу әдістері анықтамасын құрастырады.

  3. Зерттеу әдістерін қолданады.

  4. Қосымша зерттеу әдістерін ұсынады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі
0-3

(М) Сіздер 6-8 сыныптардан зерттеу әдістерімен таныс болдыңыздар. Далалық зерттеулер, табиғатқа саяхат кезінде қандай зерттеу әдістерін қолдандыңыздар?

Оқушылар жауап береді.

Презентация

1-2 слайдтар

Мақсат қою.

Жаңа

материалды игеру
4-27

Мұғалім сабақты бірден зерттеу әдістеріне қатысты тапсырмаларды орындау арқылы сандық және салыстырмалы әдістерін ажыратуды ұсынады. Тапсырмаларды орындау алдында нұсқау береді.

Тапсырмалар жеке орындалады.

Мұғалім қиындық туғызған тапсырмаларды орындау барысында көмекті қажет еткен оқушыларға кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Тақтадан дайын жауап үлгісі көрсетіледі.

Мұғалім оқушылардың зерттеу әдістерін ажыратуы мақсатында сұрақтар қояды.

1.6.Оқушылардың белгілі нəтижелерге қол жеткізуде қолданған зерттеу әдістерін атаңыз.

Оқушылар жұпта ойланып, жауап береді.

Күтілетін жауаптар:

  • сандық;

  • салыстырмалы;

  • далалық зерттеу;

  • эксперимент;

  • тәжірибе;

  • практикалық т. б.

Оқушылар зерттеу әдістерін атауға қиналса, мұғалім жетелеу сұрақтарын қояды. Мысалы, 2 және 4 суреттерде қандай өзгерістер байқадыңыздар?

Осы зерттеуді жақсарту үшін тағы қандай зерттеу әдісін қолдануды ұсынасыз?

Ұсыныстар тыңдалып, оқушылардың өздеріне қорытынды жасау ұсынылады. Олар далалық зерттеу кезінде сандық, салыстырмалы әдістер қолданылғанын атап өтулері тиіс.

Дәптермен жұмыс. Сынып оқушылары жұпта сандық және салыстырмалы зерттеу әдістері анықтамасын ойластырып, дәптерлеріне жазады. 2-3 жұп өз жауаптарын сыныпқа жариялайды. Мұғалім дайын жауапты тақтаға шығарып (болмаса, қағазға не тақтаға), тексеру іске асады.

Зерттеу әдістері туралы мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді оқиды.

Презентация

слайд

Оқушының жұмыс парағы

Жаңа материалды бекіту

28-34

Бекіту сұрақтары қойылады.

  1. Сандық және салыстырмалы зерттеу әдістерін қандай зерттеулер кезінде қолданған жөн?

  2. Оқушылар зерттеуін жақсарту үшін тағы қандай зерттеу әдісін (әдістерін) қолдануды ұсынасыз?

Қорытындылау.




Үй тапсырмасы

35-36

Мәтіндерді оқу. Сабақ презентациясын қайта қарау.




Рефлексия

37-40

«Плюс-минус-қызықты» әдісі.

Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+); М(-); Қ (қызықты).

«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.

«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.

«Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады.

Кері байланыс парағы

Сабақ бойынша рефлексия

  1. Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.

  2. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  3. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  4. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  5. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

  6. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?





написать администратору сайта