Малгаждарова Г.А. баяндама. Ы. Ноайбаев атындаы 18 орта мектеп мкм малгаждарова Гулмира Ануарбековна
Скачать 19.76 Kb.
|
«Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп» МКМ Малгаждарова Гулмира Ануарбековна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші ОҚУШЫ БОЙЫНАН ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ? Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты алсақ, бұл – ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды қажет ететін күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.Түрлі жасалған талдаулар оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруда бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып,анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Дарынды және талантты оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар ретінде зерттелуі тиіс екенін түсінуіміз қажет.Дарындылар мен таланттардың жалғыз аспектілік анықтамасы бір ғана критерийге негізделеді – зият деңгейі және оның IQ балдары негізінде анықталуы. Ал көп аспектілі анықтамалар көптеген критерийлерге негізделеді, бұл ерекше қабілетті оқушылардың жалпы санынан анағұрлым жоғары пайызды анықтай алады. 1978 жылы Ренцули дарындылықты нақты анықтап көрсетті: қабілеттері ортадан жоғары; тапсырманы жоғары деңгейде беріліп орындау; жоғары деңгейлі шығармашылық. 2006 жылы Гарднер зияттың сегіз түрін анықтады: логикалық-математикалық; лингвистикалық; кинестетикалық; кеңістіктік; музыкалық; тұлғааралық: тереңдетілген; табиғи. Енді бұл зият түрлерін қаншалықты ажырата алатындарыңызды білу мақсатында берілген суреттерге қарап, кімде қандай ерекше қабілет бар екенін, дарындылықтары қандай зият түріне жататынын анықтап көруге болады. Макэлпайн мен Рид дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының тізімін жасады. Шындығында, бірде-бір дарынды оқушы сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді,барлығына ие болуы мүмкін емес немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін. Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы: - Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған; - Ақпараттарды шұғыл өңдейді; - Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады; - Проблемаларды қайта құруға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжамдар жасайды; - Проблемаларды анықтайды және шешеді; - Барлығына талдау жасайды; - Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге» және «қалай» деген сұрақтар қойып, жаңалықтар ашуға ұмтылады. Креативті ойлаудың сипаттамалары: - Ерекше идеяларды табады; - Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған; - Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады; - Әзілшіл; - Ерекше түсінік қалыптастырады; - Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды; - Көптеген идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын; - Ерекше нәрселерде іздейді. Ынталандыру сипаттамасы: - Жеке жетістіктердің жоғары сипаттамаларына ұмтылады; - Дербес; - Мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарды белгілейді; - Міндеттерді шешуге дәйекті; - Табанды және үдерістермен бар ынтасымен шұғылданады; - Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім; - Сенімді; - Өз бетімен жұмыс істегенді жақсы көреді; Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы: - Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады; - Өзіне сенімді; - Жаңа жағдайларға тез төселеді; - Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан; - Өзіне жауапкершілік алуға дайын. Табандылық сипаттамалары: - Өктем өтініштерге сенбей қарайды; - Өткінші шешімдерге күмән келтіреді; - «Мұғалімдер мен ересектерді» түсініктеме беруге жетелейді; -«Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады; - Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды; - Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды; - Жоғарғы сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады; - Тиянақты, нақты сұрақтар қояды. Фриманның (1998) дарынды және талантты балаларды анықтаудағы негізделген критерийлері: Есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады; Оқу үдерісін қалай жүретінің басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады; Жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады; Ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді; Оқуда және проблемаларды шешуге балама шешімдерді көріп, қабылдай алады; басқалар,ға қарағанда тіртібі жақсы; Қызығушылықтарын арттыру мақсатында күрделі ойындар мен тапсырмаларды орындайды; Ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландырады; Ерте сөйлейді, оқиды және жазады. Енді мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай көмектесуге болады? Дарынды және талантты балаларды анықтаудың тәсілдері Мектепте осындай оқушыларды анықтауға көмектесудің 5 тапсырмасы: оқушылардың әр түрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу; мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік ұсыну; оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау; ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану; уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау. Қолданылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық /екінші деңгей/; Х.Гарднер. Бірнеше интеллект: Жаңа көкжиектер. 2006 ж. |