Главная страница

Международные отношения каз. Мазмны маманды бойынша тсу емтиханыны масаттары мен міндеттері


Скачать 164 Kb.
НазваниеМазмны маманды бойынша тсу емтиханыны масаттары мен міндеттері
Дата23.09.2022
Размер164 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаМеждународные отношения каз.doc
ТипДокументы
#691993
страница1 из 2
  1   2

МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады, таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.

Емтиханды қабылдау түрі жазбаша ауызша аралас. Емтиханды тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын қағазға жазбаша жазып, сосын емтихан қабылдаушы комиссияға ауызша жауап береді. Аппиляция берілген жағдайында жауап қағазындағы жазылған жауап негіз болады.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Үміткерлер халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада оқуға қажетті білімге ие болуы міндетті.

- халықаралық қатынастар дамуының қазіргі кездегі ерекшеліктері жетік білуге міндетті;

- халықаралық қатынастарды зерттеудің жүйелі түрін меңгерген болуы міндетті;

- аталмыш саладағы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерімен таныс болуы қажет;

- аймақтық және ғаламдық дамудың өзекті мәселелерімен таныс болуы қажет;

- дипломатиялық протокол мен кәсіби этиканың негізгі ұстанымдарымен таныс болуы міндет;

должны уметь:

- жан жақты сараптама жасауға, халықаралық қатынастардың жаңа қиын үрдістерін салыстырып бағалай білуіге қабілетті болуы қажет.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

– Халықаралық қатынастар тарихы

– Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

– ҚР дипломатиясы

– Дипломатиялық және консулдық қызмет

– Халықаралық ұйымдар

– Әлемдік интеграция үрдістері

– Көпжақты дипломатия

– Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесі

– Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері

– Дипломатиялық құжаттар
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Халықаралық қатынастар тарихы» пәні
1. Биполярлы жүйе кезіндегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс елдері. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және Таяу және Орта Шығыс елдерінің әскери стратегиялық, экономикалық, саяси маңызының күшеюі. Аймақтағы АҚШ, Совет Одағы мен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Түркия, Иран, Сирия, Ливан және Біріккен Африка республикаларындағы демократиялық қозғалыстар.

Араб елдеріндегі АҚШ пен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Мандаттық жүйенің күйреуі. Израиль мемлекетінің құрылуына БҰҰ Палестинаға резолюциясы. Таяушығыстағы тоқырау және оның себебі. Таяушығыс қақтығысының негізгі кезеңдері. Палестинаны азат ету ұйымының құрылуы (ООП). «Алты күндік соғыс» 1967 ж. және оның қорытындылары.

1973 ж. қазан соғысы, Мұнай саласындағы батыс компанияларының мүлкін Ирактың ұлттандыруы. Мұнай бағасының өсуі және әлемдік энергетикалық тоқырау. Мұнай газ мәселелерінің халықаралық қатынастардың стратегиялық құрамдас юөлігіне айналуы және әлемдік шаруалардағы Қиыр Шығыс аймағының маңызының өсуі.

Кэмп-дэвид үрдісі және аймақтағы халықаралық жағдай. 80 жылдардағы таяушығыстағы тоқырау. Ливанға қарсы Израильдік агрессия. Израил басып алған жерлердегі (интифад) палестиндік көтерілістердің басталуы. Қиыршығыс тоқырауын шешудің түрлері мен жолдары.

Әскери саяси блоктар жүйесінің құрылуы. «Багдад пакті». СЕАТО ның құрылуы. Әскери блоктар жүйесіндегі Иран.

Йемен Халықтық Демократиялық Республикасының жариялануы. Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар тәуелсіз мемлекеттерінің құрылуы.

Ирак республикасының сыртқы саясаты. Иран-ирак соғысы және оның салдары. Ислам экономикалық және саяси интеграциясы. ОПЕК құрылуы және оның қызметі.

НАТО және Түркия. Халықаралық қатынастар және Түркия. Ауғанстандағы революция. Ауғанстан айналасындағы сыртық саяси ахуал. Халықаралық қауымдастық және ауған мәселесін реттеу.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан сыртқы саясатының ерекшеліктері. Халықаралық қатынастардың биполярлы жүйесіндегі Индия мен Пәкстанның ролі. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және оның қызметі..
2. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ. БҰҰ құрылуы. Сан-Францискодағы конференция және БҰҰ қаулысы. Қаулы түзетулері. БҰҰ мақсаттарымен принциптері. БҰҰ дағы бақылаушылар. БҰҰ мүшелігі. БҰҰ құрылымы. Бас Ассамблея (ГА): құрылымы, функцияларымен құзіреттілігі. Бас Ассамблеяның отырыстары. Қауіпсіздік кеңесі: құрылымы, құрамы, шешім қабылдау принцибі және қызмет құрамы. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС). Қамқорлық кеңесі, Халықаралық сот, Секретариат және Бас Ассамблеяның функциялары.

БҰҰ арнайы ұйымдары. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ ұйымы (ЮНЕСКО). Халықаралық еңбек ұйымының қызметі (МОТ), Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) және т.б. МАГАТЭ нің құрылуы.

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары. Демократия мен адам құқықтарын қорғау саласындағы БҰҰ қызметі. Негізгі құжаттар: адам құқықтар мен оның негізгі принциптерінің барлыға жалпы Декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар жайлы Пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайлы Пакт.

БҰҰ және экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері.

Қарусыздану мәселесі және БҰҰ рөлі. Халықаралық ынтымақтастықты және түсініспеншілікті нығайтудағы БҰҰ рөлі.
3. Еуропадағы жағдайдың тұрақтануы. Жалпыеуропалық (Хельсинки) үдеріс. 70 жылдардағы халықаралық қиыншылықтардың бәсеңдеуі. Батыс Еуропа елдерімен Кеңес Одағының қарым қатынастарының перифериялық саясаты. Совет-француз қатынастары. Ш. де Гольдің Мәскеуге сапары. Кеңес-британдық қатынастар. Г. Вильсонның Мәскеуге сапары.

Еуропадағы қатынастардың орныға бастауы. В.Брандт және «жаңа шығыстық саясаттың» басталуы. 70 жылдардағы Герман мәселесі. Халықаралық өмірде жаңа феномин Бүкілеуропалық процесстің пайда болуы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың Еуропалық кеңесі.

СБСЕ-нің соңғы актісі. Хелсинки форумының халықаралық маңызы. СБСЕ шеңберіндегі кездесулермен келіссөздер.

4. Еуропадағы интеграциялық үрдістердің дамуы. Еропалық бірігу идеясы. Еуропалық интеграцияның объективті және субъективті факторлары. Соғыстан кейінгі Еуропадағы еуропалық қозғалыс.

Еуропалық экономикалық қатынастар ұйымы. Еуропа Кеңесінің құрылуы. Адам құқықытары жөнінідегі еуропалық комиссия. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот.

1950 жылғы Шуман декларациясы. Еуропалық көмір және болат бірлестігінің құрылуы (ЕОУС): мақсаты, құрылымы, қызметі.

1957 жылғы Рим келісім шарты. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылуы (ЕЭҚ): мақсаты, принциптері, стратегиясы. ЕЭС тің негізгі институттары. Евроатом, оның қауымдастықтар жүйесіндегі ролі.. Еуропалық еркін сауда ассоциясының қалыптасуы (ЕАСТ). Еуропалық интеграцияға деген Франция, Германия, Италия, Ұлыбританияның көзқарастары. ЕЭҚ мемлекеттерінің үшінші мемлкеттермен қатынастары. ЕЭС дамуының негізгі сатылары.

Еуропалық интеграцияның Қауымдастықтан Еуропалық Одақ қа дейін дамуы. Жалпыға бірдей Еуропалық 1986ж. Еуропадағы жаңа халықаралық жағдай.
5.Биполярлы жүйе кезіндегі Азия Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азия тынық мұхиты аймағының қалыптасуы. АТА негізгі кіші аймақтары. Әлемдік саясаттағы АТА ролінің күшеюі. Аймақтық саясаттағы ҚХР мен Жапонияның тәуелсіз орталықтар ретінде қалыптасуы.

ҚХР сыртқы саясатының негізгі ұстанымдары. Корей міселесінің туындауы. Совет Одағымен АҚШ тың Кореяға өатысты саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапония. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы.

Аймақтың халықаралық дамуының ең басты факторы. Совет Одағы, АҚШ, ҚХР, Жапонияның қатынастары.

Аймақтағы негізгі келіспеушіліктер. АТА дағы АҚШтың ерекше ролі.

АТА қауіпсіздік мәселелрі. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы. Тайвань мәселесі. Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы территориялық дау дамайлар. Аймақтық саясаттағы Оңтүстік Кореяның ролі. Кореяны біріктіру мәселесі.

Аймақта қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі. Қауіпсіздік саласындағы екіжақты келісішапттар. Аймақтық қауіпсіздік қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөлігі. АТА мемелкеттерінің экономикалық интеграциясының ерекшеліктері. Аймақтық көпполюстіктің дамуы.
6. Халықаралық қатынастардың Потсдам-Ялта жүйесінің құрылуы. Халықаралық саясаттағы екі бағыт. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы. Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп. Атом мәселесі. Қарусыздану мәселесі. Соғыстан кейін Еуропаны қалпына келтіру.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания; Италия дипломатиясы. Одақтастар арасындағы қатынастардың шиеленесу. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. «Қырғи қабақ соғыс» тұсінігі және оның себептері. Әлемнің екі жүйеге бөлінуі және екі алып мемлкеттің саяси бағыттарының полярлығы. Совет Одағымен АҚШ тың идеологиялық текетірестігі. Екі әскери саяси блоктың қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың Потсдам-Ялта биполяр жүйенің қалыптасуы.

Еуропаның бөлінуі. Трумэн доктринасы және Маршалл жоспары.

Герман мәселесі. Герман мәселесіне қатысты СоветОдағы, АҚШ, Англия, Францияның көзқарастары. «Берлин тоқырауы» және Германияның бөлінуі. ГФР мен ГДР дің құрылуы. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы Герман мәселесі және жетекші елдердің ұстанымдары.

«Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесі» пәні


  1. «Халықаралық жүйе» ұғымының түсінігі. Халықаралық қатынастар саяси, экономикалық, әлеументтік, дипломатиялық, әсекери және гуманитарлық қатынастардың және әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері қатынастарының біркелкі жиынтығы.

Халықаралық қатынастар мемлекеттердің сыртқы саясатының нітижесінде қалыптасатын күрделі жүйе мен үрдістер. Мемлеттердің әлемдік деңгейдегі өз – ара қатынастары. Халықаралық қатынастар сонымен бірге халықаралық келісімдер жүйесі. Әлемдік саясаттың акторларының әртектілігі. Жеке және ресми қатынастар. Халықаралық қатынастар деңгейі мен оның жүйелік мәні. Сыртқы ортаның қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың субъектілерінің құрылымы мен мемлекет аралық, үкімет аралық және ұлт аралық қатынастардың даму деңгейі.

Халықаралық қатынастар халықаралық универсалды ұйымдардың қызметі, оның ішінде БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕҚЫҰ және т.б. Халықаралық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдардың және трансұлттық корпорациялардың қызметі, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар мен Аймақтық мемлекеттер.
2. 1990 жж. әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістер. Әлемнің жаңа саяси картасы. Халықаралық қатынастардың аймақтануы мен аймақтану мәселелері. Экономикалық аймақтану. Превентивтік дипломатия мен гуманитарлық интервенция. Европа континентіндегі жаңа геосаяси өзгерістер: Германияның бірігуі; Югославия мен Чехословакияның ыдырауы; Шыңыс және Орталық Европа мемлекеттерінің батыстық бағыт ұстанымы; Прибалтика мемлекеттерінің ұстанымы. Европоцентризм. ҚХР экономикалық күшеюі мен оның сыртқы саяси белсенділігінің артуы. Жапонияның өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуына сәйкес әлемдік саясатта өз орнын анықтауы. АТА халықаралық қатынастардың дамуы.

«Қырғи қабақ» соғыс пен КСРО ыдырағаннан кейінгі АҚШ әлемдік саясаттағы әлеуетінің өсунуінің объективтік алғы шарттары. Аймақтану. Көпполярлық, бірполярлық және полицентристік жүйелер.
3. Халықаралық қатынастардың дамуының жаңа кезеңіндегі дипломатия мен жаһандық қауіпсіздік мәселелерінің теориялық негіздері. «Қырғи қабақ» соғыстың аяқталуы және халықаралық қатынастар.Шет елдік халықаралық қатынастар мамандарының сараптамалық және теороиялық қорытындылары (Ф. Фукуяма, С. Хантингтон, Зб. Бжезинский және т.б.). Әлемдік қауымдастық туралы халықаралық саяси теория мен идея. Халықаралық қатынастардың саяси және экономикалық теориялары. Қауіпсіздік мәселесі және оның қайта қаралуы.

«Қырғи қабақ» соғыс кезеңіндегі әскери теке – тірестің жахандық қысқаруы. Әскери қарма – қарсылық / соғыстың/ деңгейінің төмендеуі. Аймақтық қақтығыстардың күшейуі мен тереңдеуі. Азия және Африка елдеріндегі мемлекеттіліктің әлсіреуі мен экономикалық күйреуі. Таяу Шығыс дағдарысы. Күш қолданудың жаңа түрлері. «Гуманитарлық операциялар» және оның мәні / саяси – экономикалық, әскери және т.б. /.
4. Аймақтардағы халықаралық қатынастардың дамуы (Европадағы жаңа саяси карта). Европадағы мемлекетаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы. Биполярлық жүйе ыдырағаннан кейінгі Европадағы саяси үрдістерді басқарудың жаңа механизмдері. ЕҚЫҰ Париж Хартиясындағы бекітілген тұғырнамаға сәйкес Шығыс пен Батыстың жақындасуы. Европалық мемлекеттердің жақындасуының жаңа түрлері. ЕҚЫҰ негізіндегі саяси диалог пен өз -ара қатынастардың институционализациялануы. Шығыс және Батыс Европа мемлекетерінің ұжымдық құрылымдарының өзгеруі (ЕЭҚ, ВКШ, НАТО, ЕО, БЕО). НАТО, ЕО, БЕО, Европалық Кеңес ұйымдары мен Шығыс Европа мемлекеттерінің өз -ара ынтымақтастығы. Субаймақтық ұйымдардың құрылуы.

КСРО –ның ыдырауы және Югославия дағдарысы. Жаңа Европаның қалыптасуының негізгі анықтауыштары. Европа мемлекеттері үшін жаңа қауіптер мен қатерлер. Германияның бірігуі. Европаның саяси және идеологиялық бөлінуі дағдарысының аяқталуы. Косово дағдарысы. Европаның жаңа картасы.
5. 2000 ж. басындағы халықаралық қатынастар және АҚШ жаңа ролі. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ – ның сыртқы саясаты. Балама концепциялар. Жаңа ғаламдық стратегияның негізгі айшықтары. Гегемония компонентері. Империялық идеология. АҚШ – ғы унилатерализм. АҚШ экономикалық, әскери – саяси және мәдени қуаты.Гегемонизм идеологиясы. АҚШ және ЕО. АҚШ және Шығыс. АҚШ және ҚХР. АҚШ – ның ланкестікке ұарсы соғысы

Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесіне байланысты АҚШ сыртқы саясатының өзгеруі мен бейімделуі. «Бір полярлық» жүйе концепциясы. АҚШ жаңа жүйедегі шешуші ролі туралы американдық идея. АҚШ бейбітшілік пен демократияның және ғаламдық экономикалық дамудың кепілі. АҚШ – ның одақтастары, достары және әріптестері. Pax Americana идеясы. АҚШ мен ЕО трансатлантикалық әріптестігі. Континенталдық одақ концепциясы. НАФТА шеңберіндегі АҚШ сыртқы экономикалық сауда байланыстары. АҚШ сыртқы саяси старатегиясындағы Орталық және Шығыс Европа мемлекеттерінің орны мен ролі. Амрика Құрама Штаттарының сыртқы саясатындағы азиялық бағыт. АҚШ – ның Таяу Шығыс пен араб әлеміне байланысты сыртқы саяси ұстанымдары. АҚШ Израйлге экономиккалық және әскери көмегі. АҚШ сыртқы саясатындағы исламдық фактор. АҚШ – ҚХР қатынастары. АҚШ – ның посткеңестік кеңестігіндегі саясаты. АҰШ – Ресей қатынастары. АҚШ -ның сыртқы саясатындағы Украина. Орталық Азия мен Кавказдағы АҚШ саясаты. АҚШ және халықаралық ұйымдар. Халыұаралық ланкестік пен қылмысқа байланысты АҚШ саясаты. АҚШ есірткімен және ЖҚЖ қаруына байланысты күресі. АҚШ жахандық субъект ретінде.
6. Аймақтардағы халықаралық қатынастардың дамуы (Орталық Азия). Орталық Азия – жаңа геосаси аймақтың қалыптасуы. Аймақтағы саяси үрдістердің даму динамикасына сараптама. Аймақтық қауіпсіздік мәселелері.

ОА мемлекеттілігінің қалыптасуы. Аймақтағы саяси үрдістердің сипаты. Жаңа мемлекеттердің қалыптасуына жахандану үрдісінің ықпалы. Аймақтағы саяси және ұлттық қатынастарға әлемдік алпауыттар мен аймақтық мемлекеттердің ықпалы. Әлемдік экономикалық тораптардағы ОА мемлекеттерінің ролі мен орны. ОА экономикалық интеграция мәселелері. ОА және Батыс: стратегия, мақсат пен қорытындылары. ОА және посткеңестік кеңестігі. ОА және Азия. ОА жеке геосаяси аймақ болып қалыптасуының ерекшелңктері. ОА және Каспий аймағы. Жаңа қауіптер мен қатерлер.
«Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері» пәні
1. Әлемдік саясаттың әлемдік орталықтары мен жетекші елдері. Халықаралық қатынастар дамуының жаңа әлеуметтік, саяси модельдері. Нағыз полицентризм негізінде жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы. “Мондиализм”, “европоцентризм”, “евразияшылдық”, “исламдық фундаментализм” доктриналарының идеологиялық қарама-қарсы күресі.

Халықаралық стратификация. Әлемдік саясаттағы алып державалардың ролі. Халықаралық ұйымдармен әлемдік саясаттағы мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі.

АҚШ – экономикалық, саяси және әскери салаларда әлемдік көшбасшы. Біріккен Германия – Еуропадағы экономикалық және саяси көшбасшы. Халықаралық қатынастардағы Францияның, Ұлыбританияның, Италияның ролі. Трансатлантикалық қатынастардың трансформациясы.

Интеграцияның жаңа сатысындағы Еропалық қауымдастық. Институционалдық және құрылымдық қайтақұрулармен реформалар. Ұлыбританиямен Данияның ЕО ерекше саясаты. ЕО бейтарап мемлекеттердің ұстанымы. Саяси одақ құрудың федеративті жолы. Жалпы сыртқы саясат пен ЕО қауіпсіздік саясатының эволюциясы.

Орталық Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері. Орталық Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері үшін болашақ стратегиясы. 1999 жылғы тұрақтылық Пакті және оны қамтамасыз ету.

Бұрынғы Югославиядағы демократиялық және саяси қайта құрулар. Косоволағы соғыс аяқталғаннан кейінгі бейбіт қатынастар жүйесі. Балкан үшін интеграциялық стратегия.

НАФТА және Солтүстік америкалық интеграция. Қазіргі экономикалық қарым қатынас жүйесіндегі НАФТА ролі. Аймақтың геосаясаты және аймақтық интеграция мәселелері.

21 ғасырдағы Латын Америкасы. Латын Америка елдерінің спецификалық қызығушылықтары. Батыс жартышарындағы біртұтас сауда экономикалық және инвестициялық кеңістіктің құрылуы.

Әлемдік саясаттағы Ресей. Ресейдің геосаяси жағдайы. Ресей және Батыс – «Дәстүрлі емес қауіптерге» әртүрлі ұстанымдар. Шешен мәселесі. Ланкестік шаралар. Еуропа Кеңесіндегі Ресей. ТМД елдерімен Ресей экономикалық қатынастарының моделі.

Еуразиялық интеграция және ТМД. Еуразиялық геосаяси және жкономикалық кеңістік. Еуразиялық кеңістіктің дезинтеграциясы мен реинтеграциясы. Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақтардағы қауіпсіздікт пен қарым қатынасты нығайтуға бағытталған шаралар. ЕАС және ТМД дағы интеграциялық үрдістер..

Еуразиялық мәдениеттің ядросы ретіндегі Қазақстан, геосаяси біркелкілік, геоэкономикалық ұқсастық, тепе теңдік пен қауіпсіздіктің гаранты.
2. 21 ғасырдағы Азия күшінің күшеюі. 21 ғасыр – “Азияның көтерілу ғасыры”. XX ғасырдың екінші жартысы 90 жылдарындағы Азиялық тоқырау, оны жеңу, кризистік менеджмент. АТА стратегиялық қауіпсіздік. Корей жартыаралындағы жағдай. Ядролық қарудың тарау қаупі.

Жапония – аймақтық және әлемдік держава. Қытай – жаңадан шығып келе жатқа аймақтық держава. Оның субаймақтық және әлемдік саясаттағы ролі. Қытайдың ДСҰ-ға кіруі. Біртұтас Қытай принципі және қытай американдық екіжақты қатынастардағы Тайвань мәселесі.

Индонезияның трансформация үрдісі және Шығыс Тимордағы қақтығыс. Адам құқықтарының бұзылуы. Үнді-пәкістан конфронтациясы (Кашмир мәселесі).Оңтүстік және Орталық Азиядағы талаптар: бейбітшілік қаупі.

Қауіпсіздік мәселелері бойынша аймақтық форум ретінде АСЕАНның шектеулігі. АФТА–еркін сауда аймағын құру жобасы. Индонезия мен Малайзия арасындағы территориялық қақтығыс.

ЕО бірде бір мүшесі ретіндегі Түркия. Күрттер және адам құқықтары мәселелері.

Мұсылман әлемі. Ислам, демократия және нарықтық экономика. Сауд Арабиясының болашағы. Түркия және Ислам. Иранға қатысты Батыс саясаты. Ресей саясатындағы Ислам факторы. Ауғанстандағы Ислам және мемлекеттіліктің құрылуы. Халықаралық қатынастардағы Мысыр, Ливия, Сирия.
3. Саяси көшбасшылар және олардың әлемдік саясаттағы ролі. Жеке тұлға және халықаралық қатынастардың актерлары ретіндегі саяси көшбасшылар. Саяси көшбасшылардың имиджі. Қазіргі кездегі саяси көшбасшылардың әлеуметтенуі. Көшбасшылар әрекеті және қоғамдық пікірдің шешім қабылдаға әсері.

Элита түрлері және саяси, өндіруші, әдеби, ғылыми элита топтарына қатысттығы. Мемлекеттің сыртқы саясатына әсер етуі.

Әлемнің жетекші мемлекеттердің лмдерлері: Дж.Буш, В.Путин, Г.Коль и Г.Шрёдер, Фр.Миттеран и Ж.Ширак, В.Гавел, Ұлыбританияның ханшайымы Елизавета П және олардың әлемдік саясаттағы ролі.
4. Үкіметтік емес ұйымдар мен қозғалыстардың ролі. Мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдардың, тарнсұлттық корпорациялардың қоғамдық қозғалыстардың, әлемдік аренадағы саны мен ықпалының өсуі. Халықаралық қатынастардың дәстүрлі емес акторы ретіндегі трансұлттық әлеуметтік қозғалыстардың ерекшелігі мен ролі.

Экологиялық қозғалыстармен ұйымдар. Саяси экология және саяси апртиялар ФРГ, Италия, Англия, Бельгия, Австрия, Швеция және т.б. елдердегі “Жасылдар”. Экологиялық трансұлтшылдық пен 90-жылдардағы гуманитарлық қозғалыс.

Римдік клуб, ғаламдық мәселелер, “Гринпис” (“Жасыл әлем”) және экологиялық мәселелер.

Әлемдік діндер және шіркеу. Еуропалық шіркеулер конференциясы. Бүкіләлемдік ислам конгрессі және барлық елдер мұсылмандарының бірігуінің күшеюі. Постсоветтік мемлекеттердегі исламның қайта жандануы мен таралуы.

Транұлттық діни топтармен қозғалыстар. Ислам фундаментализмі мен оынң әлемдегі ролі. Католиктік және православтік шіркеулермен әртүрлі секталардың күшею себептері.

Этникалық топтар мен олардың ұйымдары. Мемлекет, азаматтық қоғам мен этнос арасындаға қатынастар. Ирредентизм.

Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары. Жаңа феминистік қозғалыс, оның радикалды-революциялық тобы. Билік институттарындағы әйелдердің санының көбеюі.
5. Ядролық қаруды таратпау мәселесі. Қазіргі цивилизацияның ядролық мәселесі. Ядролық қауіпсіздік. “Ядролық клуб” мүшелері. Үшінші елдердің ядролық қаруға ие болу мәселесі. Үндістан мен Пәкістандағы ядролық тәжірибелер – халықаралық қауіпсіздіктің тепе теңдігін бұзатын фактор. Ғаламдық ядролық қарусыздану мәселесі бойынша ядролық емес мемлекеттердің ұсынысы.

Қаруды таратпау режимі. Иран, Ирак, Солтүстік Корея, Ливия елдерінің ядролық амбициялары.

Атомдық энергеия мен таратпау саласындағы хадықаралық ұйымдар. Халықаралық ядролық таратпау режиміне дәстүрлі емес қауіптер: Ядролық материалдардың заңсыз айналымы, ядролық терроризм. Ядролық қалдықтар мәселесі. XX ғасыр аяғындағы ядролық қиыншылықтар.
6. Әлемдегі миграциялық үрдістер. Қоғамдық өмірдің феномені ретіндегі жаппай халықаралық көшіп қону. Коммуникациялық және транспорттық байланыстар. Жұмысшы ресурстарының көшіп қонуы. Этноәлеуметтік адаптация саясаты. Дамушы елдердегі еңбек ресурстарының шоғырланунының өсуі. Әртүрлі елдердегі миграциялық саясат.

Миграция мәселелері “Саяси қашқындар”, мәжбүрлі қашқындар. Заңсыз миграция және қауіпсіздік мәселелері.
«Көпжақты дипломатия» пәні
1.Көпжақты дипломатия - әлемдік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде. Халықаралық қатынастар, Сыртқы саясат, Әлемдік саясат, Ұлттық мүдде ұғымдарын саралау. Өзара тәуелділік пен қазіргі кезде жаһанданудың кең етек алуы. Қазіргі жаһандану үрдістері және халықаралық қатынастар жүйесіндегі мәселелер. Жаһандану кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.

Әлемдік, аймақтық халықаралық ұйымдардың рөлі мен мәні. Бейүкіметтік халықаралық ұйымдардың халықаралық үрдістерге ықпалы мен беделінің нығаюы. Қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер және оны шешудегі көпжақты дипломатияның рөлі.

Халықаралық конгрестер мен конференциялардың құжаттары мен материалдары көпжақты дипломатияның деректері ретінде. Кәсіби дипломаттардың естеліктері дерек ретінде. Халықаралық конгрестер, конференциялар - көпжақты дипломатияның тәжірибесі.

Дүниежүзілік баспасөз беттерінде халықаралық конференциялардың дайындық жұмыстарының, ұйымдастырылуы және барысының баяндалуы.

Көпжақты дипломатияның дүниежүзілік тәжірибесі. Көпжақты дипломатия және қазіргі жаңа коммуникациялар мен техникалық мүмкіндіктер.
2. XYIII-XIX ғғ. көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері. 1648 ж. Вестфаль бейбіт шарты және Еуропадағы Отызжылдық соғыстың нәтижелері. Жаңа халықаралық қатынастардың бекітілуі. Еуропалық өркендеу тарихының басталуы. “Мемлекеттік мүдде”, “табиғи шекара”, және “саяси тепе-теңдік” қағидалары халықаралық қатынастардың ортақ еуропалық қағидалары ретінде. Негізгі құжат ретінде Весфаль трактатының Еуропа мемлекеттері үшін және Еуропалық көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибесі үшін маңызы.

Утрехт конгресі және ХҮІІІ ғ. Еуропа тарихындағы оның маңызы. Наполеон соғыстары барысындағы антифранцуз коалициялары – көпжақты дипломатияның тәжірибесі ретінде. Шоман трактаты. 1815 ж. Вена конгресі және оның міндеттері. Франция, Англия, Ресей, Пруссия, Австрияның ұстанымдары. Вена конгресінің шешіміндегі Польшаның тағдыры. Саксон мәселесі. Кіші мемлекеттер жөніндегі мәселе. Герман одағының ұйымы. Италия мәселесі және оны шешу жолдары. Вена конгресінің нәтижесі. Қорытынды акт. Еуропалық картаның аумақтық бөлісі. “Қасиетті Одақтың” құрылуы – еуропалық халықаралық ұйымның алғашқы үлгісі. Қарусыздандыру және дүниежүзілік соғысты болдырмау мәселелеріне арналған ХІХ ғ. соңындағы халықаралық конгрестер.
3. Халықаралық келіссөздерді жүргізу әдісі және көпжақты келісімдерді ресімдеу үрдісі. Бүгінгі күні халықаралық мәселелерді шешудің құралы ретінде халықаралық келіссөздердің рөлінің өсуі. “Келіссөз” ұғымының ежелгі кезеңде тікелей сауда-саттық мәселесімен байланысты болуы. Халықаралық құқық туралы сөздіктегі «келіссөз» ұғымының анықтамасы. Келіссөздер – адамдар арасындағы көптеген өзара әрекет түрлерінің бірі ретінде. Келіссөздерге ғана тән негізгі сипаттамалар. Келіссөздердің ерекшеліктері. Келіссөздер топтамасы. Келіссөздердің басты қызметі. Келіссөздерді алдын-ала жобалау және келіссөздердің дайындық кезеңдері. Келіссөздерді ұйымдастыру тәсілдері. Келіссөздерде қатысушыларды отырғызу мәселесін талқылаудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тілін айқындау мәселесі. Келіссөздер барысындағы сауал қоя білудің мәні мен қызметі. Әріптестерден ақпарат алудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тәртібінің негізгі ережелері. Қазіргі кезеңдегі халықаралық келіссөздер тәжірибесінде көпжақты келіссөздерде шешім қабылдаудың екі тәсілін сараптау. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс берудің арнайы тәртібі. Халықаралық келіссөздердің қорытынды құжаттарының түрлері. Халықаралық шарттар құқы жөніндегі Вена конвенциясы. Халықаралық тәжірибеде кездесетін халықаралық шарттардың атаулары. Қатысушы тараптардың шеңберіне байланысты халықаралық шарттардың жіктелуі. Халықаралық шарттардың нышаны мен құрылымына байланысты бөлінуі. 2005 ж. 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңы». Халықаралық келісімдердің құрылымы. Халықаралық шарттарды ресімдеу сатылары.

Халықаралық келісімге қол қою өкілеттігі. Келісімге қол қоюдың қатысушылары. Көпжақты келісімге қол қою тәртібі. Келісім-шартты парафирлеу. Көпжақты келісім-шарттарға қосылу. Жеке шетел мемлекеттердің көпжақты келісім-шарттарды ратификациялау және денонсациялау заңдары. Көпжақты келісім-шарттың күшіне енуі. Келісім-шарттың күшінің мерзімі. Келісім-шарттың пролонгациясы. Көпжақты келісім-шарттың негізгі мазмұны.
4. Әлемдік тәртіп және көпжақты дипломатия. Жаңа дүниежүзілік жаһандық мәселелер және оларды шешудегі БҰҰ-ның негізгі мақсаттары. Белгілі халықаралық мәселелерді талқылау және халықаралық құжаттарды дайындау. Даярлық және көпжақты пікір алмасулар.

Әлемдік мәселелер және оларды шешу жолдарын айқындау. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты және негізгі қағидаларының бірі, әлемдегі қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда тез арада оның алдын алу, жою және бейбітшілікті сақтау жолдарын анықтауы. 2007 ж. Таяу Шығыстағы Ирак мәселесіне аса қатысты БҰҰ назар аударуы. 2006 жылы Ливанда болған саяси тұрақсыздыққа қатысты БҰҰ-ның ұстанымы. Непалдағы дағдарысты БҰҰ –ның бақылауында болуы.

Ашхабадтағы БҰҰ-ның аймақтық орталығының қызметі. БҰҰ-ның Африка құрлығындағы превентивті дипломатиясы. Бейбітшілікті сақтау іс-әрекеттері жөніңдегі департамент қарамағындағы миссиялар. БҰҰ-ның Таяу Шығыс бейбіт үрдісі жөніндегі арнайы үйлестіру кеңсесінің қызметі. БҰҰ-ның Бурундидегі біріккен өкілдігі.

БҰҰ-ның Гвинея-Бисаудағы бейбітшілікке қолдау көрсету жөніндегі бөлімі. Иракқа қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ-ның мисссиясы. Бас хатшының Ливан бойынша жеке өкілділігінің кеңсесі. БҰҰ-ның Сомалиге арналған саяси бөлімшесі. БҰҰ-ның Сьерра-Леонедегі өкілдігі. Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық орталығы. Орталық Африкалық республикаларда бейбітшілікке қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ-ның бөлімшесі.
5.Халықаралық ұйымдар және халықаралық шенеуніктер. Халықаралық ұйымдардың құрылуындағы жеке тұлғалардың рөлі.

Ұйымдардың теоретиктері. Қазіргі саяси және әлеуметтану әдебиетіндегі бюрократияның, бюрократтық институттар мен орындаушылардың (шенеуніктердің) жіктелуі.

ұйымдардың легитимизация, Ұйымдардың рационалдығы. Ұйымдардың, комитеттердің, ассоциациялардың және т.б. құрылуындағы негізгі тұжырымдамалар. БҰҰ тұжырымдамасын ресімдеуге қатысты ұсыныстар. БҰҰ-ның қағидалары мен құзіретін талқылаған Думбартон-Окс мәслихатындағы көпжақты дипломатия тәжірибесі. Қырым мәслихаты, Сан-Франциско мәслихатындағы талқыланған кейбір мәселелерге қатысты ымыраға келу үрдісі. Әлеуметтік тапсырыс ретінде. Халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері. Олардың функциональдық артықшылықтары. Халықаралық ұйымдарға тән басқару институттары. Нормативті және мәдени ортаның ұйымдарды қалыптастырудағы рөлі.

Халықаралық шенеуніктер қазіргі күрделі бюрократтық ұйымдардың бөлігі ретінде. БҰҰ-ның Бас Хатшысы: құзіреті, қызметі мен иммунитеттері. БҰҰ-ның Бас Хатшысының өкілеттілігінің сипаты.

Халықаралық ұйымдарда қызмет ететін дипломаттар, олардың құқықтық мәртебелері. Халықаралық шенеуніктерді таңдап алу және дайындау.Оларға қойылатын негізгі талаптар. Халықаралық ұйымдардағы дипломатиялық протокол.
6.Көпжақты дипломатияның аймақтық қақтығыстарды реттеу әдісі мен тәсілдері. Қақтығыс түсінігі. Қақтығыстар классификациясының негізгі белгілері. Қақтығыстарға тән негізгі сипаттамалар. Американ саясаттанушысы А.Рапопорттың қақтығыстардың түрлеріне қатысты тұжырымы. Посткеңестік кеңістікке тән әскери қақтығыстардың негізгі түрлері. Я.Этингердің этникалық қақтығыстардың топтамасы жөніндегі ұстанымы. Қақтығыстарға тән функциялар. Қақтығыстардың кезеңдерге бөлінуі.

Қазіргі жағдайларда қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу технологиясын қарастырудың маңызы. Құқықтық және саяси құралдардың қақтығыстарды реттеудегі өзара байланысы. Халықаралық қақтығыстарды шешудің шарттық-құқықтық негізі.

Халықаралық ұйымдардың аймақтық қақтығыстарды шешудегі рөлінің арта түсуі. Қақтығыстардың алдын алудағы, шешудегі Ұлттар Лигасының, БҰҰ-ның қызметі. БҰҰ және оның аймақтық қақтығыстарды реттеуге қатысуы. БҰҰ Жарғысының 33 бабына сәйкес халықаралық дауларды шешуде жалпы танылған тәсілдері.

ЕҚЫҰ шеңберінде аймақтық қақтығыстарды шешудің үш деңгейі. НАТО-ның жаңа рөлі және оның қақтығыстарды шешу үрдісіне қатысуы.

Қатерлі халықаралық қақтығыстарды шешудегі көпжақты дипломатияның рөлі. Келіссөздер қақтығыстарды реттеудің маңызды құралдарының бірі ретінде. Халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік мәселелерінің жаңа түсінігі.
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәні
1. Қазастан және БҰҰ. Қазақстанның БҰҰ на мүше болып кіруі. Нью-Йоркте ҚР тұрақты өкілеттілігінің ашылуы. Алматыда БҰҰ ның өкілеттілігінің ашылуы. Қазақстан және Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелрі. Космос кеңістігін меңгеру саласындағы Қазақстанның БҰҰ мен байланыстары. Қазақстанның негізгі комитеттердің жұмысына қатысуы. БҰҰ реформалау жөніндегі Қазақстанның ұстанымы.

Қазақстанның БҰҰ арнайы ұйымдарымен қатынастары. Генеральный хатшы Кофи Аннанның Қазақстанға сапары.
2. ТМД шеңберіндегі Қазақстан Республикасының саясаты. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің ерекшеліктері. Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрудағы бастамалары. ТМД құру туралы Алматы Декларациясы. ТМД ның даму сатыларымен жолдары. Қатынастардың заңды негізінің қалыптасуы.

ТМД шеңберіндегі дағдарыстық жағдайлар. ТМД территориясындағы үш интеграциялық қауымдастықтар. Кедендік Одақ жіне біртұтас экономикалық кеңістік. Аймақтық интеграцияның тереңдеуі. ТМД-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы. ТМД елдерінің интеграциялық бастамаларының жаңа сатысы.

Еуразиялық Одақ құру ойы және үрдісі.Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жобасы.

Аймақтық экономикалық интеграция механизмінің жетістіктері. Еуразиялық экономикалық қауымдастықта Кедендік одақтың құрылуы.
3. Азиялық бағыттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Қазақстан қытай қатынастарының қазіргі кепзі мен болашағы. ҚХР мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауы. Жетекші шенеуліктердің ресми сапарлары. Қатынастардың құқықтық –келісім шарттық негізі. Қытайдағы этникалық сепаратизм мәселесі және оған Қазақстанның көзқарасы. БҰҰ, «Шанхай бестігі», СВМДА, «Еуроазиялық экономикалық саммит» шеңберіндегі Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы. Шекара мәселелері. Азиялық қауіпсіздік мәселелері. Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесі. Ертіс Іле шекара көлдері мәселелері. Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері.Сауда-экономикалық қатынастар. Екі елдің мұнай саласындағы қатынастары. Мәдени және гуманитарлық саладағы қатынастар. Қазақстан-қытай қатынастарының болашағы.

Қазақстан-жапон қатынастары.

Дипломатиялық қатынастардығ орнауы. Ресми сапарлар мен кездесулер. Қатынастардың негізгі салалары: экономикалық, инвестициялық, ғылым мен техника, экологиялық мәселелер.

Қазақстан мен Корей Халықтық Демократиялық Республика қатынастары. Дипломатиялық қатынастардығ орнауы. Ресми сапарлар мен кездесулер. Қатынастардың негізгі салалары. Қазақстандағы корей диаспорасы.

Қазақстанның Қиыршығыстағы саясаты және араб елдерімен қатынастары.

Араб мемлекеттері: Мысыр, Сауд Аравиясы елдерімен дипломатиялық қатынастардың орнауы және қатынастардың негізгі салалары.
4. Қазақстанның Америка құрлық мемлекеттерімен қатынастары. АҚШ-Қазақстан қатынастары. Қазақстан АҚШ тың стартегиялық серіктесі. Екіжақты қатынастардың негізгі кезеңдері.Ядролық қауіпсіздік саласындағы қатынастар.

Каспий мұнайы, энергетика, Қазақстаннан әлемдік рыноктарға көмірсутегі шикізатын экспортық шығару мәселелері және АҚШ тың ұстанымдары. Ғылым мен техника саласындағы үкіметаралық қатынастар. АҚШ тың ҚР ғы білім беру бағдарламалары. Қазақстанның Латын Америка мемлкеттерімен қатынастары.
5. Қазақстанның Еуропалық бағыттағы сыртқы саясаты. Қазақстан және ЕО. ЕО байланысты Қазақстанның сыртқы саясаты. Парламентарадық байланыстар. Қатынастардың заңдық негізі.

ЕО – Қазақстанның ірі сауда – экономикалық серіктесі. ЕО Қазақстанға қатысты инвестициялық саясаты. ЕО Қазақстанның энергетикалық секторындағы мүдделері. Қазақстандағы “ТАСИС” еуропалық бағдарламасы. Транзиттік магистраль жобалары: “ИНОГЕЙТ” и “ТРАСЕКА”. “ИНТАС”, “TEMPUS” бағдарламалары.
6. Қазақстан және аймақтық ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері. Каспий теңізі мәселесі. Каспий теңізі аумағындағы қазіргі геосаяси жағдай. Каспии мәселесі бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық сипаты. Қазақстандық дипломатияның міндеттері. Каспии түбінің делимитациясы мәселесі. Каспий аймағы мемлекеттерініңкөпжақты және екіжақты келісімдері. Аймақтағы әлемдік державалардың мүдделері. Каспий аймағы мемлекеттерінің экспорттық құбырлар саясаты. Каспий мұнайын тасымалдау жолдары. Каспий теңізіне ядросыз аймақ статусын беру мәселесі.

Қазақстан жән аймақтық қауіпсіздік мәселелері.

Қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның бастамалары және оларды жүзеге асыру. Азиядағы превентивтік дипломатия. СВМДА. Құрылу кезеңдері. Мүше елдер. Институциализациясы. Тәжікістандағы бейбіт шараларды аяқтаудың Қазақстандық бастамасы. Ауғаныстандағы бейбіт өмір орнатудағы қазақстандық бастамалар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ШЫҰ. Қазақстан және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі.
«Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні


  1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесі. Дипломатиялық қызмет органдарының негізгі функциялары: әлемдегі қазіргі даму үрдістерін сараптау. ҚР өкілдіктерінің шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасуы. ҚР халықаралық саясат стратегиясын жүзеге асыру шетелдерде ҚР-ның сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпараттар таратуға ықпал жасау.

Мемлекеттік және дипломатиялық протокол. ҚР дипломатиялық протокол нормаларының халықаралық тәжірибемен сәйкестігі. Мемлекеттік протоколды өткізу салтанатының ұлттық ерекшеліктері.
2. Дипломатиялық жұмыстың негізгі түрлері мен әдістері. Дипломатиялық өкілдік жұмысының дәстүрлі бағыттары. Дипломатиялық қызметкерлердің қабылдаушы елдегі ақпараттық қызметтері және оның маңызы. Өз елінің ұстанымы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыс. Сараптамалық жұмыс. Дипломатиялық өкілдіктің хаттамалық функциялары. Дипломатиялық жазбалардың дипломатиялық өкілдік жұмысындағы маңызы.

Дипломатиялық өкілдіктің дәстүрлі емес жұмыс түрлері: мәдени, лингвистикалық, экономикалық, әскери көмек, гуманитарлық көмек. Істерді шешудің қарапайым түрлері, жұмысты үйлестіру.
3. Хаттамалық жұмыс. Дипломатиялық қызметтегі хаттамалық жұмыстың рөлі. Хаттамалық шаралардың негізгі міндеттері. Елшіліктерді ұйымдастыру мен ашу рәсімдері. Ресми сапарлар мен ресми байланыстардың хаттамасы. Жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапардың өлшемдері мен тәжірибесі. Шетелдік дипломаттар мен делегацияларды қарсы алу дайындығы.

Дипломатиялық қабылдаулар: қабылдаулардың мақсаттары, негізгі түрлері. Қабылдауларды дайындау әдістерінің халықаралық тәжірибесі және оның дипломатиялық этикеті. Халықаралық хаттамалық тәжірибенің этикеті. Өкілеттілік шаралардың түрлері. Дипломаттың визиттік карточкалары.

Дипломатиялық өкілдіктің негізгі хаттамалық функциялары. Жекелеген елдердің дипломатиялық хаттамасының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының дипломатиялық хаттамасы.


  1. Дипломатиялық байланыстар, тікелей сапарлар мен сұхбаттар. Дипломаттардың байланыстарының, сапарларының және сұхбаттарының рөлі. Ресми байланыстар. Байланыстарды дипломатиялық қабылдаулар, протоколдық шаралар және басқа да кездесулер көмегімен дамыту. Дипломатиялық сұхбаттардың маңызы. Дипломатиялық сұхбаттарды дайындау техникасы. Дипломатиялық сұхбаттардың схемасы. Тапсырмалар бойынша сұхбаттар және олардың сипаты. Жеке өз бастамасымен өткізілетін сұхбаттар. Баспасөз өкілдерімен кездесу.

Сұхбаттарды өткізудегі дипломаттардың жеке қасиеттері мен өнері. Дипломатиялық сұхбаттар жазбасының ережелері.


  1. Келіссөздер дипломатияның құралы ретінде. Келіссөздер дипломатиялық жұмыстың маңызды түрлерінің бірі ретінде. Қазіргі келіссөздер барысының ерекшеліктері. Келіссөздердің типологиясы және оның негізгі белгілері. Келіссөздер құрылымы. Келіссөздердің негізгі функциялары. Келіссөздердің түрлері. Келіссөздерді ұйымдастыру дайындығы. Келіссөздерге дайындалу әдістері.

Келіссөздердің кезеңдері: пікір-таластық (бастапқы); аргументация және болашақ келіссөздердің жалпы ауқымын анықтау; ұстанымдарды келістіру және уағдаластыққа қол жеткізу (қорытынды). Келіссөздердің мазмұнды бөлігі. Ортақ тәсілдің қалыптасуы және оның келіссөздер барысындағы маңызы. Келіссөздердің қорытынды құжаттары және олардың түрлері.
6. Қазіргі кездегі дипломатияның ұйымдастырылуы мен тәжірибесіндегі өзгерістер. Мемлекеттердің санқырлы сыртқы саяси қызметінің күн санап арта түсуі және қазіргі дипломатия қызметінің жаңа салалары. Коммуникацияның қазіргі кездегі құралдары және дипломатия. Технологиялық революцияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалану.

Халықаралық ұйымдар ауқымындағы дипломатиялық әрекет. Жетекші елдер мен кішкентай мемлекеттердің, “үшінші дүние” елдерінің, микро мемлекеттердің қазіргі кездегі дипломатиялық қызметі. Дипломатияның ұлттық стилінің жүйеленуі; дипломатиялық әдістердің әмбебаптылығы. Келіссөздер саласындағы сындарлы параллелизм.

Дипломатиялық институттардың модификациясы. Дипломатиялық қызметтің даму болашағы. Қазіргі дипломатиялық стиль. Қазіргі дипломатияның іскерлігі, ашықтығы, қуаттылығы.
«Қазақстан Республикасының дипломатиясы» пәні
1. Қазақстан Республикасының дипломатиясы мен дипломатяилық қызметінің қалыптасуы. Тәуелсіздіктің жариялануы. Қазақстанның әллемдік сахнаға шығуы. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қабылдауы. Қазақстанды дипломатиялық тез тану.

Қазақстанның сыртқы саяси доктринасының қалыптасуы. Негізгі сыртқы саяси басымдылықтарды жүзеге асыру.

Қазақстандық дипломатиялық қызметтің қалыптасуы. Совет Одағы Сыртқы істер министрлігі құрамынан шығу. Ұлттық сыртқы байланыстар мекемесі ҚР Сыртқы Істер министрлігінің құрылуы. Өзіндік дипоматиялық инфраструктураның құрылуы. Шетелдерде Қазақстанның алғашқы дипломатиялық өкілеттіктерінің пайда болуы. Қазақстандық диплоатияның басым бағыттары.

Сыртқы әлеммен қаңды құқықытық негіздің құрылуы. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы: Дипломатиялық қатынастардың Вена конвенциясы 1961 ж.; Консулдық қатынастардың Вена конвенциясы 1963 ж.; және т.б. Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы: БҰҰ және т.б.
2. Қазақстандық дипломатия және аймақтық қауіпсіздік мәселелері. Қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның бастамалары және оларды жүзеге асыру. Азиядағы превентивтік дипломатия. СВМДА. Құрылу кезеңдері. Мүше елдер. Институциализациясы. Тәжікістандағы бейбіт шараларды аяқтаудың Қазақстандық бастамасы. Ауғаныстандағы бейбіт өмір орнатудағы қазақстандық бастамалар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ШЫҰ. Қазақстан және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі.
3. Қазақстан дипломатиясы және қарулануды қадағалау, қарусыздану мәселесі мен жаппай қырып жою қаруын таратпау. Қазақстанның ядролық қаруы бар мемлекеттермен қатынастарының еркшелігі. Қазақстанның ядролық қарудың барлық түрлерінен бас тартуы. Қазақстанның орта және аз қашықтықтағы ракеталарды жою келісіміне қосылуы (РСМД). Қазақстан территориясындағы ракетаға қарсы қорғану жүйесінің шектелуі (ПРО). Қазақстан және ядролық қаруды таратпау келісімі (ДНЯО). Қазақстанның ядролық қарусыздану үрдісі. Әскери шаруашылық кешеннің конверсиясы (ВПК).

Дипломатияның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі мен маңызы.
4. Қазақстандық дипломатия мен экологиялық мәселелер. Қазақстанның экологиялық жағдайы. ҚР экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму концепциясы. СІМ және оның экология саласындағы халықаралық қатынастарға міндеттілігі. Қоршаған ортаны сақтау саласындағы Қазақстанның халықаралық қатынастары. Климаттың жаһандық өзгеру мәселесі (Йоханнесбург, ЮАР, 2002). Қазақстандағы экологиялық қозғалыстар.

5. Қазақстан Республикасының дипломатикалық тәжірибесі. Әлемдегі ҚР дипломатиялық қызметінің орнының нығайуы. Дипломатиялық қызмет органдарының негіщгі бағыттары: әлемдегі қазіргі болып жатқа жағдайларды сараптау, шетелдерде және халықаралық ұйымдарда Қазақстанның өкілі өызметін атқару және т.б. ҚР СІМ Президен әкімшілігі мен Үкімет аппаратымен Парламентпен елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомствалармен қарым қатынасы. Архив, қауіпсіздік және ҚР СІМ басылым органдары.
6. Каспий теңізі мәселесі және Қазақстандық дипломатия. Каспий теңізі мәселесі. Каспий теңізі аумағындағы қазіргі геосаяси жағдай. Каспии мәселесі бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық сипаты. Қазақстандық дипломатияның міндеттері. Каспии түбінің делимитациясы мәселесі. Каспий аймағы мемлекеттерініңкөпжақты және екіжақты келісімдері. Аймақтағы әлемдік державалардың мүдделері. Каспий аймағы мемлекеттерінің экспорттық құбырлар саясаты. Каспий мұнайын тасымалдау жолдары. Каспий теңізіне ядросыз аймақ статусын беру мәселесі.
«Дипломатиялық құжаттар» пәні


  1. Дипломатиялық тіл және оның ерекшеліктері. “Дипломатиялық тіл” түсінігі. Дипломатиялық тіл дипломаттардың ауызша және жазбаша түрдегі қатынастарда қолданатын тілі ретінде. Дипломатиялық қатынастар барысындағы жалпы тіл ретіндегі латын тілінің рөлі. Дипломатия тарихындағы француз тілінің рөлі. Дипломатиялық қатынастардағы қазіргі ресми тілдер. Тілмаштар (аудармашылар) институты, олардың қызметі және дипломатиялық келіссөздердегі рөлі. Дипломатиялық тіл дипломатиялық сөздіктің техникалық сөз орамы ретінде. Дипломатиялық тілге қойылатын талаптар, дипломатиялық тілдің ерекшеліктері. Сөздің дипломатиядағы мәні мен беделі.



  1. Дипломатиялық құжаттарды рәсімдеу және жазуға қойылатын талаптар. Халықаралық қауымдастыққа арналған дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Екіжақты сипатқа ие дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Дипломатиялық құжаттардың халыққа жолдануы. Дипломатиялық құжаттардың мағыналық құрылымы: хаттамалық сөз орамы, мағыналы өзегі, дәлелдеу бөлімі, дерек келтірілетін бөлім. “Хаттамалық сөз орамы” түсінігі. Дипломатиялық құжаттардағы хаттамалық сөз орамының қызметі мен рөлі. Хаттамалық сөз орамы қолданылатын дипломатиялық құжаттар.




  1. Дипломатиялық құжаттардың құрылымы. Дипломатиялық құжаттардың бағытталуы. Дипломатиялық құжаттардың екі бағытта жолдануы. Үкімет - дипломатиялық құжаттың бірінші адресаты ретінде. Халық - дипломатиялық құжаттың екінші адресаты ретінде. Дипломатиялық қатынастағы екінші бағыттың рөлі. Ең кең таралған хаттамалық сөз орамдары. Нотада, есте сақтау жазбаларында, үкімет басшыларының жеке арнауларында хаттамалық сөз орамдарын дұрыс ресімдеу. Хаттамалық сөз орамдарын рұқсатнама алу мәселелеріне қатысты ноталарда ресімдеу ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде хаттамалық сөз орамдарын пайдаланбайтын сәттер.




  1. Дипломатиялық құжаттың негізгі бөлімі - мағыналы өзегі. Мағыналы өзектің қызметі мен рөлі. Ішкі мазмұнына қарасты дипломатиялық құжаттардың түрлері. Мазмұны жағынан наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттар. Ұсыныс жасауды білдіретін дипломатиялық құжаттар. Мүмкін болатын жауап қадамды ескертетін дипломатиялық құжаттар. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын айқындайтын құжаттар. Іс-шара жөнінде хабарлайтын құжаттар. Келіскендікті ресімдейтін дипломатиялық құжаттар.




  1. Дипломатиялық құжаттың мәліметтік бөлімі. Дерек келтірілетін бөлімдер, негізгі кескіндері мен ерекшеліктері. Дипломатиялық құжаттардың деректік бөлімін жазу және оны ресімдеуге қойылатын талаптар. Дерек келтірілетін бөлімнің қызметі мен рөлі. Мәліметтік бөлімді жазу барысында деректі сұрыптай білу, оны жіктеп, сараптап, дипломатиялық құжатта орын тәртібін белгілеу.




  1. Мәліметті баяндау бөлімі, және оны рәсімдеу талаптары. Мәліметті баяндау негізгі бөлігі мен негізгі сипаттары. Дипломатиялық құжаттардың мәліметті баяндау бөлімін жазу жәнен рәсімдеуге қойылатын талаптар. Мәліметті баяндау бөлімінің рөлі, функциялары. Мәліметті баяндау бөлімін жазудың және оны рәсімдеудің талаптары. Мәліметті баяндау бөлімін жазуға мәліметтер жинақтау, олардың сыныпталуы, талдануы, дипломатиялық құжаттарда қиыласуы.




  1. Дипломатиялық хат алмасу. Дипломатиялық хат алмасуға қатысты құжаттар. Дипломатиялық нота - дипломатиялық хат алмасудың негізгі құжаты ретінде. Ноталардың түрі. Вербальды нота, жеке нота. Дипломатиялық ноталарды құрастырудың техникасы. Естелік жазбаларының түрлері. Естелік жазбаларын құрастырудың техникасы. Меморандум. Меморандум түрлері. Меморандум құрастырудың техникасы. Жартылайресми сипаттағы жеке хат. Жартылайресми сипаттағы жеке хатты құрастырудың техникасы. Мемлекет басшыларының жеке жолдаулары мен сыртқы істер министрлерінің хаттары. Оларды рәсімдеу техникасы.




  1. Дипломатиялық құжаттар негізінде мемлекеттердің хат арқылы байланысының жаңа түрлері. Дипломатиялық құжаттардың мемлекеттік дипломатиялық қызмет түріне сәйкес келуі. Декларация, дипломатиялық құжаттың бұл түрінің ерекшелігі. Үкіметтің (Сыртқы істер министрлігінің) мәлімдемесі, оның ерекшеліктері. Баспасөзге арналған мәлімдеме. Халықаралық мәжілістердегі және халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің өкілдерінің мәлімдемелері мен баяндамалары. Дипломатиялық тост (ресми тілек айту). Жеделхат.

  1   2


написать администратору сайта