Главная страница
Навигация по странице:

  • Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.

  • Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.

  • Дағды


  • дш 29. Орындаан Каиржанова Мерей 2107 Салауатты мір салты


    Скачать 0.88 Mb.
    НазваниеОрындаан Каиржанова Мерей 2107 Салауатты мір салты
    Дата29.10.2021
    Размер0.88 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладш 29.docx
    ТипДокументы
    #259009

    Орындаған Каиржанова Мерей 21-07

    Салауатты өмір салты

    Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.

    С
    алауатты өмір салты
    дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы.

    Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы  бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың  не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік.

    Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

    Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.

    Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу  «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

    Ә
    леуметтік саулық
    дегеніміз- 
    адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

    Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.          

    1. Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.

    2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.

    3 . Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті  әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі  1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады.



    ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ

    Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі,  дене тәрбиесі  тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға  дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.

    Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

    Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері  мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды  әлеуметтік міндеттерді атқарады.  Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Мақсаты – балалардың дене мәдениеті  мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен  қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің  дамуы мен денсаулықты  нығайтудың  психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.




    Қимыл қозғалыс

    Қазіргі ғылыми-техника жетістігі адамдарды ауыр жұмыстан, қарапайым үй тіршілігіндегі қимыл-қозғалыстан (шөп шабу, отын жару, кір жуу т.б.) қол үздіріп отыр. Өндірісті автоматтандырудың және шаруашылықты механикаландырудың кеңінен орын алуы адамдардың ой еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етті. Күнделікті өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және теледидар алдында ұзақ уакыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді. Ол дағдыға айналып кеткеннен кейін тіпті оған мән де берілмейді. Адамның аз кимылдауы – бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалардың қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан жүйке-тамырға, жүрекке айтарлықтай күш түседі. Мәселен, кан айналымы әлсіреп, жүрек-тамыр аурулары байқалады, буындардың қозғалысы кеміп, омыртқалар арасындағы шеміршек жұқарып, семіп, остеохондроз және т.б. ауруларға шалдығуға мәжбүр етеді

    Қимыл-қозғалыс кемшілігінің денеге әсер етпейтін жері жоқ. Аз қозғалыстың салдарынан жоғарғы реттеуші орталық, ішкі ағзалар, шеткері орналасқан қан тамырлары, сүйек буындары т.б. көптеген өзгеріске ұшырайды. Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп, өзін қоршаған ортаға бейімделу қасиеті кеміп, «тіршілік жүйесі» әлеуметтік және биологиялық құбылыстарға төтеп бере алмай калады. Гиподинамия (қимылдың кемдігі) ең алдымен ми қыртысын зақымдайды. Оның себебі әрбір қимыл-қозғалыстан бастап, өте күрделі гимнастикалық жаттығуларға дейін, барлығы тек жоғары реттеуші орталықтың бақылауымен ғана орындалады. Сондықтан ми және бұлшық еттер, буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста..

    Денсаулықтың, адамның еңбекке деген қабілеті, қандай жаста болса да, дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек жүректің арқасы. Жүрек  бұлшықеті ретпен жиырылып-жазылып, қанды қолқа тамырға итеріп шығарады, ол ары қарай тарамдалып, кішкене тамыршалар арқылы бүкіл денені «жуып» шығады.

    Сол арқылы денедегі әрбір жасуша, ең шеткері орналасқан жүйелер, оттегі, су, тұз т.б. қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Содан соң бұлшық ет босаңсыған уақытта керісінше көктамыр аркылы көмір қышқылына және тағы басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.

    Қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Жүрек бұлшық еттерінің жиырылу күші кеміп, денеге тарайтын қанның мөлшері төмендеп, қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.

    Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде ғана қысқартқанның өзі денеде айтарлықтай өзгеріс тудырады. Мәселен, бұлшық еттің солуы, жүректің жиырылу күшінің кемуі, ішкі ағзалар қызметінің нашарлауы т.б. сияқты құбылыстар байқалады.





    Қимыл қозғалыс жетіспеушілігі нен болатын аурулар түрлері

    Қимылдың тапшылығынан басқа да толып жатқан сырқаттарды аңғаруға болады. Ол – қазіргі кезде жиі кездесіп жүрген ғасыр ауруы деп аталатын остеохондроз. Бұл омыртқааралық шеміршектің мүжіліп тозуы, жұқаруы. Бұған не себеп? Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қазіргі адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай ерекшелік байқалады. Оларды шаршататын ерте ғасырлардағы сияқты қимыл-қозғалысты арттырып, күшпен атқарылатын дене еңбегі емес, ой еңбегі. Соның нәтижесінде денедегі ең көп ауырлық арқа және желке  бұлшық еттеріне түседі. Үнемі қозғалмай бірқалыпты сіресіп отырғаннан аталған  бұлшық еттер әлсірейді. Олар бірте-бірте өзінің серпінділігінен айырылады. Сөйтіп қысып ұстап тұрған омыртқалар негізгі күштен айырылып, бар салмақты өзіне алады. Одан әрі адам еш әрекет жасамай, сол отырған калпын өзгертпесе, ауырлық омыртқааралық шеміршекке түседі. Сөйтіп, олар біртіндеп ыдырай бастайды да, жыртылады. Сол кезде омыртқалар бір-біріне тиіп қажалып, соның салдарынан омыртқаның қалыпты қимылы өзгеріске түседі.

    Сонымен остеохондроз басқа белгісіз себептермен бірге омыртқа жотасын қысып ұстап тұрған  бұлшық еттің әлсіреуінен пайда болады. Оған жұмысты бірыңғай отырып істеу, соның салдарынан  бұлшық еттің жетілмеуі, яғни қимыл-қозғалыстың тапшылығы тікелей ықпал жасайды. Ал омыртқааралық шеміршектің, буындар мен сіңір тарамыстардың өзгеруі тек осы бұлшық еттер әлсіреп, зақымданған соң байқала бастайды.

    Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан пайда болатын аурудың бірі – семіздік. Ол адам бойындағы артық салмақ. Археологиялық қазбалардың көрсетуіне қарағанда, семіздік адам организміне тас заманнан бері тән құбылыс. Сол ерте заманда-ақ семіздікпен күрес жүргізілген.

    Семіздікке қимыл-қозғалыстың кемдігі ғана себепші деу қате. Оған әсер ететін жайттар көп. Ол адамның тамақтану мәдениетін білмеуі, яғни бірыңғай тамақтың түрлерін қолданудан да болады. Мәселен, өте майлы тағамдарды, сұйық заттарды көп қолдану, сол сияқты дәрумендердің жетіспеуі, зат алмасудың бұзылуы, денеде тұздың көбейіп кетуі айтарлықтай физиологиялық өзгерістер тудырады. Семіздік қандай себептен пайда болса да, ол денсаулыққа өте зиян. Өйткені артық салмақ жүрек, өкпе, қан тамырлары, асқазан, ішек-қарын, буындарға күш түсіреді. Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда сан алуан белгілер байқалады. Олардың ауырмайтын жері жоқ, соған орай емделмейтін әдістері де болмайды. Әйтсе де оның бәрі ретімен жасалған жаттығуға жетпейді. Қимыл-қозғалыстың тапшылығы балалар мен жасөспірімдер арасында да байқалады. Өскелең организмге сыртқы күштің әртүрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы, аяқ, табан құрылысы, пішіні өзгеріп кетеді. Олар іштен туа және жүре пайда болған деп бөлінеді. Аурудың жүре пайда болуы улануға, жаралануға, зат алмасудың бұзылуына, денеге жұқпаның енуіне, сол сияқты тұлға, қаңқа сүйектің қисаюы гиподинамияға тікелей байланысты. Дегенмен, бала денесінің өзгеруіне бірден-бір себеп – әртүрлі әсерлердің бірден күш көрсетуі.




    Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.

        Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

    Бұл бел алған көпшілік кемістігін  «өркениет ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.

    Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды

    БДҰ сарапшылары «тәкелділік тудыратын» заттар терминалогиясын анықтаған.

    алкогольді –барбитурат түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.);амфетамин  түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин т.б.) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);каннабис түріндегі заттар (марихуана, гашиш); галлюцинаген түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин); ката түріндегі заттар .апиын түріндегі заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);эфирлі ертінділер түріндегі заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).

    Жоғаррыда аталған дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді есепке алмағанда) емдеу мақсатында пайдаланылады және және адам организмі бұларға бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

    Сондай-ақ есірткі заттарына темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген тәуелділік тудырады.Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

    Қазіргі кезде есірткі заттар мен  улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі  болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін  бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.Алкоголь-  құрамында этил спирті бар ішімдіктер болып табылады. Алкоголь – «рахаттану орталығына» әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.Әр түрлі ішімдіктердің спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.




    Қ
    орытынды
    :


     Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақСалауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткіқолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі.

    Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер:

    -тиімді тамақтану;

    табиғатына орай қимыл белсенділігі;-

    шынығу;

    психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас;

    тән, киім күтімі;

    тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;

    еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау;

    денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

    темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;

    экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.

    Міне, осылай өз денсаулығына деген кімнің де болмасын бұған ұқсас айқын сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың алғы шарты болып қала бермек.

    СӨС  насиқатын денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.

    СӨС  мақсат еткен, кең таралған қозғалыстардың бірі- судың, жердің, ауаның пайдалы қасиеттерін пайдалану прициптеріне негізделген 12 қағидадан тұратын П.К. Ивановтың тұрғындарды табиғи сауықтыру жүйесі болып табылады. ТМД республикаларының көбінде, облыстарда , қалаларда П.К Иванов жүйесіне негізделген арнайы орталықтар ұйымдастырылып ашылды.

    Адам өміріндегі проблемаларды  шешу-қайғы- қасіретті біршама жеңілдеу өткеруге дем беретін, бақытты, табысты өмірге жеткізе алатын трансендентальды медитацияны насихаттау болады. Бұл әдіс адамды табиғат, қоршаған орта көмегі арқылы организмге әсер ететін барлық залалды факторларды, күйзелістерді алмастыруға өзінің ішкі күш-қуатын бағыттайды. Медитация кезінде дене керемет босаңсыған жағдайға келеді, күйзелістерді, шаршағаныңды кетіреді.

    СӨС қалыптастыруда жалпы қоғам азаматтары болып күрес жүргізу, залалды заттардың адам организміне зиян екенін ашық, айқын түсіндіру. Және де жасөспірімдердің  залалды заттарға құмарлығын жою ең басты мақсат етіп қойылуы қажет.




    написать администратору сайта