аныктама. І. Оушыларды жазба жмыстары мен жмыс дптерлері туралы. Жазба жмыстарыны трлері
Скачать 47.5 Kb.
|
Әдістемелік хат «Қазіргі мектептің даму кезеңінде оқушының жазба жұмыстары мен дәптерлеріне қойылатын бірыңғай талаптарын орындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің жұмыстары» І.Оқушылардың жазба жұмыстары мен жұмыс дәптерлері туралы. 1.Жазба жұмыстарының түрлері 1.1. Оқушылардың сынып және үй жұмыстарына арналған жазба жұмыстарының негізгі түрлері жаттығу жұмыстары болып табылады. 1.2. Математика пәнінен ағымды және қорытынды, бақылау, өздік жазба жұмыстары, тест түріндегі білім деңгейін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ағымды бақылау жұмыстарының мақсаты оқушының бағдарламалық оқу материалын игеруін анықтайды; олардың мазмұны мен жиілігін мұғалім оқу материалын қиындық деңгейіне, сонымен қатар әр сыныптың ерекшеліктеріне қарай реттейді. Ағымды бақылау жұмысына толық бір сабақ көлемін немесе сабақтың бір бөлігін арнайды. Қорытынды бақылау жұмысы: - бағдарламаның ең негізгі тақырыптарынан кейін, - тоқсан аяғында, - жарты жылдықтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім мен мектеп әкімшілігінің келісімімен ағымды және бақылау жұмыстарын өткізу кестесі құрылады. Жазба бақылау жұмыстарын тоқсан аяғына шоғырландырмай, әр сыныпқа бақылау жұмыстарын тоқсан бойынша бірдей мөлшерде бөлу қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлайды. Тоқсанның бірінші күні, мерекеден кейінгі күні, аптаның бірінші күні бақылау жұмыстарын өткізуге болмайды. Бақылау түрлерінің мақсатына қарай өздік және тестілеу жұмыстарына толығымен бір сабақ, сонымен бірге сабақтың бөлігі арналады. 2. Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің саны мен арнауы 2.1. Математика пәнінен жаттығу жұмыс түрлеріне арналған оқушылық дәптерінің саны келесідегідей: 2 жұмыс дәптері - 1-4 сыныптарда 2.2. Математика пәнінен бақылау жұмыстары арнайы дәптерге орындалады. Арналған дәптерлер мектепте сақталады және қажет кезінде (бақылау жұмысы, қатемен жұмыс) оқушыларға таратылады. Бақылау жұмыс дәптерлері: - 1-4 сыныптарда - 1 бақылау жұмыс дәптері 3. Дәптерлердің жүргізілу тәртібі Оқушы дәптерлеріндегі жазулар келесі талаптарға сай болу керек: 3.1. Дәптердегі жазу ұқыпты және түсінікті болуы. 3.2. Дәптерлердің сыртын бірдей талапқа сай және неге арналғанын көрсетіліп толтырылуы. 3.3. Жұмыстардың орындалу мерзімінің қойылуы Математика дәптерінің жолағына орындалу мерзімі цифрмен жазылады. Мысалы: 05.11.12 ж. 3.4. Сабақтың тақырыбы жеке жолда жазылады. 3.5. Жаттығудың нөмірі, орындалған жұмыс түрлері (өздік жұмысы, тест), жұмыс қайда орындалғаны (үй жұмысы, сынып жұмысы) жазып көрсетіледі. Мысалы, Сынып жұмысы № 124 3.6. Жаңа жолды сақтау. 3.7. Сынып және үй жұмыстарынан кейін - 4 тор көз, әр тапсырмадан кейін 2 тор көз қалдырылады. 3.8. Сызба мен салу жұмыстары сызу құралдардың (қарындаш, сызғыш, циркуль) көмегімен орындалады. 4. Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі. 4.1. Оқушылардың математика пәнінен үй және сынып жұмыстарына арналған дәптерлерді тексеру талаптары: - 1-4 сыныпта барлық оқушылардың үй және сынып жұмыстары жыл бойы күнделікті тексеріледі. 4.2. Барлық оқушылардың бақылау жұмыстары тексеріледі. 4.3. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді сақтайды: - 1-4 сыныпта жұмыс келесі күннің сабағына дейін тексеріледі. 4.4. Мұғалім бақылау жұмысын тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді және дәптерлерді жыл бойы сақтайды. 4.5. Тексерілетін жұмыстарда мұғалім жіберілген қателерді көрсетеді және түзетеді. - Қателер тек қызыл түсті қаламмен түзетіледі. 4.6. Оқушылардың бақылау жұмысының бағалары журналға түсіріледі. Егер өздік жұмысы толық сабаққа жоспарланбаса, онда өздік жұмысына (тест) қойылатын бағалар іріктеліп, мұғалімнің таңдауымен қойылады. 4.7. Оқушылардың жазба жұмыстары тексерілгеннен кейін мұғалім типтік қателердің болдырмауын ескертетінін тапсырмалар, қатемен жұмыс береді. ІІ. Математиканы оқытуда білім, білік пен дағдыларды бағалаудың нормасы 1. Оқушылардың математиканы оқудағы жазба бақылау жұмыстарын бағалау. «5» бағаның қойылуы, егер: - жұмыс толық орындалса, - логикалық пайымдаулар мен шешімдерді негіздеуде қателер мен кемшіліктер болмаса, - есептеуде математикалық қателіктер жоқ (мүмкін болмашы кемшілік, аңдаусызда жіберілген қателіктің болуы) «4» бағаның қойылуы, мүмкін жағдайлар: - жұмыс толық орындалғанмен, шешу қадамдарында негіздеудің жетіспеуі, - бір қатенің жіберілуі немесе кескінде, суретте, сызбада не графикте екі-үш кемшіліктің не түзетудің болуы. «3» бағаның қойылуы, егер - оқушы міндетті білім деңгейін меңгерген, бірақ бір артық қате немесе кескін, сызбаларда екі-үш кемшілік жіберілуі, түзетудің болуы. «2» бағаның қойылуы, егер оқушы міндетті деңгейді меңгермегенін көрсететін өрескел қателер жіберсе. Мұғалім берілген сұраққа ерекше жауап берген немесе есептің ерекше жолын көрсеткен оқушының жоғары деңгейдегі математикалық дамуын дәлелдейтін аса күрделі есепті шығарғаны үшін бағаны көтеріп қоя алады. 2. Оқушылардың математиканы оқудағы ауызша жауаптарын бағалау. Оқушы жауабы «5» бағаланады, егер - бағдарлама мен оқулық көлемінде берілген оқу материалының мазмұнын толық ашса; - математикалық терминология мен символиканы дәл қолдана отырып, белгілі логикалық тізбек бойынша материалды сауатты түрде жеткізсе; - жауап берумен бірге сурет, сызба, графикті дұрыс орындаса; - теорияны ашатын мысалдар келтіріп, практикалық тапсырманы жаңа жағдайда қолдана алса; - алдыңғы байланысты тақырыптардан алған теориялық білімін көрсете алса; - мұғалімнің жетелеуінсіз, өздігінен жауап берсе; - қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, мұғалімнің ескертуінен кейін оларды оңай түзете алса. Оқушы жауабы «4» бағаланады, егер негізінде жауап «5» бағасының талаптарына сай болса, сонымен бірге кейбір кемшіліктердің болуы: ауызша жауап беруде жауаптың мазмұнын бұзбайтын кейбір қателіктердің болуы; жауаптың негізгі мазмұнын ашуда бір-екі кемшіліктің болуы және оларды мұғалімнің ескертуінен кейін оңай түзетуі; қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, оларды мұғалімнің ескертуінен кейін оңай түзетуі. Келесі жағдайларда жауапқа «3» баға қойылады: материал мазмұны толық ашылмауы (ретін сақтамай, үзінді түрде жеткізуі), сұрақты жалпы түсініп, бағдарламалық материалдың игерілмегендігін көрсетеін біліктілік байқалса; - математикалық терминология мен символиканы қолдануда қателер жіберілсе және мұғалімнің сілтемелерінен кейін тақырыптың міндетті деңгейінің тапсырмасы орындалса. - тапсырманың міндетті деңгейі орындалып, бірақ оның практикалық тапсырмасын жаңа жағдайда қолдана алмаса; - теориялық материалды біле отырып, теорияның қолдануын көрсететін негізгі білім, дағдылардың қалыптасуы жеткіліксіз болса. Келесі жағдайларда жауапқа «2» баға қойылады: оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса; ұғымдар анықтамасында математикалық терминдерді қолдануда, кескіндерде қателер жіберілсе және олар мұғалімнің сілтемелерінен кейін түзетілмесе. 3. Қателердің жалпы классификациясы. Оқушылардың білім, білік және дағдысын бағалауда барлық қателерді ескеру қажет. 3.1. Өрескел қателер: - негізгі түсініктердің анықтамасын, заңдарын,ережелерін, теорияның негізгі қағидаларын, формулаларын, шамалардың жалпы қабылданған белгіленуін, шамалардың өлшем бірліктерін білмеу; - өлшем бірліктердің атауын білмеу; - есеп шешу алгоритмі мен есеп шығару біліктілігін қолдана білмеу; - қорытындылау мен жалпылау жасай алмауы; - графикті оқи және сала білмеуі; - түпдерек, оқулық пен анықтамалықты қолдана білмеу; - теңдеудің түбірін жоғалтуы немесе бөгде түбірді қалдыру; - еш түсіндірмесіз бір түбірді алып тастау; - оларға бірмәнді қателер; - есептеулердегі қателер; - логикалық қателер 3.2. Өрескел емес қателер: - анықтама, түсінік, теориядағы негігі ұғымдардың қасиеттерінің толық болмауы немесе осы бір-екі белгісінің қосалқы белгілермен ауысуы; - графиктің дәл болмауы; - есепті тиімді емес әдіспен шешуі немесе жауаптың жеткілікті түрде ойластырылмаған шешімі (логиканың сақталмауы, жекеленген сұраақтардың қосалқы сұрақтармен ауысуы) - есепті дұрыс шығармауы, тапсырманы жалпы түрде шеше алмауы. 3.3. Кемшіліктер - есептеуде, түрлендіруде тиімді әдісті қолданбау; - сызба, кескін, графикті дәл, әрі ұқыпты орындамау. |