Главная страница

есептеу дағдысы. I ойын технологиясыны бастауыш сынып оушыларын оытудаы алар орны


Скачать 69.11 Kb.
НазваниеI ойын технологиясыны бастауыш сынып оушыларын оытудаы алар орны
Дата28.11.2018
Размер69.11 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаесептеу дағдысы.docx
ТипДокументы
#58048
страница2 из 3
1   2   3

1.2 Ойын   бастауыш   сынып оқушысының танымдық қасиеттерін қалыптастыру құралы

Таным    - іс-әрекетінің  адам мақсаттары  мен ұмтылыстарының негізі   болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық  қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.

Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін тәжірибеде ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдың қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Тәжірибе обьективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтыны анық. Сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және басқа да әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады.

Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды  ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге  көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған.

Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ерте заманнан бері жинап-терген мол тәжірибесі бар.

Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз  байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Бала мектепке барған да ойнауын тоқтата қоймайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке асырылады.

Бала табиғатынан  қимыл-қозғалысқа  құмар жан.     Ол  үнемі  секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта:

"Баламен ойнама  шаршарсың "

"Бала -құлыншақ, бала - ұрыншақ",

"ойнай білмеген бала,  ойлай білмейді",

- деп бекер айтылмаса  керек.

Бала ойыны алуан  түрлі ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді  бойына сіңіріп, біртіндеп  тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағ-дыланады.

М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай  мән берген: "Баланың қиялы  әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналадағы жұмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі   құрық салады; шырпыларды түзіп көш жасайды;

балшықтан мал жасайды;  қуыршақтан  қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіріп, құда түсіреді" - деген.

7-10 жас арасы анатомиялық-физиологиялық  даму жағынан қауырт  қимыл-әрекеті,  қозғалысты, жылдамдықты талап ететін  кезең болғандықтан бала организмі  үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.

Ойын арқылы бала айнала қоршаған ортаны, өмірді таниды. Өмір сүрудің  белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік   мінез-құлық нормаларын игереді.

Ал енді ұлттық ойындардың біразы "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олан негізінен логикалық  ойлау мен математикалык, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Сондықтан төресі "Тоғыз құмалақ". Сонымен қатар, оймен келетін   ойындар шахмат, дойбы ойындары.

Әрине бұл ойындар  ойды, есепті талап етеді. Бірақ та төменгі сынып оқушыларына аса қияындау тигенімен, зерек бала тез үйреніп, оймен жұмыс жасауды қабылдайды. Бұл танымдық белсенділіктің бір түрі,  әрекеті.

Балалар ойындарының  тағы біреуі "асық ату", "хан  талапай", "омпа", "жамбы ату" ойындары. Асық ойындары алдымен нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.

Халық ойынның неше алуан  түрлерін туғызып ғана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан  олар "бала ойынмен өседі" деген  өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындысын өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті.

Жалпы оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бала тура, ол сөзсіз шындықтың  жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.

Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік танымдардың салыстырмалығында барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан шығады.

Мектеп оқушыларының да танымы мотивтермен қозғалмалы болуға білім, шэкірттік таным болуы  үшін, оқушының оқуға деген құштарлығы болуға   тиіс.

Танымдық белсенділік  әрекетіне қабілетті дамыту да ақыл-ой тәрбиесінің аса маңызды міндетінен саналады. Оқушылар танымның нақтылы бір саласында білімдерді ойдағыдай алу үшін керек, арнаулы іскерліктер мен дағдыларды да игеруге тиіс.

Қазіргі таңда қарым-қатынас  мәселелері мектептің оқу-тәрбие процесінің ынтымақтық гуманистік бағытына байланысты туындап отыр. Сондықтан таным мен қарым-қатынастың өзара байланысын анықтауға және олардың педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігіне қатысты.

Танымның әлеуметтік маңызы саланың, қоғамның, табиғаттың обьективті заңдарын белгілі бір  мақсатты және жан-жақты ашып көрсететін әлемдік тарихи   процесс ретінде қаралады.

Адамның психологиялық  дамуын зерттеулер циклі жалпы танымдық әрекеттің эволюциясы мен қызметіндегі өзгерістерге байланысты адамның сенсомоториялық  дамуындағы таным мен қарым-қатынас процесінің өзара белгілі-бір байланысын ашып көрсетеді.

Қарым-қатынас арқылы оқытудың негізі болып табылатын  таным мен қарым-қатынас арасындағы әртүрлі байланыстар мен бағыныштылыкқа қарай оқу процесі жан-жақты  кеңейтіледі, ол тек еңбек барысында  ғана емес, таным   қызметіне әсер етеді. Мұғалім жетекшілігімен ұйымдастырылған оқушылардың танымдых іс-әрекеті арқылы олар әлемді нақты жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді.

Ғалымдардың зерттеулері  бойынша, оқушылардың өзара оқу  процесі негізіндегі қарым - қатынасы субьектілер арасындагы ортақ іскерлік қарым-қатынас негізінде болса, жұмыс нәтижесі соғұрлым тиімді, жемісті болмақ. Оқу процесіне қатысушылардың ортақ қызметінің нәтижесі - терең және кеңейтілген білім, іс - әрекет әдістері, мақсатқа     өздігінен         жету,     оқуға,     шығармашылық жұмыстарға ынтаны    өсіру,    сондай-ақ,    жеке     адамдық пікірді қадағалап отыру.

Ынтымақтастықты оқу-танымдық процестің өнімділігін, оқушылардың  еңбегін, оның нәтижесін өсіру мүмкіндіктері  қарастырылған. Психологтар бірігіп атқаратын іс - әрекеттің осы тектес жеке іс - әрекетке қарағанда анағұрлым тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл бірлескен іс - әрекеттің жеке іс-әрекетіне қарағанда тұрақтылығын көрсетеді.

Бірлесіп атжаратын  іс - әрекеттің тиімділігі оқушылардың мәселені шешуге дайындық деңгейі, орындалатын жұмысқа көзқарас, оны алып кету сияқты бірнеше факторлардан анықталатынын зерттеушілер дәлелдеп отыр.

Танымдық әрекет оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара  қарым - қатынасты, оқушылардың өзара  қарым - қатынасын талап етеді. Зерттеушілер пікірі бойынша: "баланың адамдық қарым - қатынасты осы қарапайым өзара сыйлаудан басталатындығын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған танымдық теорияның тікелей қарым - қатынаспен тығыз байланыста екені аталып кетті. Ал, ойын арқылы төменгі   сынып    оқушыларының да   ең    алдымен қарым – қатынасын нығайтып, танымдық белсенділігін арттыру бірінші жолға қойылатыны белгілі.

Ойындардың сан алуан  түрлілігі балалардың ой-өрісінің дамуына, танымның артуына, олардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруіне маңызы орасан зор.

Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ  халқының ғасырлар бойы рухани баии түсуіне  еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек етері сөзсіз.

Ұлт ойындары ата - бабамыздан бізге жеткен, өткенімен байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,  асыл қазынамыз.

Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға  сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы  орасан зор.

Ойын баланың алдынан  өмірдің есігін ашып, оның творчестволық  қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

В.А Сухомлинскийдің  сөзімен айтқанда: "ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ  және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге  қарай ашылған үлкен жарық  терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".

Міне ойын дегеніміз  тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат  бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Қоғамдық жас ұрпақты  тәрбиелеу, танымдық белсенділігін  арттыру, білім беру талаптарына  гуманистік өнегелілік және адамгершілік қасиеттерін терең сіңіріп, ұлттық саналы тәрбие, сапалы білім жүйесін  қалыптастыру "Қазақстан-2030" стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

2 Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздер

2.1 Ойын технологиясы

Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған.,бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.

Ойын түрінде оқытудың мақсаты: Жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Мағынасы: Оқу материалын ізденуге, өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.

Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын – оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады.

Қазіргі мектептерде ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.

  • Жеке технология ретінде ;

  • Оқу пәнінің бөлімін ,тақырыбын ұғып меңгеру үшін;

  • Кең көлемді технология бөлігі ретінде ;

  • Сабақ ретінде ,не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау,бақылау/;

  • Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.

Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.

Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда жүргізіледі:

  • Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;

  • Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;

  • Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, құыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;

  • Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.

Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:

а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;

б/ таным,тәрбие,даму:

в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;

г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік ,рөлдк, іскерлік,еліктеушілік және драмалық ойындар.

Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындартехнологиясының ерекшелігін анықтайды:затпен және затсыз ойындар үстел үстінде ,көшеде ,бөлмеде ,компьютерде ,оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.

Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин).

Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді.

Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады,олады балалар кубтар,квадраттар,ою-өрнектер ,бұйым бөлшектер арқылы шешеді.

Пәндер бойынша дамыту ойындарына құрылыс ,еңбек және техникалық ойындар жатады.

Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі:үлгілер түрінде ,изометриядағы жайпақ сурет,сызба ,жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б.,сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.

Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі ,сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес,олар сурет ,геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі.

Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген ,сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.

Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді ,шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:

  • Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;

  • Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;

  • Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып,бала одан ары нәтижелі дамиды;

  • Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі ,олар мәжбүрлікті көтермейді, бостандықтық және қуаныштықтық шығармашылыққа жағдай туғызады.

Жан тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің басты міндеттері базалық мәдениетті қалыптастыру ,оқушылардың жеке бас әлеуметін барынша дамыту болып саналады. Оның құрамдарының бірі –шығармашылық әлеуетті дамытқан кезде, пәнге танымдық қызығушылық ,зияткерлік даму деңгейі , дербес ойлау дәрежесі артады,ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға қызығушылық пайда болады,әуесқойлық, өзіне деген сенімділік , нанымдылық қалыптасады.

Шығармашылық әрекетті оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін ойлаған деңгейге көтеру емес,табиғи қасиетерінің анықталуына көмектесу болып табылады.

Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының шығармашылық әлеуетін анықтауға ,дамытуға және күшейте түсуге тырысамын,өйткені ойын дамытуға ,өмірлік тәжірибесін байытуға жәрдемдеседі ,шынайы өмірдегі әрекетә табысты болуы үшін негізін даярлайды.ойын үстінде адам өмірімен әрекеті ,оқушылардың зияткерлік ,адамгершілік және эмоциялық даму нормасы қайталанады.Ойын сабаұтың кез келген кезеңі үшін жарамды.

Сөйтіп,жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізігі мақсаттары төмендегідей:

  • оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, өтілген материалды қорыту және бекіту;

  • тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым – қатынасын қалыптастыру;

  • дамытушылық бітірушінің барабар әлеуметтік өзін – өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.

Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғанаң жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.

Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты, сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы, үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды, әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.

Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті ашылып,жетілуі үшін ,мен әртүрлі – зияткерлікті-эвристикалықты, байланыстырушы шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға сапалары:әуесқойлық ,бақылағыштық,елес,қиялдары дамытылады. Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын,дербес болады.

Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін ,мен сабақ барысында ойын түрлерін қолданамын.оқытуды мен әртүрлі :сюжеттік-рөлдік,іскерлік ,блиц-ойындар т.б. ойындармен түрлендіруге тырасамын.Сабақты нәтижелеу кезінде КВН немесе Викторина ретінде өткізу тиімді.

Шығармашылық тапсырмалар төмендегідей беруге болады.Мысалы,8 -сыныпта қазақ тілі пәні бойынша «Қазақстан қалалары»деген тақырып бойынша Қазақстанның әр қаласына 1 сағаттан бөлінеді,сондықтан сыныпты топқа бөліп, саяхат сабағын өткізуге болады. Қала тақырыбы бойынша әрбір топ өзінің атауын,логотипін және ұрансөзін ойластырып,президентін сайлайды.Соған қоса топ туризм жоғары деңгейде дамыған қаланың бір бойынша туристік маршруттарын анықтайды.Туристік маршрутын көрнекілік түрінде безендіріледі.Мен басында бір қаланың туристік маршрутын үлгі ретінде ұсынамын,ал команда осыған қарап,өз нұсқауларын даярлайды.Зияткерлігі жоғары дамыған оқушылар құрамынан 3 адам әділқазылар құрамына сайланады,олар сөйлеу уақытын бақылап,топтар жұмысына баға береді.


2.2 Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік  маңызы

Ойын  балалардың  негізгі  іс - әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық -  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады».  Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады.  Жалпы,  математика  сабағында  қолданылатын  ойын  түрлері  оқушылардың  математикалық  ұғымдарын  кеңейтіп.  Ойлау  қабілеттерін  арттырып,  есептеу  дағдыларын  шыңдай  түсетіні  белгілі.

Тәрбие – баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады. Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс - әрекет – ойын. Ойын  арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың  еңбегімен,  қарым- қатынастарымен  танысады. Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  көңілін  көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың  көзқарастарын,  мінез – құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  негізінен  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді. Ойынның  түрлері  көп, соның  ішінде  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы -  баланың  ой - өрісінің  қалыптасуын,  дамуын  мақсат  етіп  қояды. Сондай – ақ  балалардың  адамгершілік  сезімін  оятуға,  адамдармен  дұрыс  қарым – қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған  жеріне  сүйіспеншілік  сезіміне  тәрбиелеуге  көңіл  бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар – балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала  тәрбиесіне  енгізу  үшін  тәрбиешілер  көптеген  жұмыстарды  атқарады.

Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшецтеді.  Ойын  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі  балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды. Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл  бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық   ой - өрісін  кеңейтіп,  сабаққа  ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды   ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін  тәрбиеші  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын – ала  жұмыс  жүргізу  керек.

Дидактикалық  ойындар  үш  топқа  бөлінеді:

  • Заттық  дидактикалық  ойындар – дидактикалық  ойыншықтармен  және  түрлі  ойын  материалдарымен  ұйымдастырлады.

  • Ұстел  үстінде  ойналатын  дидактикалық  ойындар – «Лото», «Домино»  және  тағы  басқа.

  • Сөздік дидактикалық  ойындар.

Дидактикалық   ойын  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсінігін  кеңейтеді,  баланы  ойнай  білуге  баулып,  ақыл – ой  қызметін  қалыптастырады,  әрі  адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  болып  табылады. Дидактикалық  ойынның  ережелері  балалардан  ұстамдылықты,  тәртіптілікті  қажет  етеді. Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі.  Балалардың  сабаққа   қызығушылықтарын  арттырады,  белсенділік  танытып,  бағдарламалық  материалдарды  меңгеруіне  ықпал  етеді.

Дидактикалық  ойындардың  тиімділігі -  сабақтың  әр  кезіндегі  орны  мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен  практикасын  тәрбиешінің  жетік  меңгеруіне,  шеберлік  танытуына,  ойынға  қажетті  материалдарды  алдын – ала  дайындап  алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға  байланысты. Ойындарды  өткен  сабақты  қайталау,  естеріне  түсіру  кезінде  қолданған  пайдалы.

Ойын  түрлерін  сабақ  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта  таңдап  алу  керек.  Мазмұнды  ойындарды  қайталй  бермеу  керек,  ол  үшін  өтілетін  сабақтың  тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  күні  бұрын  реттеп  оны  жүргізудің  тиімді тәсілдерін ойластыру  керек.  Барлық  сабақтарда  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. Мысалы сауат ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  тәрбиешінің  айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып,  ойды  сақтап,  сөз  құрастыруға,  олардың  ой - өрісін  дамытуға  үйретеді.

Қазір  «Балбөбек»  бағдарламасына  байланысты  кешенді  сабақтар  бірнеше  сабақты  қосып  байланыстырып  өткізу  әдіс- тәсілдерін  қолдануғңа  болады.  Айталық,  сауат  ашу  сабағында  сөзде  неше  дыбыс  бар,  неше  әріп,  неше  дауысты  дыбыс  бар  екенін  балалар  санайды,  текшемен  белгілейді,  немесе  суретін  салады.

Дидактикалық  ойын  сәбилер  тобынан  басталады.  Мұнда  жоғары  топтарға  қарағанда  жеңіл  түрлері  беріледі,  балалар  ойланады.  Мысалы,  бала  ойнап  отырған  машинаның  дөңгелегі  нешеу,  түсі  қандай,  кубиктерді   түсіне  қарай  топтастыр,  қане  «сен  көк  кубиктерді әкелші»,  «үстелге  апарып  қойшы»  т.б.  бұл  жерде  балалар  кеңістікті  бағдарлауды  үйренеді.
1   2   3


написать администратору сайта