10 сынып ТЖБ. Химия пнінен 4тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары 1
Скачать 0.49 Mb.
|
«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Бөлшектердің ішінен: NO2+ 2) OH- 3) +CH3 4) CN- 5) H+ 6) NH2- 7) Cl● 8) :NH3 нуклеофильді бөлшектердің қатарын көрсетіңіз. A) 1, 3, 5 B) 7және 8 C) тек 7 D) 2, 4, 6, 8 [1] 2. Екі атомды спирттердің тривиалды атауы А) гликоль B) эритрит С) сорбит D) глицерин [1] 3. Төменде спирттердің формуласы келтірілген 1) С2Н5ОН 2) СН3ОН 3) С2Н4 (ОН)2 4) (СН3)2СНОН 5) (СН3)2СО 6) С3Н5 (ОН)3 7) СН3 СОН Бір атомды және екіншілік спирттердің формуласы қайсысы? A) 3,4 B) тек 6 C) 1 және 2, 4 D) 5және 6 [1] 4. Ассиметриялы алкендер мен олардың қосылу реакциясының өнімдері арасындағы сәйкестікті орындаңыз.
Жауабы: А) _______________ В)______________ С)_______________ [3] 5. Полиэтилен тұрмыстық және өндірістік маңызы бар пластмассалардың бірі. і) Полиэтиленнің үш құрылымдық буынынан тұратын формуласын жазыңыз және полипропилен (РР) қолданатын кез-келген бір саланы атаңыз: _____________________________________________________________________________ [1] іі) белгісі полиэтилен (РР) тұрмыстық зат ретінде қолдануға болатындығын және қайта өңдеуге жіберуге болатындығын білдіреді. Полипролиен (РР) қайта өңдеуге жіберудің қажеттілігін туындататын кез келген бір факторды ұсыныңыз: ______________________________________________________________________________ [1] ііі) Полиэтиленді (РР) қайта өңдеудің қажеттілігін түсіндіріңіз: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ [1] 6. Крекинг түрлері мен жүру жағдайы, алынатын өнімдер арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. [3] 7. Галоген алкандар соның ішінде хлорорганикалық қосылыстар жиі қолданылады. Галоген алкандар жақсы еріткіштер болып табылады. Мысалы дихлорметан майды,каучукті целлюлозаның эфирлерін жақсы ерітеді, ал хлорэтан медицинада жергілікті анестетик ретінде қолданылады.Сонымен әр түрлі аэрозольдердің құрамына да кіреді.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша дамыған елдерде мұндай аэрозольдерді қолдануға тыйым салынған. і) Салқындатқыш зат "хладагент" реагент ретінде қолданылатын кез келген бір органикалық галоген туындыны атаңыз: ______________________________________________________________________________ [1] іі) Хлортуындылардың қоршаған ортаға кері әсерін түсіндіріңіз: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ [2] 8. Жалпы формуласы СnH2n-2 болып келетін көмірсутектерге құрамында үш еселі байланысы бар алкиндер мен құрамында екі еселі байланысы бар диен көмірсутектері жатады.Егер n=6 болса,онда і) осы алкиннің бір изомерінің құрылымдық формуласын жазыңыз [1] іі) і) тапсырмасында жазылған алкиннің изомері үшін сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазып, өнімін атаңыз [2] 9. Алкандар молекуласындағы бір сутек атомы галоген атомына алмасқан көмірсутердің галоген туындылары –Галогеналкандар деп аталады. Галогеналкандарға нуклеофильді орынбасу реакциялары тән. Төменде 9.1 –суретте галогеналкандардан спирттердің алыну реакциясының механизмі көрсетілген. і) Бромпентан молекуласы үшін мүмкін болатын изомерлерінің формуласын жазыңыз [1] іі) Бромбутанның бір изомері SN2 механизміне өте оңай түседі.Бұл қай изомер? Осы изомер үшін бромбутаннан спирт алынатын реакцияның механизмін жазып / сызып көрсетіңіз? [2] 10. Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. а) Фенолдың қышқылдық қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеуін жазыңыз. NaОН-мен [1] b) Фенолдарға сапалық реакция ол FeCl3 ерітіндісімен әрекеттесіп күлгін түске боялады. Сонымен қатар бром суы да фенол үшін сапалық реакция береді. Фенолға бром суын қосқанда байқалатын құбылыс пен түзілген өнімнің формуласын жазыңыз. [1] С і) фенолдфң қолданылуына бір мысал келтіріңіз. [2] 11. Зертханашы оқушыға спирттердің ерітіндісін дайындап жатып қай сынауыққа қандай заттың ерітіндісін құйғандығын ұмытып қалды да, сынауықтарды № 1 және № 2 деп нөмірлей салды. Зертханашыға сіздің көмегіңіз қажет! Қай сынауықта этил спирті, ал қай сынауықта үш атомды спирт глицериннің бар екендігін анықтауға көмектесіңіз. і) сынауықтардағы заттарды анықтау үшін қажетті реагенттің формуласын жазыңыз: а) этил спирті____________________________________________ b) глицерин _____________________________________________ [1] іі) Глицеринге анықтаушы реагентті қосқан кезде байқалатын құбылыс ______________________________________________________________________________ [1] iii) Этил спирті мен реагент арасындағы реакция теңдеуін және байқалатын құбылысты жазыңыз: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ [1] 12. Бір атомды алифатты спирттер улы. Мысалы, метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т.б. ауруларын тудырады. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады. Этил тұрмыста сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылады. Алькогольді ішімдік ретінде ұзақ уақыт пайдалану барысында адам ағзасына кері әсерін тигізеді. і) этил спиртін ұзақ уақыт қабылдаған кезде "цирроз" ауруына шалдығатын ағза мүшесін атаңыз: _____________________________________________________________________________ [1] іі) Ағзаны "цирроз" ауруына шалдықтыратын химиялық қосылыс және ол неліктен цирроз ауруына шалдықтырады? ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ [1] [Барлығы 30] Балл қою кестесі
|