Главная страница
Навигация по странице:

  • В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева Философия Мазмұны

  • 2. Ғылым тарихы мен философиясы: Автор: Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х.

  • 4. ИСТОРИЯ И ФИЛОСОФИЯ НАУКИ Н. В. Бряник, О. Н. Томюк

  • 5. История и философия науки Под общей редакцией А. С. Мамзина и Е. Ю. Сиверцева

  • 6.ИСТОРИЯ И ФИЛОСОФИЯ НАУКИ В.С. Степин

  • 1 курс магистратура Жерге орналастыру Қалиева Мадина. ылым тарихы мен философиясы пніні рылымы (салыстырмалы сипаттама) Имре Лакатос ылым тарихы ылым философиясыз соыр


    Скачать 32.32 Kb.
    Названиеылым тарихы мен философиясы пніні рылымы (салыстырмалы сипаттама) Имре Лакатос ылым тарихы ылым философиясыз соыр
    Дата23.12.2019
    Размер32.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 курс магистратура Жерге орналастыру Қалиева Мадина.docx
    ТипДокументы
    #101876

    Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің құрылымы (салыстырмалы сипаттама)

    Имре Лакатос : «ғылым тарихы ғылым философиясыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихынсыз «бос» және Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясын ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет деп айтқандай ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді.

     Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің ерекшелігі - нақты ғылымның философиялық мәселелерін яғни ғылымның жалпы қағидаттары мен заңдары, парадигмалар және ғылыми білімді қалыптастыру стратегиясы, ғылыми теорияны құрастыру әдістері, білімнің стилі мен әдістемесін зерттейді.

    Ғылым тарихы мен философиясы пәніне арналған оқулықтардан төмендегі кестеде тұрған кітаптардың мазмұны мен құрылымына салыстармалы сипаттама жасадым.



    Кітаптың аты

    Авторы

    Шыққан жері

    Шыққан жылы

    1

    «Философия негіздері»

    В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джамбаева


    Алматы

    2015

    2

    «Ғылым тарихы мен философиясы»

    Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х.,

    Алматы

    2007

    3

    «Ғылым тарихы мен философиясы»

    К.Н. Әлікенова

    Талдықорған

    2012

    4

    «История и философия науки»

    Н. В. Бряник, О. Н. Томюк


    Екатеринбург Издательство У ральского университета

    2014

    5

    «История и философия науки»

    В.С. Степин


    Москва

    2018

    1.«Философия негіздері» атты 15 бөлімнен тұратын оқулық оқырмандарды адамның рухани мәдениетінің қалыптасу тарихы, оларды жалпы адам тұрмысы мәселелері мен қоғам, тарих пен саясат, мәдениет пен ағарту, диалектика теориясы мен эпистемология, техника мен қазіргі өзекті мәселелерді зерттеуді әлемдік философиялық ойлау тәжірибесімен таныстырады.

    2. «Ғылым тарихы мен философиясы» оқулығының авторы Жақып Алтаев мен Турсын Ғабитов .Бұл оқулық ғылым тарихы мен философиясының ең түбегейлі мәселелерін қамтиды, яғни ғылым тарихы мен философиясын олардың салааралық байланыстылығын философиялық–методологиялық тұрғыдан қарастырады.

    3. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент К.Н.Әлікенованың оқу құралында ғылым дамуының негізгі заңдылықтары, тарихы, құрылымы, деңгейлері, ғылыми зерттеудің методологиясы, адам мен қоғам өміріндегі ғылымның атқаратын рөлі қарастырылған және онымен ғылымның пәндік және әлеуметтік таным категориялары философиялық жүйелердің тарихы және теориясы астарларында кең камтылған

    4. Оқу құралының алғашқы үш бөлімі ғылымның пайда болуынан бастап классикалық емес ғылымның қазіргі кезеңіне, қазіргі ғылым философиясының эволюциясы мен негізгі ұғымдарына, сонымен қатар математика, жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдардағы ғылымның негізгі ішкі жүйелерінің философиялық мәселелеріне арналған.

    5. Оқырманға мәдениеттің және өркениеттің дамуы барысында ғылымның қалай пайда болғанын, ғылым мен танымның басқа формаларының арасындағы айырмашылықтар қандай екенін сипаттайды. Ғылыми білімнің құрылымы мен динамикасы, ғылыми рационализм түрлерінің тарихи өзгерісі, ғылым мен философия арасындағы байланыс, ғылыми зерттеулердің әлеуметтік-мәдени шарттылығы талданған. .

    В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джамбаева лардың еңбегінде философияның туындауы мен қазіргі кезеңдегі философиямен шұғылдану және талдаудың қазіргі ерекшеліктерін көрсеткен.

    Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептері және олардың концептуалдық негіздері мен ілімдері жеке тақырыпшалар болып толық әрі нақты көрсетіліп талданған. Ежелгi Қытай философиясы мен Мысырдағы діни-мифтік тәжірибенің философиялық мәні мен мазмұны қарастырылған.

    Ортағасырлық еуропалық христиандық философия, Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы, Қайта өрлеу дәуірінің философиясы, Жаңа дәуір философиясы, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың соңындағы Батыс Еуропа философиясы, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ және орыс философиясы, XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Батыс философиясы, Диалектика және эпистемология теорияларының мәселелері кезең-кезеңімен нақты талдана отыра олардың өкілдерімен бірге түсінікті түрде жазылған.

    Ғылымның нақты салалары мен ғылыми білімдердің философиялық проблемаларына жалпы шолу ғана жасалған.

    Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х-тардың оқулығында Шығыс философиясы, антикалық философия , Орта ғасыр батыс философиясы , Орта ғасыр араб және түркітілдес философиясы , Қайта дәуірлеу философиясы , Жаңа заман философиясы , Неміс классикалық философиясы ,Қазіргі заман философиясы , ХХ ғасырдағы еуропа философиясына қысқаша шолу жасалынған. Ғылым тарихы мен философиясының түбегейлі мәселелері қамтылған.

    Оқулықтың мақсаты оқырманға эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру болғандықтан ғылым философиясының кезеңдерін жалпылама қарастырған.

    К.Н. Әлікенованың еңбегінде ғылыми идеялар тарихындағы философия, Ғылымдар шығармашылығындағы философияның рөлі, ғылымның философиялық және методологиялық проблемалары дербес зерттеу саласы ретінде (құбылыстар тарихында), ХХ ғасырдағы ғылымдардың философиямен берік байланысы (А.Эйнштейн, Н.Бор, М.Бори, В.Гейзенберг, В.И.Вернадский, Қ.И.Сәтбаев және т.б). ғылымдар концепциясы философия мен ғылымдар методологиясындағы негізгі ыңғайлар, ғылымның қазіргі кезеңдегі концепцияларының жіктелуі неопозитивизм, ғылыми зерттеу логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постопозитивистік бейнесі жазылған.

    Ежелгі Шығыс пен Қытай философиясы, ғылым тарихы мен кезеңдеріне тоқталмай батыс философиясы мен Логицизм, Пифагореизм сияқты математикалық жаратылыстанулық философиялық мәселелер толығымен түсіндірілген. Грек философиясының математикалық ғылым мәсслелеріне қосқан үлесін толық жазған.

    Н.В. Бряник пен О.Н. Томюктің оқулығында ғылым философиясы мен тарихынының теориялық мәселелері ғылым тарихынан ғылымның мәдениеттің әлемдік феномен ретіндегі рөлі жалпылама қарастырылған.

    Ғылымның жекелеген салалары мен нақты салалары арасындағы философиялық мәселелер толығымен қамтылған. Төртінші бөлімде XX-XXI ғасырлардағы ресейлік және шетелдік ғылым философиясының жай-күйі мен мәселелерін түсінуге мүмкіндік беретін таңдалған философиялық мәтіндердің тұжырымдамалық үзінділері келтірілген.

    В.С. Степиннің оқулығында постклассикалық емес ғылым дәуіріндегі ғылыми зерттеулер мен жалпыға ортақ эволюционизм - әлемнің қазіргі ғылыми көрінісінің негізі тереңірек қамтылған. Әлемнің ғылыми бейнесі және жаңа дүниетанымдар өркениеттік даму қазіргі мәдениеттегі рационалдылықтың теориялық жақтары қарастырылған.

    Ғылыми танымның әлеуметтік-мәдени өлшемі ғылыми танымның құрылымы ғылым философиясының негізгі даму кезеңдері көрсетілген.

    Тұлғаның қалыптасуына ғылымның әсері зор. Ең алдымен ғылыми білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі арқылы адам санасының ерекше типі қалыптасады. Табиғаттың, қоғамның, адамның іс-әрекетінің, ойлаудың және т.б. дүниетанымдық көріністеріне көбіне біз математиканы, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдарды оқыту процесінде танысатын әлемнің ғылыми бейнесінің идеялары әсер етеді.

    Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарларын нақты қарастырған.

    Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялардың көмегімен тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды, алуға болады.

    Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал- жабдыққа, шикізатқа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық прогрестің өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады


    1. В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева Философия

    Мазмұны

    Кіріспе ..............................................................................................................7

    1. Философия: пәні, қызметі және алуандығы........................................18

    2. Ежелгі Шығыс философиясы...............................................................23

    3. Антикалық философия..........................................................................58

    4. Ортағасырлық еуропалық христиандық философия

    5. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы....................................102

    6. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы...................................................135

    7. Жаңа дәуір философиясы.....................................................................152

    8. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың соңындағы Батыс Еуропа философиясы..............................................................................................198

    9. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ және орыс философиясы.............................................................................................210

    10. Болмыс, адам, дін және махаббат философиясы..............................244

    11. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Батыс

    Философиясы.............................................................................................258

    12. Саясат пен тарих философиясы.........................................................265

    13. Мәдениет пен білім философиясы.....................................................270

    14. Диалектика және эпистемология теорияларының мәселелері........278

    15. Техника және глобалистика философиясы.......................................284

    2. Ғылым тарихы мен философиясы: Автор: Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х.,

    Мазмұны

    Кіріспе………………………………………………………….………………..2

    1 бөлім. Ғылым тарихы мен философиясы

    1.1. Fылымның философиялық мәселелері…………………………….…..4

    1.2. Шығыс философиясы …………………………………………………23

    1.3. Антикалық философия ………………………………………………..32

    1.4. Орта ғасыр батыс философиясы ……………………………….……..56

    1.5. Орта ғасыр араб және түркітілдес философиясы …………………...60

    1.6. Қайта дәуірлеу философиясы ………………………………………...73

    1.7. Жаңа заман философиясы …………………………………………….76

    1.8. Неміс классикалық философиясы …………………………...……….87

    1.9. Қазіргі заман философиясы …………………………………………..96

    1.10. ХХ ғасырдағы еуропа философиясы ………………………………..104

    345

    II бөлім. Ғылым тарихы мен философиясының түбегейлі мәселелері

    2.1. Техника және ғылым тарихы: даму заңдылықтары мен мәселелері...112

    2.2. Антикалық ғылым ……………………………………………………...138

    2.3. Қайта Өрлеу дәуірінің ғылымы ……………………………………….147

    2.4. Галилео Галилей – экспериментальді математикалық жаратылыстану

    және нақты ғылым негізін қалаушы ……………………………………….154

    2.5. Исаак Ньютон және классикалық жаратылыстанудың құрылуы…...165

    2.6. Электромагнетизм туралы ілімінің тарихы мен әдіснамасы ………..175

    2.7. Электромагниттік Өріс теориясының дамуы: тарих пен қазіргі

    заман……………………..………………………………………..……….…186

    2.8. Математикалық танымдағы бақыланатын және бақыланбайтын

    философиялық аспектілер …………………………………………….……215

    2.9. Этнос философиясы …………………………………………………....222

    2.10.Мәдениет философиясы: принциптер, теориялар, тәсілдер ………..243

    2.11. Өнер философиясы ……………………………………………………258

    2.12. Құқық философиясы ……………………………………………...…..275

    Қосымша……………………………………………………………………..284

    3.

    3.К.Н. ӘЛІКЕНОВА ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ

    МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ.................................................................................... 3

    І БӨЛІМ. Ғылым философиясы тарихының негізгі белестері.

    1 тарау. Тарихи идеяларындағы философия және ғылым.........................52

    2 тарау. Ғылым болмысы............................................................................. 76

    3 тарау. Ғылыми білімнің құрылымы......................................................... 89

    4 тарау. Ғылым философиясының динамикасы....................................... 110

    2 БӨЛІМ. Ғылыми білімдердің философиялық проблемалары

    5 тарау. Математиканың философиялық проблемалары........................... 120

    6 тарау. Физиканың философиялық проблемалары................................... 128

    7 тарау. Астрономия мен космологияның философиялық проблемалары.................................................................................................146

    8 тарау. Информатиканың философиялық проблемалары........................ 156

    9 тарау.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың философиялық проблемалары................................................................................................. 192

    11 тарау. Экономикалық ғылымдардың философиялық проблемалары.................................................................................................196

    12 тарау. Психологияның философиялық проблемалары..........................207

    ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................209. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................................................217 ГЛОССАРИЙ...................................................................................................219

    ҚОСЫМША.................................................................................................... 236


    4. ИСТОРИЯ И ФИЛОСОФИЯ НАУКИ Н. В. Бряник, О. Н. Томюк

    СОДЕРЖАНИЕ

    Часть 1. Теоретические проблемы истории и философии науки

    Раздел 1. История науки ................................................................................. 9

    1.5. Неклассическая и постнеклассическая н а у к а ................................... 37

    Раздел 2. Общие проблемы философии н а у к и ........................................ 59

    2.4. Наука как феномен культуры.................................................................. 84

    Раздел 3. Философские проблемы конкретных областей

    науки и основных подсистем науки ............................................................. 97

    3.5. Философские проблемы социальных наук ...........................................151

    Часть 2. Проблемы истории и философии науки в произведениях

    мыслителей XX в. В. И . Вернадский. Научная мысль и научная работа

    как геологическая сила в биосфере ............................................................. 181

    Р. К арнап. Преодоление метафизики логическим анализом язы ка..........196

    К. П оппер. Наука: предложения и опровержения ..................................... 217

    Р. М ертон. Наука и демократическая социальная структура ................... 240

    Т. К ун. Структура научных револю ций......................................................255

    П. Ф ейерабенд. Наука в свободном обществе.............................................271

    5. История и философия науки Под общей редакцией А. С. Мамзина и Е. Ю. Сиверцева

    Оглавление

    Введение................................................................................................................11

    Глава 1. Наука как способ познания мира .........................................................14

    1.1. Философия науки, ее предмет и основные проблемы ...............................17

    1.12. Критерии выбора теории ...........................................................................77

    Глава 2. Наука как элемент культуры. Основные типы научной рациональности ...................................................................................................85

    2.1. Наука и духовная культура. Функции науки в жизни общества .............86

    2.13. Проблема включения новых теоретических представлений в культуру ...............................................................................................................................165

    Глава 3. Наука XX—XXI веков ........................................................................170

    3.1. Главные характеристики современного этапа развития науки ..............171

    3.5. Этические проблемы современной науки. Кризис идеала ценностно-нейтрального научного исследования ............................................................. 191

    Глава 4. Философские проблемы естествознания............................................197

    4.1. Естествознание в системе культуры ......................................................... 198

    4.10.7. Практическое значение социальной синергетики ..............................298

    Глава 5. Философские проблемы социально-гуманитарных наук ................304

    5.1. Специфика социально-гуманитарного познания......................................305

    5.11. Понятие личности в социальных и гуманитарных науках ...................349

    Список литературы............................................................................................355

    6.ИСТОРИЯ И ФИЛОСОФИЯ НАУКИ В.С. Степин

    ОГЛАВЛЕНИЕ

    Введение. Предмет философии н ауки.................................................................5

    Гл а в а 1. Основные этапы развития философии наук

    Позитивизм О. Конта, Г Спенсера, Дж.С. Милля (первый позитивизм).........14

    Развитие философии науки во второй половине X X в.....................................53

    Глава 2. Познание. Общество

    Неорганическое тело цивилизации.................................................................... 87

    Человек в системе социальных связей ..............................................................94

    Культура в жизнедеятельности человека .........................................................102

    Мировоззренческие универсалии как основание культуры ..........................122

    Глава 3. Научное познание в социо културом измерение

    Наука в культуре техногенной цивилизации ...................................................135

    Специфика научного познания .........................................................................148

    Генезис научного познания................................................................................161

    Глава 4. СТРУКТУРА НАУЧНОГО ПОЗНАНИЕ

    Эмпирический и теоретический уровни научного исследования .................196

    Структура эмпирического исследования......................................................... 203

    Глава 5. Философия и наука

    Прогностические функции философского знания......................................... 248

    Философия как рефлексия над основаниями культуры ................................261

    Глава 6 . Динамика научного исследование

    Взаимодействие научной картины мира и опыта ...........................................270

    Глава 7. Научные революции и смена типов научной раиональности

    Научная картина мира и новые мировоззренческие ориентиры цивилизационного развития ..............................................................................394

    Рациональность в современной культуре. Наука и псевдонаука ...................414


    написать администратору сайта