Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Жүгіруге арналған жаттығулар

  • 3. Секіру кезіндегі жаттығулар

  • 4. Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар

  • 5. Еңбектеуге, өрмелеуге арналған жаттығулар

  • 6. Тепе – теңдікке арналған жаттығулар

  • II. ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 1.Қол мен иыққа арналған жаттығулар

  • ҚАУПСІЗДІК ЕРЕЖЕ. I. негізгі имылОЗалыс жаттыулары жруге арналан жаттыулар


    Скачать 50.86 Kb.
    НазваниеI. негізгі имылОЗалыс жаттыулары жруге арналан жаттыулар
    АнкорҚАУПСІЗДІК ЕРЕЖЕ
    Дата11.01.2022
    Размер50.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdocx1548096518.docx
    ТипДокументы
    #328749
    страница1 из 3
      1   2   3

    I. НЕГІЗГІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ
    1. Жүруге арналған жаттығулар

    «Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру.

    «Балапан» - өкшемен жүру.

    «Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.

    «Жылан» - қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.

    «Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.

    «Ізкескіштер» - жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.

    «Трактор» - жылжымалы қадаммен жүру.

    «Пони» - ауыстырмалы қадам.

    «Шаңғышы» - жылжымалы қадам.

    «Зырылдауық» - кеудені оңға, солға бұрып жүру .

    «Бала қораз» - тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.

    «Тышқан» - аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.

    «Тыңда - орында» - бағытты және бағыттаушыны өзгерте отырып жүру.

    «Күркетауық» - тізені бүгіп жүру.

    «Түбіртек» - заттардан аттап жүру.

    «Арыстан және тасбақа» - жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.

    «Тауыс» - қолды тізе астына шапалақтата ұрып жүру .

    «Ләйлек» - тізені жоғары көтере, аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .

    «Балу» - табанның ішкі жақтарымен жүру.

    «Назар!» - бағытпен және бағыттаушыға жылдамдықты ауыстыра жүру .

    «Ит» - жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру.

    «Бау» - көрсетілген бағыт бойынша бірінен кейін бірі жүру.

    «Құйрық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, бірінен кейін бірі жүру .

    «Қабылан» - жүруді жүгірумен алмастыру.

    «Аққала» - жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .

    «Қыл» - аяқтың ұшымен, қолын керіп ұстап, иығына жазып жүру.

    «Шаян» - арқамен алға жүру.

    «Сарбаз» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .

    «Құмырсқа» - шашыраңқы жүру .

    «Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.

    «Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.

    «Сайқымазақ» - басты бұра жүру.

    «Достар» - жұптасып жүру .

    «Шамшырақ» - жылжымалы қадаммен қолды ауыстыру қалпында жанына қарай жүру.

    «Спортшы» - аяқ пен қолдың айқын бағыттағы спорттық жүрісі.

    «Серіппе» - қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру.

    «Робот» - аяқпен түзу жүру.

    «Қаз-қаздар» - қолды тізеге ұстап отырып жүру.

    «Шаңғышы» - «жыланша» жылжымалы қадам.

    «Жасырынбақ» - көзді жұмып жүру.

    «Аю» - табан мен алақанға сүйене отырып, аяқты бүкпей жүру.

    «Бұрамалы қуыршақ» - екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.

    «Түлкі мен қоян» - аяқтың ұшымен жүруді секіре жүруге ауыстыру.

    «Тіркеме» - қолға жіпті ұстай отырып, бірінен кейін бірі жүру.

    «Пішін» - колонна бойымен бір–бірден жүру, дабыл бойынша тоқтау, көрсетілген пішінді бейнелеу.
    2. Жүгіруге арналған жаттығулар

    «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.

    «Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.

    «Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.

    «Жылан» - қолдарын алдыңғы қатарда тұрған ойыншының беліне қоя отырып, бірінен кейін бірі қойылған заттар арасымен жүгіру.

    «Ит» - секірмелі жүгіріс .

    «Бала қораз» - тізені шапалақтай жүгіру .

    «Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру .

    «Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.

    «Ақжелкен» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүгіру.

    «Балапан» - дабыл бойынша затты айнала аяқ ұшымен жүгіру .

    «Твикс» - бағытты алмастыра жұп болып жүгіру .

    «Ақ тоқаш» - жіптің ұшынан ұстап, шеңбермен жүгіру .

    «Бастау сәті» - 1-1.5 мин үзбей жүгіру.

    «Моншақтар» - коллона бойынша жүгіру, дабыл соғысымен жан–жаққа жүгіру, өз орнын табу.

    «Шахматтар» - шахмат реті бойынша орналастырылған бір шеңберден екіншісіне өту.

    «Маймыл» - секіріп, жылжып жүгіру .

    «Шоқырақтау» - бүйірмен шоқырақтау .

    «Дабылдар» - қолға жалау ұстап, жоғары көтергенде -жүгіру, төмен түсіргенде - жүру.

    «Сызғыш» - 40-60 метрге орташа жылдамдықпен жүгіру.

    «Жылға» - 10 метрге үзіліспен жылдам жүгіру .

    «Белгі» - белгіленген орынға дейін жылдам жүгіру .

    «Қырықбуын» - заттар арасымен жүгіру .

    «Сілеусін» - 3 рет 5 метр ара қашықтыққа аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру .

    «Құмырсқа» - 240 метрге дейін баяу жүгіру.

    «Тышқан»- қол қимылдарын әр түрлі етіп, алмастыра жүгіру.

    «Жіпше» - заттар арасымен бір - бірінің қолын ұстай жүгіру.

    «Таразы» - еңкейтілген тақтайшаға жүгіріп шығу және жүгіріп түсу.

    «Қуғыншылар» - аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру.

    «Кедергілермен жүгіру» - кедергілерден секіре жүгіру .

    «Бұғы» - екі аяққа кезекпен құлай жүгіру .

    «Достар» - жұптасып жүгіру.

    «Назар!» - бағытты өзгерте жүгіру .

    «Жылдамдық» - жылдамдықты өзгерте жүгіру .

    «Спортшы» - бастау сәтінен бастап жылдамдыққа жүгіру .

    «Жүк»- заттарды алмастыра жүгіру.

    «Пони» - артымен алға қарай жүгіру.

    «Ирек» - қиғаштай жүгіру.

    «Балапандар» - шашыраңқы жүгіру .

    «Жолбарыс» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап, кең қадаммен жүгіру.

    «Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .

    «Қуғын» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.

    «Арыстан» - алшақ адымдып, кедергілерден секіріп жүгіру.

    «Төбешік» - еңкейтіліп қойылған жолға қарай жүгіріп шығу,одан сырғанау.

    «Буратино» - аяқты артқа қарай жіберіп, түзу жүгіру .

    «Құлын» - қолды шынтаққа дейін бүгіп, тізені барынша биік көтере жүгіру .

    3. Секіру кезіндегі жаттығулар

    «Қоян» - екі аяқпен секіру.

    «Бақа» - отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру.

    «Маймылдар» - затқа қолды тигізе секіру.

    «Аққұтан» - аяқты алма кезек көтере жүгіру .

    «Қайшы» - аяқты айқастыра секіру .

    «Масаны ұстап ал» - қолды бастан асыра көтеріп шапалақтап және аяқты алшақ ұстап секіру .

    «Бұршақтар» - алға, артқа, оңға, солға секіру .

    «Зырылдауық» - өзін айнала секіру .

    «Үйшік» - терезе - жолдармен секіру .

    «Тізбек» - бір-біріне байланған шеңберден-шеңберге секіру.

    «Қосаяқ» - терезе - жолдармен отырып тұрып секіру .

    «Кедергі» - 5-10 см биіктіктегі заттан секіру .

    «Киік» - 40-50см қашықтықтағы 4-6 сызықтардан секіріп өту.

    «Арыстан» - орнынан тұрып ұзындыққа секіру.

    «Доптар» - алға қарай жылжып алмастырып секіру.

    «Қапшық» - қапшық арқылы алға, артқа секіру.

    «Серіппе» - жартылай отырып тұрып секіру .

    «Бөлтірік» - бір орында өзін айналу бұрылыстарын алмастыра секіру.

    «Шегіртке» - оң және сол аяқпен секіру .

    «Сарбаз» - гимнастикалық орындықтан аяқ ұшымен жайлап секіру.

    «Тиін» - сәл үзіліспен 20 рет секіру .

    «Секіру» - 20-30 см биіктіктен секіру.

    «Бол» - фитболмен бір орында айнала секіру.

    «Секірткіш» - биіктігі 10 см 2-3 текшеден кезекпен секіру.

    «Пони» - қысқа секіргішпен тізені көтере секіру.

    «Сайқымазақ» - аяқты алға қарай түзу лақтыра секіру .

    «Секіргіштер» - әр түрлі биіктіктер мен түрлері бойынша жұмсақ заттардан секіру .

    «Саңырауқұлақ» - кедергілер арқылы секіру .

    «Акробат» - аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру.

    «Дәуіт» - алға қарай жылжу арқылы бір аяқпен секіру .

    «Толқындар» - бір аяқпен тербелген секіргіштен аттай секіру.

    «Тарсылдақ» - қолды алға қарай созып шапалақтап, аяқтан аяққа секіру.

    «Би» - қолдарынан ұстай, шеңбер бойымен секіру .

    «Ұядағы құстар» - шеңбер арқылы аяқтан аяққа секіру.

    «Ирек» - кедергілер арқылы жанымен секіру .

    «Шарлар» - фитболмен секіру .

    «Шабыс» - ат үстінде шабу .

    «Секіргіш» - қозғалмайтын секіргіштен алға, артқа қарай секіру.

    «Тұлпар» - 15-20 см биіктіктегі 5-6 заттан екі аяқпен секіру.

    «Инелік» - 20 см биіктіктегі затқа екі аяқпен секіру.

    4. Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар

    «Секіргіш» - допты жоғары лақтыру .

    «Серіппе» - допты лақтыру және қағып алу.

    «Достар» - жұптасып бір - біріне доп лақтыру .

    «Допты домалат» - допты екі қолмен әр бағытқа домалату.

    «Себет» - допты бастан асыра лақтыру.

    «Сайқымазақ» - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап барып қағып алу .

    «Сақина»- допты шеңбердің ортасынан лақтыру және қағып алу.

    «Қабырға» - допты қабырғадан лақтырып, қағып алу.

    «Көңілді доп» - 5 реттен допты оң, сол қолдарымен соғу.

    «Тиін» - допты мақсатқа дәлдеп лақтыру .

    «Лақтыру» - допты бастан асыра екі қолмен жұптасып лақтыру.

    «Допты ұста» - допты жоғары лақтырып, ол еденге соғылған соң ұстап алу.

    «Нысана» - 1.5-2 м ара қашықтықтағы мақсатқа көлденең лақтыру.

    «Жеңіл көлік» - допты екі таяқпен сырғыту.

    «Боулинг» - допты таяқшалар арасымен сырғыту.

    «Қырықбуын» - үлкен допты 70-80 см ара қашықтықтағы заттар арасымен екі қолмен сырғыту .

    «Назар» - допты шеңбер ортасынан тәрбиеші дабылы бойынша қағып

    алу.

    «Басқасына жалғастыр» - шеңбер бойымен допты бір-біріне

    айналдыра беріп шығу.

    «Садақшы» - көлденең мақсатқа қарай лақтыру.

    «Баскетболшы» - диаметрі 6 см допты оң және сол қолдарымен 2-2.5

    м ара қашықтықтағы себетке лақтыру.

    «Салют» - 1.5 м биіктіктегі тік тұрған мақсатқа лақтыру.

    «Мерген» - 3.5-6.5 м ара қашықтыққа лақтыру .

    «Төбешік» - шарларды еңкейтілген тақтайша бойымен сырғытып

    затқа тигізу .

    «Жұлымыр» - допты 3-4 рет лақтыру және қағып алу.

    «Волейболшы» - допты екі қолмен тордан асыра лақтыру .

    «Мақсат» - допты 2-2.5 м ара қашықтықтағы көзделген мақсатқа

    лақтыру.

    «Бауырсақ» - фитболды сырғыту және ұстау .

    «Қарлы кесек» - допты бастан асыра 2 м ара қашықтықтағы себетке

    лақтыру.

    «Есімдер» - допты аты аталған балаға лақтыру .

    «Дөңгелек» - шеңберді алға қарай сырғыту .

    «Спортшы» - допты баскетбол себетіне лақтыру.

    «Ақшақарлар» - алысқа лақтыру .

    «Жонглер» - допты бір қолмен лақтыру және бір қолмен қағып алу.

    «Лақтыр да қағып ал» - допты 10 рет лақтырып, ол жерге соғылғаннан кейін екі қолмен ұстап алу.

    «Допты шеңбер бойымен айналдыру» - допты шеңбер бойымен айналдыра лақтыру.

    «Сыңғырлаған доп» - допты оң және сол қолдарымен 10 рет ұрғылау.

    «Шапалақ» - допты лақтыру және қағып алу.

    5. Еңбектеуге, өрмелеуге арналған жаттығулар

    «Мысық» - қолға және тізеге сүйене отырып еңбектеу, заттың астына оң және сол жанымен кіру .

    «Крокодил» - қолға сүйене отырып еңбектеу .

    «Туннель» - құбыр арқылы еңбектеу.

    «Маймыл» - гимнастикалық қабырғаларға өрмелеу.

    «Жылан» - қойылған заттар арасымен төрт тағандап еңбектеу.

    «Қырықбуын» - шеңбер арқылы еңбектеу .

    «Ирек» - бір-біріне бекітілген шеңбер арқылы еңбектеу.

    «Ұлу» - қолды барынша созып, гимнастикалық орындықта ішімізбен еңбектеу.

    «Көлік» - аяқты алға қарай түзу созып, бөксемен жылжу.

    «Өрмекші» - табан мен білезікке сүйене отырып еңбектеу .

    «Бөлтірік» - төрт тағандап өзін - өзі айналу .

    «Тергеуші»- кем дегенде 10м ара қашықтыққа еңбектеу.

    «Қонжық» - бір - біріне бекітілген шеңберлермен төрт тағандап еңбектеу .

    «Пілдің баласы» - допты сырғыта төрт тағандап еңбектеу .

    «Трактор» - аяқты түзу ұстап артқа қарай бөксемен жылжу.

    «Қаз» - шеңберден қолды еденге тигізбей еңбектеу.

    «Еңбектеген бала» - орындық жақтаулары арасымен еңбектеу .

    «Жігіт» - гимнастикалық орындықпен тұлпарды бейнелей отырып, еңбектеу.

    «Сарбаз» - кем дегенде 15 м ара қашықтыққа еңбектеу.

    «Өрмекші» - қолды, аяқты доға астына тірей еңбектеу.

    «Төбешік» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғарыға қарай ішімен еңбектеу, төменге қарай сырғанау.

    «Күшік» - қол мен аяқты тірей отырып, допты баспен итеру.

    «Үйшіктегі ұлу» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғары қарай еңбектеу.

    «Бұғы» - еңкейтілген тақтайша бойымен төменге қарай еңбетету.

    «Кедергі» - кедергілер арқылы еңбектеу.

    «Итбалық» - білекке, тізеге сүйене отырып, гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу.

    «Ойын бастаушылар» - еңбектеуді басқа қимылдармен алмастыру (жүру, жүгіру, адымдау).

    «Жөндеуші» - жеңіл баспалдақпен өрмелеу .

    «Ырғақ» - жылдамдықты алмастыра отырып, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу .

    «Төмпешік» - заттардан өрмелеу.

    «Тарақан» - аяққа сүйене алға, артқа тасталған қолға сүйене артқа қарай еңбектеу.

    «Шаян» - гимнастикалық орындықта төрт тағандап артқа қарай еңбектеу.

    «Тізбек» - еденге жартылай отырып, бір-біріне бекітілген шеңберлерден өрмелеу.

    «Таудан тауға» - жақтауларды жібермей гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.

    «Бақа» - қол мен табанға сүйене отырып, алға қарай секіре еңбектеу.

    «Пирамидка» - гимнастикалық қабырға бойымен жылдамдыққа ең басына дейін өрмелеу.

    «Бауырсақ» - домалаумен алмастыра еңбектеу.

    «Балық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, әр бағытта еңбектеу.

    6. Тепе – теңдікке арналған жаттығулар

    «Леген» - қолды алға созып қапшықпен жүру.

    «Көпір» - аяқ ұшы арқылы кедір-бұдырлы жолмен жүру .

    «Бала қораз» - қолды екі жаққа жіберіп,тақтай үстімен жүру.

    «Тау» - еңкейтілген тақтайша үстімен жоғары, төмен жүру .

    «Арқан бойлап жүруші» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап арқан бойымен жүру.

    «Кедергі» - текшелерді аттай отырып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.

    «Жұлымыр» - дабыл қағылған соң жүгіріп текшеге тұра қалу.

    «Ұшақ» - гимнастикалық орындық үстімен жүріп, ортасына келіп отыру, қолды екі жаққа созу.

    «Іздер» - қолды белге қойып ізбен жүру .

    «Кедір - бұдырлар» - заттардан аттап жүру.

    «Тышқан» - аяқ ұшы арқылы кедір - бұдырлы жолмен адымды ауыстыра жүру.

    «Ләйлек» - 20-25 см-ге көтерілген тақтайдан аттау.

    «Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру .

    «Бала күтуші» - қуыршақты қолға ұстап орындық үстімен жүру .

    «Би» - орамалмен айналып билеу.

    «Аққұтан» - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген екінші аяқты ұстау .

    «Ер жет» - тақтай үстімен аяқтың ұшынан бастап табанмен жүріп өту.

    «Жіп» - орташа жылдамдықпен гимнастикалық орындық үстімен жүру .

    «Тасбақа» - жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жүру .

    «Жаяу жүргіншілер» - гимнастикалық орындық үстімен заттан аттап жүру.

    «Биші әйел» - қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.

    «Паровоз» - сызық бойымен бір - біріне қарсы жүру, сызық ортасына келгенде тарап кету.

    «Тырна» - гимнастикалық орындық үстімен аяқтың ұшымен, екі қолды екі жаққа жіберіп, заттарды аттай жүру .

    «Түйеқұс» - гимнастикалық орындық үстімен бүгілген тізені барынша биік көтеріп жүру.

    «Бөлтірік» - гимнастикалық орындық үстімен бағытты ауыстыра жүру.

    «Жүк тасу» - басымызға қапшықты киіп, қолды екі жаққа жіберіп, сызық бойымен жүру.

    «Балапан» - бір аяқтың өкшесін екінші аяқтың ұшына қойып, арқанмен жүру.

    «Отырған тауық» - жылжымалы адыммен бір жаққа қарай жылжу.

    «Ақжелкен» - гимнастикалық орындық үстімен тізенің артқы жағына қарай қолымызбен шапалақтап жүру.

    «Бауырсақ» - еңкейтілген тақтайшамен домалау.

    «Қаңбақ» - гимнастикалық орындық үстімен допты аяқпен алдына қарай сырғанату.

    «Леген» - басымыздағы қапшықпен айнала жүру.

    «Бұрамалы қуыршақ» - қолды жоғары көтеріп, гимнастикалық орындық үстімен бұрылу.

    «Қалайы сарбаз» - текше үстінде тұрып қолды сермеу.

    «Қарлығаш» - гимнастикалық орындық үстінде тұрып, қарлығашты бейнелеу.

    «Хан қоңызы» - орындық үстінде жайлап жүгіру

    «Достар» - жұптасып айналу.

    «Аққу» - жіңішке тақтайшамен жүру.

    «Ванька - встанька» - дабыл бойынша текше үстіне тұрып, айналу.

    «Тағзым» - жіп бойымен иіліп жүру.

    II. ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
    1.Қол мен иыққа арналған жаттығулар

    «Маятник» - тік тұрып, қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және кезекпен түсіреді.

    «Құс» - тік тұрып алақанды жоғары қарата қолды екі жаққа сермейді.

    «Қанат» - тік тұрып алақанды ішке қарата қолды жоғары көтеріп, артқа қарай түсіреді.

    «Дөңгелек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қойып, қолды алға созып, алақанды жұмып, білезікті, шынтақты, иықты қысу, айналдырады.

    «Текшені жалғастыр» - тік тұрып, қолды екі жаққа созып, жоғары көтеру, текшені келесі қолға салып, қайта екі жаққа созып төмен түсіреді.

    «Қолды айналдыру» - тік тұрып, қолмен жұдырық түйіп, 1-2 деп санағанда алдымен екі жанға, содан соң алға, қайта екі жанға, содан соң артқа қолмен кең шеңберлер жасау керек; 3 - 4 есебінде алға қарай.

    «Шынтақты айналдыру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2 деп санағанда шынтақты артқа жіберіп, жауырынды біріктіруге тырысу керек, демді ішке тарту керек, 3-4 дегенде демді сыртқа шығару қажет.

    «Қолды арт жақтан біріктіру» - тік тұрып қолды арт жақтан, белден ұстау керек, 1-2 дегенде иықты артқа жіберіп, қолды артқа қарай керу қажет, 3-4 есебінде демді шығару қажет.

    «Қолды бұру» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйу керек, 1-2 есебінде қолды иықтан білезікке дейін алға қарай айналдырып, 3-4 есебінде б.ж.оралу керек,шынтақты бүкпеу қажет.

    «Сегіздік» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түю керек, 1 есебінде білезікпен алға қарай айналдыру, 2 есебінде артқа қарай айналдыру қажет.

    «Басты айналдыру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2-3-4 есебінде басты оңға қарай, содан соң келесі жаққа айналдыру керек.

    «Басты бұру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2 есебінде басты оңға қарай, 3 - 4 есебінде солға бұру керек.

    «Қолды алға созу» - тік тұрып, қолды иыққа деңгейіне дейін бүгеміз, шынтақты төмен қаратып, жұдырықты түю керек, 1 есебінде бұлшықеттерді қатайтып, қолды алға созады, 2 есебінде б.ж.оралады.
    «Саусақтарды бүгу»- тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, білезікті жоғары қаратамыз, 1 - 2 есебінде саусақтарды ашып, бұлшықеттерге салмақ сала бір-бірінен ажыратуға тырысу керек, 3 - 4 есебінде б.ж.қайта оралады.

    «Қолды уқалау» - тік тұрып, алақанды бірге ұстап, қолды жоғары көтеру керек, 1 есебінде алақанды бір-біріне жабыстыра сол алақанды оң алақан бойымен жүргізу керек, ал 2 есебінде осылайша керісінше қайталайды.

    «Күшті» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, жұдырықтар иыққа тигенше қол бұлшықеттерін қатайта қолды иыққа қарай бүгу керек, б.ж. қайта оралады.

    «Құлып» - тік тұрып, саусақтарыңды бір - біріне құлыптана айқастырып алға, содан соң жоғары көтеріңдер.

    «Достық» - тік тұрып, саусақтарды бүгіп - жазып, білезікті жоғары көтереміз, түсіреміз.

    «Эспандер» - тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, сол қол жұдырығын түйіп, алға қарай бүгеміз, оң қолды бұлшықеттеріне күш сала жоғары көтереміз, сол қолды төмен түсіреміз.

    «Диірмен» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, шынтақпен ішке - сыртқа айналдыра қимылдаймыз.

    «Ләйлек» - тік тұрып, аяқты бір-біріне алшақ қояды, бүгілген сол қолмен жарты шеңбер сызып, оны жоғары көтереміз, шынтаққа дейін бүгілген оң қолды артқа жіберіп, оның сырт жағын белге жапсыра ұстаймыз.

    «Көбелек» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 – 2 есебінде шынтақты артқа жіберу керек, оларды арқа тұсынан біріктіруге тырысу қажет, 3 – 4 есебінде б.ж.

    «Сарбаз» - тік тұрып, қолды жоғары көтереді, 1 – 2 есебінде оңға, 3 – 4 есебінде солға қарай сермейді, ал дене қозғалыссыз қалуы керек.

    «Дөңгелек» - тік тұру керек, 1 есебінде қолдағы дөңгелекті жоғары көтеріп қарау керек, 2 дегенде төмен түсіру, 3 есебінде оңға, 4 солға бұрады.

    «Резеңке» - тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, оң қолды жоғары көтереді, сол қол төмен түсіреді, шұғыл қимылдап, қолдарды кезек сермейді.

    «Тарсылдақ» - қолды төмен түсіріп, тік тұру керек, қолды алға - артқа шапалақтай сермеу керек.

    «Сиқырлы таяқша» - қолға таяқшаны көлденең ұстап тік тұрады, қолды бүгіп таяқшаны кеудеге тартып, жоғары көтереді, қайта кеудеге тартады.
      1   2   3


    написать администратору сайта