Главная страница
Навигация по странице:

  • Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша болашақ мамандар қандай жерлерде жұмыс істей алады

  • прак. Бибарыс. Халыаралы Тараз инновацияы институтыны тарихы


    Скачать 21.48 Kb.
    НазваниеХалыаралы Тараз инновацияы институтыны тарихы
    Дата24.03.2022
    Размер21.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБибарыс.docx
    ТипКонкурс
    #412435

    Халықаралық Тараз инновацияық институтының тарихы

    Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ( ТИГУ ) А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты негізінде 2008 жылы құрылған.

    1-3 курстарда 5 мыңнан астам студент пен магистрант білім алуда. Оларға 180-ге жуық профессор-оқытушы, оның ішінде 11 ғылым докторы, 70 ғылым кандидаты сапалы білім беруде. Профессор-оқытушылар кұрамының 45%-ы ғылыми дәрежелі. Университеттің 13 профессор-оқытушысы республикалық конкурста «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

    Университет студенттері мемлекеттік білім гранттары және ақылы негізде оқиды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 26 бакалавриат және 10 магистрлік мамандыққа 3 факультет, 15 кафедра, ғылыми және халықаралық байланыстар, оқу-әдістемелік және кредиттік технология, сапа менеджменті, инновациялық-ақпараттық технология бөлімдері, кітапханалар қызмет көрсетеді.

    Университетте «Шерхантану», «Игі мұра» ғылыми-зерттеу орталықтары, республиканың білім беретін мекемелерін физикалық, химиялық құралдармен жабдықтайтын «Физхимприбор» ғылыми-өндірістік цехы бар. Оқу, ғылым және тәрбие салалары 10 инновациялық бағыт бойынша жұмыс істейді. ТИГУ 2009 жылы ИСО 9001-2008 халықаралық стандарттар сертификатын алды.

    Оқу үрдісінде қазіргі уақыт талабына сай студенттерге 3 оқу ғимараты, агробиологиялық станция, жаңа үлгідегі спорт кешені, 3 оқу залы, интернет желісіне қосылған 15 компьютерлік класс, арнаулы бухгалтерлік бағдарлама класы, 3 электронды оқу залы, тілдерді дамыту орталықтары, баспахана, жаратылыстану ғылымдары бойынша зертханалар, криминалистика полигоны және т.б. қызмет етеді. Студенттерге қытай, ағылшын, түрік тілдерін меңгеру үшін тегін тіл үйрету курстары жүргізіледі.

    ТМД, Германия, Жапония, Қытай және Түркия елдерінің жоғары оқу орындарымен білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар арасында академиялық тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік байланыстар орнатылған.

    Университеттің студенттері түрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен олимпиадаларға қатысады. Университет мақтаныштары қатарында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында (19.09. - 04.10.2014.) өткен XVII Азия ойындарында (Азиада) алтын медаль алған каратэші Гафурова Гузалияны, [1] каратэ-додан Азия чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Қосақов Асхатты, бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, спорт шебері Абдраимов Нұрланды, шахматтан халықаралық, республикалық турнирлардың чемпионы Даулетбаева Мадина, көгалдағы хоккейден республика чемпионы, спорт шеберіне үміткер Досжанова Айдананы, қазақша күрестен халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мадижан Дәуренді және т.б. спортшыларды, О.Бөкей атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлері байқауының лауреаттарын, халықаралық, республикалық ән байқауларының дипломанттарын, республикалық «Абай әлемі» фестивалінің жеңімпаздарын ерекше атауға болады. Қазіргі таңда ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12-ден астам студент шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алса, осы оқу жылында 50-ге жуық студент құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі (студенттік ректорат, студенттік деканат), студенттердің кіші ассамблеясы жұмыс жүргізеді.

    Халықаралық Тараз инновациялық институтының халықаралық мәртебеге ие болуына байланысты білім ошағына шетелдік ғалымдар арнайы шақырылуда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

    Институтқа Болгария мемлекетінің «София» университетінен Николай Бюклиев Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқаруда. Сонымен қатар, Туркия Республикасы «Стамбул» университетінің профессоры Эмин Оба шақырылған.

    Сонымен қатар бүгінгі таңда сметалық құны 500 миллионды құрайтын институттың бас ғимараттының құрылысы жүргізілуде. Және 20 миллион теңгеге шағын консервілеу зауыты сатып алынып, іске қосылған.

    «Институтта агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жанынан «Аквакультура және су ресурстары биологиясы» зертханасы ашылды. «Балық шаруашылығы» білім беру бағдарламасы Реестрден өтіп, лицензия алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша отандық көрнекті ғалымдар шоғырлануда. Бұған қоса, Бесағаштан «Форель» балығын өсіру жұмыстары қолға алынды»-деді институт ректоры.

    Университетте жалпы көлемі 10 658 ш.м. болатын заманауи 7 оқу ғимараты, заманауи үлгідегі спорт кешені, 500 орындық Студенттер үйі, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы, «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы, «Ветеринария және мал шаруашылығы» орталығы және 420 мыңға жуық дананы құрайтын кітап қоры бар.

    Қазіргі кезде институттың білім платформасы «portal.tigu.kz» студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына қызмет етуде. Халықаралық Тараз инновациялық институтының WEB-сайты ұйымның атауы өзгеруіне байланысты www.htii.kz домендік есіммен жаңа сайт іске қосылған.

    «2020-2021 оқу жылында жалпы 7131 білім алушы және 754 магистрантты құрады. 2020 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 76% пайыз болды.»,-деді Ерболат Саурықов.

    Сондай-ақ спикер ақылы негізде қабылданған студенттердің кейбір санаттарына әлеуметтік жәрдем көрсету туралы және қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған студенттер екі дипломға ие болатынын айтты.

    «Ережеге сәйкес, 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылданған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге ректор гранты тағайындалған. «Алтын белгі» иеленіп, сонымен қатар спорттық жетістіктерге жеткен, жоғары балл жинаған, бірақ мемлекеттік грантқа қолы жетпеген студенттерге оқу ақысына 10%-дан 80 %-ға дейінгі аралықта жеңілдіктер жасалды.

    Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша болашақ мамандар қандай жерлерде жұмыс істей алады?

    Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

    - ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет. Аталмыш мамандық бойынша бакалавр мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, нақты кәсіпорында басқару технологиясын әзірлеу және қолдану саласында жұмыс істеу үшін барлық дағдыларға ие, оның ішінде басқарудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-технологиялық базасын құруға қатысады, дайындаудың басқа бағыттарымен бірлесіп стратегиялық және тактикалық жоспарлау, менеджмент, ережелері мен процедураларын, тиімді әдістерді әзірлейді және қолданады;

    -өндірістік-басқару қызметі.Өндірістік-басқару қызметі осы мамандық бойынша бакалаврлардың айрықша ерекшелігі болып табылады, өйткені білім беру үдерісі олардан мемлекеттік және жергілікті басқару үдерісімен, оның ішінде өндірісті басқарумен байланысты барлық мәселелерді толық зерттеуді талап етеді. Осы мамандық бойынша бітірушілердің тікелей лауазымдық міндеттері халық шаруашылығын, оның салалары мен аймақтарын басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады.Осы мамандық бойынша болашақ маманның тікелей лауазымдық міндеттері халық шаруашылығын, оның салалары мен аймақтарын басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

    - практикада басқарудың барлық белгілі қағидаттарын қолдану, басқарудың әзірленген ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-технологиялық базасын пайдалану, мемлекеттің экономикалық стратегиясын, экономика салалары мен өңірлердің қалыптастыру, ағымдағы қызметті стратегиялық жоспарлау және жоспарлау, олардың орындалу тиімділігін талдау және т. б.

    - осы мамандық бойынша бакалаврлардың жобалық қызметі екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық жобалау басқарудың ұйымдық құрылымдарын әзірлеуді, оларды енгізуді, бейімдеуді, сондай-ақ осы құрылымдардың тиімділігін талдауды және жетілдіруді қамтиды.Экономикалық жобаларды талдау жаңа кәсіпорынды немесе экономикалық жобаны ұйымдастыруға қатысты және кредиттер, қарыздар және қаржылық қолдаудың өзге де түрлерін алу үшін қажетті мамандандырылған құжаттарды (техникалық-экономикалық негіздеме, бизнес-жоспар және т. б.) әзірлеуді және олардың тиімділігін талдауды көздейді;

    - осы мамандық бойынша бакалаврлардың ғылыми-зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен корпорациялардың тиісті зерттеу топтарының құрамында немесе дербес жүзеге асырылады. Экономика, ұйымдастыру, басқару саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағдарламаларына ерекше орын беріледі;

    - аталмыш мамандық бойынша бакалаврлардың білім беру немесе педагогикалық қызметі орта кәсіптік оқу орындарында кәсіби қызметте тұрады.

    Мамандық жоғары мансаптық мүмкіндіктерді, әсіресе егер бітірушінің алған біліміне жұмыс берушілер бағалайтын басқарушылық және ұйымдастырушылық талант, бастамашылық және коммуникабельділік сияқты дағдыларды ұсынады.

    Болашақ мамандар осындай жерлерде жұмыс істей алады:

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері;

    - Экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар, агенттіктер);

    - Жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімшіліктері) және атқарушы органдардың аппараттары;

    - Ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар.


    написать администратору сайта