тарих гос.. Хх . басындаы азастанны леуметтік экономикалы жадайы нарыты арыматынастарды
Скачать 16.88 Kb.
|
№ 1 ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық жағдайы; нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы. ХХ ғасыр басында қазақ өлкесі алты обл. тұрды. Сырдария Жетісу Семей Торғай Ақмола Орал 1917 жылы қазақ жерінде небары 231 мың адам болды. Қазақтар арасында демография өте төмен болды, яғни табиғи өсім төмен болуымен түсіндірілді. Қазақ халқының табиғи өсімі төмен болу себебі көшпелі тұрмыс салты ауыр болды, эпидемиялық аурулар кең таралды және медициналық кызмет көрсеткіші төмен болды, әсіресе балдар арасында өлім –жітім жоғары болды. Қазақтарға 1916 жылғы көтерілістің зардаптары көп тиді. Сол кезде көтеріліске қатысушылармен қоса, бейбіт тұрғындарда көп зардап шекті, себебі патшаның жазалаушы отрядтары халықты басып, жаныштап тастады. Қазақтардың көп бөлігі Туркияға, Қытайға көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу өңірінен ғана шет елге 150 мың қазақ көшіп кетті. ХIXғ. Соңы мен ХХғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола обл-да ұсақ қалалар саны 20-ға жетті. Қала халқының саны да көбейе тусті. Қала халқының көбею жолдары; 1)Қоныстанушылар көптеп келе бастады. 2)Жатақтар саны артты. 3)Ішкі демографиялық өсім. 4)Сауда қатынасының дамуы. Өнеркәсіп дамуы. Теміржол. ХХғ. басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша көңіл бөле бастады. Олар тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөнінде кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған эконом. ауд-мен байланыстурда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар 25393-ге жетті. ХХғ. басында Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіп орындары; Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Риддер металлургия комбинаты. Осылардың әрқайсысында 300-400 жұмысшыдан болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. №2 ХХғ. басындағы ұлт-зиялыларының қалыптасуы (1917ж.дейін) және қоғамдық-саяси қызметі. №3 Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы. 1905-1907 жылдар аралығында бірінші орыс революциясы болып өтті. 1905ж. 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны олардың қандай зұлым екендерін көрсетті. Ол халықтың ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны, этнограф, тарихшы әрі шежірешісі Мәшхүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Оны «Айқап» журналына жариялап, кейін автор қуғын-сүргін көрді. Қазақстанда жұмысшылардың ереуілдері болып өтті. Бірақ олар-ң патша үкіметіне қарсы қақтығыстары болмады. Себебі жұмысшылар өте аз болды және көтеріліске дайын болмады. Және Патша өкіметі қазақтарды бір-біріне қарсы қойып отырды. Және қазақтардың жерін тартып алып отырды. ХХғ. бас кезінде бір ғана Семей обл-ң өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Оларды орыс шаруаларынан жерді жалға алуға мәжбүр болды. Және шетелдік кәсіпкерлер елімізден кеніш, шахта, зауыт-фабрикаларды болмашы бағаға сатып алып, табиғи қазба байлықтарды өз жерлеріне тасып әкетіп отырды. Сол кездері қазақтар тек қара жұмыс қана істеді. Жалақылары өте төмен болды. Тұрғын үй жағдайлары адам төзгісіз еді. Кейіннен жұмысшылар Патша өкіметіне қарсылықтарын көрсете бастады, басында олар арыз жазып көрді, бірақ одан еш пайда таппағаннан кейін ереуілдерге шыға бастады. Бірақ ереуіл басшыларын ұстап, түрмеге қамай бастады. Және осы күреске қатысу кезінде ұлт-зиялыларының қосқан үлесі ерекше болды. Атап айтсақ; А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және т.б.Олар қазақ халқының көзін ашып, білімге деген құштарлығын арттырғысы келді, сауатсыздықты жою үшін көп еңбек етті. Қарқаралы петициясы. Ірі әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды жәрменкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған 42 қазақ қол қойды. Ол 1905 жылы 22 шілдеде пошта-телеграф арқылы тікелей патша атына жолданған еді. Петицияны жазға ат салысқандар; Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Т.Нұрекенов. Қарқаралы петициясында өлкені әкімшіл-әміршіл басқару жүйесіне қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғарғы билік органдарына қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Жәнеде патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату және тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сиақты талаптар да қойылды. Бұл петицияны тек Патша үкіметіне жіберіп қана қоймай, оны «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сиақты газеттерге де жариялады. №4 Жадидизм және оның көрнекті өкілдері. 19ғ. 2-ші бөлігінде пайда болған, 20ғ. басында кең тараған коғамдық саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде және түркі тілдес мұсылман қауымының арасында кең тараған. Ол түркі тілдес мұсылман халңының дамуына көп үлес қосқан. Жәдитшілікті қорғайтындарды жәдиттер деп атаған. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі – мұсылман мектептерінде балдарды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, әр дыбысты дұрыс яғни анық айтып үйрету. Олардың пікірінше жаңа бағдарлама бойынша оқу жеңілірек, жұрттың көбісі сол арқылы тез сауатты болады деген ойда болды. Яғни олар мектеп жүйесіне көп көңіл бөлген және діни көзқарастар негізінде қалдырғысы келді. Жәдитшіліктің ең жарық тұлғасы – Ысмайыл Ғаспыралы. Кейін ол Қазақстанға, Түркістанға және Орта Азияға да келіп жетті. Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов жәтишілік толқынында өздерін көрсете білген. Жадидизм қазақ, түрік, татар және Орта Азия жерлерінде тараған еді. №5 Ұлт зиялылары және олардың ХХғ. басындағы Қоғамдық-саяси, мәдени қызметі. (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев). |