Главная страница

тгп платонус. ТГП_КАЗ_Платонус 2021-2022 (копия). ылымда олданылатын рал, тсіл, ережелер жиынтыы


Скачать 115.84 Kb.
Названиеылымда олданылатын рал, тсіл, ережелер жиынтыы
Анкортгп платонус
Дата15.02.2023
Размер115.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТГП_КАЗ_Платонус 2021-2022 (копия).docx
ТипДокументы
#938971
страница4 из 5
1   2   3   4   5

ҚР заңшығарушы органдарының құқықшығармашылық қызметі үрдісіндегі басқарушылық шешімдерге "қысым көрсету топтарының" әсер ету қыралы.

Заңбұзбаушы әрекет тәртібіне құқықтық баулу.
Заң шығармашылық үрдісі:

Құқық құрылуын формальді белгіленген жалпы сипаттағы ұйғарымдарға бекітетін мемлекеттік қызмет.

Нақты деректерге, субъектілерге, шынайы қоғамдық өмірдің қатынастарына қатысты заң шегінде негізделген құқықтық нормаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің заңдық және ұйымдастырушылық қызметі.

Құқықтық актілерде халықтың еркін қалыптастыру және бекіту, бұл актілерді өзгерту немесе жою бойынша қызметтің кезеңдендірілген үрдісі.

Қоғам мен мемлекеттің құқықтық талаптарын тану және бағалау үрдісі, тиісті үрдіс көлемінде өкілетті субъектілердің құқықтық актілерді қалыптастыруы және қабылдауы.

Келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әрекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау.
Заңдық техника-бұл:

Нормативті-құқықтық актілерді дайындау, бекіту, жариялау және жүйелендіру тәсілдерінің жиынтығы.

Құқықтық актілер тілінің айқындылығы және нақтылығы, қарапайымдылығы және түсініктілігі.

Құқықтық материалдың өзара байланысы, келісімділігі және ішкі бірлігі.

Заңдық ақпаратты мазмұндаудағы кезектілік.

Құқықтық ұйғарымдардың қысқалығының нақтылық және толықтықпен үйлесімділігі.

Құқықты жүйелендіру-бұл:

Нормативті-құқықтық құжаттарды белгілі бір тәртіппен ұйымдастыру, ретке келтіру.

Мемлекеттің ескірген ережелерден босату мақсатында, қолданыстағы заңнаманы қайта өңдеу бойынша қызметі.

Өмірдің талаптарына сай, заңнаманы жаңарту бойынша мемлекеттің қызметі.

Әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет.

Өмірдің талаптарына және әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет.
Нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:

Инкорпорация, кодификация, консолидация.

Пролонгация, инаугурация, консолидация.

Промульгация, ратификация, кодификация.

Демократизация, социализация.

Юридизация.
Кодекс ұғымы-бұл:

Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары біріктірілген және жүйелендірілген логикалық тұтас заңнамалық акт.

Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың фундаменталды бастауларын бекітетін, абсолютті заң күшіне ие болатын негізгі заңнамалық акт.

Қылмыстар мен жазаларды анықтаумен байланысты қатынастарды немесе мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін, заңды нормалардың тәртіптелген жиынтығы.

Жоғары заң күшіне ие болатын және қатаң белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқық салаларының барлығының негізгі нормаларын анықтайды және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

Нақты істер бойынша мемлекеттік органдардың шешімі, оның күші болашақта болатын барлық оқиғаларға таралады және оларға міндетті болады.
Заңнаманы кодификациялау-бұл:

Нормативті актілерді бірдей, логикалық тұтас актіге олардың мазмұнын өзгерте отырып біріктіру жолымен жасалатын жүйелендіру нысаны.

Әрекеттегі құқықтық нормаларды біртұтас актіге біріктіру.

Құқықтық актілерді біртұтас актіге біріктіру және белгілі тәртіпте орналастыру.

Құқықтық нормаларды белгілі тәртіпте орналастыру.

Мақсатты бағытталған жұмыс.
Инкорпорация түсінігі:

Нормативті материалдардың мазмұнын өзгертпестен, тек сыртқы өңдеуден өткізу жүзеге асырылатын реттеу.

Нормативті материалды ішкі және сыртқы өңдеу жүзеге асырылатын реттеу.

Заңға бағынышты актілерді мазмұнын өңдеп, сыртқы түрін бүрынғысынша қалдыру арқылы ретке келтіру.

Муниципалды органдардың актілерін оның сыртқы түрін өзгерте отырып реттеу.

Корпоративті ұйымдардың нормаларын жаңа норма қалыптастыру жолымен реттеу.
Консолидация түсінігі:

Нормативті-құқықтық актілер өңделіп, толықтырылып және біріктірілетін жүйелендірілу нысаны.

Біртектес қоғамдық қатынастарды тұтас құқық саласына біріктіру.

Ұлттық-мемлекеттік құрылымдарды біріктіру жолымен құрылатын мемлекеттік құрылым нысаны.

Өркениеттік көзқарастағы құқыққа тән, нормативті акт түрінде көрініс табатын құқық нысаны.

Мемлекеттік емес органдарды тұтас саяси жүйеге біріктіру.
Құқық жүйесі-бұл:

Құқықтың құқық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және қықық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы.

Әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи себептер.

Объективті түрде өмір сүретін қоғамдық қатынастар.

Құралдар, ережелер және нормалар жүйесі.

Заңға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Құқықтық реттеудің пәні:

Адамның қызметінің спецификасымен шартталған қоғамдық қатынастардың белгілі саласы.

Құқықтың қоғамдық қатынастарының белгілі аумағына әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы.

Қатысушыларының субъективті құқылары және заңды міндеттері бар қоғамдық қатынас.

Қалыптасқан шартты түрдегі мүлкі бар ыйым.

Азаматтардың барлық қықықтарының, бостандықтарының жиынтығы.
Құқықтық реттеудің әдісі:

Құқықтың қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласына әсер ету әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы.

Құқықтың қоғамдық қатынастарының барлық салаларына әсер ету әдістерінің біріктірілген жүйесі.

Органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың өкілеттіліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің жиынтығы.

Құқықпен реттеленетін қоғамдық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау тәртібі.

Қоғамдық қатынастарының нақты түрін реттеуінің ортақтығымен біріккен, бір немесе бірнеше құқық салаларының ішінде объективті ерекшеленген өзара байланысты құқық нормаларының жиынтығы.
Құқық саласы-бұл:

Өзінің ерекше әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті аясын реттейтін, құқықтың нормаларының жиынтығы.

Қоғамдық қатынастарға белсенді әсер ететін мінез-құлық ережесі.

Құрамында нақты өмірлік мән-жайларға бағытталған нұсқаулары бар құқық нормасының бөлігі.

Қоғамдық ұйымдардың олардың әрекет етуінің мақсаттарына жету үшін белгіленген мінез-құлық ережелері.

Әлеуметтік-нормативтік реттеуші.
Құқық институты:

Біртекті қоғамдық қатынастардың белгіленген жағын немесе түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қоғамдық қатынастардың белгіленген тобын реттейтін құқықтық нормалардың тәртіптелген жиынтығы.

Сапалы біртектілік, құқықтық қатынастарының белгіленген саласының өзгешелігі.

Белгіленген мемлекеттің жалпы құқығының құрылымдық бөлшегі.

Біртекті құқық институттарының жүйесі.
Жеке құқық-бұл:

Азаматтық құқық.

Қылмыстық құқық.

Халықаралық құқық.

Әкімшілік құқық.

Конституциялық құқық.
Көпшілік құқығы-бұл:

Әкімшілік құқық.

Азаматтық құқық.

Сауда құқығы.

Отбасы құқығы.

Меншік құқығы.
Құқықтық сана-бұл:

Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың көзқарастарын, идея, концепция, баға, сезімдерін көрсететін қоғамдық сананың нысаны.

Тәрбие үрдісінде қалыптасатын құқыққа деген көзқарас.

Жоғарғы заңдық мәдениетті, кадрларды, заңгерлерді дайындауды құқықтық насихат етуге бағытталған ұйымдық-идеологиялық ықпалдар жүйесі.

Құқықтық терең білім, түсінік, оның талаптарын жоғарғы деңгейде саналы орындау.

Белгілі бір әлеуметтік топта немесе тұтас қоғамда қалыптасатын құқықтық көзқарастардың жиынтығы.
Құқықтық психология түсінігі:

Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың бағалаулары, сезімдері, эмоциялары мен көңіл күйлері.

Психикалық сау адамның қалыпты күйі, өз іс-әрекеттерін басқарып, есеп бере алуынан көрінеді.

Индивид санасының әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын сана элемент.

Құқыққа қарсы және қоғамға қауіпті әрекет бағытталған қоршаған дүниенің құбылыстары.

Қоғам мүдделерінің көзқарасында жол берілетін, құқық нормаларымен қарастырылған мемлекетпен кепілдендірілген және қорғалған құқық субъектілерінің мінез-құлқы.
Құқықтық идеология түсінігі:

Құқықтық шынайылық туралы пікірлер, көзқарастар, түсініктер, теориялар, концепциялар.

Нақты саяси партияларда қалыптасатын сезімдер, пікірлердің жиынтығы.

Құқыққа деген қатынасты білдіретін идеялар, теориялар, концепциялар жиынтығы.

Идеологиялық қағидалар бекітілген әлеуметтік нормалар жиынтығы.

Құқыққорғау органдарын насихаттау.
Құқықтық сананың мазмұны бойынша түрлері:

Кәдімгі, кәсіби, теоретикалық.

Жеке, топтық, қоғамдық.

Танымдық, бағалық, реттеушілік.

Ғылыми, тәжірибелік.

Танымдық, кәсіби.
Құқықтың реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:

Құқықтық нигилизм.

Құқықтық идеология.

Құқықтық психология.

Құқықтық мәдениет.

Құқықтық норма.
Құқықтық мәдениет түсінігі:

Құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

Ғылыми-теоретикалық деңгейдегі құқықтық сана.

Қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасатын құқықтық сананың бастапқы тәжірибелік сатысы.

Құқықтың теоретикалық негіздерін көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар.
Құқықтық мәдениет субъектілеріне қарай жіктеледі:

Жеке, топтық, қоғамдық.

Күнделікті, кәсіби, теоретикалық.

Танымдық, реттеушілік, болжамдық.

Ғылыми, кәсіби, тәжірибелік.

Жеке, топтық, мемлекеттік.
Құқықтық мәдениеттің қызметі:

Танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік.

Танымдық, реттеушілік, нормативтік.

Реттеушілік, нормативтік, бағалаушылық.

Күнделікті, кәсіби, теоретикалық.

Болжамдық, реттеушілік, кәсіби.
Құқықтық қатынас түсінігі:

Құқық нормасы негізінде және белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде пайда болатын, өзара субъективті құқықтар мен міндеттерге ие құқық субъектілерінің байланысы.

Заң және оларға негізделген заңдық актілердің нұсқауларын барлық құқық субъектілерінің жүзеге асыруы.

Жақтардың өзара байланысты заңдық құқықтары мен міндеттері қоғамдық ұйымдармен қорғалатын қоғамдық қатынас.

Жақтар заңда көрсетілген құқықтарға ие болатын, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген фактілі қатынастар.

Міндеттеуші және тыйым салушы нормалар негізінде пайда болған, жақтардың өзара құқықтары мен міндеттерін көрсететін қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастың субъектілерінің анықталу дәрежесіне байланысты құқықтық қатынастардың түрлері:

Салыстырмалы, абсолютті, жалпы .

Белсенді, бәсең.

Конституциялық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, азаматтық құқықтық, әкімшілік құқықтық.

Объективті, субъективті.

Құқық беруші, міндеттеуші, тыйым салушы.
Құқық қабілеттілік-бұл:

Мемлекетпен танылатын субъективті құқықтарды және заңды міндеттерді иелену қабілеттілігі.

Мемлекетке қатысты азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі.

Азаматтардың өз құқықтарын қорғауын жүзеге асыру қабілеттілігі.

Құқықтық қатынастар субъектілерінің жаңа құқықтарды иемдену қабілеттілігі.

Азаматтардың өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін сезіну қабілеттілігі.
Әрекет қабілеттілік-бұл:

Дербес, өз әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеттілігі.

Субъективті құқықтарға ие болу және заңды міндеттерді атқару қабілеттілігі.

Мемлекетпен қамтамасыз етілген мүмкін болатын әрекет мөлшері.

Субъектіге ұйғарылған тиісті, қажетті әрекет мөлшері.

Құқықбұзушылық субъектісінің өзінің қылықтарын түсіну және заңды жауапкершілікті атқару қабілеттілігі.
Құқықтық қатынастардың объектісі:

Құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін, мүдделерін қамтамасыз етуі.

Белгілі бір қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін және құқық саласының ерекше бөлімі болатын құқықтық нормалардың оқшауланған кешені.

Қоғамдық өмірдің жалпы заңдылықтары негізінде құрылған объективті құбылыс.

Құқық субъектісінде қызығушылық туғызатын материалдық игіліктер, заттар және құндылықтар.

Құқық субъектісі үшін құндылық болып табылатын материалды емес игіліктер және рухани шығармашылық заттары.
Құқықтық қатынас құрылымы:

Субъект, объект, субъективті құқық және заңды міндет /заңдық мазмұны/.

Субъект.

Объект.

Субъективті жақ.

Объективті жақ.
Құқықтық қатынастар субъектілері:

Құқық нормалары негізінде құқықтық қатынастардың қатысушылары бола алатын, субъективті құқықтар мен міндеттерді иеленетін жеке тұлғалар мен ұйымдар.

Мемлекеттік органдар, бірлестіктер, мекемелер, заңды тұлғалар.

Өкілеттігі өздері өкіл болатын ұйымның құқықтық жағдайымен және құзырымен анықталатын лауазымды тұлғалар.

Заңды тұлғалар.

Барлық жеке тұлғалар.
Толық әрекет қабілеттілік қай жаста пайда болады:

18 жаста.

14 жаста.

15 жаста.

16 жаста.

17 жаста.
Жартылай әрекет қабілеттілік қандай жасты қамтиды:

14 жастан 18 жасқа дейін.

14 жаста.

15 жаста.

16 жаста.

17 жаста.
Субъективті құқық түсінігі:

Субъектіге өзінің мүдделерін қанағаттандыруға жағдай туғызатын заң жүзінде мүмкін болатын әрекет мөлшері.

Белгіленген мінез-құлық мүмкіншілігі.

Белгіленген игілікпен пайдалану мүмкіншілігі.

Қорғау сұрауға мүмкіншілік.

Міндетті тұлғадан қажетті мінез-құлықты талап ету мүмкіншілігі.
Заңдық міндет түсінігі:

Мәртебелік міндеттің шегінде және нақты заңды фактілер негізінде пайда болған нақты міндетті тұлғаның тиісті әрекет мөлшері.

Келісімге кедергі жасау қажеттілігі.

Заңдық жауапкершілікті атқару қажеттілігі.

Оған құзыреттінің қойған талабына назар аудару қажеттілігі.

Белгілі бір әрекеттерді жасау қажеттілігі.
Заңдық фактілер түсінігі:

Құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайлар.

Қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлықтарына құқықтың әсер етуінің негізгі бағыттары.

Адамдардың мінез-құлықтарында құқықтық ұйғарымдардың көрініс табуы.

Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерінің нақты мазмұнын анықтайтын құқықтық нормалар.

Құқықтық салдар туғызатын, яғни, заң нормасының әрекетін туғызатын немесе тоқтататын өмірдегі оқиғалар.
Заңдық құрам:

Құқықтық салдарды іске асыруға қажетті болатын екі немесе одан да көп заңды фактілердің жиынтығы.

Белгілі бір құқықтық салдары туғызатын әртүрлі өмірлік мән-жайлар.

Бірнеше құқықтық салдарды туғызатын заңды факт.

Құқық субъектілерінде нормамен көзделген құқықтар мен міндеттерді туғызатын фактілі мән-жайларды көрсететін құқықтық норманың бөлімі.

Құқық саласының ерекше бөлімі болатын және белгілі бір қоғамдық қатынастардың тобын реттейтін құқықтық нормалардың кешені.
Заңды фактілердің түрлері:

Оқиғалар, әрекеттер.

Оқиғалар, заңды қылықтар, әрекеттер.

Оқиғалар, әрекеттер, қылмыстар.

Заңды қылықтар, іс-әрекеттер жеке басты актілер, оқиғалар.

Әрекеттер, азаматтық-құқықтық шарттар, азаматтардың арыздары, қылықтар, қылмыстар.
Оқиға-бұл:
1   2   3   4   5


написать администратору сайта