Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш педагог.. Ыбырай Алтынсарин тыш педагог
Скачать 27.4 Kb.
|
Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш педагог. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай Алтынсаринның шын аты Ибраһим, қазақтың тұңғыш аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады. Сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай жерде мектеп ашу, оны ұйымдастыру өте қиын еді, қаражат жоқ, мектеп үйі жоқ, оқытушылар аз, оқулықтар жоқ. Алтынсарин осы да, басқа да қиындықтарды жеңді. 1879 жылы Алтынсариннің әйгілі «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітабы шықты. Алтынсарин жазушылық қызмет те атқарған, оның «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық» т.б. шығармалары халыққа белгілі. Сондай-ақ «Кел, балалар, оқылық», «Жаз» т.б. өлеңдері де белгілі. Ұлы педагогтің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды өнер, білімге шақырған ұран ретінде оқулықтардан әлі орын алып келеді. Ыбырай Алтынсарин аудармашылық талантымен де ерекше танылған. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Алтынсарин туралы көркем шығармалар, ғылыми-зерттеулер көп жазылды. Қостанайда ескерткіш қойылды. Республикадағы ғылыми мекемелердің бірі – Ұлттық білім академиясы Алтынсарин атымен аталады. 1-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. Бірінші – _________________________________________________________________ [1] Ұстаз – ______________________________________________________________ [1] Ақша – ______________________________________________________________ [1] Жұмыс- __________________________________________________________________ [1] Келешек – ______________________________________________________________ [1] Барлығы: [5 балл] 2-тапсырма.Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. Мысалы: Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. ы___________________________________________________. Жауабы: 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында Ыбырай Алтынсарин туған. 1.Ыбырай Алтынсариннің шын аты Ибраһим, қазақтың тұңғыш аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қазақтың тұңғыш ___________________________________________ [1] 2.Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Оның ішінде ________________________________________________________________ [1] 3. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Дүниежүзі әдебиеті_____________________________________________________________[1] 4. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады. Ыбырайға__________________________________________________________________[1] 5. Сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Оны ______________________________________________________ [1] 6. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Алтынсариннің____________________________________________________[1] 7. Шалғай жерде мектеп ашу, оны ұйымдастыру өте қиын еді, қаражат жоқ, мектеп үйі жоқ, оқытушылар аз, оқулықтар жоқ. Оны __________________________________________________________________ [1] 8. Ұлы педагогтің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды өнер, білімге шақырған ұран ретінде оқулықтардан әлі орын алып келеді. «Кел, балалар, оқылық»________________________________________________ [1] 9. Ыбырай Алтынсарин аудармашылық талантымен де ерекше танылған. Аудармашылық___________________________________________________[1] 10. Алтынсарин туралы көркем шығармалар, ғылыми-зерттеулер көп жазылды. Көркем шығармалар___________________________________________________[1] Барлығы: [10+5=15 балл] 3-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз. 1.Ыбырай Алтынсарин қандай тұлға? _______________________________________________________________[1] 2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әйгілі шығармаларын оқыдың,тұңғыш кітабы қалай аталады? ________________________________________________________________ ____________________________________________________________________[2] 3. Ыбырай Алтынсариннің қазақ еліне қосқан үлесі,Ыбырай басты үлес не деп қарады? _______________________________________________________________________ ____________________________________________________________________[2] Барлығы: [5+5=10 балл] Нақты балл қоюкестесі
Жалпы балл қою кестесі балл Тілдік құзырлық 5 Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік құрылымдарды шебер қолданған. Жауабы жүйелі және нақты. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолданады (етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас сөйлемдерді қолдану). Елеусіз қателер кездеседі 4 Лексикалық сөздік қорды және тілдік құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы сауаттылығы жақсы. Грамматикалық және лексикалық элементтерді жақсы білетіні көрінеді. Грамматикалық құрылымдарды көбіне дұрыс қолданады (етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас сөйлемдерді қолдану). Жіберілген грамматикалық қателіктер мазмұнды түсінуге кедергі келтірмейді. 3 Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі қанағаттанарлық. Жауаптары жуық. Сауаттылық деңгейі жетіңкіремейді. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібінде қателіктер кездеседі. Оқушының тілдік қолданысы ой жүйесіздігіне әкеледі. 2 Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі шектеулі. Қарапайым тілдік құрылымдарды қолданғанымен, әрдайым дұрыс болмайды. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдерді қателіктер үнемі кездеседі. Кей тұстарда оқушының тілдік қолданысы оның ойын түсінуге кедергі келтіреді. 1 Сөздік қор мен тілдік құрылымдарды білуі өте шектеулі. Қателер өте көп және жиі қайталанады. Грамматикалық сауаттылығы өте нашар. Тілдік құрылымдардың көбі аяқталмаған немесе қате қолданылған. |