Главная страница
Навигация по странице:

  • Сары майдың пайдалы қасиеттері мен зияны

  • Жауабы.

  • 1.1-кесте – Майдың түрлері

  • 5-тапсырма. Бірдей екі стақанға қайнаған және қайнамаған суды құйып, оларды бірнеше сағатқа қояды.1-сұрақ.

  • 1.2-кесте – Сірке қышқылы эссенциясын сұйылту

  • Бастапқы концентрациясы 80% Бастапқы концентрациясы 70%

  • 12-тапсырма. Тазартылған алмалар, саңырауқұлақтар және кейбір жеміс-жидектер ауада қарая бастайды.1-сұрақ.

  • 1.3-кесте – Дақты кетіру жолдары

  • 14-тапсырма. Пән зертханаларында, мектеп шеберханаларында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті!1-сұрақ.

  • 15-тапсырма. Азот топшасы

  • 3-сұрақ.

  • 18- тапсырма. Лимон шырыны

  • 20-тапсырма . Электролиттік диссоциация.

  • 21-тапсырма. Неліктен Ганг өзені үнділер үшін қасиетті

  • пиза тапсырмалары. химиядан пиза тапсырмалары. Химия пніне байланысты pisaтапсырмалары 1тапсырма. Сары май


    Скачать 325.2 Kb.
    НазваниеХимия пніне байланысты pisaтапсырмалары 1тапсырма. Сары май
    Анкорпиза тапсырмалары
    Дата07.11.2022
    Размер325.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахимиядан пиза тапсырмалары.docx
    ТипДокументы
    #775172

    Химия пәніне байланысты PISAтапсырмалары
    1-тапсырма. Сары май

    Сары май – сиыр, ешкі, қой сүтінен қаймақ, қаймақты былғау немесе күбіде пісу арқылы алынатын майлы, құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі ретінде қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білесіздер (1.1-сурет).



    1.1-сурет – Сары май

    Сары май – бұл кілегейді былғау арқылы алынған, сүт майының концентраты.

    Сары майдың майлылығы 82,5%-дан кем емес.

    Сары майды дайындау үшін кілегей, қаймақ немесе ашыған сүтті қолданған.

    Сары майды таңдау барысында оның сыртқы орамасына көңіл аудару қажет. Жұқалтырға (фольгаға) оралған май өзінің құрамындағы А дәруменін жақсы сақтап қалады.

    Сары майды мұздатқышта сақтаған жөн. Егер май бөлме температурасында сақталатын болса, онда оған күн сәулелерінің түспеуі тиіс. Күн сәулелері түсуі нәтижесінде сары май өзінің құнды қасиеттерін жояды. Сары майды үстелге арнайы май салатын ыдыста қойған дұрыс.

    1-сұрақ. Сары майдың құрамына қандай заттар кіреді?

    А. Түрлі органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері.

    В. Сүт майы.

    С. Бос май қышқылдарының органикалық қышқылдары.

    D. Сары майдың құрамына А, Д, В витаминдері және ақуыздар, т.б. органикалық заттар.

    Жауабы. А. В. С. Д.

    2-сұрақ. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны сақтау жолдары туралы не білесіздер? Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    Сары майды күнделікті өмірде нанға жағып бутерброд әзірлеу үшін қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету (жұмсарту) үшін де қолданады.

    3-сұрақ. Сары майды қандай азық түліктердің дәмін жеңілдету (жұмсарту) үшін қолданады?

    Жауабы. Мысалы, балықтың, қызыл уылдырықтың.

    Кейбір ыстық тағамдардың дәмдік қасиетін жақсарту үшін десары майды қолданады.

    4-сұрақ. Сары майды қандай ыстық тағамдарға қосуға болады?

    Жауабы. Мысалы, макарондарға, ботқаларға, көкөністерден жасалған рагу т.б.


    Сары майдың пайдалы қасиеттері мен зияны

    Майдың құрамындағы холестериннің адам ағзасына пайдалы да, жағымсыз да жақтары бар. Бір жағынан қан тамыры қабырғаларын құруға қатысады, оның көмегімен қышқылдар өндіріледі.

    Екінші жағынан қан құрамындағы майдың қажетті деңгейі көбейіп кетсе, қан тамырларында атеросклероз үдерісінің белсенділігі артуы басталады. Сондықтан да холестерин жоғарылаған жағдайда сары майды шамадан тыс қабылдаудан бас тартқан жөн.

    5-сұрақ. Холестерин жоғарылап кетпеуі үшін, күніне май жағылған нанның (бутерброд) нешеуін жеген жеткілікті деп ойлайсыз?

    А. 5.

    В. 3.

    С. 2.

    D. 1.

    Жауабы. С.

    Төмендегі кестеде майлардың түрлері және олардың майлылығы % есебімен берілген (1.1-кесте).

    6-сұрақ.Холестерин көбейіп кетпеу үшін майдың қай түрін пайдаланған

    дұрыс деп ойлайсыз? Кестеде «ия» жауабын «+», «жоқ» жауабын «–» белгісімен белгілеңіз.

    1.1-кесте – Майдың түрлері



    Майдың атауы

    Майлылығы

    Ия

    Жоқ

    1

    «Крестьяндық»

    72,5 %







    2

    Вологод майы

    82 %







    3

    Бутерброд майы

    61,5 %







    4

    Жеңіл май

    50 %







    5

    Бал қосылған май

    52 %







    6

    Өсімдік майы қосылған май

    72,5 %







    7

    Қорытылған май

    90 %








    7-сұрақ. Сіз қай майды жер едіңіз?

    Тапсырма. Өз қалауыңызды түсіндіріңіз.

    Сары май А және Д дәрумендеріне, кальцийге бай. А дәрумені асқорытудың бұзылуы, суық тию, бронх және өкпе ауруларын емдеуге көмектеседі.

    Д дәруменінің басты қызметі біздің ағзамыздың кальцийді сіңіруіне көмектеседі. Кальций біздің тістеріміз бен сүйектеріміздің дұрыс қалыптасуы және сау болуы үшін қажет. Біздің қаңқамыздың мықтылығы мен дұрыс өсуі ағзамыздағы Д дәруменінің құрамына байланысты.

    8-сұрақ. Сары майды шамадан тыс қабылдау зиянды, себебі ағзамызда холестерин көбейіп семіздікке әкеледі. Ағзамызға аса қажет А, Д дәрумендерін және кальцийді алу үшін, сары майды қандай тағамдармен алмастыруға болады?

    Жауабы. Сары, жасыл, қызыл көкөністер мен жемістердің, көптеген жидектер мен шөптердің (мысалы, сәбіз, өрік, асқабақ) құрамында А дәрумені бар. Сонымен қатар бауырда, балық майында, жұмыртқаның сарысында, сүтте де бар.

    Қышқыл сүтті азық-түліктердің, ірімшіктің, жұмыртқаның шикі сары уызының, теңіз азық-түліктерінің құрамында Д дәрумені бар.

    Сары майдың пайдалы қасиеттері туралы ғалымдардың дәлелдері шыққанға дейін, біздің ата-бабаларымыз сары майды әртүрлі ауруларды емдеуге қолданған.

    9-сұрақ. Сіздің отбасыңызда сары майды қандай ауруларды емдеу үшін қолданады? Сары маймен емдеудің қандай жолдарын білесіз?

    Үй жағдайында сары майды алу жолдары

    Тапсырма. Үй жағдайында сиыр сүтінен сары май алудың жолын ойластырыңыз.

    Мысалы:

    1. Сиырдың желінін жақсылап жуу керек.

    2. Сиырды сауу арқылы сүт аламыз.

    3. Сүтті сүзгіден өткіземіз. Әрі қарай жалғастырыңыз ...

    4.

    5.

    2-тапсырма.



    Күнбағыс, мақта, жүгері және зәйтүн майларын тұрмыста сұйық май деп атайды. Сұйық майды күнделікті өмірде ас әзірлеуде жиі қолданады. Сұйық майлар тазартылған және тазартылмаған болып бөлінеді.

    1-сұрақ. Тағам әзірлеуде қандай май қолданған дұрыс деп ойлайсыздар? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    2-сұрақ. Сіздер сұйық май ыдысының түбінде сарықошқыл тұнба түзілетінін байқаған боларсыздар. Кейбіреулер көбінесе бұл тұнбаны майдан айырып алып, төгіп тастап жатады. Сіздің ойыңызша, бұл дұрыс па? Өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    3-сұрақ. Сұйық май ыдысының түбіне жиналған тұнбаның биологиялық маңызы қандай?

    Жауабы. Майлардың құрамына басқа заттармен қоса фосфатидтер – фосфор қышқылының күрделі эфирлері мен глицериннің туындылары кіреді. Өсімдік майы біраз тұрып қалғанда олар борпылдақ тұнба түзеді. Фосфатидтердің биологиялық маңызы зор: олар ақуыздар және басқа да қосылыстармен бірге тірі заттардың (ағзалардың) жасушаларын құруға қатысады, майлардың және ағзадағы басқа да маңызды заттардың

    тасымалдауына қатысады. Сол себепті тазартылмаған өсімдік майын қолданғанда, ондағы тұнбаны алып тастамаса да болады.
    3-тапсырма.



    Маргарин – жануарлар және өсімдіктер майын өңдеу нәтижесінде алынатын модификацияланған өнім. Маргарин сары майды алмастырғыш ретінде кондитерлік және нан пісіру өнеркәсібінде қолданылады. Көптеген елдерде маргариннің сыртқы қағаз орауышында «май» деп жазуға заң түрінде тыйым салынған. Неліктен?

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    4-тапсырма.



    Майонез – өсімдік майы, жұмыртқаның сары уызы, тұз, сірке немесе лимон қышқылы, қант, қыша және т.б. дәмдеуіштердің қоспасынан жасалатын тұздық (соус) түрі. Жалпы орта білім беру мекемелерінің асханаларында майонезді қолдануға тыйым салынған. Неліктен?

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    Майонездің майлылығы қаймақтан екі есе артық. Майонезді шығарушылар бұл көрсеткішті төмендету мақсатында оның құрамына әртүрлі қоспаларды, мысалы пектин, желатин, сүт концентратын, сонымен қатар майонез өнімінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын глютамат дәмдеуішін қосады.

    Майонездің майлылығы жоғары, яғни оның құрамындағы ұнтақталған жұмыртқа мен құрғақ сүт холестериннің көбеюіне әкеледі. Бұл салмақтың артуына, семіздікке, асқазан мен ішек жолдары жұмысының бұзылуына әкеледі, денсаулыққа зиян келтіреді.

    Тапсырма. Адам денсаулығына зиян келтірмейтін, табиғи өнімдерді қолдану арқылы майонез жасау жолын ұсыныңыз.

    Сұрақ. Қандай табиғи өнімдерді қолдануға болады? Қолдан жасалған майонез өнімін қанша уақыт және қандай жағдайда сақтауға болады деп ойлайсыз?

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________

    Тапсырма. Қазақстандық сүт өнімдерінің пайдасы туралы өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________
    5-тапсырма.

    Бірдей екі стақанға қайнаған және қайнамаған суды құйып, оларды бірнеше сағатқа қояды.

    1-сұрақ. Осы уақытта не байқадыңыз?

    А. Екі стаканда да ешқандай өзгеріс болған жоқ.

    В. Қайнамаған суы бар стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады.

    С. Қайнаған су құйылған стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады.

    Жауабы: В.
    2-сұрақ.Судың қайнауы барысында қандай өзгерістер болады?

    А. Су қайнағанда газдармен қанығады.

    В. Су қайнағанда газдар жойылады.

    С. Су қайнағанда ешқандай өзгерістер болмайды.

    Жауабы: В.
    3-сұрақ. Қай стақанда қайнаған және қай стақанда қайнамаған су бар екенін қалай білуге болады? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

    Жауаптың нұсқасы. Кәдімгі су құбырының немесе құдықтың суы бар стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады. Өйткені, әдетте бөлме температурасы су құбырының немесе құдықтың температурасына қарағанда жоғарырақ болады, ауаның және басқа еріген газдардың артық мөлшері үлкейе келе бос күйінде бөлініп шығады. Бұл құбылыс басқа стаканда байқалмайды, өйткені қайнағанда судағы газдар жойылып кетеді.

    6-тапсырма.

    Көкөніс-жемістерді тот баспайтын болаттан немесе керамикадан жасалған пышақпен тазалау қажет екенін бәрі біледі.

    Тот баспайтын, аса мықты болатты медициналық құралдар жасауға қолданады, сондықтан оны «медициналық» немесе «хирургиялық болат» деп те атайды. Тот баспайтын болат өзінің гигиеналық қасиетімен ерекшеленеді, оның жылтыр бетінде бактериялар жиналатын жарықшақтар мен ұсақ тесіктер болмайды және кез келген кірлеуден тез тазаланады.

    Керамикадан жасалған пышақтардың өткірлігі ұзақ мерзімге шыдайды, бөтен иіс пен дәмді жұтып алмайды және шығармайды, сонымен қатар бактерицидтік қасиетке ие.

    Сұрақ. Неліктен көкөніс-жемістерді тазалағанда тез тотығатын металдан жасалған (темірден, мыстан) пышақты қолдануға болмайды?

    А. Металл иондары катализатор ретінде тотығуды жеделдетеді, нәтижесінде көкөніс-жемістердің құрамындағы көмірсуларды ыдыратады.

    В. Металл иондары катализатор ретінде тотығуды жеделдетеді, нәтижесінде көкөніс-жемістердегі С витаминінің көзі болып табылатын аскорбин қышқылын ыдыратады.

    С. Темірден және мыстан жасалатын пышақты көкөніс-жеміс шырынының әсерінен тот басады.

    D. Көкөніс-жеміс арқылы темір пышақтың металл иондары ағзаға түседі.

    Жауабы. Кейбір металдардың – темірдің және мыстың иондары аз ғана мөлшердің өзінде көкөніс-жеміс құрамындағы аскорбин қышқылының (витамин С) тотығуын катализатор түрінде күшейте алады. С витаминінің бұзылу үдерісінің болмағаны дұрыс, әрине, сондықтан жеміс-жидектер үшін алюминийден, тот баспайтын болаттан жасалған пышақтар, қасықтар мен 12

    шанышқылар қолданылады. Өйткені бұл материалдар осыған ұқсас катализаторлық қасиеттерге ие емес.
    7-тапсырма.

    Тот баспайтын болат жартылай темірден және аздаған мөлшерде хромнан, никельден тұратын металл құймасы. Бұл құйма жоғары шағылыстырғыш қасиетке ие, сондықтан оның беті әдемі, жылтыр болып келеді және тотығуға қарсы тұрақтылығы жоғары.

    Сұрақ. Тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстарды пайдаланудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

    А. Темір – денсаулыққа пайдалы диетаның қажетті элементі.

    В. Тот баспайтын ыдыста әзірленген тағамдар тез бұзылмайды және өзінің тағамдық құндылығын жоғалтпайды.

    С. Адамның денсаулығы үшін хром аз мөлшерде пайдалы.

    D. Көп мөлшерде никель адам ағзасы үшін қауіпті. Сондықтан никельге аллергиясы бар адамдар үшін, тот баспайтын болаттан жасалған ыдысты тағам әзірлеуге қолданбаған дұрыс.

    Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.

    Жауабы: А, В, С, D.

    8-тапсырма.



    Сірке қышқылы – түссіз, өзіне тән өткір иісті және қышқыл дәмді ғажайып сұйықтық. Ол тұрмыста тазартқыш, ағартқыш қасиеттерге ие және өсімдік ауруларына қарсы таптырмас гербицидтік құрал. Сірке қышқылы өзінің қасиетін құрамындағы судың мөлшеріне байланысты өзгертеді. Сірке қышқылы ерітіндісінің 30%-дан артық концентрациясы адамның денсаулығына өте қауіпті: адамның терісіне және сілемейлі қабықшасына тиген жағдайда күшті химиялық күйікке ұшыратады.

    Сұрақ. Сіздер тұрмыс жағдайында сірке қышқылын қайда кездестіресіздер?

    Жауабы. Бұл қышқыл көп және аз мөлшерде сүт өнімдерінде, ірімшікте, көптеген өсімдіктердің жасыл жапырақтарында және т.б. кездеседі.
    9-тапсырма.

    Қышқылдықты реттеуші Е260 (сірке қышқылы) тағамдық қоспасы тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат етілген. Тамақ өнеркәсібінде Е260 қоспасы кондитерлік өнімдер, көкөністерді консервілеу, майонез және басқа да тағамдық азық-түліктерді әзірлеу үшін қолданылады.

    Сұрақ. Сірке қышқылын күнделікті өмірде қандай мақсатта және қалай қолдануға болады? Мысалы, тұрмыста – шайнектердің татын кетіру үшін. Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін. Өз мысалыңызды ұсыныңыз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________
    10-тапсырма.

    Сірке қышқылын қалай сұйылту қажет?

    Кулинарияда жеміс-жидектік және хош иісті сірке қышқылының түрлі сұрыптарын қолдануға кеңес беріледі. Кей кезде тағамдар дайындауда сірке

    эссенциясы қолданылады. Үй жағдайында сірке қышқылын сұйылту үшін төмендегі математикалық әдісті білу қажет.

    Сізде 70%-дық сірке қышқылы бар, ал сізге одан 6%-дық сірке қышқылын алу қажет. Сіз сірке қышқылының 1 бөлігін (мысалы, 1 шай қасық) аласыз және оған 10,5 бөлік (шай қасық) су қосасыз. Сөйтіп 6%-дық сірке қышқылын аласыз.

    Тапсырма. Бастапқы концентрациясы 80%-дық және 70%-дық сірке қышқылы эссенциясын 3%-дық, 5%-дық, 6%-дық ерітіндіге дейін сұйылту қажет. Шешімін есептеп, төмендегі 1.2-кестені толтырыңыз.
    1.2-кесте – Сірке қышқылы эссенциясын сұйылту

    Қажетті концентрация




    Бастапқы концентрациясы 80%




    Бастапқы концентрациясы 70%

    3%










    5%










    6%







    11-тапсырма.

    Күнделікті тұрмыста ас содасы ұннан жасалатын тағамдарды әзірлеуде, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ тазалағыш құрал ретінде қолданылады.

    Аспаз кейбір кезде біраз тұрып қалған сүтке аздаған ас содасын қосады.

    Сұрақ. Аспаз не үшін бұлай істейді?(Дұрыс жауабын белгілеңіздер).

    А. Ас содасы тұрып қалған сүттегі микробтарды өлтіреді.

    В. Ас содасы сүттің дәмін жақсартады.

    С. Ас содасы сүтті ұютуға қабілетті сүт қышқылын бейтараптайды.

    D. Ас содасы сүтті ірітеді.

    Жауабы. С. Тұрып қалған сүтте, әсіресе жылытқан кезде сүтті ұютуға қабілетті сүт қышқылының көп мөлшері болады. Бұны болдырмау үшін, соданы қосып, бейтараптайды.

    Сұрақ. Көп тұрып қалған сүттің (ашыған, ұйыған сүттің) қоршаған ортаға қандай зияны бар? Өз жауабыңызды тұжырымдаңыз.

    Жауабы. Бөлмеде ақырындап, улы заттар – көміртектің (ІІ) оксиді мен метан жинала бастайды, сондықтан жағымсыз иіс пайда болады

    12-тапсырма.

    Тазартылған алмалар, саңырауқұлақтар және кейбір жеміс-жидектер ауада қарая бастайды.

    1-сұрақ. Неліктен тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-жидектер ауада қарая бастайды?

    Жауабы. Саңырауқұлақтардың, жеміс-жидектердің құрамына биологиялық катализатор-ферменттердің қатысуымен ауада тотығып, қара түске боялған қосылыстар түзетін тұйық құрылымды әр түрлі органикалық заттар кіреді, сондықтан олар тез қараяды.

    2-сұрақ. Бұл үдерісті қалайша тоқтатуға болады?

    Жауабы. Органикалық қышқылдардың, оның ішінде лимон қышқылының қатысуымен тотығу үдерістері ақырындайды. Сондықтан, жаңа кесілген алманы сақтау үшін, кесілген жерін лимон шырынымен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен ылғалдау қажет.

    Тапсырма. Тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-жидектердің ауада қараю үдерісін болдырмаудың тағы да қандай жолдарын білесіз? Өз жауабыңыздың нұсқасын тұжырымдаңыз.

    ___________________________________________________________________________________________________________________________________
    13-тапсырма.

    Сізге тоттың, сұйық майдың, кофенің, йодтың, сәбіз шырынының, шие шырынының, еттің дақтарын кетіру қажет делік. Сіздің қолыңызда бұрыш, тұз, кір жуғыш ұнтақ, ультракүлгін шам, тіс тазалайтын ұнтақ және бензин бар.

    1-тапсырма. Әрбір дақты кетіру үшін сәйкес келетін қажетті керек-жарақтарды 1.3-кестеде көрсетіңіз.

    1.3-кесте – Дақты кетіру жолдары


    Дақтар

    Қажет заттар

    Дұрыс жауап

    A. Тот

    1. Бұрыш




    B. Сұйық май

    2. Тұз




    C. Кофе

    3. Кір жуатын ұнтақ




    D. Йод

    4. Ультракүлгін шам




    E. Сәбіз шырыны

    5. Тіс тазалайтын ұнтақ




    F. Шие шырыны

    6. Бензин




    G. Ет дәмдеуіші

    7. Лимон қышқылы





    2-тапсырма. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақ кез келген киімнің сәнін кетіретіні сөзсіз. Мектеп оқушылары, мұғалімдер қаламсаппен күнде жұмыс істейді. Жұмыс барысында байқаусызда киімдеріне қаламсаппен сызық сызып немесе дақ түсіріп алады. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақты кетірудің қандай жолдарын білесіздер. Өз ұсынысыңызды жазыңыз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________
    14-тапсырма.

    Пән зертханаларында, мектеп шеберханаларында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті!

    1-сұрақ. Химия сабағында зертханалық жұмыстың тапсырмасы бойынша сіз сынауықтағы сұйықтықты қыздыруыңыз қажет. Төмендегі іс-әрекет нұсқаларының қайсысы техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес емес?

    А. Қаттырақ шайқалып, шашырауы, үстел мен дәптерлерге төгілуі үшін сұйықтықты көбірек құясыз.

    В. Қыздыра отырып, тезірек қайнағанды көру үшін сынауықтың ішіне үңілесіз.

    С. Ыстық сынауықты қолмен ұстау ыңғайсыз екені есіңізде болғандықтан, көршілеріңіздің біреуіне өтініш жасайсыз немесе сынауықты өз дәптеріңіздің үстіне қоясыз.

    Жауабы: А. В. С.

    2-сұрақ. Сізге досыңыз тәтті тоқаш әкеліп, шай ішуді ұсынды. Төмендегі іс-әрекет нұсқаларының қайсысы техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес емес?

    А. Шайды химиялық стақанмен спиртовкада қайнатасыз және тәтті күлше үшін жұмыс үстелінің үстін тазартасыз.

    В. Үстелді марганцовка ерітіндісімен жуасыз.

    С. Үстелді сұйық маймен сүртесіз.

    Жауабы: А. В. С.

    3-сұрақ. Сіз спиртовканың жалынынан күйіп қалдыңыз делік ...

    А. Күйікті зеленкамен сүртесіз.

    В. Сұйық маймен сүртесіз.

    С. Күйікті жуасыз және залалсызданған таңғышпен жабасыз.

    Жауабы: С.

    4-сұрақ. Тәжірибе жүргізу нәтижесінде хлор газы бөлінді. Тұншығып қалмау үшін не істеу қажет?

    А. Тәжірибе жасауды тоқтату.

    В. Мұғалімді шақыру.

    С. Терезені ашу.

    D. Мақта-дәкелік таңғышты кию.

    5-сұрақ. Сіздің сыныптасыңыз спиртовканың жалынына саусағын күйдіріп алды делік ...

    Бұл жағдайда көрсетілетін көмектің қандай түрлерін білесіз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________
    15-тапсырма. Азот топшасы



    1. Азот – теңдесі жоқ биогенді элемент, өйткені ол ақуыздар мен нуклеин қышқылының құрамына кіреді. Азот – түссіз, иіссіз, дәмсіз химиялық элемент. Атмосфера – азоттың таусылмас көзі, бірақ тірі ағзалардың негізгі бөлігі бұл, азотты сол күйінде пайдалана алмайды: ол химиялық қосылыс күйінде алдын ала байланысқан болуы қажет. Ауадағы азотты аулап, оны өсімдікке лайықты формаға айналдыруға қабілетті азоттаушы бактериялар өмір сүреді.

    1-тапсырма. Азоттаушы бактериялардың көмегімен жақсы өнім алынғанда жоңышқа бір маусымда 150-160 кг/га азот жинақтауы мүмкін. Азоттың осындай массасын ауаның қанша көлемі м3 қамтиды?

    2-тапсырма. Маусым ішінде 100 кг/га азот жинақтаған 1 га жоңышқа тыңайтқыш түрінде қолданылатын аммиак суының 10% ерітіндісінің қандай массасын алмастыра алады?

    3-тапсырма. Азот топшасына кіретін мышьяктың қосылыстары су ағзаларына зор нұқсан әкеледі. Әсіресе мышьяктың (III) қосылыстары өте улы. Мышъяк фосфордың аналогы екенін ескере отырып, сарқынды суларды арсенаттар мен арсениттерден тазарту тәсілдерін ұсыныңыздар.
    16-тапсырма.

    Жемсау – йод жетіспеушілігінен болатын ауру. Ол адам ағзасындағы зат алмасуды басқарушы орталық рөлін атқарады. Сондықтан оны «денсаулық сақшысы» деп те атайды. Жемсаудың нәтижесінде қалқанша без ұлғаяды.

    1-сұрақ. Неліктен ертеден бері Қытайда жемсау ауруын теңіз омыртқасыздарының (ұлулардың) күлімен емдейді?

    Жауабы. Теңіз омыртқасыздары, теңіз орамжапырағы йодқа бай. Сондықтан да ертеден бері Қытайда және Жапонияда жемсаумен ауыратындарды йодпен емдеп келеді.

    2-сұрақ. Адам ағзасына тәулігіне 800 мкг йод қажет (ең төмен көрсеткіш 200 мкг-ға дейін). Осы қажеттілікті өтеу үшін адамдар тәулігіне қанша грамм теңіз орамжапырағын жеулері қажет? 100 г теңіз орамжапырағында 250 мкг йод бар.

    Жауабы. Тәулігіне 320 мкг.

    Тапсырма. Құрамында йоды бар азық-түліктер ағзадағы йод жетіспеушілігі проблемасын шеше алады. 1 кг көкөністерде 20-30 мкг, жануарлардың 1 кг майында және жұмыртқада 35 мкг-ға жуық, балық тағамдары йодқа бай, оның 1 кг-да 100-200 мкг-ға дейін йод болады. Ағзадағы йод қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам тәулігіне қанша балық жеуі қажет?
    17-тапсырма.

    Оқушылар сыныбымен көпкүндік жорыққа шықты. Қону үшін батпақтың маңына тоқтады. Кезекші кешкі ас әзірлемек болды, байқаусызда барлық тұзды жерге төгіп алды. Жақын маңда таза тұз жоқ, тұз топырақпен араласып кетті, ал балалардың бәрінің де тамақ ішкілері келеді.

    1-сұрақ. Бұндай жағдайда не істеу керек?

    Тұздың орнына не қолдануға болады?

    Тұзсыз қандай тағам әзірлеуге болады?

    Жауабы. Тұзсыз әзірленген тағамдарға насыбайгүл, жалбыз, жебіршөп, майоран, кәдімгі жұпаргүл, аскөк, ақжелкен, гүлшетен т.б. дәмдеуіш шөптер қосу арқылы, тағамның дәмін келтіруге болады.

    1-тапсырма. Тамақ дайындау барысында кезекші, абайсызда қолына сірке қышқылын төгіп алды. Ол сасқанынан қолын орамалмен сүртіп еді, күйген жердің терісі күлдіреп, қолын одан сайын ашытып жіберді.

    2-сұрақ. Кезекші бұл жерде нені дұрыс істемеді?

    Қазіргі уақытта газдалған сусындар, тез дайындалатын тағамдарды (гамбургер, чипсы, донер, т.б.) пайдалану елімізде әсіресе балалар мен жастар арасында аса кең таралған. Бұл жағдай шамадан тыс семіруге, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары, аллергия, т.б. аурулардың көбеюіне әкеп соқтыруда.

    3-сұрақ. Бұл тағамдардың құрамында адам ағзасына зиянды қандай химиялық қоспалар бар және олар ағзаға қалай әсер етеді?

    4-сұрақ. Бұл тағамдарды жорыққа алып шығуға бола ма? Болса неліктен, болмаса неліктен?

    2-тапсырма. Қазақ халқының тағамдарының ішінде сүт өнімдері ерекше орын алады. Сүттен жасалатын тағамның бірі – құрт. Ата-бабаларымыз ұзақ жорықтарға аттанбас бұрын, қоржындарына құрт салуды ұмытпаған.

    Сұрақ. Құрт ұзақ жолға шыққанда шөлді басады, ұйқыны қашырады, адамды сергітеді деген тұжырымның дұрыс екенін түсіндіріңіз. Құрттың тағы да қандай қасиеттерін білесіз?
    18- тапсырма. Лимон шырыны

    Лимон – ірі, салмағы 200-400 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл.

    Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир майы, кальций, калий т.б. болады.

    1-сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар.

    2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады?

    3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар.
    19-тапсырма. Көміртек қосылыстары.

    Заманауи экологиялық мәселелердің бірі климаттың жылынуына әкеп соқтыратын «жылыжай эффектісінің» туындауы.

    1. Бор кальций карбонаты мен магний карбонатынан тұрады. Бордың CaO және MgO тиістісі 54 және 0,5 %.
    А. Бор неше қоспадан тұрады?

    В. Салмағы 1 кг борды күйдіргенде атмосфераға көмір қышқыл газының қанша көлемі бөлініп шығады?

    2. Табиғатта үнемі биогенді элементтердің айналымы жүреді: көміртектің, сутектің, оттектің, фосфордың, азоттың және т.б. Адам өзінің іс-әрекеттері үдерісінде заттар айналымына араласады. Концентрациясы 2%, ρ=1 г/см3 көмірқышқылынан 1 л минералды газдалған суды алу үшін көміртектің қанша массасы көмір қышқыл газына айналуы тиіс?

    3. Атмосферада көмір қышқыл газының жиналуы қауіпті ластануға – жылыжай эффектісіне әкеп соқтырады. 100 г полиэтиленді жаққанда CO2 қанша көлемі атмосфераға түседі?

    4. Өсімдіктер минералды заттар мен көмір қышқыл газын сіңіреді және ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттекті бөліп шығара отырып, глюкозаны синтездейді. Қант қызылшасының жасыл жапырақтары 10 г кәмпит (бір кәмпитте жуық шамамен 10 г қант болады) дайындауға болатын 100 г сахароза алу үшін CO2 қанша көлемін игереді?
    20-тапсырма. Электролиттік диссоциация.

    Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады. Суда ерігенде немесе балқығанда электролиттердің иондарға ыдырауын диссоциялану үдерісі деп атайды.

    Тапсырма. Түсіндіруге тырысыңыз ...

    1. Кеуіп қалған

    2. Автокөлік двигателіндегі толық емес жану неліктен қауіпті?

    3. Дистилденген су электр тогын өткізбейді, ал су құбырдағы су өткізеді. Бұл нені білдіреді?

    4. Ыстықта кеуіп қалған цементке су себеді немесе су өткізбейтін пленкамен жауып тастайды. Неліктен?

    5. Неліктен тәттіні көп жеу бауырдың жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді?

    6. Қайтакристалдау. Сынауыққа калийдің дихроматын К2Сr2О7 (0,5 г) салады және мыс сульфидінің CuSO4 бірнеше кристалдарын қосып, оған су (2 мл) құяды. Тұздар ерігенше қыздырады. Егер су қайнап, тұз ерімесе, – тағы да аздап су құйып, қайтадан қыздырады. Тұз ерігенде, ерітіндісі бар сынауықты салқындатады. Түзілген кристалдардың түсі қандай? Ерітіндінің түсі қандай?

    Газды бөле отырып, аяғына дейін жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіздер. Бұл газ қалай аталады? Оның адам ағзасына әсері қандай?

    Тұнба түзе отырып, аяғына дейін жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіздер. Өндірістің қай саласында бұл тұз қолданылады? Бұл тұздың адам ағзасына әсері қандай?
    21-тапсырма. Неліктен Ганг өзені үнділер үшін қасиетті?

    Үндістанға келген туристер «қасиетті Гангтың»суына шомылулары қажет. Гангтың жағалауларында күн сайын мыңдаған адам жуынады, соған қарамастан бірде-бір жұқпалы ауру қоздырғыштары табылған емес. Бұл Ганг өзенінің сағасында таза күміс кендері орналасқан, өзеннің жағалауға жақын жерлерін Үндістанның ең ірі күміс кен орындары алып жатыр. Сондықтан да Ганг суларында бактерияға қарсы қасиетке ие күміс иондары табылады. Бактерияға қарсы қасиеті бар күміс ионының Ag+ электрондық формуласын құрастырыңыз.

    2. Вьетнамдықтар неліктен топырақ жейді?

    Солтүстік Вьетнамның кейбір провинциялары мен аудандарындағы базарларда топырақтың арнайы кесектерін «тағам» ретінде сатады.Топырақ үлгілеріне химиялық талдау жасалғанда темір мен марганецтің көп екендігі анықталған.

    Темір атомының электрондық формуласын құрастыр.

    Жауабы. 1s22s22p63s23p64s23d104p6 5s0 4d10.


    написать администратору сайта