ҚАУПСІЗДІК ЕРЕЖЕ. I. негізгі имылОЗалыс жаттыулары жруге арналан жаттыулар
Скачать 50.86 Kb.
|
VI. РЕЛАКСАЦИЯ «Босаңсу және қатаю». Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды. «Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны елестетеді. «Теңіз өмірі». Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну. «Күн». Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды. «Гүлдер». Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады. «Көбелек». Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді. «Қысқы орман». Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады. «Күз». Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді. «Теңіз». Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды. «Арамен ойнау». Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді: «Ұшты» және қонжықтар болып ұйымшыл аяқтарын тіке қояды, бірақ әккі ара ұстатқызбайды. «Факирлер». Балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады. «Шаңсорғыш». Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді. «Салқын - ыссы». Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады. «Ұйықтап жатқан мысық». Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі. «Шар». Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады. «Штанга». Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі... Аулада қарсы алады ол Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр.. Жүргізуші әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді.. «Түс періштесі». Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді, сол адам ұйықтап қалады... Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәймененкетіп қалады. «Насос және доп». Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады. «Қызыққыш Варвара». Айналасы жақсы көрінетіндей бастарын солға бұрады. Қазір мойын еттері қатайып тұр.Сол жақ мойынға тигізген кезде бұлшықеттер тас сияқты қатайған. «Ғажайып түс». Тәрбиеші өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...» «Менің орманым». Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта.Осы үзілісті есіңе сақта. «Шипалы күштер». 1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін. 2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты. 3 Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын. 4 Жаттығу. Мойын бұлшықеттері жұмсақ. Арқа, қарын бұлшықеттері толықтай босаңсыды. Менің аяғым және қолдарыма салмақ түседі. Мен жағымды ауыртпалықты сезінемін. Менің денем толықтай еркіндікті сезінеді. |