Химия11 кл 3-токсан. Химия пнінен 3тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары
Скачать 109.49 Kb.
|
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Cулы ерітіндіде сульфид ионын (S 2- ) сапалы түрде анықтауға арналған реагент: A. Ca(NO 3 ) 2 B. Pb(NO 3 ) 2 C. CaCl 2 D. PbCl 2 [1] 2. Концентрациясы 0,01 М тұз қышқылының рН мәні қандай? A. рН = 2 B. рН = 1 C. рН = 3 D. рН = 4 [1] 3. Бос орындарды толықтырыңыз. IVA топ элементтерінің топ бойынша жоғарыдан төмен қарай балқу және қайнау температуралары артады. Себебі жоғарыдан төмен қарай ____________________құрылымнан ______________________құрылымға өтеді. [2] 4. Органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстағы белгісіз А және В заттарын анықтап, оларды алуға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз. СН 4 → С 2 Н 2 →А→ С 6 Н 5 NO 2 →B [2] 5. (a) IVA топ элементтеріне көміртек, кремний, германий, қалайы және қорғасын кіреді. Төмендегі кестені + белгісін сәйкес қатарға қойып толықтырыңыз. Кремний мысал ретінде көрсетілген.
[1] i. +2 және +4 тотығу дәрежелеріндегі қосылыстарының тұрақтылығы өзгеру тенденциясын жазыңыз. [1] ii. Қалайы мен қорғасын (IV) оксидтерінің тұз қышқылымен реакция теңдеуін құрыңыз. [2] 6. Габер процесі химия өнеркәсібіндегі маңызды процестердің бірі. Процестің реакция теңдеуі төменде көрсетілген. Реагентпен өнімдер газ тәрізді заттар. Өнеркәсіптегі сызбасы төмендегідей (a) Аммиак алу үшін қажетті шикізаттардың көзі: Сутегі_____________________________________________ Азот ______________________________________________ [1] (b) Аммиакты алу үшін қажетті жағдайлар _________________________ ________________________ _____________________ [1] (c) Зертханада амммиакты алу үшін аммоний тұзына сілті қосып белсенді түрде шыны таяқшамен араластырады. Аммоний нитраты (қ) мен кальций гидроксиді (қ) арасындағы реакция теңдеуін, зат күйін көрсете отырып жазыңыз. [1] (d) тапсырмада аммиактің бөлінгендігін қалай тексеруге болады? [1] 7. Азот - инертті газ. Ауадағы азот пен оттегі газдары бір бірімен әрекеттеспейді, олар текжоғарғы температурада әрекеттеседі. (a) Автокөліктердің қозғалтқыштарында отын ауадағы оттегі қатысында жанатын болғандықтан азот пен оттегі қозғалтқыштың ішінде бір бірімен әрекеттесіп, ауаға зиянды газдардың бірі азот (II) оксидін түзеді. Осы реакция теңдеуін құрыңыз. [1] (b) Автокөліктердегі зиянды азот (II)оксидінің бөлінуін азайту жолын ұсыныңыз [1] (c) Азот (II) оксиді тұрақсыз, ауадағы оттегімен бірден тотығып азот (IV) оксидіне айналады. Өз кезегінде Азот (IV) оксиді жауын шашынмен араласып қышқылды жаңбырлардың түзілуіне әкеледі. Табиғатта қышқылды жаңбырлардың түзілуін сипаттайтын реакция теңдеуін жазыңыз. [1] (a) Қышқылды жаңбырлардың кері екі әсерін жазыңыз [2] |