Главная страница
Навигация по странице:

  • Ерлердің жыныс гормондарының әйел ағзасына әсері.

  • Нысана жасушалары

  • БИОХИМИЯЛЫҚ ӘСЕР ҚЫЛЫП ЖАЗУҒА БОЛАДЫ. Әсер ету механизмі

  • Жасқа байланысты түзілісі

  • Түзілісінің реттелуі немесе гипоталамус-гипофизарлы реттелу

  • Прогестерон

  • Ең басты нысана жасушасы

  • Ерлердің жыныстық гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі.

  • Сперматогенезге әсер ететін факторлар.

  • Жұмыртқаны ұрықтандырудағы шәуеттің рөлі.

  • Биохимия. БИОХИМИЯ. 1. Нейроэндокринді реттелу сызбанса


    Скачать 143.93 Kb.
    Название1. Нейроэндокринді реттелу сызбанса
    АнкорБиохимия
    Дата24.02.2022
    Размер143.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБИОХИМИЯ.docx
    ТипДокументы
    #371678
    страница2 из 3
    1   2   3

    Жүктілік кезіндегі биохимиялық өзгерістер.

    Жүктіліктің бірінші триместрінде (1-12 апта), эмбрион өте қарқынды дамиды. Акушерлік жүктілік овуляция сәтінен басталады, ал нақты жүктілік ұрықтанған жұмыртқа жатыр түтіктері арқылы жатырға жетіп, эндометрияға жабысқан 3-ші аптадан басталады.

    Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер адаптивті сипатта болады және ұрықтың өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған. Жүктіліктің ортасынан бастап трофобласт кортиколиберинді синтездеуге қабілетті, ол ұрықтың гипофизін АКТГ деңгейін жоғарылатады, осылайша плацентарлы эстрогендердің негізгі ізашары – ұрықтың бүйрекүсті бездері синтезін жоғарылатады. Жүктіліктің соңына қарай эстрогеннің жоғары деңгейі миометрия жасушалары арасындағы саңылаулардың пайда болуын ынталандырады,бұл қозу мен босануға ықпалетеді.

    Жүктілікке арналған екінші маңызды стероидты гормон - бұл прогестерон. Прогестеронның қандағы концентрациясы жүктіліктің жоғарылауымен айтарлықтай артады. Жүктіліктің бірінші триместрінде прогестеронды синтездейтін сары дененің гормональды қызметі біртіндеп плацентаға өтеді,10 аптадан бастап прогестеронның максималды мөлшері трофобласт арқылы жасалады.Ұрық прогестеронның 50% алады, онда ол метаболизденеді және ұрықтың бүйрекүсті бездеріндегі кортикостероидтарды синтездеу үшін қолданылады.Прогестерон жүктіліктің пайда болуына және дамуына ықпал ететін ананың денесінде өзгерістер тудыратын гормон. Оның әсерінен ұрық жұмыртқасын имплантациялау және дамыту үшін қажет секреторлық процестер жүреді. Прогестерон жүкті әйелдің жыныс мүшелерінің өсуіне, сүт бездерінің өсуіне және лактацияға дайындалуына ықпал етеді, миометрияның жиырылғыштығын төмендететін, ішектер мен несеп шығарғыштардың тонусын төмендететін, орталық жүйке жүйесіне ингибиторлық әсер ететін ұйқышылдықты, шаршауды, концентрацияның төмендеуін және сонымен қатар, бұл май жасушаларының (адипоциттер) гипертрофиясына байланысты майлы тіндердің мөлшерін көбейтуге көмектеседі. Прогестерон метаболиті, прегнандиол, несеппен шығарылады.

    Жүктіліктің негізгі ақуыз гормондары хорионикалық гонадотропин (ХГ) және плацентарлы лактоген (ПЛ) болып табылады. ХГ - бұл плацента пайда болғанға дейін де хорион шығаратын гликопротеин. Биологиялық қасиеттері бойынша ол гипофиздің LH-ге ұқсас, аналық бездің сары денесінің қызметін сақтауға ықпал етеді, бүйрекүсті бездері мен ұрық бездерінің дамуына әсер етеді және плацентадағы стероидтардың алмасуына әсеретеді.

    Менопауза

    40-50 жастан кейін әйел ағзасындағы гормоналдық өзгерістер ұрық жалғастыру мүмкіншілігінің тоқтауына алып келеді.Менопауза - бұл етеккір циклдерінің түпкілікті тоқтатылуы. Аналық бездердегі фолликулалар жоғалып, олардың қызметі тоқтайды. Бүйрек үсті безінің стероидтарынан әлсіз эстрогендік белсенділігі бар эстрон түзіледі. эстрон әрдайым екіншілік жыныстық белгілерінің атрофиясының алдын ала алмайды; гормоналды күйдің өзгеруіне байланысты остеопороз күшейеді . Эстроген деңгейінің төмендеуіне байланысты жылына етеккір саны өзгереді, мысалы, 4-ке дейін немесе етеккір күндерінің саны бір күнге дейін азаяды.Ыстық жыпылықтайды, түнгі терлеу, мазасыздық, қайталанатын зәр шығару жолдарының инфекциясы (мысалы, цистит), қынаптың құрғауы және ауыр жыныстық қатынас, либидоның төмендеуі, ұйқының бұзылуы.Әйелдің репродуктивті жүйесінің бұзылуы:

    1)Біріншілік гипогонадизм – аналық бездің зақымдануының нәтижесі (овуляцияның әлсіреуі, гормондардың түзілуінің төмендеуі)

    2) екіншілік гипогонадизм – гипофиз функциясының бұзылуына негізделген.

    3) Жартылай кистозды аналық бездің синдромы (Штейн-Левенталь синдромы), онда андрогендердің гиперпродукциясы анықталады. Аурудың белгілері: гирсуитизм – шамадан тыс түктену, семіздік, тұрақты емес етеккір, ұрықтылықтың (фертильділіктің) төмендеуі

    Ерлердің жыныс гормондарының әйел ағзасына әсері.

    Әрбір әйелдің денесінде еркектің жыныстық гормондары (андрогендер) түзіледі. Андрогендер - бұл стероидтық сипаттағы ер жыныстық гормондар, олар негізінен аналық бездерде - аналық жыныс бездерінде және бүйрек үсті бездерінде - бүйректің үстінде орналасқан эндокриндік органдарда түзіледі. Әйелдердегі андрогендердің негізгі өкілдері - тестостерон, дигидротестостерон, андростендион, дегидроэпиандростерон сульфаты және дегидроэпиандростерон. Андрогендер ерлерде де, әйелдерде де жыныстық талғамға жауап береді, сондықтан олардың төмендеуі либидоның бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар, андрогендер көптеген биохимиялық процестерге, соның ішінде көмірсулар, липидтер алмасуына, сүйек пен бұлшықет тіндеріндегі процестерге әсер етеді. Әйелдер организімінде тестостеронның 1/3 бөлігі аналық бездерде және 2/3 бөлігі бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының торлы аймағында түзіледі. Аналық бездерде андрогендер эстрогендердің негізін салушылар болып табылады. Әйелдер организімінде тестостерон жатырдың жасушаларындағы биосинтетикалық процестерге және фолликулалардың жетілуіне әсерін тигізеді. Әйелдерде тестостерон түктердің өсуіне әсер етеді. Әйелдерде қалыпты мөлшерде болатын андрогендер келесі процестерге қатысады:

    -Әйел жыныстық гормондарының эстрогенін қалыптастыру үшін, себебі, бұл андрогендер әйел жыныстық гормондарының прокурсорлары.

    -Еркек жыныс гормондары әйелдерде либидоға әсер етеді және оған жауап беретін кортикальді орталықтар стимуляторы.

    -Әйелдерде тестостеронның түзілуіне жауап береді: лютеиндеуші гормон арқасында гипофиз безі тестостеронның бөлінуін реттейді, бүйрек үсті бездерінің торлы аймағы және аналық жасушаның тека аймағы тестостеронды синтездейді. Әйелдердің қан плазмасында тестостеронның 66%-ы глобулинмен, 33%-ы альбуминмен және тек 1%-ы байланыссыз күйде болады. Андрогендер мен эстрогендердің қалыпты физиологиялық пропорциясы жұмыртқа жасушасының сәтті жетілуінің кілті болып табылады.

    1. Әйелдердің жыныс гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі. Эстрогендер мен прогестерон. Әсер ету механизмі және нысана жасушалар. Биохимиялық жалпы және спецификалық әсерлер. Секрецияның реттелуі.Әйелдердегі гипофизарлы-гонадальды ось. Айя

    ЭСТРОГЕН

    Әйелдердің басты жыныс гормондары- эстрогендер. Олар пісіп-жетілген фолликулаларда холестериннен түзіледі. Эстрогендерге эстрон, эстриол, эстрадиол жатады.

    Олардың химиялық табиғатын қарастырсақ, олардың басты айырмашылығы- гидроксил топтарының санында. Құрылысына келсек, олардың бәрінде А сақинасында 3 қос байланысы және 3-ші көміртегінде гидроксил тобы болады. Ерекшеліктеріне келсек, үшінші көміртектен басқа эстриолда 16-шы және 17-ші көміртектері гидроксил топтарымен байланысқан, эстрадиолда 17-ші көміртек гидроксил тобымен байланысқан, ал эстронда тек 3-ші көміртек гидроксил тобымен байланысқан болып келеді.

    Нысана жасушалары- осы гормон рецепторлары әйел организмінің бүкіл жасушаларында болады. Қынап, сүт безі, аналық бездер, жатыр мүшелерінде рецепторлар өте көп.

    МЫНАНЫ БИОХИМИЯЛЫҚ ӘСЕР ҚЫЛЫП ЖАЗУҒА БОЛАДЫ. Әсер ету механизмі- екіншілік. Жалпы жыныс гормондары сияқты, эстрогендер –стероидты гормондарға жатады. Яғни олар жасушаішілік ферменттердің активтілігін және ақуыз бен ферменттердің синтезделу жылдамдығын өзгерте отырып әсер етеді. Алдымен, гормондар арнайы рецепторлармен байланысу керек. Әдетте, жыныс гормондары жиналмай, қанға бөлініп, арнайы тасмыалдаушы-белоктармен байланысқа түседі. Эстрогендермен байланысатын белок- ЖГБГ немесе жыныс-гормон – байланыстыратын глобулин, осы белокпен байланысқа түскен гормон өз белсенділігін жоғалтады, ал байланыспағаны белсенді болып қала береді. Белсенділі жоғары гормон жасушалары арнайы рецепторлармен байланысып, жасушаішілік ферменттерді активтендіріп, т-РНҚ, р-РНҚ,м-РНҚ, ДНҚ және белоктар синтезін күшейтеді. Содан осы гормонның физиологиялық әсер шығады, яғни бұл гормон зат алмасу процесстерін күшейтіп, көбеюге қатысатын тіндердің өсуін ынталандырады. Эстрогендер қанның ұю факторларының, плазминоген, фибриногеннің синтезін ынталандырады, антитромбин синтезін және тромбоциттер адгезиясын тежейді, тығыздығы төмен липопротеидтердің синтезін тежеп, тығыздығы жоғары липопротеидтердің синтезін арттырады, холестерин биосинтезін күшейтеді, сүйек тінінен кальций резорбциясын төмендетеді.

    Түзілу механизмы:Холестерин төмен тығыздықты липопротеидтердің гормон синтезіне қатысатын жасушаларына келедінемесе ацетил КоА-дан синтезделеді. Арнайы ферменттер кейін холестеринің жыныс гормондарына айналу реакциясын катализдейді. Көптеген эстрогендер андрогендердің перифериялық ароматизациялануынан пайда болады. Эстрогендер кейде бүйрек үсті безінің адренокортикотропты гормондарына жататын андрогендерден түзіледі. Сонымен қатар, бауырда эстрон және эстрадиол эстриол гормонына айналуы мүмкін.

    Жасқа байланысты түзілісі: Жалпы эстрогендер фолликулдарда түзіледі. Қыздардың организмінде фолликулдардың дамуы ерте басталғанымен, олар әлі толық жетілмеген болып саналады. Алғашқы менструацияға дейін фолликулдар үлкейіп, жыныс мүшелері толық жетілу үдерісі жүргенімен, қыз организмінде овуляция процессі жүрмейді. Оның себебі- фолликулдардың эстроген гормонын синтездей алмауында. Бұл кезеңде жыныс гормонының негізгі көзі- бүйрекүсті безі болып саналады, сонда да синтезеделетін адренокортикотропты гормондар белсенділігі төмен болып келеді. Кейін жыныстық жетілу кезеңінде гипоталамо-гипофизарлы жүйенің әсерінен фолликулдар эстрогендерді синтездеу активтілігі артады.

    Физиологиялық әсері: эстрогендердің ең басты әсері- репродуктивтілік функцияны реттеу. Осы гормондар екіншілік жыныс белгілерін, миометрий мен эндометрий стромасының өсуінен жатыр үлкеюін, зат алмасу процесстерінің активтілігін, майлардың түзіліп, тері асты бездерінде жиналуы есебінен әйел адамдарға тән дене мүсінін, жыныстық мінез-құлықтың, жыныстық құштарлықтың пайда болуын, жыныс мүшелері мен сүт бездерінің өсуін, сүт безіндегі сүт жолдарының пайда болуын қамтамасыз етеді. Эстрогендер әйелдің циклдық өзгерістерін реттейтін бірден-бір гормондар болып табылады. Эстрогендер прогестерон рецепторларының синтезін күшейткенімен, прогестеронның гипоталамустағытемператураны реттейтін орталыққа әсерін тежейді. Сондықтан жыныс циклінің бірінші жартысында әйел адамда эстрогендер жоғары болып, температура екінші жартысымен салыстырған кезде төмен болады.

    Түзілісінің реттелуі немесе гипоталамус-гипофизарлы реттелу: Гипоталамус-гипофиз-гонадальды ось арқылы осы эстрогендердің синтезделуі реттеледі. Бұл осьқа гипоталамус, гипофиз және аналық бездер қатысады. Осы осьтің маңызы- репродуктивті жүйе мен иммундық жүйенің қызметтерін бақылау болып табылады. Алдымен, гипоталамус гонадотропин-рилизинг факторларды синтездеп, қан тамыр торы арқылы аденогипофиздегі арнайы рецепторларға әсер етеді. Осы ГРФ әсерінен аденогипофизде гонадотропты гормондар - ФСГ мен ЛГ синтезі күшейеді. ФСГ мен ЛГ аналық бездегі рецепторлармен байланысып, эстрогендер синтезін күшейтеді. Тері керіс байланыс бойынша эстрогендер гипоаталмус пен гипофизге әсер етіп, ГРФ пен гонадотропты гормондар синтезін төмендетеді.

    ПРОГЕСТЕРОН

    Прогестерон әйелдер жыныс гормондарына жататын, уақытша эндокриндік без- сары денемен синтезделетін гормон болып табылады.

    Химиялық табиғаты жағынан бұл гормон холестериннен түзіледі, глюкокортикоидтадрға ұқсас болып келеді. Құрылысына келсек, 4-ші мен 5-ші көміртектерінің араларында қос байланысы, ал 3-ші көміртегінде кетотобы бар болады.

    Әсер ету механизмы- екіншілік, яғни бұл гормон жасушаішілік ферменттердің активтілігін, ақуыз бен ферменттердің синтезделу жылдамдығын өзгертеді. отырып әсер етеді. Прогестерон белгілі бір жерде жиналмайды, ол қанға бөлініп, ЖГБГ немесе жыныс-гормон – байланыстыратын глобулинмен байланысады.Осы гормонның ерекшелігі- оның активтілігі төмен, белсенді болу үшін ол эстрогендермен бірге әсер етуі керек. Прогестерон капиллярлық эндотелийдегі липопротеинлипазаның белсенділігін арттырады,қандағы инсулин концентрациясын арттырады,бүйректегі натрийдің реабсорбциясын тежеп,әйел ағзасынан азоттың шығарылуын тездетеді.

    Ең басты нысана жасушасы- жатыр. Бұл гормон әйел ағзасын жүктілікке дайындайды. Ал негізі бұл гормон рецепторлары көптеген мүшелерде, сонымен қоса бас миында да бар.

    Түзілісі: Басында холестерин төмен тығыздықты липопротеидтердің гормон синтездеуші жасушаларыменбайланысқа түседі немесе ацетил КоА-дан синтезделеді. Кейін белсенділігі жоғары ферменттер холестериннің жыныс гормондарына айналуын катализдейді. Кейде прогестиндер андрогендердің перифериялық ароматизациялануынан пайда болады.

    Физиологиялық әсері:Бүл гормон әйел ағзасын жүктілікке, лактацияға дайындап, сол процесттерді реттейді. Прогестерон жатыр еттерінің қозғыштығын тежеп, сүт бездерін үлкейтеді, гипоталамустағ,ы температураны реттеуші орталыққа әсер ету арқылы овуляциядан кейін дене температурасын 0,5 С-қа жоғарылатады. Прогестерондар әйел ағазсында көп болса, олар минералокортикоидтар рецепторларының гормонмен байланысуын тежеп, натрий-уретикалық әсер етеді. Қалыпты кезде прогестерон ағзадағы натрий мен хлорды жинақтап, калийдің сыртқа шығарылуын белсендіреді.

    Реттелуі: Осы гормон синтезі негізінен ЛГ гормонымен реттеледі. Жыныс циклінің бірінші жартысында ЛГ гормоны аз бөлінеді, сондықтан прогестерон андрогендерге, кейін эстродиолға айналады. Ал овуляция кезінде гипоталамустан шығарылатын гонадотропин-релизинг фактор аденогипофиздің гонадотропты гормондарының синтезін мен секрециясын ынталандырады. Сөйтіп, ЛГ синтезі белсендіріледі де, мөлшері көбейіп, бұл гормон жарылған фолликул, яғни сары денеге әсер етеді. Сол сары денеде прогестеронның синтезі белсендіріледі.

    1. Ерлердің жыныстық гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі.Сперматогенезге әсер ететін факторлар. Жұмыртқаны ұрықтандырудағы шәуеттің рөлі. Жанс

    Ерлердің жыныстық гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі.

    Ерлердің жыныстық гормондарының секрециясының реттелуі гипоталамус-гипофиздік жүйе арқылы бақыланып отырады.

    -гипоталамуста ОЖЖ-дан немесе адам ағзасының ішкі ортасындағы химиялық агенттерінен келетін сигналдардың әсерінен либериндер мен статиндер түзіледі

    - гипофизде гипоталамустың либериндері мен статиндерінің бақылауымен гонадотропты гормондар түзіледі

    -гонадотропты гормондардың, яғни фолликулстимулдеуші және де лютейндеуші гормондар жыныс бездеріне, бүйрекүсті бездеріне тікелей әсер етіп, жыныс гормондарының, яғни ерлердегі андрогендер-тестостерон синтезін бақылайды.

    -жыныс гормондары өз кезегінде мөлшері жоғарылаған кезде гипоталамусқа әсер етіп, сәйкес гормондардың синтезін тежейді.

    Яғни ерлердің жыныстық гормондарының секрециясының гипоталамус-гипофиздік реттелуі «кері байланыс» арқылы жүзеге асырылады.

    Сперматогенезге әсер ететін факторлар.

    Ең негізгілері: зиянды әдеттер, яғни ішімдік ішу, шылым шегі, есірткі қабылдау; сонымен қатар әртүрлі препараттар қабылдау, дұрыс тамақтанбау қажетті белоктар мен витаминдердің жеткіліксіздігі. Әртүрлі физикалық факторлар әсер етуі мүмкін, мысалы радияция, УК сәулелері т.б.

    -Спермотогенезге әсер ететін факторлардың ішіндегі ең маңыздысы зиянды әдеттер болып табылады. Бәрімізге белгілі: ішімдік ішу; шылым шегу; есірткі қабылдау және тағы басқалар. Мысалға, алкогольдің әсерінен сперматогенез нашарлайды, көптеген жасушалар ұрықтандыруға жарамсыз болып қалады;

    - Дәрі-дәрмектер ағзаны бұзып қана қоймай, сперматогенез бен ұрпаққа зиянды әсер көрсетеді;

    - Сперматогенезге әсер ететін факторлардың бірі эндогендік немесе экзогендік сипаттағы аталық бездерге жоғары температураның ұзақ мерзімді әсері болып табылады. Экзогендік жылу әсіресе қауіпті болып келеді. Аталық безді бір жылу қабықшасының өзі де сперматогенездің, спермаграмманың өзгеруіне, аталық бездің түтікшелі аппаратындағы қайтымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін;

    -Түрлі инфекциялар. Несеп-жыныс жүйесінің инфекциясы ерлердегі құнарлылық пен сперматогенезді төмендетуі мүмкін.

    -Ер адамның тамақтануы гонадалардың қалыптасуы мен жұмысында маңызды. Е дәрумені жетіспеген кезде сперматозоидтардың морфологиялық өзгеруі жүреді, ал С дәрумені жетіспеген кезде сперматозоидтың агглютинациясы болуы мүмкін, ал В тобының дәрумендерінің жетіспеушілігінен сперматогенез бұзылады.

    -Сперматогенезді тежейтін факторларға бірқатар гормоналды ауысулармен сипатталатын ауыр стресстің (оның ішінде психологиялық) әсері жатады — кортикостероидтардың концентрациясының жоғарылауымен тестостерон мен дигидроандостерон деңгейінің төмендеуі.

    Жұмыртқаны ұрықтандырудағы шәуеттің рөлі.

    Сперматозоидтардың қозғалу қабілеті- тұқым көпіршігі мен простата бездерінен бөлінетін сұйықтыққа тікелей байланысты болып келеді. Бұл сұйықтықты сперма деп атаймыз. Жыныстық қатынас кезінде әйелдің қынабына орта есеппен шамамен 3-5 мл сперма құйылады, оның құрамында 300-500 миллион сперматозоидтар бар. Сперма айқын антигендік белсенділікке ие, ал антигендер сперматозоидтардың өзінде де, сперматозоидтардың сұйық бөлігінде де кездеседі. Тұқымдық сұйықтықтағы антигендік компоненттер саны 12-ге жетеді деп саналады. Ұрықтану кезінде сперматозоидтар антигендері бейтараптандырылады. Сперма аталық жыныс жасушаларын ұрық жұмыртқасына жеткізуге және олардың өміршеңдігін сақтауға арналған. Сперма құрамына көптеген қоректік заттар кіреді, олардың жиынтығы әйелдер денсаулығына да жақсы әсер етеді. Эякулятты әйелдер үй маскаларына ғана емес, сонымен қатар белгілі бір косметика өндірісінде де қолданады, өйткені бұл теріге пайдалы болып келеді.

    Сперматозоидтармен бірге сперманың басқа бөліктері де қынапқа енеді, бұл ретте қарапайым бездер ерекше рөл атқарады. Олардың әсерінен жатырдың және жатыр түтіктерінің жиырылу белсенділігі белсендіріледі, бұл гаметаларды қалыпты тасымалдау үшін өте маңызды болып келеді.

    Шәует (сперма) құрамы және қасиеттері.

    Құрамы.Жалпы алғанда сперма- сперматозоидтан және де ұрық сұйықтығынан тұрады.Ал оның химиялық құрамына келер болсақ : аскорбин қышқылы, қанның әр тобына тән антиденелер, холестерин, холин, лимон қышқылы, фруктоза, дезоксирибонуклеин қышқылы, докозагексаен қышқылы, цианокобаламин, глутатион, инозит, сүт қышқылы, спермин, мочевина, гиалуронидаза, гиалурон қышқылы, пирув қышқылы, пиримидин, спермидин, зәр қышқылы, В12 витамині,Zn2+, Cl−, Ca2+ иондары, Mg2+, NО3−,К+, Na+ және т.б бар.
    1   2   3


    написать администратору сайта