Аралық бақылау. Хинизов Хаджи 12 сра
Скачать 15.3 Kb.
|
Хинизов Хаджи 12 сұрақ Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеоидтік 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105—1010. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді. Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар. Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі (25-сызбанұсқа). Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді. ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі. Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады. Полинуклеотидтің құрылысын сызбанұсқамен былай өрнектеуге болады: ақуыздар сияқты нуклеин қышқылдары әр түрлі болады. Олардың организмдегі функциясы да әр алуан. Нуклеин қышқылдарының да ақуыздар сияқты әр түрлі құрылымдары болады. Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тәртіппен орналасады. Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесу болады. НҚ-ның макромолекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құралады. Олар кеңістікте қос оралма түзеді (54-сурет). Оралманы фосфор қышқылының полиэфирі түзеді, пиримидин және пурин туындыларының жазық молекуласы оралманың ішінде болады. Нуклеин қышқылының макромолекуласындағы бірінің ішінде бірі жатқан ширатылған екі оралмада, пиримидин және пурин қалдықтары өзара сутектік байланыс арқылы байланыскан. Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) — аденин (А) және цитозин (С) — гуанин (G). ДНҚ-ның қос оралмалы сызбанұсқасында таспамен көрсетілгендері фосфор қышқылымен көмірсулардың полиэфирінің макромолекуласы. Бұларды қосып жатқан түзулер пиримидин және пурин туындылары, олар комплементарлы жұптар. Нуклеин қышқылының үшіншілік щрылымы — ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы. 24-сұрақ Гиповитаминоздар, авитаминоздар, полиавитаминоздар туралы түсінік. Гипервитаминоздар. Витамерлер. Провитаминдер. Антивитаминдер Адамда витаминнің жетіспеуі гиповитаминоз деп аталады. Авитаминоз дегеніміз – тағамда витаминнің мүлде жетіспеуіне байланысты патологиялық күй. Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин түспесе, полиавитаминоз деа аталады. Гипервитаминоз – витаминдердің организмге артық мөлшерде түсуіне байланысты патологиялық жағдай. Витамерлер дегеніміз – витаминдік активтілікке ие, химиялық құрылысы жағынан витаминге ұқсас қосылыстар. Антивитаминдер деп витаминдерді жою, активтілігін төмендету немесе сіңірілуін бұзу арқылы оларды зат алмасу үрдістерінен шығаратын заттарды айтамыз. 36 сұрақ Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың жасушалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа, май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т.б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады. Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет – жиырылғыштық. Бұлар көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүректің бұлшық ет тіні деп бөлінеді. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия жасушаларынан құралады. Оларға тән қасиет – қозғыштығы және қозу өткізгіштігі болып саналады. Бұл тін организмдегі барлық органдарды өзара және оларды қоршаған ортамен байланыстырып тұрады. Тіндердің әрбір тобының дамуы (қ. Гистогенез) бірте-бірте бастапқы жасушалардың бөлінуінен қалыптасады. Кейде ересек организмдерде де регенерация процесі арқылы қалпына келеді. Кез келген органның құрамында тіннің барлық тобы кездеседі. Дегенмен бір органда бір тін тобы басым болады. Тіндер қоректену және үйлесімді қызмет атқару кезінде бір-бірімен тығыз байланысады. Әсіресе бұлшық ет пен жүйке тінінің байланысы айқын байқалады. Тін топтары бірігіп, белгілі бір органды құрайды. Ал тін құрамындағы жасушалар өзара бірігіп, органдарда құрылымдық әрі қызметтік бірліктерді құрайды. Мысалы, бүйректегі – нефрондар, өкпедегі – ацинустар, т.б. Тәжірибелік жағдайдағы зерттеулер барысында тіндерді организмнен тыс ортада қолдан өсіруге де болады. Адам мен жануарлар тіндерін гистология ғылымы зерттейді. өсімдіктердегі тінді ұлпа деп атайды. |