Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.2 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

  • Қолданылған әдебиеттер

  • есептеу дағдысы. I ойын технологиясыны бастауыш сынып оушыларын оытудаы алар орны


    Скачать 69.11 Kb.
    НазваниеI ойын технологиясыны бастауыш сынып оушыларын оытудаы алар орны
    Дата28.11.2018
    Размер69.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаесептеу дағдысы.docx
    ТипДокументы
    #58048
    страница3 из 3
    1   2   3

    3 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастыру

    3.1 Ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

             Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

             Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

             Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.

             Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.

             В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

             Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

             Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

             Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.

             Я.А.Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.

             К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді.

             Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған.

             Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:

    1.       Танымдық дидактикалық ойындар.

    2.       Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.

    3.       Пәндік олимпиада апталығы.

    4.       Көрнекіліктер.

    5.       Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.

    6.       Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.

    7.       Педагогикалық технологиялар.

    Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.

    1.       Дидактикалық міндет.

    2.       Танымдық қабілетін арттыру.

    3.       Оқудың тиімділігін арттыру.

             Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

    -           Сабақтың шығармашылық бастамасы.

    -           Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.

    -           Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

    -           Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.

    -           Білім мазмұнының көлемі, маңызы.

    -           Білімді меңгеру деңгейі.

    -           Білімді қабылдауы.

    -           Білімді қолдана білуі.

             Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

             Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.

             Я.А.Каменский: «ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын- жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек» - деп аттап көрсетеді.

             Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.

             Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

     

    3.2 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

    Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі.

    Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сол себепті бұл әдістемелік құралмұғалімдер қауымына көмекші ретінде ұсынылды. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған математика сабағында дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір ойындар мен ойын элементтері ендірілген сабақ үлгілері келтірілген.

    Дидактикалық ойындарды құру принциптері

    • Балалардың іс-әрекетіндегі ойын түрлері мен оқуды байланыстыру.
    • Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу.
    • Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
    • Берілген тапсырмаларды шешуде оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы.
    • Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі.

    Дидактикалық ойындарды құру ережелері.

    1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт.
    2. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны оқушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек.
    3. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек.
    4. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді.
    5. Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек. Оқушының ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді.
    6. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс.
    7. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды оқушы тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін.
    8. Оқушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек.

    Дидактикалық ойындардың классификациясы.

    Ойын мақсатының басты ерекше белгілеріне қарап оларды шартты түрде классификациялауға болады.

    • Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған ойындар.
    • Теориялық білімдерін өзектендіруге бағытталған ойындар.
    • Есептеу дағдылары мен шеберліктерін шыңдауға бағытталған ойындар.
    • Бақылау, зерттеу, қорытындылау ойындары.
    • Сурет, кесте, сиволдық жазулар арқылы есептер құрастыруға бағытталған ойындар.
    • Есептің шарты мен талаптары жасырылған схема бойынша өз бетінше тұжырымдамалар жасауға бағытталған ойындар.
    Сонымен бірге көбінесе сыныптағы ұжымдық ойындар дидактикалық міндеттеріне қарай түрлерге бөлінеді. Олар: оқыту ойындары, бақылау ойындары, қорытындылау ойындары.
    • Егер оқушы ойынға қатыса отырып немесе ойынға дайындық кезінде жаңа білімді меңгерсе, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырса бұл тек ойынға ғана емес математикалық материалдың мазмұнында да айқын көрсетілсе, жаңа білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
    • Дидактикалық мақсаты қайталау, бекіту, алынған білімді тексеру болып келетін ойын-бақылау ойыны болып табылады. Бұл ойынға қатысу үшін әрбір оқушыға арнайы математикалық дайындық керек.
    • Қорытындылау ойыны- білімдерді интеграциялауды талап етеді. Ондай ойындар пәнаралық байланыстарды таба алуға, әртүрлі оқу жағдайларында әрекет ету шеберліктерін меңгеруге қалыптастырады.

    Дидактикалық ойындар материалдың мазмұнына, ұйымдастыру әдісіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, сабақтың мақсатына қарай әр түрлі сипат алуы мүмкін. Олар: продуктивті,репродуктивті, шығармашылық, конструктивтік, тәжірибелік, тәрбиелік сипаттар.

    Қорытынды:

    Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

    Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

    Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

    Қорыта келгенде Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников.-Автореф. дисс...канд.пед.наук.-Алматы, 1996.-25 с.
    2. Арутюнян Ж.В. Взаймосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математики младших. Автореф. Дисс....к.п.н.-М, 1988.-15с
    3. Ахметов С. Бастауыш кластарда білім бөрудің тиімділігін арттыру жолдары.- Алматы: Рауан, 1994. -84 б.
    4. Бөргөн Д. Игра как средство обучения и развития: справочник по теории и практики: Портамут - штат Нью - Гемшир., Хинеманн паблишерс, 1988 (перевод с англ.)
    5. Выготский А.С. Игра и её роль в психическом развитии ребёнка. “Вопросы психологии” 1966 г. 85 стр.
    6. Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения. М., 1986.-104б
    7. Елубаев С., Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер.- «Бастауыш мектөп» кітапшасы.- №9-10.-1995.
    8. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б.
    9. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скаткина М.Н., Краевского В.В.-М:Педагогика, 1978.-208 с.
    10. Кларин М.В. Игра в учебном процессе //Советская педагогика.-1985.-№ 6.
    11. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. Мектеп 1973.-146б
    12. Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям учеников. - М: Просвещение,1985.
    13. Кішібеков Д. Философия. Алматы: Қазақстан, 1994.- 210 б.
    14. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты - Алматы: РБК, 1998.- 245 б.
    15. Қаржабаев А. Ойын – тиімді тәсіл. //БМ. 1992 ж. №5,6


    1   2   3


    написать администратору сайта