нзн. Сабаты таырыбы Атмосфералы жауыншашын Масаты Білімділік
Скачать 40.32 Kb.
|
ОҚО,Төлеби ауданы,Леңгер қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебі География пәнінің мұғалімі Л.Таженова Сабақтың тақырыбы:Атмосфералық жауын-шашын Мақсаты: Білімділік: оқушыларға атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін , картамен , интерактивтік тақтамен ,оқулықпен жұмыс жасай білу,білім- білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге , жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу ; табиғат құбылысының апаттарынан сақтана білуге тәрбиелеу; Сабақ әдісі: сұрақ - жауап , БжС технологиясының кейбір элементтері,баяндау,талдау. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивтік тақта, кестелер. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгелдеу,оқушылардың көңілін сабаққа бөлу) Үй тапсырмасын сұрау: Қиылыс сұрақтар 1 топ 1.Тұман қалай пайда болады? -Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда 2.Бұлт құрайтын су тамшылары қандай болады? - Өте майда, ұлпадай жеңіл болғандықтан, жерге түспей, қалықтап жүре алады 3.Жеке будақтардың түсі қандай болады? Сұрғылт 4.Қабат бұлт қандай болады? 2 км-ге дейін түзілетін, аспанды түгел торлап алып, ақ жауын жауғызатын тұманға ұқсас бұлт 5.Бұлттылық дегеніміз не? Аспанды бұлттың торлау дәрежесі 2 топ 1.Тұман жылдың қай мезгілінде жиі түседі? -Жаздың соңына қарай немесе күздің ауа райы ашық, бұлтсыз кезінде 2.Пішініне қарай бұлттың негізгі неше түрі ажыратылады? 3 түрі 3.Тұтасып, түнерген будақ бұлттан не күтуге болады? Жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап жауған қар 4.Неліктен шарбы бұлт деп аталған? Ақ түсті нәзік шілтірге немесе малдың ішкі майына ұқсағандықтан 5.Бұлттылық мөлшері қалай анықталады? 0-ден 10 балға дейінгі мөлшермен 3 топ 1.Тұман әсіресе қай жерлерге жиі түседі? -Ауасы салқындап қалатын шалғынды жерлерге, батпақ үстінде, сайлар мен жыраларға, шағын бөгендер мен өзен үстіне 2.Бұлттардың түрлерін ата. Будақ, қабат, шарбы, қабат-шарбы бұлт 3.Будақ бұлттар қанша биіктікте түзіледі? 800-1000 м биіктікте 4.Қабат-шарбы бұлттың ерекшелігі неде? Өте үлкен биіктікте пайда болатын нәзік буалдыр шарбы тәріздес бұлт 5.Бұлттылық 5 балл болса, аспан қандай болады? Бұлт аспанның жартысын басып тұрады 4 топ 1.Жоғары көтерілген ауаның құрамындағы бу су тамшылары мен мұз түйіршіктеріне айналғанда не пайда болады? -Бұлт 2.Будақ бұлт қандай болады? Үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды 3.Шарбы бұлттар қанша биіктікте түзіледі? 6 км биіктікте 4.Метеорологиялық стансаларда бұлттылық қалай анықталады? Бұлттың түрін,биіктігін және аспанды бұлт басу дәрежесін 5.Аспан шайдай ашық болса бұлттылық қанша балға тең? 0 балға -Кескін картаны тексеру Жаңа сабақ: 1.Слайд бойынша жаңа сабақ түсіндіру Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атаймыз. К= Ж/Б Мұндағы,К- ылғалдану коэффициенті Ж-жылдық жауын-шашын мөлшері Б-буланушылық Егер, К=1 онда,ылғалдану жеткілікті, 1>К онда,ылғалдану жеткіліксіз Сабақты бекіту: 2.Тірек сөздерді есте сақтау. 1.Жауын-шашын 12.Қылау 2.Түрлері 13.Өлшеу 3.Жаңбыр 14.Жауын-шашын өлшеуіш 4.Қар 15.2 рет 5.Бұршақ 16.Қар өлшеуіш сырық 6.Су тамшылары 17.Таралуы 7.Диаметрі 18.Орта мөлшері 8.Мұз түйіршіктері 19.Көп жауатын жер 9.Қар ұлпасы 20.Булану 10.Шық 21.Буланушылық 11.Қырау Географиялық диктант. 1.Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары..........деп аталады. 2.Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары................деп аталады. 3. Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын- шашын түрі..........деп аталады. 4.Күзде , қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз...........деп аталады. 5.Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі..............деп аталады. Жауаптары: 1.Қылау 4.Қырау 2.Шық 5.Жаңбыр 3.Қар Семантикалық карта
Тірек сызбаны толтыр: Жауын-шашын түрлері Шық Қырау Қылау Бұршақ Қар жаңбыр Бағалау. Үйге тапсырма: Оқулықтан мәтінді оқу,сұрақтарға ауызша жауап беру,59-60 суреттерді дәптерге салу. Кескін картадан шауын-шашын көп және аз түсетін жерлерді түсіру. |