Главная страница
Навигация по странице:

  • Білімділік

  • 1. Ұйымдастырукезеңі -Сабақты өткізуге оқытушының психолгиялық даярлығы (сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)2.Өткен тақырыпты қайталау

  • 3.Жаңа сабақ (глоссарии жазып дайындау)

  • Табиғи белсенді иммунитет.

  • Табиғи енжар иммунитет.

  • Жасанды иммунитет.

  • Қысқаша қорытынды.

  • иммунитет. Тараз инновациялы кпсалалы колледжі Саба жоспары


    Скачать 26.55 Kb.
    НазваниеТараз инновациялы кпсалалы колледжі Саба жоспары
    Дата30.03.2023
    Размер26.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаиммунитет.docx
    ТипДокументы
    #1027034


    Тараз инновациялық көпсалалы колледжі

    Сабақ жоспары

    Сабақ тақырыбы

    Иммунитет және оның түрлері

    Пән атауы

    Ауыл шаруашылық малдарының ауруларының негіздері

    Дайындаған педагог

    Сейткул Б.Б

    Тексерген

    Колледж әдіскері: ____________Жунисов А

    Күні




    Курс В-9-21-2

    Оқу жылы: 2022-2023 ж

    Сабақ типі

    Аралас сабақ

    Сабақ түрі

    Жаңа білімді меңгеру

    Мақсаты

    Білімділік: Стерилді иммунитет, стерилсіз иммунитет (премунция), трансовариальді иммунитет, колостральдік иммунитет, трансплацентарлық иммунитет, белсенді иммунитет, енжар иммунитет үйрену.

    Дамушылық: білімгерлерге иммунитет тақырыбына арналған тапсырмаларды орындата отырып, білімгерлердің өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

    Тәрбиелік: білімгерлерді пәнге деген қызығушылыққа, тазалыққа, ұжымшылдыққа, адамгершілікке, отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    Міндеттері

    1. Иммунитет түрлерін атаңыз?

    2. Енжар иммунитет дегеніміз не ?

    3.Белсенді иммунитет дегеніміз не ?

    4.Стерилді иммунитет,стерилсіз иммунитет иммунитет дегеніміз не ?

    Пән аралық байланыс

    жануарлар морфологиясы,жануарлар физиологиясы,зоопсихология, жануарлар деонтологиясы,жануарлар ауруларының терапиясы,фармокология,патологиялық физиология.

    Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар

    Интербелсенді тақта, электронды оқулық, дәптер, қаламсап, қалам, ноутбук, ұялы телефон

    Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

    1. Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.

    2. Дұрманов Қ.Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.

    3. Муралинов К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.

    4. Магда И.И., Иткин Б.З., Воронин И.И. Оперативная хирургия с основами топографической анатомии. М. Колос, 2000 г.

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастырукезеңі

    -Сабақты өткізуге оқытушының психолгиялық даярлығы (сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)

    2.Өткен тақырыпты қайталау

    3.Жаңа сабақ (глоссарии жазып дайындау)

    Жаңа тақырыпты баяндау: түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, оқытушының өзіне-өзі сенімділігі.

    4.Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау)

    Бағалау критериясы

    • Жаңа тақырыпты меңгерді;

    • Тақырыпбойыншаойларынқорытыпайтаалады;

    • Тақырыпбойынша тест сұрақтарынажауапбереді;

    • Теориялықбілімді практика жүзіндеқолданаалады.

    Сабақ бойынша рефлексия

    Инцертәдісі

    Білемін Білетін едім Білгім келді

    Үй тапсырмасы

    Микробтардың зардаптылық қасиеттерін атаңыз



    Микроб денеге енгенде оған қарсы организмнің иммунологиялық арсеналы түгел іске қосылады. Бұл жағдайда иммунологиялық икемділік ,реакцияларының барлық түрлерін байқауға болады. Бұл жерде жеке-жеке талдап жатпай-ақ олардың жалпы қандай түрлерге бөлінетіндігін қарастырып өтейік.

    Жұқпалы ауруға қарсы иммунитеттің туа біткен және қалыптасқан негізгі екі түрі болады. Туа біткен иммунитет конституциялық. иммунитет деген атпен жоғарыда қарастырылды. Жануарлардың белгілі бір микробқа ‘туа біткен иммунитеті олардың дене құрылысы мен қызметінің табиғи конституциялық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктер микробтың организмге енуін және өніп-өсуін қамтамасыз етпейді. Ондай микробты көп мөлшерде организмге қолмен енгізгенде де телімді ауру дамымайды, өйткені организмнің ұлпалары мен жасушаларында микроб пен оның улы заттарына тән тиісті құрылымдар (рецепторлар) жоқ.

    Жұқпалы ауруға қарсы пайда болған иммунитет негізінен екі түрлі - табиғи және жасанды жолмен қалыптасады. Табиғи жолмен қалыптасуы адамның араласуынсыз, ал жасанды жолы әртүрлі дәрігерлік әдістердің көмегімен іске асады. Бұлардың әрқайсысы белсенді және енжар болып бөлінеді.

    Егер организм антиденелер мен басқа да қорғаныс заттарын өзі түзіп шығарса ондай иммунитет белсенді (активті) болады да, қорғаныс заттарын дайын күйінде қабылдаса - ондай иммунитет енжар (пассивті) деп аталады.

    Табиғи белсенді иммунитет. Табиғи белсенді иммунитетке ежелден табиғи жолмен қалыптасқан иммунитеттің мынандай түрлері жатады: белсенді, жолмен қалыптасатын аурудан соңғы иммунитет және иммундеуші субинфекция. Жануарлар жұқпалы аурумен ауырып жазылғаннан кейін ауруға бейімділігі төмендейді немесе қайтадан мүлде ауырмайды. Бұл пайда болған иммунитеттің ішіндегі ең мықты түрі. Ауырып жазылғаннан соң организм миқробтаң мүлде арылып иммунитет қалыптасса, мұндай иммутетті стерилді иммунитет деп атайды. Егерде аурудан жазылған соң организм. микроб алып жүруші болып қалатын болса, мұндай жағдайда қалыптасқан иммунитет стерилсіз иммунитет деп аталған. Француз ғалымы Сержант микроб сақталған жағдайда ғана болатың стерилсіз, иммунитетті премунция деп атады. Табиғатта стерилсіз иммунитет кең тараған. Негізінде ауырып жазылғаннан кейін қалыптасатын иммунитетті екі кезеңге бөлуге .болады. Бірінші кезең микроб әлі де болса организмде сақталатын мерзімге сәйкес келетін стерилсіз иммунитет, ал екінші кезеңі , микроб тарату тоқталғаннан кейін болатын стерилді иммунитет.

    Иммундеуші субинфекция да табиғатта жиі кездеседі. Жануарлардың ауру қоздырушы микробпен кезіккеніне қарамастан ауру білінбей, иммунитет қалыптасуы маңызды фактор ретінде ветеринариялық шараларды жүргізгенде үнемі ескерілуі қажет. Жергілікті малдар сол аймақта тараған ауруларға төзімді келеді. Ал басқа жақтан әкелінген малдар сол жерде болатын ауруларға тез шалдығады. Сондықтан әкелінген малдарды жерсіндіру оларды сол жердің ауа райы мен жем-шөбіне ғана үйрету емес, жаңа мекенінде кездесетін паразиттер мен ауру қоздырушыларға төзімділігін де қалыптастыру.

    Табиғи енжар иммунитет. Табиғи енжар иммунитетке негізінен жас төлдің енесінен табиғи жолмен алатын қорғаныс қабілеті жатады. Құстың балапаны және жұмыртқа арқылы өніп-өсетін басқа хайуанаттар қорғаныс заттарын жұмыртқаның сары уызынан алады. Бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан трансовариалъді иммунитет. Жоғары сатыдағы жануарлар иммунитетті ұрпағына плацента арқылы береді, бұл трансплацентарлъщ иммунитет. Бірақта плаценталы жануарлардың барлығы бірдей плацента арқылы ұрыққа антиденелер бере бермейді. Бұл плацентаның құрылымына байланысты. Антиденелер адам мен приматты жануарлардың гемохорионды плаценталары арқылы ғана өте алады. Гемохорионды плацентада ұрықтың хорионы жатырдың. қан тамырына тікелей ұштасады да, антиденелердің аналық қан айнамылынан ұрықтың қан айналымына өтуіне мүмкіндік тудырады. Ауыл шаруашылық жануарларының (сиыр, жылқы, қой, ешкі) плацентасы десмохорионды немесе эпителиохорионды болады да, хорион мен жатырдың қан тамыры арасында дәнекер ұлпа мен эпителий жасушаларының бірнеше қабаты орналасады. Антиденелер осындай табиғи тосқауылдан өте алмайды да, жатырдағы төл анасының қанынан қорғаныс заттарын ала алмайды. Сондықтан да малдың жас туған төлінің қанында иммуноглобулиндер болмайды (агаммаглобулинемия). Барлық қорғаңыс заттарын жас төл енесінің уызынан алады, бұл

    коластральдік'иммунитет. Уыз өзінің

    қорғаныс заттарының құрамы жөнінен қан сарысуьшан кем түспейді. Онда әр түрлі антиденелер, басқа да микробқа қарсы заттар мол. Мұндай қасиет бірінші сауылған

    уызда ғана болады. Кейінгі алынған уыздың құрамы нашарлай береді де, келе-келе жай сүтке ұқсас болады. Жас төлдің ішегіндегі эпителий де туғаннан соң бірнеше сағат бойы ғана уыздағы антиденелер мен басқа да қорғаныс заттарының өтуіне қолайлы болады. 1-2 тәуліктен кейін аталған заттар ішектен қанға бүтін күйінде өте алмайды да, басқа қоректік заттар сияқты ферменттердің әсерінен ыдырай, қорытылып кетеді.Осыған байланысты жаңа туған төл мүмкіндігінше уызды ертерек қабылдағаны жөн. Ең дұрысы уызды енесінің емшегінен емізген.Уызда қорғаныс заттарынан басқа да әр түрлі минералды макро- және микроэлементтер бар. Ішектің қызметін күшейтетін магний тұздары тоңғақтың бөлініп, ішек қызметінің жақсаруына ықпал етеді.

    Жасанды иммунитет. Жасанды иммунитеттің де белсенді және енжар түрлері.бар. Жасанды белсенді цммунитет вакциңа егу арқылы қалыптасады.Вакцина ауру қоздыратын микробтан жасалғанымен вакциналық процестің инфекциялық процестен едәуір айырмашылықтары бар. Инфекциялық процесс кезінде ңегізінен организмде инфеқцңялық-патологиялық құбылыстар, ал вакциналық процесс кезінде керісінше иммунологиялық-қорғаныстық құбылыстар басым болады.

    Жасанды енжар иммунитет құрамында антиденелер бар иммунді қан сарысуының немесе одан даярланған таза иммуноглобулин препараттарының көмегімен пайда болады. Мұндай иммунитет енжар деп аталғанымен организм тіпті де бейтарап қалмайды, иммунитеттің қалыптасуына белсенді түрде қатысады. Вакцина еккеннен кейін организмде иммунитет 1-2 апта өткеннен соң барып қалыптасатын болса, енжар иммунитеттің пайда болуы үшін ондай мезгілдің қажеті жоқ. Іс жүзінде бірер сағат өткеннен соң-ақ жіберілген антиденелер өз әрекетін бастайды.

    Қысқаша қорытынды. Иммунитет - организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті. Ол үш түрлі жүйенің (конституциялық, фагоцитарлық, лимфоидтық) қызметімен қамтамасыз етеді. Конституциялық иммунитет абсолютті, тұқым қуалайды. Ол таксондар, түр ішіндегі және индивидуумның иммунитеті деп үш түрге бөлінеді. Фагоцитарлық иммунитет, фагоцит жасушалар негізінде макрофагтық жүйеден тұрады. Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі лимфоидты ағзапарда пайда болып, қызмет атқаратын лимфоциттер арқылы телімді иммунологиялық икемділікті қамтамасыз етеді. Иммунологиялық икемділік - организмнің бөгде антигенге жауап реакциясы. Ол антидене түзу, жедел және баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толеранттылық, идиотип-антиидиотиптік қатынас арқылы іске асырылады. Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет туа біткен және қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Олардың әрқайсысы табиғи және жасанды жолмен қалыптасады да, өз кезегінде белсенді және енжер иммунитет деп аталады.


    написать администратору сайта