Главная страница

Вакцинация. Иммунитет. Иммунопрофилактика вакциналар. Иммунитет


Скачать 134 Kb.
НазваниеИммунитет. Иммунопрофилактика вакциналар. Иммунитет
Дата04.03.2022
Размер134 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаВакцинация.doc
ТипДокументы
#382507



Белсенді иммунизация - Вакцинация ** **

ИММУНИТЕТ. ИММУНОПРОФИЛАКТИКА

ВАКЦИНАЛАР.

Иммунитет – организмнің антигендік қасиеті бар инфекционды және инфекционды емес агенттерді қабылдамаушылығы.

Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Иммунитеттің түрлері: 1) табиғи 2) жасанды Олардың әр қайсысы тағы 2 топқа бөлінеді: белсенді және белсенсіз. Белсенді иммунитет деп аталатыны антигендер енгенде организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Белсенсіз (пассивтік) иммунитетте антиденелер организмге дайын түрінде түседі.

  • Табиғи белсенді иммунитет жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін дамиды, көптеген аурулардан кейін тұрақты - өмір бойы сақталады, кейбір аурулардан кейін қысқа мерзімді. Табиғи белсенсіз иммунитет плацента, емшек сүті арқылы анасынан алынған иммунитет.

  • Жасанды белсенді иммунитет вакциналар енгізгеннен кейін, белсенсіз иммунитет иммуноглбулин, плазма енгізгеннен кейін.

Вакцина неден жасалады.

Вакциналарды өңдеу үшін тірі әлсіреген немесе өлтірілген микрорганизмдер және анатоксиндер қолданылады.

Вакцина - тірі әлсіреген (вируленттігі азайтылған) немесе өлтірілген микроорганзмдер. Анатоксиндер - зиянсыздандырылған, тазартылған токсиндер.

«Тірі» - құрамында тірі әлсіреген микроорганизмдер бар вакциналар. «Өлтірілген» (активсіздендірілген) – құрамында өлтірілген микроорганизмдер немесе/және анатоксиндер, антигендер, полисахаридтер бар вакциналар.


«Тірі» вакциналар

БЦЖ. ОПВ. ККП – қызылшалық, қызамықтық, паротиттік

«Өлтірілген» вакциналар

В гепатитке қарсы жеке вакцина, АКДС, АДС, АД-М, АДС-М, ТЕТРАкт-ХИБ, ТританрикстмНВ+Hib


Моновакциналар - микробтардың бір түрінен ғана дайындалған вакциналар: БЦЖ, ОПВ, АД-М, В гепатитке қарсы, қызамықтық.

Күрделі ассоцияланған вакциналар - бірнеше компоненттен тұратын вакциналар (вакцина+анатоксин): дивакцина екі компоненттен, тривакцина үш компоненттен, тетравакцина төрт компоненттен, бес пентавакцина бес компоненттен тұрады.

«Тірі» вакциналар.

    1. БЦЖ – тірі лиофилді кептірілген бактериялық вакцина (тірі әлсіреген туберкулез таяқшалары). Стандартты ерiткіш қосылып берiледi.

    2. ОПВ - оралды полиомиелиттік вакцина – тірі әлсіреген полиомиелиттік вирустардан тұрады. Шығарылуы: дайын ерiтiндi.

    3. ККП - «Тримовакс» - тірі вакцина 3 компоненттен тұрады: 1) тірі әлсіреген қызылшалық вирустары, 2) тірі әлсіреген қызамықтық вирустары 3) тірі әлсіреген паротиттік вирустары. Лиофилат.. Стандартты ерiткіш қосылып берiледi

«Өлтірілген» - активсіздендірілген вакциналардың құрамында өлтірілген микроорганизмдер (бактерия немесе вирустар) және/немесе анатоксиндер

  1. АКДС - адсорбцияланған көкжөтелдік-дифтериялық-сіреспелік вакцина - «өлтірілген» - 3 компоненттен тұрады: 1) өлтірілген көкжөтелдік таяқшалардан, 2) дифтериялық анатоксиннен, 3) сіреспелік анатоксиннен. Сипаттамасы: ақ түсті суспензия.

  2. АДС, АДС-М - анатоксин дифтериялық-сіреспелік - «өлтірілген» вакцина- 2 анатоксиннен тұрады: 1) дифтериялық, 2) сіреспелік. М - дифтериялық компоненті азайтылған. Сипаттамасы: суспензия. Адсорбцияланған.

  3. АД-М - анатоксин дифтериялық - «өлтірілген» - 1 компоненттен тұрады: дифтериялық анатоксин. Адсорбцияланған. Сипаттамасы: суспензия.

  4. HB вакцина - В гепатитке қарсы жеке рекомбинантты вакцина (Эувакс т.б.) гендік инженерия әдісімен дайындалған гепатит В вирусының беткейілік антигені HbsAg – «өлтірілген» вакцина.

  5. ХИБ - Хиберикс (Hib) – Haemophilus influenzae-ның b түрінің полисахариді. Haemophilus influenzae-ның b түрі туғызған гемофильдік инфекцияға қарсы вакцина. «Өлтірілген» вакцина. Лиофилизат. Жеке енгізбейді.

  6. ТЕТРАкт-ХИБ (АКДС+ХИБ): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге және Haemophilus influenzae-ның b түрі туғызған жұқпалы ауруларға қарсы вакцина. Дәрілік түрі: флакондағы лиофилизат (ХИБ) және ампуладағы суспензия құрамында көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцина бар суспензия. Енгізу алдында лиофилизатты суспензиямен ерітеді.

  7. ТританрикстмHB+Hib - пентавакцина (АКДС + гепатит В + гемофильдік инфекция): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В гепатитке және Haemophilus influenzae-ның b түрі туғызған жұқпалы ауруларға қарсы вакцина. Дәрілік түрі: құтыдағы (флакондағы) суспензия (құрамында Тританрикс НВ) және құтыдағы лиофилизат (Hib). Енгізу алдында лиофилизатты суспензиямен ерітеді.

Тританрикс НВ (АКДС+НВ вакцина) – «өлтірілген» вакцина 4 компоненттен тұрады: 1) өлтірілген көкжөтел таяқшалары, 2) дифтериялық анатоксин, 3) сіреспелік анатоксин 4) HB вакцина. Дәрілік түрі: суспензия.

«Салқын» тізбек жүйесі

Вакциналарды өндірілунен бастап енгізуне дейін қатаң 0+80С температурада сақтайды. Дұрыс сақтамаса вакцинаның активтілігі жойылады. Егу кабинетінде барлық вакциналар тоңазытқышта сақталады: ОПВ тоңазытқышта, ККП, Қызылшалық, НВ жоғарғы тарпада, БЦЖ ортаңғы тартпада, адсорбцияланған вакциналар төменгі тарпада. Тасымалдау және жұмыс уақытында сақтау үшін термоконтейнер немесе тоңазытқыш дорба қолданылады.
Мақсатталған аурулар (целевые заболевания)
Мақсатталаған жұқпалы аурулар - белсенді иммунизация арқылы алдын алуға болатын аурулар. сал ауруы (полиомиелит), туберкулез, көкжөтел дифтерия, сіреспе, гепатит В, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, гемофильдік инфекция (Хиб инфекция).

Вакциналарды енгізу және егуден кейінгі кезеңде бақылау ережелері


      1. Егу алдында дәрігер (дәрігер болмаса фельдшер) тексеріп, 112/У Ф-ға жазбаша арнайы жолдама береді (допуск)

      2. Вакцина енгізгеннен кейін мәлімет «Профилактикалық егулерді тіркеу журналына» (64/У Ф), «Профилактикалық егулер картасына» (63/У формасы), «Баланың өсу тарихына» (112/У Ф), егулер паспортына жазады: вакцинаның аты, сериясы, егу мөлшері, енгізу әдісі.

      3. Егуден кейін еакциялар мен асқынулар болуы мүмкін, сондықтан тез арада шара қолдану үшін егуді қабылдаған адамдар егуден кейін 30минут егу жасалған медициналық мекемеде болуы керек, содан кейін егілген баланы үйде бақылайды: а) инактивацияланған вакцина енгізілгеннен кейін алғашқы 3 күн; б) тірі вакцина енгізілгеннен кейін 5-6-шы және 10-11 күндері.

Вакцинация және ревакцинация

Вакцинациядан кейiнгi иммунитеттiң ұзақтығы әртүрлi - 1 жылдан 4-5 жылға дейiн, сондықтан егудi қайталау қажет. Қайталап егудi ревакцинация дейдi. Вакцинация және ревакцинация Денсаулық Сақтау Министрінің бүйрығымен бекітілген егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕГУ КҮНТІЗБЕСІ


Жас

Тубер-кулез

Вирус-ты гепатит «В»

Полио-миелит (сал ауруы)

Коклюш, дифтерия, столбняк (АКДС)

Гемофиль-дік инфекция (Хиб)

Дифте-рия, столбняк (АДС)

Дифтерия (АД-М)

Дифтерия, столбняк (АДС-М)

Корь, краснуха, паротит (ККП)

1-4 күн

+

+






















2 ай




+*

+

+*

+*













3 ай







+

+**

+**













4 ай




+*

+

+*

+*













12-15 ай







+
















+

18 ай










+**

+**













6 жас (1 кл.)

+













+







+

12 жас



















+







16 жас






















+




әр 10 жыл сайын






















+





*АКДС+НВ+ Hib = ТританрикстмHB+Hib вакцина = пентавакцина.

**АКДС+ХИБ = ТЕТРАкт-ХИБ вакцина = тетравакцина

Полиомиелит – Сал ауруы . Коклюш - Көкжөтел .Дифтерия – Күл. Столбняк – Сіреспе. Корь – Қызылша. Краснуха – Қызамық. Паротит – Мысқыл
ВАКЦИНАЛАРДЫ ЕНГІЗУ МЕРЗІМІ, ӘДІСІ, ОРНЫ, ЕГУ МӨЛШЕРІ


Вакцина

БЦЖ

ОПВ

HB

ТританрикстмHB+Hib пентавакцина (АКДС+НВ+ Hib)

ТЕТРАкт-ХИБ (АКДС+ХИБ)

Тетравакцина

АДС

АД-М

АДС-М

ККП

Қ ай ауру-

дың алдын

алу
Жас

Тубер-кулез

Полио-миелит (сал ауруы)

В ге-патит

1) Көкжөтел

2) Дифтерия

3) Сіреспе - столбняк

4) Гепатит В

5) Гемофильдік инфекция

1) Көкжөтел,

2) Дифтерия

3) Сіреспе

4) Гемофильдік инфекция

1) Диф-терия

2) Сірес-пе


Дифте-рия (күл)

1) Дифте-рия

2) Сіреспе


1) Қызылша

2) Қызамық

3) Паротит

1-4 күн

+




+



















2 ай




+




+
















3 ай




+







+













4 ай




+




+
















12-15 ай




+




















+

18 ай













+













6 жас (1 кл.)

+













+







+

12 жас



















+







15 жас




























16 жас






















+




әр 10 жыл сайын






















+




Егу мөлшері

0,1мл

2 там-шы

0,5 мл

Енгізу әдісі, орны

Тері ішіне Сол иықтың сырт-қы беті

Ауыз арқы-лы

Бұлшық ет ішіне терең

Бір жасқа дейін санның алдыңғы бетінің сыртқы жағы, бір жастан кейін дельта тәріздес бұлшық еттің ортасы

ИММУНОГЛОБУЛИНДЕР.

Иммуноглобулиндер – дайын антиденелер. Енізгеннен кейін уақытша жасанды белсенсіз иммунитет қалыптасады.

Вакциналар енгізу мен иммуноглобулин енгізу араларындағы интервал

Иммуноглобулин немесе қан препараттарын енгізгеннен кейін вакциналарды енгізуге дейінгі интервал

Вакциналарды енгізгеннен кейін иммуноглобулин енгізуге дейінгі интервал

3 айдан кем емес

Сақталынбайды

2 апта

Сақталынбайды

ККП

АКДС, АДС, АДС-М, АД-М

БЦЖ ОПВ

ККП БЦЖ ОПВ

АКДС, АДС, АДС-М, АД-М


ИММУНОГЛОБУЛИНДЕР - Ig
Иммуноглобулиндер - В-лимфоциттерде түзілетін антиденелер. Гуморальдық иммунитет қалыптастырады. Иммуноглобулиндердің 5 классы бар: IgG, IgM, IgA, IgE, IgD.


Класс

Жасына байланысы және басқа қасиеттері

Әсері

Әсер етуінің негізгі механизмі

IgG

Жеке синтезі ұрық дамуының 20-шы аптасында басталады. Плацентадан қанға белсенді өтеді. Туған кезде мөлшері көп болып, туғаннан кейін 6 ай бойы ыдырауы жүреді. Содан соң қайтадан көбейіп, 5-6 жасында ересек адамдардағы деңгейге жетеді.

Бактерияларға, негізінен Гр+ бактерияларға

Вирустарға

Экзотоксиндерге

Фагоцитозды күшейтеді, комплементті белсендіреді, плацента арқылы өтеді

IgM

Синтезі ұрық дамуының 12-шы аптасынан басталады. Белсенділігі жоғары, әсіресе жаңа туған нәрестелерде.


IgM аз өмір сүреді, бірақ жатыр ішіндегі, перинаталды, Гр- бактериалды, вирусты инфекцияларда, вирусты гепатиттерде, циррозда белсенділігі едәуір жоғары


Фагоцитозды күшейтеді, комплементті белсендіреді

IgА

Синтезі ұрық дамуының 28-ші аптасынан басталады. Көбі плазмоциттерде, тыныс жолдарының және ішектің шырышты қабаттарында синтезделеді – бұл секреторлық Ig. Көп мөлшерде қан арнасында – бұл сары сулық (сывороточный) Ig. Ересек адамдардағы деңгейге 10-12 жаста жетеді.

Секреторлық Ig вирустарға, бактерияларға әсер етеді, шырышты қабаттарды қорғайды.

Сары сулық (сывороточный) Ig қандағы микробтар мен олардың токсиндеріне әсер етеді

Секреторлық Ig организмге микробтардың енуіне кедергі жасайды – бұл организмді қорғаудың бірінші қатары


IgЕ

Қанда аз мөлшерде.


Негізгі рөлі –аллергиялық реакциялардың тез дамитын типіне қатысу –бронх демікпесі, аллергиялық ринит, анафилактикалық реакциялар кезінде мөлшері 3-4 есе жоғарылайды.

Паразиттерден қорғауын іске асырады

Фагоцитозды күшейтеді

IgД

Қанда аз мөлшерде.

Көбі бадамша бездерде

Лимфоциттерді мамандандырады Вирустарға әсер етеді

Комплементті белсендіреді,

Жергілікті иммунитетке қатысады



Галиева О.К.


написать администратору сайта