|
Иммунды жауап антигенмен кездесуіне байланысты біріншілік екіншілік
Иммундық жауаптың классификациясы Иммундық жауап антигенмен кездесуіне байланысты: -біріншілік; -екіншілік; Механизміне байланысты: - Жасушалық; - Гуморалдық; -Аралас; Біріншілік иммундық жауап— антидене плазмалық торшалардың саны бәсеңдеп немесе көбеюуімен, иммуноглобулин жинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен соц ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды. Екіншілік иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады,бұл кезде ИГМ мен ИГО антиденелері пайда болады. Тимус гормондары –тимус құрлымының эпителий жасушаларымен түзілетін төменгі молекулалық пептидтер. Бұл гормондар нейропептидтерге ұқсас және басқа гормандармен тығыз функционалдық байланыста болады, әсіресе гипоталамус, гипофиз, бүйрек үсті безі, жыныс бездерінің гормондары. Тимус гормондарының ең негізгі қызметі –иммуногенезге реттегіштік әсер етеді, яғни Т- жасушаларының тимуста пісіп-жетілуі және тимустан эмиграцияланғаннан кейін Т-лимфоциттедің функционалдық дамуы, әсіресе, цитокиндер өндіру қабілетін жоғарылатуында маңызды.
Иммунды жауаптың нейроэндокринді реттелуі. Ағзаның иммунды жауабы - жоғары спецификалық үрдіс,бірақ оның қарқындылығы бейспецификалы нейрогуморальды реттеледі. Иммунды жауапты модульдейтін мидың мынадай құрылымдары жатады: артқы гипоталамус аймағы, алдыңғы гипоталамус аймағы, гипокамп, ортаңғы мидың ретикулярлы формациясы шванн ядролары, миндалиндер.
Иммундық жауаптың реттелуінің жолы мен механизмі. - Иммундық жүйенің бас ми арқылы баратын сигналдардың реттелуі горманалдық, нервтік және нейропептидтік жолдармен байланысты. Нейро гуморалдық реттелу нейромедиатор, нейропептидтер және гормондар көмегімен жүзеге асады.
Нейромедиаторлар мен нейропептидтер иммундық жүйеге аксоплазматикалық транспорттың көмегімен жетеді. Гормондар қанға эндкриндік бездің бөлінуі арқылы иммундық жүйеге барады.
Гипофиз гормондары және иммундық қызметі. Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді. Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Тимус құрлымының эпителий жасушаларымен түзілетін төменгі молекулалық пептидтер. Бұл гормондар нейропептидтерге ұқсас және басқа гормандармен тығыз функционалдық байланыста болады, әсіресе гипоталамус, гипофиз, бүйрек үсті безі, жыныс бездерінің гормондары.
|
|
|