Ғылым психологиясы – ғылыми ізденіс қызметінің нәтижелігін арттыру мақсатында оның психологиялық факторларын зерттейтін сала. Ғылым психологиясы бұл факторларды ғылымды рухани өндірістің ерекше түрінің әлеуметтік ұйымдасқан жүйесі деп ұғынуды негізге алып түсіндіреді, бұл өндірістің өнімдері эмпириялық тұрғыдан бақыланатын логикалық нысандарда шындық болмысты бейнелейді деп ұғынылады. Сондықтан ғылым психологиясы саласы «ғылым туралы кешенді ғылымның» — ғылымтанудың баска салаларымен (ғылым логикасы, ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылымның ұйымдастырылуы, ғылым этикасы) байланысты. Осындай ұстаным арқылы ғалымдардың шығармашылығына индивидуумдық көзқарас еңсеріледі: бұл шығармашылық оның барлық аспектілерінде (зияттық, мотивациялық, коммуникативтік және т.б.) ғылым дамуының объективтік заңдарымен, оның тарихи өзгермелі құрылымдары — пәндік-логикалық және әлеуметтік құрылымдарымен шарттастығында қарастырылады. Ғылым психологиясы индивидуумдық және ұжымдық қызмет жағдайында ғылыми білімдерді өндірудің психологиялық механизмдерін зерттейді, ғылыми кадрлардың психологиялық даярлығы, тиісті тұлғалық сапалар мен ұстанымдардың диагностикасы мен қалыптасуы, шығармашылықтың жасқа қатысты дикамикасы проблемаларын талдап-белгілейді, ғылыми коммуникациялардың, жаңа идеялардың қабылдануы мен бағалануының, зерттеулердің автоматтандырылуының (компьютерлендірілуінің) психологиялық аспектілерін талдайды. Ғылым психологиясның бір тарауы ғылымның әлеуметтік психологиясы болып табылады; ол ресми статусы бар, сондай-ақ бейресми әртүрлі ұйымдар мен ұжымдардағы ғалымдардың қызметін, қарым-қатынастары мен тұлғааралық қатынастарын зерттейді. Бейресми ұйымдар мен ұжымдарға, атап айтқанда, ғылыми мектеп және «көзге кқрінбейтін колледж» (әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін жоне бір-бірімен ауызша және жазбаша түрдегі жекелей байланыстарымен қарым-қатынас жасайтын ғалымдардың бірлестігі) жатады. Ғылым психологиясы ғалымдар арасындағы қарым-қатынастың функцияларын мәдениеттілікке жетелейді және оның мазмұнын зерттейді.[
| Тұрмыстық психология дегеніміз, адамдардың күнделікті өмірден жинақтған мінез құлқы жайлы білімі. тұрмыстық психология адамдар мен жануарлардың психикасын теориялық және эксперименталды зерттеу процесі арқылы алынған тұрақты психологиялық білім.
Тұрмыстық психологияның басты көрсеткіші: басқа адамның тұрмыстық білімді қабылдай алуы. Мұнда ұғымдары фрагментті, дәлме дәл мағынасында қолданылмайды. Ғылыми психологияда ұғымдар нақты анықтау термині ретінде пайдаланылады. ғылыми ұғымдар жалпылық мәнге ие. Ғылыми психология тұрмыстық психологияға арқаланады, одан өз міндеттерін көре алады, соңғы сатыда тексеріледі, анықталады. Психиканың көптүрлі көріністері психикалық процесстер, психикалық күйлері , психикалық қасиеттер деп бөлінеді. Психикалық өмірдегі мәндісі-процестер (Ковалев) Сеченев психологиялық процестер белгілі басы және аяғы бар психологиялық құбылыс дейді және олардың мына төмендегідей жіктелуін береді.
|