Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • реферат. Осд реферат (1). І. Негізгі блім Науастарды абылдау блімі туралы


    Скачать 21.55 Kb.
    НазваниеІ. Негізгі блім Науастарды абылдау блімі туралы
    Анкорреферат
    Дата24.06.2022
    Размер21.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОсд реферат (1).docx
    ТипДокументы
    #613136

    Жоспар:

    І. Негізгі бөлім 
    1. Науқастарды қабылдау бөлімі туралы
    2. Антропометрия
    3. Салмағьін өлшеу
    4. Кеуденің көлемін өлшеу
    5. Науқасты санитарлық өңдеуден өткізу
    6. Сырқатты бөлімшеге тасымалдау
    Пайдаланылған әдебиеттер
    Науқастарды қабылдау бөлімі туралы
    Қабылдау бөлімі аурухананың бір бөлімі болып саналады. Қабылдау бөлімінің атқаратын жұмыстары: ауруды тіркеу, қарау, тексеру, санитарлык тазалық, аурудың алғашқы белгілерін анықтайды, алғашкы медициналык көмек керсетеді.
    Қабылдау бөлімі аурухананың құрылымына қарай орналасады. Қабылдау орталық және жеке-жеке бөлімдерден тұрады. Орталық қабылдау бөлімі бүкіл аурухананың бөлімдерімен бірге орналасады, ал дербес қабылдау бөлімі жеке орналасады, әр бөлімдерде өзінің қабылдау бөлмесі болады, қабылдау бөлмесі ауруханадан алыстау орналасқаны дұрыс.
    Науқастарды жеткізу ыңғайлы болу керек. Ол үшін маши¬на жүретін жол асфальтталған, подъездерге кіретін жол оңтайлы, көтерілетін баспалдақтар кең зембіл сиятындай болғаны кажет. Қабылдау бөлімдерінде бірнеше бөлмелер болады: науқастарды қарайтын бөлім, тіркеу бөлмесі, оңаша бөлме, жұқпалы ауруларға арналған бөлме, аурулардың алғашқы белгілерін анықтайтын жеке бөлме.
    Үлкен ауруханаларда операция жасайтын, жарақат зардабын емдейтін манипуляция (әрекеттік) және рентген бөлімдері болады.
    Әйелдерді қарайтын бөлмеде әр аурудан кейін астына төсейтін жаялықтар ауыстырылып тұрады. Тезірек көмек көрсету үшін керекті аспаптар болады. Қабылдау бөлімінің әр бөлмесіне күн тәулесі түсуі керек. 
    Бөлменің температурасы 20-25°С-ден төмен болмауы керек. Науқасты киіндіргенде суық тимеуі қажет. Әйелдер қарайтын бөлмеде тесекшенің астында ағаштан жасалған төсеніш болады. Науқастардың киімі сақталатын бөлме қабылдау бөліміне жақын орналасуы кажет. Науқас адамдардың сауыга бастауы медицина қызметкерлерінің ұйымдастыру қабілеті мен жемісті ісінін нәтижесіне байланысты,
    Соңғы кездерде медицина қызметкерлерінің қабылдау бөліміндегі қызметі өзгерді. Медицина қызметкерлерінің алдына үлкен мақсаттар қойылды. Аурудың көбеюіне байланысты неше түрлі аспаптар көбейді..

    Сондықтан медицина қызметкерлері өз мамандықтарын жете білуі қажет.

    Қабылдау бөлімінде дұрыс, әрі дәл істелінген жұмыс аурухананың жалпы

    Қызметіне әсер етеді.

    Қабылдау бөлімінде өздеріне қажетті ьщғайлы зембілдер, науқастарды

    Басқа бөлімдерге апаратын қол арбалар және ақжайма көрпелер, өздері жүретін науқастарға ауа райына байланысты киетін жылы шапандар болуы қажет.
    Ақжайма әрбір науқастан кейін ауыстырылып тұру керек. Қабылдау

    Бөлімінің жұмысы өзінің ретімен жүреді. Науқастарды тіркейді. Дәрігердің

    Қарауы, тазалық сақтау шаралары жүргізіледі. Әр бөлім жоғарыда айтқандай

    Орналасады.

    Науқас адамдар тіркелгеннен кейін оларды дарігер қарайды, ауру

    Белгілері анықтанғаннан кейін диагнозына қарай әр бөлімге беледі. Содан

    Кейін қандай тазалық шараларын қолдану керегін айтады.

    • Қабылдау бөлімінде мейірбикенің істейтін жұмыстары

    Мейірбикенің істейтін жұмыстары:

    1. Ауруханаға түскен науқастардың құжаттарын тіркейді.

    2. Науқастың денесінде бит-сірке бар-жоғын және жұқпалы аурудың

    Белгілерін қарайды.

    3. Науқасты дәрігердің бөлмесіне дейін апарады.

    4. Тазалық сақтау шараларын жасайды.

    5. Ауруларды бөлімшеге апарады.
    Құжаттарды қабылдау:

    Бөлімшеге түскен науқастың сырқатының тарихын толтырылады; әкесінің,

    Өзінің атын, жасын, тұратын жерін, мамандығын. Ал ауруханаға есін білмейтін

    Жағдайда түссе, ол туралы мәліметті қасындағы туған-туыстарынан алады.

    Науқас қабылдау бөліміне ауыр халде түсетін болса, оны тездетіп

    Ренимация бөліміне жіберіледі, қажетті көмек көрсетіледі.

    Науқастардың қымбат заттары кұжаттарын қабылдау бөлімінде темір жәшікке

    Сақталынып қойылады немесе бас мейірбикеге тапсырылады.

    Науқастың күйіне қарай мейірбике оның салмағын, бойының ұзындығын

    Өлшеп, дәрігердің қабылдау бөлімесіне апарады. Онда дәрігер болжау

    Диагнозын қойып, қандай тазалық шаралары керек екендігін және қайда

    Орналастыруды айтады.
    АНТРОПОМЕТРИЯ (адам денесін өлшеу)-адам денесінің дамып жетілуін оның Бойының ұзындығын өлшеумен анықтау. Мейірбике науқастың бойын, кеудесінің Көлемін өлшейді. Жәй антропометриялық анықтауды мейірбике әрбір бөлімшеде, Емханада, шипажайда және, демалыс үйлерінде жасайды. Науқастың бойын бой Өлшейтін метрмен өлшейді. Бойын өлшегенде науқас бой өлшейтін сырыққа Арқасын тіреп тұрады, өкшесі, жамбасы, жауырыны желкесі тиіп тұру қажет.Басы, құлағыныңв ұшы, көзінің сырты бірдей көлденең сызықта тұрады, тақтайды.

    Төбесіне жанастырып, бойын шкаланың төменгі белгісінен анықтайды, кей кезде Науқасты отырғызып та анықтайды. Анықталған цифрға отырған жерінен аяғына дейін қосады.
    САЛМАҒЬІН ӨЛШЕУ — медициналық жүз килограмнан асатын гирямен

    Атқарылады. Науқастың салмағын таңертең тамақ ішпей тұрып таңғы дәреттен Кейін іші тазаланған соқ өлшейді. Халі мүшкіл науқастың салмағын отырғызып Өлшеу кажет.
    КЕУДЕНІҢ КӨЛЕМІН —сантиметрлік тасынмен кеуденің алдыңғы ivқабырғасы Мен артқы жауырынның бұрышын ала өлшенеді. Науқастың қолы төмен түсіп, демалысы баяу болу керек . Қатты дем алған мезетте және дем шыққаннан кейін өлшеген дұрыс .

    Антропометр мен өлшегеннен соң мейірбике науқасты дәрігер қарап болғанға дейін қасында болады . Кеңесшідер керек болса , ЭҚГ жасауға көмектеседі, санитарлық өту орнына апарады .
    Қабылдау бөлiмi арқылы науқастар стационардың түрлi бөлiмдерiне бағытталады. Қабылдау бөлiмiнде науқастар тiркеледi, дәрiгерлiк қараудан, санитарлық өңдеуден өтедi.
    Қабылдау бөлiмiнiң құрылымы:кiреберiс, тосып күту бөлмесi, гардероб және тiркеу бөлiмi мен сұрау бөлiмiмен бiрге, қарап тексеру бөлмелері, изоляторлар (бокстар), диагностикалық палаталар мен санитарлы өткiзу бөлiмi. Қабылдау бөлiмiнiң жұмысы осы кезектiлiкке сәйкес. Санитарлы өткiзу бөлiмi 3 бөлмеден тұрады: науқасты шешiндiру бөлмесiнен, ванна – душ және науқасты киiндiру бөлмелерi. Қабылдау бөлiмiнде егу кабинетi, кiшi операциялық бөлме, таңу бөлмесi, рентген – кабинеті, лаборатория, кезекшi дәрiгер кабинетi, әжетхана және қабылдау бөлiмiнiң тәулiк бойы жұмысын қамтамасыз ететiн бөлмелер бар.
    Қабылдау бөлiмiнде науқастар жедел және жоспарлы кезекте түседi. Жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқастар жедел кезекте қабылданады. Оларды жедел медициналық көмек машинасымен жеткiзедi, не басқа емдеу мекемелерiнен ауыстырады немесе стационарға бағыттама парағынсыз қабылдайды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты сырқатнаманы толтыруға қажеттi ақпаратты науқастың өзiнен, ал егер ол ессiз болса, жанындағы адамдардан не туысқандардан алады.
    Егер науқас құжатсыз түссе және жанында адамдар болмаса, онда милиция бөлiмдерiне ‘белгiсiз адам’ түскенi жайлы хабар беру қажет.
    Егер науқас үйден тыс жерде ауырып жедел көмек машинасымен жеткiзiлген болса, онда қабылдау бөлiмiнiң қызметкерлерi бұл жайында науқастың туысқандарына хабарлау қажет.
    Жоспарлы науқастар аймақтық поликлиника дәрігерiнiң бағыттауымен түседi.
    Тiркеуден кейiн науқас дәрiгер қарауынан өту үшiн және диагнозы қойылу үшiн қарау-кабинетiне бағытталады. Егер диагноз анық қойылмаса, дәрiгер қосымша зерттеулердi (лабораторлы, эндаскопиялық, УДЗ) немесе басқа дәрiгердiң консультациясын тағайындайды. Кезекшi дәрiгер науқас қай бөлiмге бағытталатынын шешедi. Егер диагноз әлi анық болмаса науқасты санитарлық өңдеуден кейiн қабылдау бөлiмiнiң диагностикалық палатасына орналастырады. Онда науқасты тексередi, бақылайды және диагностика жүргiзедi. Содан кейiн ғана сәйкес бөлiмге бағыттайды. Стационарлық емдi қажет етпейтiн науқастарға көмек көрсетiлгеннен кейiн, оларды мекен-жайы бойынша емханаға бағыттайды. Қарау, зерттеу нәтижелерi дәрiгердiң тағайындаулары және санитарлы өңдеу сипаты, науқасты тасымалдау жолы сырқатнамаға дәрiгермен жазылады.
    Қорытынды
    Науқас дәрiгердiң қарауынан кейiн және оның жағдайы бағаланғаннан кейiн, науқасқа басқа санитарлы өңдеу жүргiзiледi: педикулезғе бастың шашты бөлiгiн қарау, терiде iрiңдi бөртпе бар-жоғын, аяқтарында саңырауқұлақ аурулары бар-жоғын тексеру. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна, душ және сүртiнудi тағайындайды. Онымен қоса функционалды жаңдайды бағалау үшiн және ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу үшiн дене температурасының антропометриялық өлшемдерi тексерiледi.

    Пайдаланылған әдебиеттер :
    1. Мұратбеков С.К. Мейірбике ісі негіздері Астана, 2007ж

    2. Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту Қарағанды, 2013ж

    3. Биназаров Н.Д. Мейірбике ісінің негіздері Алматы, 2004ж

    4. Т. П. Обуховец “Сестринское дело практикум”М. 2002ж.

    5. Интернет желісі


    написать администратору сайта