смчс. 1_Информационное письмо по Форуму Казахстан 8-9 июня 2023. I международного психологического форума актуальные проблемы диагностики и развития способностей и одаренности детей и молодежи
Скачать 35.57 Kb.
|
Корпоративный Фонд «Ел Үміті» приглашает исследователей в области психологии способностей и одаренности принять участие в работе I МЕЖДУНАРОДНОГО ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО ФОРУМА «АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ДИАГНОСТИКИ И РАЗВИТИЯ СПОСОБНОСТЕЙ И ОДАРЕННОСТИ ДЕТЕЙ И МОЛОДЕЖИ». Форум – это уникальная дискуссионная площадка для обсуждения актуальных вопросов развития способностей и одаренности детей, вовлечение ученых, исследователей, практиков в полемику о фундаментальных и прикладных аспектах диагностики и развития детей и молодежи. Работа Форума будет организована в виде пленарного заседания, круглых столов и форсайт-сессий, где планируется обсудить методологию, перспективы и результаты экспериментальных психологических исследований, современные психотехнологии развития способностей и одаренности школьников, их сопровождения в современных условиях, как это отразится на будущем детей и молодежи и др. Цели форума: анализ современных тенденций развития исследований и инновационных подходов в области диагностики и развития способностей и одаренности детей и молодежи; интеграция психологической теории, практики и стратегий развития способностей и одаренности детей и молодежи; обмен опытом и поддержка межинституционального сотрудничества в области исследовательской и проектной деятельности; укрепление международного сотрудничества ученых, практиков и организаторов, работающих в сфере образования. Темы Форума: - Теоретико-методологические и прикладные проблемы исследований, диагностики и развития способностей и одаренности детей и молодежи (Пленарное заседание); - Инновационный опыт в развитии способностей и одаренности детей и молодежи, в том числе на опыте авторских методик диагностики способностей (работа в секции); - Современные психотехнологии диагностики, укрепление и поддержание психического здоровья детей и молодежи с признаками одаренности (работа в секции); - Ранняя диагностика способностей и формирование нового подхода к образованию в школах (работа в форсайт - секции); - Пути развития способностей и одаренности обучающихся с особыми образовательными потребностями в условиях инклюзивной среды (работа в форме круглого стола); - Формат проведения Форума: офлайн Дата проведения: 15-16 июня 2023 год Место проведения: Республика Казахстан, город Астана, ул. Букейхана, здание 1 А, Назарбаев Центр. Сроки регистрации и оплата: Ранняя регистрация – до 15 апреля 2023 – 30 долларов Поздняя регистрация – до 26 мая 2023 - 50 долларов *участие сотрудников общеобразовательных школ и государственных учреждений Казахстана бесплатно Крайний срок принятия материалов в сборник статей Форума: до 8 мая 2023 года qabilet@el-umiti.kz Требования к оформлению материалов: название работы, авторы, организация, e-mail; формат: текстовый редактор Microsoft Word, шрифт Times New Roman, 12 pt., межстрочный интервал – одинарный; поля: верхнее – 2 см, нижнее – см, левое 2, правое – 2 см, абзацный отступ – 1,25; объем – не менее 4 страниц, наличие аннотации и ключевых слов обязательно; наличие списка литературы: ссылки на источники даются в порядке упоминания в квадратных скобках, оформляются по ГОСТ Р 7.0.5-2008. Авторы, по желанию, могут подготовить материалы на казахском, русском и английском языках. Организационный комитет оставляет за собой право на редакцию поступивших на рассмотрение материалов или отказ от публикации в случае их несоответствия тематике конференции, требованиям к оформлению, уникальности текста, а также требованиям ГОСТ. Контактная информация: Кисаева Асель Каиргельдиевна Координатор проектов КФ «Академии Елбасы» Тел. 8-702-214-69-64 Аманжолова Асель Саматовна Координатор проектов КФ «Академии Елбасы» Тел.: 8(7172) 24-87-86 Сот.: 8-702-177-55-97 Почтовый адрес: Республика Казахстан, г. Астана, пр. Мангилик Ел, 55/13, здание С-2.1 e-mail: qabilet@elbasyacademy.kz Учредители Форума: Корпоративный фонд «Фонд Нурсултана Назарбаева»; Корпоративный фонд «Академия Елбасы» Организационный комитет: Председатель - Хаматдинова А.; Заместитель председателя - Джусупова Г.; Члены организационного комитета - д. психол.н., профессор Сатова А.К.; - доктор PhD Ниетбаева Г.Б; - Кисаева А.К. - Аманжолова А.С. ЗАЯВКА на участие в I Международном психологическом Форуме «Актуальные проблемы диагностики и развития способностей и одаренности детей и молодежи» Наименование организации: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________ Адрес организации: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________ Контакты (телефон, e-mail) _______________________________________________ Список участников:
Контактное лицо (мобильный телефон, ФИО): ____________________________ _______________________________________________________________________ «_______»__________2022 г. ______________________________ Подпись М.П. Инновационный опыт в развитии способностей и одаренности детей и молодежи, в том числе на опыте авторских методик диагностики способностей Балалар мен жастардың қабілеттері мен дарындылығын дамытудағы инновациялық тәжірибе, оның ішінде қабілеттерді диагностикалаудың авторлық әдістері тәжірибесі Білім алушылардың дарындылығын дамытудағы педагогтің кәсібилігін жетілдірудегі инновациялық тәжірибе Инновационный опыт повышения профессионализма педагога в развитии одаренности учащихся МРНТИ 14.01.11 Ю.Б.Атабекова ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК - БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ Қазақстан, Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Аңдатпа Маман даярлаудың сапасы мен оның біліктілігіне қойылатын талаптарға сай кәсіби білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру болып табылады. Білім беру ұйымы әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде сыртқы ортамен тікелей байланысады. Ол байланыс оқу орынының әрекетінің тиімділігін арттыруға, басқару ісінің құрылымын жетілдіруге, даму болашағын бағдарлап, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік серіктестік құрудың тетіктерін қалыптастыру қазіргі кездегі кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыттарының бірі болып отыр. Түйінді сөздер: білім, әлеуметтік серіктестік, келісім шарт, мәдени ағарту, болашақ маман. Аннотация Согласно требованиям, предъявляющим к качеству подготовки специалистов и их квалификации, одной из основных задач системы образования является удовлетворение требований работодателей. Организация образования как социальная педагогическая система напрямую связана с внешней средой. Она оказывает влияние на повышение эффективности деятельности учебного заведения, совершенствование структуры управления, на будущие ориентиры развития и повышения конкурентоспособности. Поэтому в настоящее время формирование механизмов создания социального партнерства является одним из главных направлений модернизации современной системы профессионального образования. Ключевые слова: образование, социальное партнерство, договор, культурное просвещение, будущий педагог. Abstract According to the requirements for the quality of training specialists and their qualifications, one of the main objectives of the education system is to meet the requirements of employers. The organization of education as a social pedagogical system is directly connected with the external environment. It has an impact on improving the efficiency of the educational institution, improving the management structure, future development guidelines, increasing competitiveness. Therefore, at present the formation of mechanisms for the creation of social partnership is one of the main directions for modernizing the modern system of vocational education. Keywords: education, social partnership, contract, cultural enlightenment, future teacher. Педагогикалық оқу орындарында білім алушылар кәсіби білім, білік, дағдыны меңгеріп қана қоймай, мамандық бойынша келешекте қызмет атқаруға қажетті мәнді сапаларын да жетілдірулері тиіс. Болашақ тәрбиеші немесе мұғалім айналасындағылармен тиімді тұлғааралық қарым - қатынас құра алу, әлеуметтік жағдаяттарға бағыттала білу, басқа адамдардың тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайларын дұрыс бағалау, өзара әрекеттестіктің сәйкес құралдарын таңдай біліп, оларды кәсіби әрекетте жүзеге асыра алулары қажет. Білім беру саласында әлеуметтік серіктестікті қалыптастыру үрдісі Евроодақ мемлекеттерінде 50 - жылдардың ортасы мен 90 - жылдардың басына дейін белсенді түрде дамыды. Бұл мәселеде жалпы танымалдылыққа ие көшбасшы мемлекет Германия болып саналып, олардағы практикалық бағыттылық арқылы маман даярлау жылдар бойы тәжірибеден өткен, барлық мемлекеттер үшін үлгі аларлық жүйе ретінде танылып отыр. Оның ерекшелігі оқу орнында алған теориялық білімдерді өндірісте бекіту, кәсіби дайындық барысында еңбекке араласып, болашақ мамандығының қыр - сырын меңгереді. Мұндай дайындық жүйесінен өткен болашақ маманның бәсекеге қабілетті болуы заңдылық. Біздің елімізде әлеуметтік серіктестік құру жүйесі тәуелсіздік алған жылдары қолға алынып, оның құқықтық негізі болып табылатын 2000 жылы қабылданған «ҚР әлеуметтік әріптестік туралы» Заңға байланысты жан-жақты дамыды [1]. Аталған заң актісіне сәйкес, республикада екіжақты, үшжақты және салалық және аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келісімшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын 191 реттеу жүзеге асырыла бастады. Еңбек ұжымдарымен біріге отырып жасалған мұндай келісімшарттар еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеудің белгілі бір қалыптасқан нақты жүйесін құрады. Одан басқа еңбек нарығы мәселелерін өзара келісім арқылы реттеудің жанжақты мүмкіндіктері «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда қарастырылады [2]. Ол арқылы республикада еңбекпен қамту және еңбек нарығын реттеуге қатысты әлеуметтік диалогты дамытудың қажетті заңнамалық базасы бар деп айтуға негіз бар Алайда бұл құжаттар білім саласындағы мамандар дайындау мәселесіне тікелей қызмет ете алмай отыр деуге болады. Біз қарастырып отырған әлеуметтік серіктестік мемлекет, жұмыс беруші және жоғары оқу орыны арасындағы әлеуметтік, экономикалық түйткілдерді шешу және қарама - қайшылықтарды ретке келтірудің әдісі деуге болады. Бұл өз кезегінде негізгі субъектілердің қызығушылықтарының ортақ шешімге келуі немесе саяси тұрақтылық және дамудың басты шартын көрсетеді [3]. Кең мағынада әлеуметтік серіктестік деп Үкімет, оның органдары арқылы әрекет етіп отырған мемлекет пен басқа субъектілердің: жеке тұлға, отбасы, мемлекеттік емес ұйым, кәсіби білім беру мекемелері арасындағы қарым қатынас деп түсінген жөн. Мұндай бірлескен әрекеттестіктің нәтижелі болуы мақсаттың дұрыс қойылып, міндеттердің нақты айқындалуына, әр жақтың рөлдерінің дұрыс бөлініп, оларды жүзеге асырудағы жауапкершілікке тікелей тәуелді. Мемлекеттің тұрақты дамуы да осындай серіктестіктің нәтижелі қызметіне бағынышты. Жоғары оқу орындарындағы серіктестікті екі тұрғыдан қарастыруға болады. Олар: бірнеше физикалық және құқықтық тұлғалардың кісіби білім беруді ұйымдастыруға қатысты заңдық тұрғыдағы бірлескен әрекеті. Екінші жағынан құжаттармен заңдастырылмаған, өзара келісім - шарт негізінде жүргізілетін білім беру мекемелері, мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтасу формасы. Білім беру саласындағы серіктестік кәсіби білімде өз мақсаттарына жету үшін мамандар мен әлеуметтік институттардың бірлесуі. Серіктестік жоғары оқу орындары мен әртүрлі қоғамдық институттардың қызығушылықтарының бір арнаға тоғысуына негізделеді және сол мүдделердің кірігуінде көрініс береді. Білімдегі әлеуметтік серіктестік мәселесі отандық А.А.Әлжаппаров және т.б., сонымен қатар ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады (М.Гончар, Е.К.Кашленко, Ю.В.Медова, А.В.Корсунов т.б.). Қазақстандық ғалым А.А.Әбжаппаров өзі еңбек ететін оқу орынының тәжірибесімен бөлісе келе, мұнай газ саласының мамандарын дайындаудағы Қазақстанда шет елдік инвесторлар құрған бірлескен кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікті тиімді пайдалану бұл саланы игеруде қазақстандық мамандардың үлес салмағын арттырудың жолы екендігіне тоқталады [4]. Ғалым М.Гончардың пікірінше нағыз серіктестік екі жақты қарым - қатынастың өзара тиімді екендігін, мәселені шешуде бірлесудің қажеттігін сезінгенде ғана пайда болады [5]. Өз жұмысында әлеуметтік серіктестіктің ұйымдастырушылық педагогикалық шарттарын талдай келе Е.К.Кашленко әртүрлі әлеуметтік институттың әрекеттерін біріктіре отырып, білім беруде оң жетістіктерге жетуге болатындығы туралы қорытынды жасайды [6]. Ал, И.П.Смирнов бойынша кәсіби білім беруге қатысты «әлеуметтік серіктестік» ұғымы жұмыс берушілермен, халықты жұмыспен қамтамасыз ететін ұйымдармен, кәсіподақтар мен ата аналармен т.б. қоғамның талаптарына сай мамандар дайындауды қамтамасыз етудегі және оның еңбек нарығының даму динамикасына сай қадағалап отыруды жүзеге асыратын қарым қатынастағы келісім шарттар жүйесі ретінде қарастырылады [7]. Дегенмен де білім берудегі сектораралық әлеуметтік серіктестік мәселесі ғылыми теориялық талдаудың, эмпирикалық зерттеудің пәні болған жоқ деуге болады. Серіктестік бір іске әртүрлі әлеуметтік институттардың араласуы болғандықтан, бірлескен жұмыстың барлық сатысында: жоспарлаудан нәтижеге жетуге дейінгі баспалдақтарда ретке келтіріп отыратын орган қажет. Кәсіби педагогикалық білім саласындағы міндеттер негізінен оқу орынының жұмысы болғандықтан бастамашылдық рөл де жоғары оқу орынына берілуі тиіс. Себебі ЖОО-ң серіктестермен бас қосуларды 192 ұйымдастырып, туындаған мәселелерді бірлесе талқылау, шешімдер қабылдауды өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін материалдық техникалық жағдайы жеткілікті. Екіншіден, жоғары оқу орыны мәселен педагогикалық білім бойынша және оқыту, тәрбиелеу, мәдени ағарту, ұйымдастырушылық жұмыстарда белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақтаған кәсіби мамандар шоғырланған ұжым. Үшіншіден, жоғары оқу орыны әртүрлі әлеуметтік акциялар мен жаңашылдықтардың элементтерін күнделікті оқу - тәрбие үдерісіне ендіруге қажетті материалдық база, техникалық ресурстары, белгілі территориясы бар мекеме болып табылады. Әлеуметтік серіктестер нақты және болашақта серіктес болатын мүмкіндігі бар әлеуетті болып бөлінеді. Нақты серіктестерге білім беру мекемесі тұрақты байланысы қалыптасқан, бірлесіп жасалған бағдарламалар бойынша жұмыстар атқарып жүрген мекемелер жатады. Әлеуетті серіктестер – жоғары оқу орыны әлі де тұрақты байланыс жасап үлгермеген, дегенмен де ондай байланыстың нәтижелі болатынынына сенімді мекемелер. Олардың қатарына: Қазақстандағы және шет елдердегі жоғары оқу орындары, республикалық, аймақтық білім мекемелері, республикалық, аймақтық, жергілікті еңбекпен қамту ұйымдары, барлық деңгейдегі жұмыс берушілер, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар, білім алушылар. Жоғарыдағы айтылғандарды саралай келе, зерттеу мәселемізге байланысты жоғары оқу орнымен әлеуметтік серіктестік арасындағы болашақ педагог мамандарының жұмыс бағыттарын атап өтсек: √ Болашақ педагог мамандарды тәжірибелік оқыту (серіктес-мекемелер базасындағы оқ у бағдарламасынан тыс тәжірибе); √ Мамандық пәндері бойынша сабақтарды кәсіпорынның бас мамандарының өткізуі; √ Әлеуметтік серіктес мекемелердегі бас мамандар болашақ педагог мамандардың қорытынды мемлекеттік аттестациясына қатысуы; √ Жұмысқа алушылардың кәсіптік шеберлік байқауларына, болашақ педагогтардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, біліктілік емтихандарына қатысуы; √ ЖОО мамандықтар бойынша тәжірибенің жұмыс бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу; √ ЖОО түлектерінің жұмысқа тартылуы; √ Жұмыс орындағы мамандардың кәсіптік дайындығы және қайта дайындығы. Зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік бөлігі негізінде болашақ педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдау үшін әлеуметтік серіктес мекемелер айқындалып, онда кафедраның студеттері алған теориялық білімдерін қызмет барысында көрсете алуына мүмкіндіктер жасалынды. Әлеуметтік серіктестермен үшжақты келісімшарттар даярланып, бекітілді. Ол құжатта: ЖОО, болашақ педагог маман, жұмыс берушілердің міндеттерін нақты көрсетілген. Жұмыс беруші мекемелерге баратын студенттермен алдын - ала жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша топтарға бөліп, педагогика және психология институты жанынан «Кемел» ресустық еріктілер орталығы құрылып, оның бекітілген жоспарына сай жұмыстар жүргізілді. Әрине, білім беру саласындағы мұндай жаңашылдықты практикалық тұрғыда жүзеге асырудың әлі де ашылмаған қырлары, зерттелмеген астарлары жеткілікті. Педагогика ғылымы алдында білімдегі әлеуметтік серіктестікті дамытудың жолдары, формалары, тетіктері мәселесін қарастыру міндеттері тұр. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. О социальном партнерстве в Республике Казахстан: Закон Республики казахстан // Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. – 2001. - № 1. 2. Халықты жұмыспен қамту туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. –Алматы: Жеті жарғы. - 23 қаңтар 2001 жыл. 3. Тұрғынбаева Б.А. әлеуметтік серіктестік-мамандар дайындаудың сапасын арттырудың құралы ретінде: Ғалымдар мен мұғалімдердің І Республикалық конференциясы. - Алматы, 2016. 193 4. Гончар М. Социальное партнерство: роль, направление организации, формирование готовности к партнерству в школе // Социальное партнерство: Материалы межрегионального семинара. - 15-18.10.2001. – Красноярск [Электронный ресурс]: URL: http//www//mega.crossedu.ru. 5. Кашленко Е.К. Организационно-педагогические условия построения социального партнерства как фактора социализации личности школьника: Дисс. канд.пед.наук. - Омск, 2004. 6. Якимец В.Н. Межсекторное социальное партнерство. - М., 2004. 7. Смирнов И.П. Социальное партнерство: что ждет работодатель: Итоги пилотного Всероссийского социологического исследования. - М.: ООО Аспект, 2004. -32 с. |