Бөлім:
| І бөлім «Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары»
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
| Кусаинова Алтын Маратовна
|
Күні:
| 26.10.22ж.
|
Сынып: 8
| Қатысушылар саны: 11
| Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы
| Желідегі қауіпсіздік
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 8. 4. 2. 1 желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернетте алаяқтық пен агрессия)
|
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық білім алушылар: Интернет желісін пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын, «желідегі алаяқтық» туралы білу;
Басым көпшілігі: Кибербуллингтен қандай қауіп төнетінін білу;
Кейбір білім алушылар: Пайдаланушыға әлеуметтік желілерде кездесетін қауіп-қатер туралы кеңес беру.
|
Бағалау критерийлері:
| Ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау туралы біледі; «Желідегі алаяқтық» туралы хабардар болады, олардан сақ болу керектігін түсінеді; Кибербуллинг термині туралы түсінігі қалыптасады; IP-адрестеу туралы біледі.
|
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін
| Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке ерекшеліктерін қажетке алу:
3-топ: әлеуметтік жағдайы төмен (көп балалы отбасы, әкесі жұмыссыз, анасы үнемі жұмыста білім алушының білімін жетілдіруге үйде жағдай қарастырылмаған)
ерекше білім беруге қажеттілік туындайтын баланы алдыңғы орынға отырғызып, мұғалім сабақ кезеңдерінде жеке назарында алады
|
Ойлау дағдылары
| білу және түсіну, қолдану, жоғары жоғары ойлау дағдылары
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ерекше білім беруді қажет ететін баланың іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
| Білім беруші білім алушылармен сәлемдеседі;
Сынып білім алушыларын түгендейді;
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мақсаты:Білім алушылар бойында еркіндік, өз ойын жинақтап айту, тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ барлық білім алушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
«Селфи» әдісі. Білім алушылар бір-бірін суретке түсіріп, кімнің жақсы фотоға түскенін анықтау мақса-тында бір-біріне жағымды сөздер (комплимент) айтады. Бұл арқылы АКТ-ның мүмкіндігі, пайдасының зор екендігін айтып жеткізеді.
Топқа бөлу
Мақсаты: ынтымақтастық ортада рөлдік функцияны бөле отырып бір-бірін жетілдіру тапсырмаларды бірлесіп орындау, әлдебір өнім жасау үшін білім алушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастыру
Білім алушыларды арнайы платформа арқылы 3 топқа бөледі (түрлі-түсті фигуралар арқылы).
| Пән мұғалімімен сәлемдеседі;
Сынып белсендісі сынып туралы ақпарат береді;
білім алушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, көңіл-күйлерін көтереді, жинақталады, сабаққа назары аударады
Топқа бөлінеді;
мұғалім нұсқаулығы бойынша интербелсенді тақтадағы өз топтарын көріп, түстері көрсетілген парталарға топтасады
-қызыл, жасыл, көк түс
І топ – қызыл
ІІ топ – жасыл
І ІІ топ – көк түс
|
Мұғалім: Білім алшы-лардың белсенділігін арттыратын ынталан-дыру сөздер:
«Тамаша» «Жарайсыздар» «Өте жақсы»
|
тірек қағаздары
https://www.classtools.net/random-group-generator
|
Сабақтың басы
5 минут
| Өткен сабақты пысықтау. «Миға шабуыл». Топтық жұмыс
Мақсаты: Баланың тақырып аясында бастапқы білімін анықтау мақсатында топтарға сұрақтар беріледі.
«Ақпараттық қауіпсіздік» дегенді қалай түсінесің? Интернетте жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтайсың? Интернеттегі жұмыс барысында қандай қауіп-қатер туындауы мүмкін?
Осы 3 сұрақ үш топқа беріледі. Ойларын қағазға түсірулерін өтінеді
|
1-топқа 1-ші сұрақ
2-ші топқа 2-ші сұрақ
3-ші топқа 3-ші сұрақ берілгендіктен, топ мүшелерімен талқылап, топта шешім шығарып, ойларын қағаз бетіне түіреді.
Топтың бір мүшесі сұраққа жауап береді
|
Мұғалім: Білім алшы-лардың белсенділігін арттыратын ынталан-дыру сөздер:
«Тамаша» «Жарайсыздар» «Өте жақсы»
| Интербелсенді тақта, сұрақтар жазылған Слайд №1
|
12 минут
| Жаңа тақырып. Топтық жұмыс
Мақсаты: Жаңа қолдану
Оқулықтағы шағын тақырыптар топтарға бөлініп беріледі. Тақырыпты топта оқып, талқылауға беріледі.
1-топқа Ақпараттық қауіпсіздік;
2-топқа Интернет желісіндегі алаяқтық;
3-топқа «Кибербуллинг дегеніміз не?» және «ІР-адрестеу» дегеніміз не?
| Тақырыпты оқиды, топта талқылайды. ойларын постерге салады, қорғайды
|
Мұғалім: Білім алшы-лардың белсенділігін арттыратын ынталандыру сөздер:
«Тамаша» «Жарайсыздар» «Өте жақсы»
Топтар бір-бірінің жұмысына баға береді.
| Оқулық, постер, маркерлер
|
1 минут
| (Ж) Практикалық жұмыс. Функционалдық сауаттылылығын арттыру
Білім алушыларға өздерінің қолдарындағы смартфондар мен планшеттеріндегі ІР-адрестерін қарау ұсынылады
| Өздерінің жеке смартфондары мен планшеттерін пайдалана отырып ІР-адрестерін қарайды, мұғалімге айтады. Түсінбеген тұстары болса мұғалімге айтады ЖТ «жеке жұмыс» С «нәтиже, қызығушылық, жылдамдық»
| Мұғалім: Білім алшы-лардың белсенділігін арттыратын ынталан-дыру сөздер:
«Тамаша» «Жарайсыздар» «Өте жақсы»
| Оқулық, смартфон, телефон
|
4 минут
| 1-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Жұптық жұмыс
Мақсаты: білім алушылардың алған білімдерін өмірмен ұштастыра отырып дұрыс бағыт-бағдар беру, желілік қорда алаяқтылық пен агрессияға ұшырамауына жағдай жасау;
Тапсырмада берілген тиісті көп нүктенің орынына қажетті сөзді жазады. 1.Кез-келген желі қолданушысы ...... жекеменшік құқығын сақтау керек. 2.Біреуге зияны тиетін немесе ........ ақпаратты жүктемеңдер. 3.Браузерде «....» функциясын өшіріп тастаңдар 4.Поштаның құпия сөзі ........ болған жөн. 5.Компьютерлік вирустар – бұл компьютер жұмысын ..... немесе мәліметтерді .......... арналған ........ бағдарлама
|
Берілген тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырманың нәтижесін слайдтан көріп, тексереді. Талдау жасайды.
БТ «жинақтау», «қолдану» С «нәтиже» ЖТ «жұптық жұмыс»
| Дескриптор:
Сөйлемдегі нүкте-нің орнына қажетті сөзді жазады: Әрбір дұрыс жауап бір балл болып саналады.
| Интербелсенді тақта, сұрақтар жазылған Слайд №2
|
5 минут
| Талдау. Желідегі қауіпсіздік. Бейнефильм
Білім алушыларға «желідегі қауіпсіздік» тақырыбындағы бейнефильм көрсетеді. Фильмді көріп, ойларын жинақтайды, пікірлерін еркін жеткізеді.
| «Желідегі қауіпсіздік» бейнефильмін көреді.Ойларымен бөліседі.
| Мұғалім: Білім алшы-лардың белсенділігін арттыратын ынталан-дыру сөздер:
«Тамаша» «Жарайсыздар» «Өте жақсы»
| https://youtu.be/2oiMFTGbnEs
|
8 минут
| Білімді бекіту. «Бірге ойлаймыз, бірге ойнаймыз» әдісі Ойын-викторина Kahoot! порталында өтеді.
Мақсаты: Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау, жылдам жауап беруге жаттықтыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. 1.Компьтерлік вируске ... жатпайды 2.Антивирус түрлері. Артығын көрсет 3.Wi-fi қандай желіге жатады? 4.Әлеуметтік желіні тап 5.Фишинг деген не? 6.Электродық поштаға қайсысы жатады? 7.Кибербуллинг дегеніміз ... 8.Антивирустың қызметін көрсет 9.Интернет желісінің қызметіне жатпайды.... 10.Браузер түріне жатпайды ...
| Ойларымен бөліседі, бірін-бірі тыңдайды, графикалық органайзер құрады
|
| https://create.kahoot.it/create#/new/quiz/overview
|
2 минут
| Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі
Мақсаты: сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру
«Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?» «Бес саусақ» салынған қағаз таратады. Әр саусақ бойынша қойылған сұраққа жауап береді.
| Таратылған қағаздағы алақандағы саусақтарға жазылған сұрақтарға бүгінгі сабақ бойынша өздерінің ой-пікірлерін жазады.
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
| Білім алушы: Бос орындарды толтыра отырып сабақ бойынша ойларын жеткізеді
| Алақан салынған қағаздар
|
Үйге тапсырма:
Мақсаты: Жаңа білім бойынша өздігінен қосымша ресурстарды қолдана отырып үй жағдайында білімдерін жетілдіру
Оқулықтың 39 бетіндегі «Үй тапсырмасы», «Интернеттің маңызы» тақырыбында зерттеу жасау
Мұғалім сөзі - «Жақсы,оқушылар!Келесі сабақта кездескенше.Бүгін сіздер өте жақсы жұмыс жасадыңыздар. Барлығыңа алғыс білдіремін»
|
Үй тапсырмасы мен жаңа білім бойынша алған бағаларын «Білімал» электронды журналдан көреді
|
|
|