Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Гормондар туралы түсінік. Гормон

  • Белокты пептидті гормондар.

  • Полипептидтік гормондар

  • Стероидты гормондар

  • Екінші механизмі - ақуыз синтезінің жылдамдығының өзгеруі

  • Соматотропты гормондарды

  • Ол екі механизм бойынша әсер ете алады.

  • СТГ жеткіліксіздігіне келетін болсақ

  • Адренокортикотропты гормон. Оның химиялық табиғатына

  • . Егер ол секрециясы күшейсе

  • Гонадотропты гормон.

  • Олардың секрециясы

  • Гипофиздің ортаңғы бөлігінде

  • Гипофиздің артқы бөлігі.

  • Етеккірциклі (менструация) және оның реттелуі.

  • Биохимия. БИОХИМИЯ. 1. Нейроэндокринді реттелу сызбанса


    Скачать 143.93 Kb.
    Название1. Нейроэндокринді реттелу сызбанса
    АнкорБиохимия
    Дата24.02.2022
    Размер143.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБИОХИМИЯ.docx
    ТипДокументы
    #371678
    страница1 из 3
      1   2   3

    1. Нейроэндокриндік реттелу сызбанұсқасы. Гормондар тұралы түсінік. Екінші механизмі - ақуыз синтезінің жылдамдығының өзгеруі. Ару

    1.Нейроэндокринді реттелу сызбанұсқа.





    Эндокринді тіндерде түзілген гормондар әрбір клеткаларға метоболизм сигналдарын апарады.гормондардың синтезі мен бөлінуі ОЖЖ келіп түскен сыртқы және ішкі сигналдардың әсерімен стимульденеді екен.ОЖЖ бұған жауап ретінде гипоталамуспен барлық тіндерге нерв импульсін жіберіп отырады. Гипоталамус болса ОЖЖ ға импульсті нейрон арқылы жіберсе,ал гипофизге болса нейросекретиндер түсіп, солар арқылы әсер қылады екен.Міне сондықтан гипоталамусты аралас қызметті бездеп айтуға болады.Гипоталамуста екі түрлі нейросекретин бар, либериндер мен статинер.Олар релизинг факторлары деп аталады.Гипофиз бізде ішкі секреция бездерінің арасындағы негізгісі.Тропты гормондарды түзе отырып тікелей шеткі ішкі секреция бездеріне әсер береді. Енді жүйке жүйесінен түскен импульс арқылы болмаса гипофиз гормондарының әсерінен шеткі ішкі секреция бездерінде арнайы гормондардың бөлінуі болады.Гормондар барлық уақытта организмнің тіршілік қимылын тұрақты ұстауға қажетті мөлшерде ғана синтезделеді және секрецияланады, бұл дегеніміз зат алмасуды бір деңгейде ұстап тұра алатындай ғана болады.Гормондардағы синтез ішкі секреция бездерінде ғана емес, АПУД жүйесіндегі нейроэндокриндік жасушаларында да жүреді.Гормон сияқты заттар иммунды жүйедеде түзіледі екен. Олар интерлейкиндер немесе цитокиндер.Интерлейкиндер өз әсерін гормондар сияқты жасуша мембранасы арқылы көрсетеді.Бұлар кейде эндокриді жүйенің бақылауында болса, кейде өздері эндокринді жүйеге әсер етеді.Цитокиндер бізде жасушаарлық сигналдарды беруге қатысушы әрқандай пептидтер және ақуыздар, олар жараның жазылуына, иммунды жүйе және қабынуды реттеуге немопоэзге , және т.бда көптеген қызметтерді реттеуге қатысады.

    2.Гормондар туралы түсінік.

    Гормон аз мөлшерде арнайы жасушаларда түзілетін ,қанға немесе лимфаға бөлініп,нысана-тіндерде зат алмасуды реттейтін,рецепторлар арқылы әсер ететін заттарды айтамыз.Олар эндокриндік бездерге түзіліп,қан арқылы тасымалдана отырып ,алыста жатқан нысана-жасушаларға сонымен қатар жақын орналасқан тіндерде ,сол гормонның өзі түзілген жеріне әсер етеді.

    Химиялық құрамына тоқталатын болсам үш топқа бөліп қарастырамыз:

    • Белокты пептидті гормондар.Олардың өздері үш группага бөлінеді:

    Жай белоктық гормондар оларға инсулин,паратгормон,өсу гормоны,ЛТГ

    Күрделі белоктық гормондар оларға тиреотропты гормон,фолликула стимулдеуші гормон,лютеиндеуші гормон.

    Полипептидтік гормондар оларға глюкагон, кальцитонин, окситоцин,возопрессин,адренокортикотропты гормон.

    Бірақта олардың ішінде біразы белсенді емес прогормондар түрінде түзіледі,оларға инсулин ,глюкагон.

    • Стероидты гормондар оларға кортикостероидтар,жыныс гормондары:ерлер және әйелдер гормоны жатады.

    • Амин қышқылдарының туындылары болатын гормондар

    :тироидты гормондар яғни оларға тироксин ,трийодтиронин ,катехоламиндер адреналин,норадреналин .

    Бұл үш негізгі топтағы гормондардан басқа гормоноидтар бар,оларға біз эйкозаноидтар яғни простогландиндер,тромбоксондар,лейкотриендерди ,ас қорыту жолдарының гормондарын жатқызамыз.

    Гормондардың негізгі қасиеттері

    • Гормондардың химиялық құрылымы әртүрлі,сондықтан олардың физикалық қасиеттері де әртүрлі болады.

    • Түзілген орнынан қашықтықтан әсер етуі;

    • Әсердiң ерекшелiгi - олардың әрқайсысының эффектiсі басқа гормонның эффектiсімен бiрдей емес;

    • Өте тез түзіледі,сәйкесінше өте аз өмір сүреді

    • Жоғары биологиялық белсендiлiк - керек эффект заттың өте аз шоғырландыруының жанында жетедi;

    • Ақпараттың жүйке жүйесінен жасушаға берілу кезіндегі дәнекер болып табылады.

    • Қуаттылығы,олар қанда өте аз мөлшерде болсада ,өте күшті әсер етеді.

    • Гормондар қанда бос күйінде ж\е белоктармен байланысқан күйде болады.

    • Уақытша әсер етеді,яғни олар қысқа уақыт әсер етеді.

    • Барлық гормондар өз әсерлерін рецепторлар арқылы тигізеді.

    Гормондардың негізгі әсер ету үш түрлі болып келеді:

    • Біріншілік әсер етуі.Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар.Бұл гормондар жасуша мембранасының бетінде орналасқан рецепторлармен байланысып,екіншілік мессенджерлер арқылы әсер етеді.Бұл механизм арқылы инсулиннен басқа барлық белокты-пептидті гормондар ж\е катехоламиндер әсер етеді.

    Екінші механизмі - ақуыз синтезінің жылдамдығының өзгеруі .Бұл көбінесе мембранадан жеңіл өте алатын гормондарға тән болып келеді.Бұл гормондарға липофильді яғни рецепторлары жасушаның ішінде болатын гормондар жатады.Осы аталған гормондар мембрананың фосфолипидтік баоьерінен жеңіл өтіп,цитозольге түскеннен кейін өз рецепторларымен байланысып,гормон рецептор комплексін түзеді екен.Бұл комплек ядроның мембранасынан өтуге қабілетті.Бұлар транскрипцияны арттырады.Аталған комплекс реттеуші генмен тікелей байланысуы мүмкін.Осы кезде белок-рецпрессор синтезделмейді,бұл кезде ген-оператор бос қаладаы,яғни РНК полимераза промотормен байланысып ,құрылымдық гендер қажетті белокқа сәйкес м-РНҚ ны синтездеу арқылыс транскрипцияны күшетеді.Ал ол түзілгеннен соң цитозолге түседіде рибосомаммен матрицаны түзеді,ал матрица арқылы ферменттердің ж\е арнайы белоктардың синтезі күшейе түседі,конц көбейеді.Соынмен қатар осы екіншілік механизм арқылы әсер ететін гормондардыбейімділік яғни адаптациялық гормондар депте атайды.Себебі олар жасуша ішілік делдалдардың қатысуынсыз тікелей әсер етеді,олардың биологиялық эффектісі біршама уақыт өткеннен кейін ғана байқалады.Ал бұл механизм бойынша стероидты ж\е тиреоидты гормондар әсер етеді екен.Бұлар тек қана белоктармен ферменттердің синтезін ғана активтеп қана қоймай ,кейбір гендерді реприссирлеп белоктардың синтезін төмендетуі де мүмкін.

    • Үшіншілік әсер етуі.Жасуша ішілік ферменттердің белсенділігін плазма мембранасының өткізгіштігін өзгерту жолы мен әсер ететін гормондар.Бұлар плазма мебранасында орналасқан рецепторлармен байланысады да ,өз әсерлерін тирозинкиназа-фосфатаза жүйесін пайдалану арқылы іске асырады.Бұл кезде жасуша ішілік ферменттердің белсенділігінің өзгеруі субстрат концентрациясының артуы,белок-транспортерлер мен иондық каналдардың активтенуі есебінен жүзеге асады.Мұндай гормондарға инсулин,соматомединдер ,пролактин,вазопрессин жатады.

    1. Гипофиз гормондары . Гонадотропты гормондар (ФСГ, ЛГ, құрылысы, нысана-жасушалар, биологиялық әсері). Пролактин, құрылысы, нысана-жасушалар, биологиялық әсері Акося

    1.Гипофиз гормондары

    Біз білетіндей гипофиздің үш бөлігін ажыратамыз. Олар алдыңғы,ортаңғы және артқы. Соған сәйкес әр бөлігінде түрлі гормондар бөлінеді.

    Гипофиздің алдыңғы бөлімінде-соматотропты гормондар , адренокортикотропты гормондар,тиреоптропты гормондар,гонадотропты гормондар яғни фолликула стимулдеуші және лютеиндеуші гормондар пролактин , липотропты гормондар , меланоцит стимульдеуші гормондар жатады.

    Соматотропты гормондарды өсі гормоны деп те атайды. Оның химиялық табиғатына тоқталатын болсақ, 191 аминқышқылынан құралатын жай ақуыз. Қанда бұл гормон бетта және гамма глобулиндермен тағы альбуминмен байланысады. Ол екі механизм бойынша әсер ете алады. Оның синтезі әр 20-30 минут сайын гипофиздің ацидофильді жасушаларында болады.1-шілік механизм цАМФ арқылы жүзеге асса, 3-ші механизмі тирозинкиназды-фосфатазды жүйе арқылы жүзеге асады.Бұл гормонның әсерінен бауырда соматомединдер түзіледі. Олар 3 түрлі А,В,С соматомединдері болып табылады. А және С инсулин тәрізді әсер ететін соматомединдер . Яғни, мембрананың өткізгіштігін глюкоза не кальций тағы БМҚ секілді заттар үшін жоғарылатады.Осы соматомединдердің рецепторлары көбінесе сүйек және де шеміршекте көбірек болатын болса,В – рецепторлары өзі ғана орталық жүйке жүйесінде болады. Алайда,СТГ гормонының рецепторлары организмнің барлық жасушаларында кездеседі. Енді,физиологиялық әсеріне тоқтала кетсем, бұл организмде көптеген заттар алмасуының түрлерін реттеуге қатысады. Ретімен айтсақ:

    1-Ақуыздардың алмасуын реттейді.Яғни,айтып кеткен соматомендиндердің көмегі арқылы бұлшық ет не бауырда сүйекте ақуыздың синтезі күшейе түседі.

    2-Осы БМҚ-ның бета тотығуын бауыр әрі бұлышеқттерде және цАМФ арқылы май тінінде арттыра түседі.

    3- Көмірсулар алмасуына да зор үлес қосады.Айта кетсек, СТГ инсулиннің антагонисті, яғни қандағы глюкозаны жоғарылатады. Бұл гормонды кейде контринсулярлы гормон деп те атайды. Себебі, көп мөлшерде ол май мен бұлшық ет тіндерінде глюкозаның пайдалынуын төмендетіп,әрі бауырда глюконеогенезді арттырады. Бұдан бізде гипергликемия туындайды.

    4-Әйел адамның сүт безінің дамуын реттеуге көмектеседі. Ол лактоген рецепторымен байланысу арқылы жүзеге асады.

    Бұл әсерлерден бөлек глюкагон бөлінуіне әсер етеді,ол ұйқы безінің альфа жасушаларына әсер ету арқылы жүреді.

    СТГ жеткіліксіздігіне келетін болсақ, дененің қалыпты өсуі бұзылады. Бұл ергежейлікке әкеледі.

    СТГ артық болуы гипофиз ісігіне алып келеді. Егер ол эпифиздік шеміршектің өсуіне дейін пайда болса, пациенте гигантизм дамиды. Егер эпифизарлы шеміршек өскеннен кейін байқалса – акромегалия яғни аяқтың, қолдың, бас сүйегінің, мұрынның шамадан тыс өсуі байқалады.

    Адренокортикотропты гормон. Оның химиялық табиғатына 39 аминқышқылы кіретін пептид. Әрі цАМФ арқылы біріншілік механизм арқылы әсер етеді. Көбінесе бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағына, әрі аз дәрежеде шумақты аймағына,май тінінің жасушалары оның нысана жасушалары болып табылады. Бұл ГКС-тардың синтезіне тағы бөлінуіне жағдай жасайды. Тағы МКС-тің секрециясына аз мөлшерде әсер етеді. Холестерин эфирін бос холестеринге айналдырғанда холестиринэстеразаны фосфорлайды. Осы бос холестерин түзілгенде бүйрек үсті безінің митохондриясына түседі. Ол кортикостероидқа айналады. Бұлшық етке люкозаның түсуі мен аминқышқылдарының түсуін стимульдеп отырады. Адамның терісіне пигменттену процесіне әсер етеді. Егер ол секрециясы күшейсе Иценко-Кушинг ауруы туындайды. Ал гипопродукциясы Аддисон ауруы байқалады.

    Тиреотропты гормон.Альфа және бетта суббірліктен тұратын күрделі ақуыз болып табылады. Өзі гликопротеидтерге жатады. цАМФ арқылы біріншілік механизм бойынша әсер етеді. Май тінінің адипоциттері мен қалқанша без жасушалары оның нысана жасушалары болып табылады.Ол тиреоидты гормондардың түзілуін әрі секрециялануының барлық сатыларында қатысады. Тирозиннің иодтануына әрі тиреоглобулин ыдырауына әсер етеді. Осы процесс кезінде Т3 және Т4 бөлінеді. Липолиз әрі гликогенолиз нысана жасушаларында күшейе түседі.

    Гонадотропты гормон.Бұл ФСГ және ЛГ және ЛТГ гормондары жатады. Бұл стероидогенезді және гаметогенез процестерін әсер етеді.

    ФСГ бұл антигендік қасиет көрсететін нағыз гликопротеидті күрделі ақуыз. Оның нысана жасушалары жыныс бездері. Әйел организмінде оның аналық бездерінде фолликулдың өсуі мен жетілуіне әсер етеді. Ал ер адамда Сертоли жасушасымен байланысады. Оның әсерінен андроген-байланыстырушы ақуызды синтездейді. Сперматогенді тіннің ұрық бездеріндегі дамуын қамтамасыз етеді. Әрі сперматогенезді тездетеді. Бұл гормон жетіспеуінен атрофияға ұрықтар ұшырайды. Яғни сперма түзілмейді.

    ЛГ альфа және бета екі суббірліктен тұратын 91 аминқышқылының қалдығынан тұратын гликопротеид. Жыныс бездері оның нысана жасушалары. Ол әйел адамның организмінде маңызды орын алады. Сары дене мен овуляцияның түзілуін реттейді. Осы сары дене әрі қарай прогестерон түзілуін қамтамасыз етеді. Әрі эстрон мен эстрадиолдың секрециясын қамтамасыз етеді.Одан бөлек ер адамдарда да маңызды қызмет атқаратын гормон,себебі ұрық безінің тініне әсер етеді. Яғни тестостеронның Лейдиг жасушаларында түзілуін қамтамасыз етеді.

    Осы екі гормон ФСГ және ЛГ ер адамда жүретін сперматогенезді реттейді.

    Олардың секрециясы жыныс гормондары мен ингибин және гонадолибери арқылы реттеледі.

    Пролакти не лактотропты гормон.Ол 199 аминқышқылынан тұратын жай ақуыз. Оған сүт бездерінің, аналық бездерінің, май тінінің, бауырдың және сары дененің жасушалары нысана жасушалары болып табылады. Әйелдерде, сүт безінде РНҚ транскрипциясын, репликацияны, жасушалардың бөлінуін, сүт бездерінің өсуін арттырады. Сары денеде прогестерон түзілуін ынталандырады. Сүттің пайда болуына ықпал етеді. Еркек ағзасында еркек жыныстық гормондарының екіншілік жыныстық белгілердің дамуына әсері артады. Май бездерін ынталандырады . Гипоталамустың пролактостатин және пролаколиберин арқылы рролактиннің секрециясы реттеледі.

    Липотропты гормондар.Липотропты гормон-бұл май тінінің адипоциттерінде липолизді белсендіретін және май қышқылдарын жұмылдыратын пептидтер тобы.Адам гипофизінде β - және γ-липотропиндер кездеседі. Қалқанша безінің жұмысына әсер етеді.Оның түрлері:Бета-липотропты гормон және гамма-липотропты гормон. Бета липотропты гормоны меланоцитстимілдеуьші кортикотропинстимілдеуьші және липолитикалық әсер көрсетеді. Әрі гипофиздің аралық бөлімдерінде тағы ми тіндерінде эндорфиндер және энкефалиндер бета-липотриннен түзіледі.

    Гипофиздің ортаңғы бөлігінде – меланоцитстимулдеуші гормон жатады. Ол кейін қанға секрецияланады. Оның екі түрі белгілі: альфа-МСГ және бета-МСГ. Маңызды қызметтеріне меланиногенезді стимуьдеу жатады. Тағы меланоциттер яғни пигментті жасушалардың санын арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл гормон адамның көзінде оның ішкі қабатында,терісінде,шашында меланиннің синтезін арттыра түседі.

    Гипофиздің артқы бөлігі. Негізінде бұл бөлікте гормон мүлдем синтездемейді. Тек гипоталамуста синтезделу барысында гипофиздің артқы бөлігіне келіп шоғырланады. Оларға екі гормон жатқызамыз-окситоцин және вазопрессин.Бұл екі гормон 9 аминқышқылынан тұратын пептидті гормон. Оның ішіндегі 6 аминқышқылы цикл түзсе, үшеуі амид түрінде бүйір тізбекте орналасады. Алайда,екеуінің әрине айырмашылығы болады. Окситоцинде С-3 көміртегінде – изолейцин болса, вазопрессинде фенилаланин, ал С-8 көміртегінде вазопрессинде – аргинин болса, окситоцинде лейцин болады.

    • Окситоцин жатыр мен сүт бездерінің тегіс бұлшықет талшықтарына және гипоталамусқа әсер ететін нысана жасушалары бар. Босану кезінде жатырдың тегіс бұлшықеттерінің жиырылу күшін арттырады, прогестерон антагонисті болып табылады. Сүт бездерінде альвеолаларды жиырады, бұл сүттің альвеолалардан сүт жолдарына өтуін жеңілдетеді. Бауырдағы гликоген синтезін және май тініндегі липонеогенезді күшейтеді . Оның секреция реттелуіне тоқталсақ, эстрогендердің стимулі арқылы және прогестерон ингибирлеуі арқылы жүреді.

    • Вазопрессиннің нысана жасушаларына бүйрек жасушалары, ішектің және қан тамырларының тегіс бұлшықеттері әрі гипоталамус пен гипофиз жатқызамыз. Негізгі физиологиялық әсері – дистальды бүйрек түтіктеріндегі судың реабсорбциясын ынталандыру және плазманың осмолярлығын реттеу. Әсер гипоталамустың осморецепторлары, сондай-ақ жүректе және тамыр жүйесінің басқа бөліктерінде орналасқан барорецепторлар арқылы жүзеге асырылады. Плазманың осмолярлығының жоғарылауы AДГ түзілуін ынталандырады . Ал секрециясының реттелуі екі жол арқылы жүреді.Олар:

    1-Осморецептор көмегімен. Мәселен, АДГ секрециясының стимульдеуі тек қан сарысуындағы осмоляльдық реттелуі арқылы жүзеге асады. Ал бұл осмоляльдық төмендесе, секрецияны тежейді

    2-Барорецептор арқылы. Бұл жерде,артериялық қысым мен қан көлемі өте маңызды. Себебі,егер қан көлемі азайса,әрі артериялық қысым төмендесе АДГ секрециясы арта түседі.

    Етеккірциклі (менструация) және оның реттелуі.

    Репродуктивті жүйе көптеген функцияларды атқарады, олардың ішіндегі ең маңыздысы–көбею. Репродуктивтік жүйе өзінің оңтайлы функционалды белсенділігіне 16-18 жасқа дейін жетеді,бұл кезде организм бала көтеруге, оны асырауға және тамақтандыруға дайынболады. РЖ-ның ерекшелігі сонымен қатар әртүрлі функциялардың біртіндеп сөнуі болып табылады: 45 жасқа дейін генеративті функция, 50 жасқа дейін етеккірфункциясы, содан кейін гормоналды функция жоғалады.

    Менструальдық цикл - бұл гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесі қызметінің қайталанатын өзгерісі және олар тудыратын репродуктивті мүшелердегі құрылымдық-функционалдық өзгерістер: жатыр, жатыртүтіктері, сүтбездері, қынап.

    Менструальдық цикл шартты түрде аналық және жатыр циклдеріне бөлінеді. Аналық (аналық) цикл дегеніміз гонадотропты және босатушы гормондардың әсерінен аналық бездерде болатын циклдік процестер. Әйел денесіндегі циклдік өзгерістер екі фазалы болыпкеледі. Циклдің бірінші(фолликулярлық фазасы фолликуланың және аналық бездегі жұмыртқаның жетілуімен анықталады, содан кейін ол жарылып, жұмыртқа оны қалдырады - овуляция.Екінші (лютеиндік) фаза сары дененің пайда болуымен байланысты.

    Етеккір функциясы нейрогуморальды жолмен реттеледі:

    1. ми қыртысы – етеккір функциясының дамуына байланысты процестерді реттейді. Ол арқылы менструальдық циклды реттеуге қатысатын жүйенің негізгі бөліктеріне сыртқы ортаның әсері жүзеге асырылады.

    2. негізінен гипоталамуста орналасқан субкортикалық вегетативті орталықтар – ол орталық жүйке жүйесінің импульстарының және шеткі эндокриндік бездердің гормондарының әсерін шоғырландырады, оның жасушаларында барлық перифериялық гормондардың,соның ішінде эстрогендер мен прогестеронның рецепторлары бар. Гипоталамустың нейрогормондары, гипофиздің алдыңғы бөлігінде тропикалық гормондардың бөлінуін ынталандырады, тропикалық гормондардың – статиндердің шығуын тежейтін босатушы факторлар (либериндер).

    3. гипофиз – оның алдыңғы бөлігі (аденогипофиз) адренокортикотропты (АСТГ) гормонды, соматотропты (СТГ), қалқанша безді ынталандыратын, фолликулаларды ынталандыратын (ФСГ), лютеинизирлейтін (ЛГ), пролактин (лактотропты) синтездейді. Менструальды функцияны реттеуге соңғы үш гормон қатысады, гипофиздік гонадотропты гормондармен біріктірілген:

    ФСГ бастапқы фолликуланың дамуы мен жетілуін тудырады. Жетілген фолликуланың жарылуы (овуляция) ФСГ және ЛГ әсерінен болады,содан кейін ЛГәсерінен сары дене түзіледі.Пролактин прогестерон синтезі мен секрециясын ынталандырады, жұмыс істемейтін сары денені жұмыс істейтін органға айналдырады.Пролактин болмаған кезде бұл бездің кері дамуы жүреді.

    4. аналық бездер - гормоналды (эстрогендер мен прогестерон түзілуі) және генеративті (фолликуланың жетілуі және овуляция) функцияларды орындайды.
      1   2   3


    написать администратору сайта