Главная страница
Навигация по странице:

  • Әкті-белитті байланыстырғыш заттар

  • Гидравликалық әк. Гидравликалы к


    Скачать 15.73 Kb.
    НазваниеГидравликалы к
    АнкорГидравликалық әк
    Дата23.08.2021
    Размер15.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГидравликалық әк.docx
    ТипДокументы
    #227713

    Гидравликалық әк

    Гидравликалық әк өндірісінде қолданылатын шикізаттың (құрамында 6-20% сазды қосындылар бар әк тастар) және дайын өнімнің химиялық құра-ын сипаттау үшін гидравликалық, немесе негіздік модуль қолданылады



    Гидравликалық әк үшін бұл модульдің мәні 1,7-9 (1,7-4,5 күшті гидравли-калық, 4,5-9 әлсіз гидравликалық әк үшін). Күйдіру өніміндерінде гидравли-калық модульдің шамасы азайған сайын бос СаО мөлшері азайып, оларға гидравликалық қасиеттер беретін кальций силикаттары (2СаО·SiO2) , алюми-наттары (CaOAl2O3) және ферриттерінің (2CaOFe2O3) шамасы артады.

    Гидравликалық әк өндірісі шикізатты ошағы бар шахталы пештерде 900-1000ºС температурада күйдіріп, алынған өнімді сөндіру, ұнтақтау немесе осы процестерді бірге жүргізу арқылы ұнтаққа айналдырудан тұрады. Шикізат құрамында сазды және магнезиалды қосындылар мөлшері көбейген сайын күйдіру температурасы төмен болады.

    Кейде гидравликалық әк күйдірілген соң сөндіріліп, сөнбеген бөлшектері бөліп алыып ұнтақталыпп, сөнген бөлігіне қосылады. Басқа жағдайда сөнген және сөнбеген ұнтақ бөліктер араластырылмай сәйкесінше күшті гидравли-калық және әлсіз гидравликалық әк түрінде шығарылады. Толық күйймеу және аса күйіп кету гидравликалық әк сапасын төмендетеді. Балқып біріккен гидравликалық әк сөнбейді, ал ұнтақталған соң әркелкі көлемдік өзгерістер көрсетеді.

    Гидравликалық әк өндірісінде шартты отын шығыны оның массасының 12-14% құрайды. Сөндіру үшін керек судың теориялық мөлшері әк массасы-ның 7-17% құрайды, ал практикалық жағдайда судың булануына байланысты су 1,5 есе көп алыынады.

    Гидравликалық әк сумен араласқан кезде ауалық және гидравликалық қа-таюға тән процестер жүреді. Олардың алғашқы бөлігі әк бөлігінің қатаюы-мен, ал екінші бөлігі силикаттардың (2СаО·SiO2) , алюминаттардың (CaOAl2O3) және ферриттердің (2CaOFe2O3 ) гидросиликаттар, гидроалюми-наттар және гидроферриттер түзіп қатаюымен сипатталады.

    Гидравликалық әк ауалық әкке карағанда берік, бірақ басқа байланыстыр-ғыш заттарға қарағанда беріктігі төмен. Қазіргі уақытта гидравликалық әк аз мөлшерде өндіріледі. Ол құрғақ және ылғал ортада қолданылатын тас қалау және сылақ жұмыстары үшін құрылыстық ерітінділер дайындауда пайдала-нылады.

    Әкті-белитті байланыстырғыш заттар

    Әкті-белитті байланыстырғыш заттар табиғи мергельдерді, мергельденген немесе құмданған әк тастарын, сонымен қатар жасанды әк тасты-кремнеземді қоспаларды төмен температурада (1000-1200) күйдіру арқылы алынатын өнім. Бұл байланыстырғыш заттың құрамында кальций оксидімен қатар едә-уір мөлшерде екі кальцийлі силикат және құрамы мен шамасы қолданылатын шикізат түріне жіне күйдіру температурасына тәуелді басқа да минералдар болады. Әкті-белитті байланыстырғыш заттар құрамында кальций алюминат-тары, ферриттері және алюмоферриттері болуы мүмкін, ал жоғары темпера-турада күйдіру кезінде үш кальцийлі алюминат, кейде үш кальцийлі силикат түзілуі мүмкін.

    Автоклавты өңдеу кезінде жоғары белсенділігі, сонымен қатар бірқатар аймақтарда таза кальцийлі әк тастарының болмауы әкті-белитті байланыс-тырғыш заттарды перспективті материал қатарына қосады. Әкті-белитті байланыстырғыш заттарды өндіру үшін жасанды қоспалар әк тастарын кварцты құммен, трепелмен немесе сазбен бірге ұнтақтау арқылы алынады. Күйдіру температурасы өзгерген кезде оның құрамындағы кальций оксиді мен белит қатынасының өзгеруімен қатар олардың кристалдану сипаты, яғни сумен әсерлесу белсенділігі өзгереді.

    Әкті-құмды бұйымдар өндіруде қолданылатын автоклавты қатаятын бай-ланыстырғыш заттар алу үшін 60-70% әкті белитті байланыстырғыш заттан және 40-30% ұнтақталған кварц құмынан тұратын қоспа пайдаланылады.


    написать администратору сайта