ҚАУПСІЗДІК ЕРЕЖЕ. I. негізгі имылОЗалыс жаттыулары жруге арналан жаттыулар
Скачать 50.86 Kb.
|
2. Аяққа арналған жаттығулар «Түлкі» - аяқтың ұшымен көтеріліп, біртіндеп төмен түседі. «Би» - аяқты кезекпен алға қойып, біресе өкшеге, біресе ұшына көтеру керек. «Ванька - встанька» - 4 - 5 мәрте серіппелі қимылмен отырып тұру керек. . «Әлпеншектер» - аяқ ұшынан өкшеге қарай бірнеше өтпелі қимылдар жасау керек. . «Тарсылдақ» - аяқты тізеге дейін бүгіп, жоғары көтереді, тізе астынан шапалақ соғады. «Аттап созылу» - қолды белге ұстап, алға қарай бүгілген аяққа қарай иілу керек, дәл осы қимылды екінші аяқпен қайталайды. «Аяқпен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -2 есебінде оң аяқты бір жаққа айналдырады, 3 - 4 есебінде б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.. «Отырып тұру» - тік тұру керек, өкшені бірге, аяқтың ұштарын алшақ ұстайды, қолды белге қояды, 1 есебінде аяқтың ұшына көтеріледі, 2 есебінде аяқ ұшына отырады, 3 есебінде 1-ші жағдайға оралады, 4 есебінде б.ж. «Аяқтарды бұру» - тік тұрып, оң аяқты алға созады, аяқ ұшын өзіне қарата ұстау керек, 1 есебінде аяқ ұшын сыртқа қаратады, 2 - б.ж. 3 - аяқ ұшын ішке қаратады, 4 - б.ж, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. «Аяқты жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -аяқты барынша артқа қарай бүгеді, 2 - осы қалыпта барынша созу керек, 3 - 1 қалпына қайта оралады, 4 -б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады. «Аяқты сермеу» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - аяқ ұшын өзіне қарата алға сермейді, 2 - б.ж., 3 - аяқ ұшын өзіне қаратып артқа сермейді, 4 - б.ж. «Табанды жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, оң аяқты алға созады, 1 - табанды өзіне қарай бүгу, 2 - б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады. «Табанмен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - 2 есебінде аяқты бір жаққа жылжытады, 3 - 4 есебінде б.ж.; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек. «Аттап созылу» - тік тұрып, қолды екі жаққа жібереді, алға сәл адымдап, сол аяққа отырады, оң аяқ түзу артқа созылады, артқа - алға денемен шеңберлер жасау керек. «Қаз» - тік тұрып, бүгілген аяқтың сирағынан ұстайды, жібереді. «Аяқтарды қозғау» - өкшені арқанға тіреп, аяқтың ұшын жерге тіреп бір жаққа қарай адымдап жүру. «Серіппе» - тік тұрады, аяқтар бірге, қолдар төмен түсірілген, тізені қолмен қапсыра ұстап отыру керек, басты тізеге қояды, тіке тұру керек. «Тарсылдақ» - тік тұрып, аяқты алға созады, жоғары көтеріп, аяқ астынан шапалақ соғады, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. «Атлет»- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, тұрып қолды төмен түсіреді. «Құтқарушы таяқшасы» - екі қолмен таяқшаны ұстап, серіппелі қимылмен отырып - тұру. «Қарлығаш» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - аяқты артқа созады, 2 - жоғары көтереді, 3 – 1 қалыпқа оралады, 4 - б.ж. «Велосипед» - арқаға жатады, жұдырықты түйіп, қолды жоғары көтереді, тізені бүгіп, аяқты кезекпен айналдырады. «Затты жалғастыр» - тік тұрады, қолды дене бойымен ұстайды, қолда текше бар, аяқты көтеріп, текшені бір қолдан екіншішісіне ауыстырады, дәл осылай екінші аяқпен қайталанады . «Қысқыштар»- арқаға жатып, қолды дене бойымен ұстайды, аяқтар түзу, 1 - аяқтың арасын ашады, 2 - бірге ұстайды, 3 - тізені бүгеді, 4 - аяқты созады. «Массаж» - тік тұрады, 1 - 4 есебінде бүгілген сол аяқты көтереді, 5 - 8 есебімен аяқты төмен түсіреді, бір жағынан табанмен өкшеден тізеге дейін уқалайды. «Жіп орағыш» - тік тұрады, аяқты сәл бүгіп, қолды тізеге тигізеді, тізені жан - жаққа айналдырады. «Реттеуші» - тік тұрып, аяқты бірге, қолды дене бойымен ұстайды, 1 - қолды жоғары көтереді, аяқты ұшымен артқа қарай жібереді, 2 - б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек. «Төңкеріліп жатқан қоңыз»- арқамен жатып аяқ - қолмен әр түрлі қимылдар жасайды. 3. Кеудеге арналған жаттығулар «Әткеншек» - қолды белге ұстап, денені жан - жаққа бұрады. «Тағзым» - алға қарай еңкейіп, қолды аяқ басына дейін жеткізу керек. «Қайық» - қолды алға созып, ішпен жатады, қолды, иықты, басты көтеріп, бүгілу керек. «Бауырсақ» - тізерлей отырып, допты айналдыра домалату керек. «Қоңыз» - төрт тағандап тұрып, қолды, аяқты бүгу және жазу керек.. «Иілу» - аяқты алшақ қойып, тік тұрады, алақанды сырт жағына қаратып, алға ұзартып, қолды жоғары көтереді, саусақтарды айқастырады, артқа шалқаяды, солға бұрылады, денені алға еңкейтіп, оңға бұрылады. «Шеңберлер» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1 - есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2 - дене мен қолды алға еңкейтеді, 3 - оңға, 4 - артқа. (қолды желкеге қоюға болады) «Маятник» - тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолмен қабырғаны, сол қолмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. «Болмашы» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды кеудеге қояды; денені солға бұрып, қарама – қарсы бағытта (көлденеңнен сипалау) оң жақты сипалау; дәл солай екінші жаққа жасайды. «Піл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды төмен түсіріп, қарын тұсынан бір-бірімен айқастырады, екі қолды бірдей жоғары көтеріп, алға еңкейеді, қолды иыққа дейін түсіріп, денені 90 градусқа бұрады, қолды жерге дейін түсіріп, бастапқы қалыпқа оралады. «Керік» - аяқты бірге қойып, тік тұрады да, бір иық деңгейіне қояды, қолдың саусақтарын бір - бірімен айқастырып, қарын тұсынан төмен түсіреді, денені алға еңкейтіп, алақандармен аяқты ұстайды, б.ж.қайта оралады. «Маймыл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, екі аяқтың өкшесін өзек қылып, 180 градусқа бұрылады, алға қарай 45 градусқа еңкейеді, аяқты айқастырады, сол аяқ оң аяқтың алдында болуы шарт, түзеліп, екінші жаққа бұрылып жасайды. «Ләйлек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейінен сәл алшақ ұстайды, алақанның сырт жағымен белден ұстап, денемен жартылай шеңбер жасайды. «Диірмен» - аяқты иық деңгейіне қойып, денені алға қарай еңкейту керек, қолды екі жаққа жібереді, алға қарап, қолды алма кезек алға, артқа сермейді. «Гүл» - қолды белге ұстап, тізерлей отырады, денені екі жаққа кезек бұрып, қолды жаяды. «Шырақ» - негізгі қалып, қолды жоғары көтереді, алға еңкейеді, түзу тұрады, солға еңкейеді, түзу тұрады. «Көтергіш кран» - аяқты алға созып, артқа қайырылған қолға сүйеніп отырады, табанды еденнен көтеріп, өзіне қарай тартады, аяқты созып, допты жерге қояды. «Қайшы» - арқамен жатып, аяқты кезекпен - кезек көтереді, бір – біріне қарама қарсы бағытта қимыл – жасайды. «Таразы» - аяқты алға созып, артқа қайырылған қолға сүйеніп отырады, табанмен еденнен допты көтеріп, өзіне қарай тартады, аяқты тартып допты қолмен алады, аяқты созып, допты жерге қояды. «Серіппе» - қолға сүйене, аяқты түзу қойып, ішке жатады, 1 - денені жоғары көтереді, 2 - түсіреді. «Терезе» - қолға шеңберді алып, аяқты айқастыра отырады, денені оңға-солға бұрады. «Әткеншек» - қолды алға созып, аяқты артқа жіберіп, ішпен жату керек, біресе қолмен, біресе аяқпен тербету. «Қапшықты жасыр» - аяқты айқастыра жерге отырады, қапшықты еденге алдына қояды, 1 - оңға бұрылады, қапшықты артқа қояды, 2 - оңға бұрылады, алдына қояды, дәл осылай екінші жаққа бұрылып жасайды. III. ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ К.П.Бутейко бойынша бақылау үзілісі. 1 – 2, 3 - 4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады. М.И.Фонарёва бойынша. «Кернейші» - гимнастикалық орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды. «Серуенге дайындық» - аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады. «Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді. «Жаңбырдан кейін» - шеңбер сызғандай айналып жүру керек, жүрісті біртіндеп баяулатып, қолды жоғары көтеріп, терең дем алады, төмен түсіріп, «а-а-а-ах-х-х-х» деп дыбыстап, демді біртіндеп сыртқа шығарады. «Үйшік» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады. «Ояну» - басты, жауырынды, құйрықты қабырғасына тигізе, тізені бүгіп, гимнастикалық орындыққа отырады, қолды жоғары көтеріп керіледі, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, демді шығарады 2 - 3 мәрте қайталайды. «Диірмен» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады . «Демалыс» - арқамен жатып, қолды жоғары көтереді, демді ішке тартып, жоғары көтеріледі, қолды төмен түсіріп, тізені қапсыра құшақтап, кеудеге тартады, демді сыртқа шығарады, дәл осылай келесі аяқпен қайталайды (4-6 мәрте). Б.С.Толмачёва бойынша «Балдырған» - аяқты иық деңгейіне қойып, алақанды жоғары қаратып, саусақтардың арасын барынша ашып, қолды екі жаққа, содан соң артқа жібереді, демді қатты сыртқа шығарып, қолды кеуде тұсында айқастырып, саусақтармен жауырыннан қағу керек, қолды қайта екі жаққа жібереді, балалар өзін-өзі құшақтағандай болады. «Үйректің балапаны» - түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде қойып, аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру, жан - жағына созу; аяғын түсіріп ілгері еңкейу, терең демалып қолдарын кеудесіне айқастыру; демін жіберіп жайлап көтеріледі. «Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады. Т.Ф. Виноградова. «Жүргінші» - басын тік ұстап иықтарын сәл артқа алып, төмен ұстайды. Кеудесін жазып, ішін тартып, жауырынды арқаға жақындатып, тізесін тік ұстайды; 3 адым жүргенде демін жұтып, 4 адымда демін шығарады, 3 - 4 күннен кейін демін шығаруды бір санға көбейтеді. «Шар» - ерніңді жұмып, ұртыңды томпайту; жұдырықпен жайлап жұмылу, еріннен ауаны шығарады (3 - 4 рет). «Түтікше» - ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды. «Балдырған»- ауыздың бұрыштарына шынашағынды салып, осындай жағдайда ерніңді жұму; мұрныңмен дем алып, ауаны аузыңнан шығарады. С.М.Иванов «Сағаттар» - екі аяқты бос ұстап, қолын жіберу; түзу қолдарын ілгері кейін қозғап «тик-так,тик-так» - деп айту; мұрнымен демін ішке тартып, дыбыспен демін сыртқа шығарады «Паровоз» - қолдарымен кезектестіріп қимылдар жасап, бөлме ішінде жүру; мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарады. «Насос» - аяқтарын қосып, тік тұрып қолдарын кеуде тұсында ұстау; демін ішке жұтып, сосын кеудесімен жанына қарай еңкею; демін сыртқа шығару, дауыстап (ССССС) деп дыбыс шығарып, қолдарын жылжыту; тік тұрып демін ішке жұтып, екінші жағына дыбыс шығарып еңкейеді. «Реттеуші» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қойып, бір қолын жоғары көтеріп, екінші қолын жанына қарай бағыттау; ішке демді мұрнымен алу, қол қимылдарын өзгертіп, «Р-р-р» деген дыбыспен бірге созып, демін сырт қа шығарады «Маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінде қойып, таяқты арқасына жауырыннан төмен ұстау; денесімен жанына қарай еңкейу; уақытта «Т-у-у-х-х» - деген дыбыспен демін сыртқа шығарады «Шаңғышы» - «М-м-м-м» деген дыбысты мұрнынан шығарып шаңғышының қимылын салады. «Үйректер ұшады» - жайлап зал ішімен жүру; демін ішке жұтып, қолдарын жанына қарай көтеру, «Г-а-а-а» деген дыбысты ұзақ созып демін сыртқа шығарып қолдарын түсіреді. А.А. Бирюк.«Пирамида» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады «Итеру» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қою; қолын жоғары көтеріп, тізе бүгіп отыру, демін ішіне тарту, түрегеліп қолдарын төмен жіберіп демін сыртқа шығарады «Мысық» - аяғын қосып, түзу тұру; демін ішке тартқан уақытта ілгері еңкейіп, көлбеу бағытта ұстау, кері бастапқы жағдайға келу, демін сыртқа шығарады «Египтянші» - түзу тұрып, аяқтарын еркін қойып, қолдарымен жандарына созу, демін ішке тартқан уақытта отырып, қолдарын артына арқасына қайыру, оларды қосуға тырысу, демін сыртқа шығару. «Тук-тук» - түзу тұрып, қолдарын иығына ұстау; демін ішке алғанда белді айналдыра, шынтақтарын артқа жіберіп, жауырынды қосады; содан кейін кері жайып, тұрып, демін сыртқа шығарады. А.Н.Стрельникова. «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару. «Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару. «Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару. «Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару. «Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады. «Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу. IV. НҮКТЕЛІ - САУЫҚТЫРУ МАССАЖЫ 1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау; 2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі; 3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу; 4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау; 5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ; 6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау; 7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау; 8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау. 9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды.. 2. Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар. «Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады. «Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді: Желаяқ киік шабады, Жолменен киік шабады. Бір, екі, үш, төрт, бес, Оны қалай ұстаймыз? Оны қалай ұстаймыз? Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады. «Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді. «Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады. «Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды. «Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады. «Айгөлек». Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды: Айгөлек, Айгөлек Айдың беті аппақ қардай дөңгелек. Таудан биік, көлден жүйрік, Бастаймыз біз, жүгірмек. Кәне, бізге кім керек? Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады. «Темірбай». Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді: Бес күн Темірбайда Қызықты, тату ойнаймыз, Өзенге барып шомылып, Тентек болып шылпылдап, Әдемі болып сәндендік. Тамақ және су ішпей Кешке орманда жүгірдік. Бір - бірімізге қарадықта, Осылай жасадық. Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды. «Құрылысшылар». Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады. 3. Секіру ойындары. «Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады. «Байланған орамал». Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады. «Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады. «Тиынды көтер». Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады. «Қалпақты атып түсір». Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді. «Ұя». Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады. «Қоян мен ит». Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады. «Қақпан». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады. «Шабыс». Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек. «Балықшылар». Үш «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді: Суда балықтар жүзіп жүр, Балықтар асыр салып ойнап жүр, Балақтар, балықтар – тентектер Біз сендерді ұстап аламыз балықтар. Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады. «Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады. 4. Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары. «Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. . «Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз. «Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады. «Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті - орамалды доппен қағу. «Шұңқыр және доп». Ойыншылар кең түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады, қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады. «Аңшылар». Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады. «Арқа». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды. «Ұшты-ұшты». Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды. «Доп соғу». Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады. 5. Кеңістікті бағдарлау ойындары. «Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек. «Инені тап». Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек. «Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады. «Өз орныңды тап». Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады. «Кім кетті?». Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады. «Жұбыңды тап» Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді. 6. Эстафеталық ойындар. «Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады. «Арқан тарту». Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу. «Жасақ». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру. «Жігіттер». Тәрбиеші: Құрметті жігіттер, Біз сіздерді қызықты, Әдемі ойынға шақырамыз. Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады. Мен атқа отырғызыңдар! Киізде үй маған тар енді, Жарқыраған жол үстінде, Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі, Ат үстінде отырып алға қарай шабамын. Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді. «Тапқыр». Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек. 7. Жолдағы кедергілер. «Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды. «Поезд». Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді. «Татулы жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді. «Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады. |