Ғылыми мақаланы жазу талаптары. ылыми мааланы жазу талаптары
Скачать 14.07 Kb.
|
Ғылыми мақаланы жазу талаптары Аталған ғылым саласы бойынша жетекші мамандар мекемесінің мөрімен расталған екі оң пікір (жеке немесе бірінші ғылым докторы болып табылатын); - мақаланың тақырыбы мен түйіні үш тілде болуы керек (қазақ, орыс, ағылшын); - мақаланың мазмұнында шетел зерттеушілерінің ұқсас мәселелері бойынша ғылыми еңбектерінің үлгілері болуы тиіс; - мақаланың жазылу көлемі 5 тен 10 параққа дейін және автордың (авторлардың) қолы қойылған болу керек; Мақаланың құрылымдық бөлшектерін орналастыру тәртібі: - мақаланың сол жақ басында қойылған ондық әмбебап топтамасының индексі болуы керек; - мақаланың басты тақырыбы (жазба әріптерімен, жартылай қалың әріптермен), автордың Т.А.Ә. (3 автордан кем емес), оның ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны (лауазымы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы) және көлбең мәтінмен жазылған түйін мен негіз сөздер (3-5 сөз) мақала мәтінінің алдында үш тілде орналасады. Егер ұйымның атауында қала көрсетілмесе, онда ұйымның атауынан кейін үтір арқылы қала атауы, шетел ұйымдары үшін қала мен ел көрсетіледі (Алыс Батыс педагогтарды қайта даярлау институты, Хабаровск). Егер мақала бірнеше автормен дайындалса, олар туралы мәліметтер әр автордың мақалаға қосқан үлесінің маңыздылығы бойынша атап көрсетіледі. Түйіннің көлемі –150-200 кем емес сөздерден құралады (көлбең мәтінмен, қарапйым шрифтпен). - мәтін doc (Microsoft Word) форматында болуы керек. Парақтың форматы А4 (297х210мм). Барлық жолдар – 2см. Парақтар электронды нұсқада нөмірленбей, тек қағазға басылған нұсқасында нөмірленеді. Шрифт: Arial. Символдың көлемі – 10 pt. Мәтін тасымалданбай ені бойынша пішімдеу керек, абзац басындағы бос жол – 1см. Жол арасындағы интервал – дара. Мақаланың басты тақырыбы орталықта пішімделеді. - Мақаланың мәтінінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмау керек; - мақаланы дайындау барысында пайдаланылған дереккөздер тізімдері мақаланың соңына орналастырылады. Дереккөздерді мақалаға аудару сілтемелер түрінде жүзеге асырылады. Мақала мәтініндегі сілтеменің нөмірі шаршы жақшамен жабылады, мысалы - [1, 13б]. Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Бибилиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы ережелері мен талаптары». - латын транскрипциясындағы әдебиет; - автор (лар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны (оқу орны немесе ізденуші), байланыс телефоны, факс, e-mail, пошталық индекс және мекенжай (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде). |