Главная страница
Навигация по странице:

  • Есеп № 1. XIX ғасырдың аяғында медициналық микробиологияның прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохтың жұмыстарымен тығыз байланысты.

  • Есеп № 2. Іш сүзегіне күдікті науқастан алынған нәжісті Эндо ортасына себу нәтижесінде түрлі түсті колониялар өсті: кейбіреулері таңқурай түсті, басқалары түссіз.

  • Есеп № 3. Микробиология бойынша практикалық сабақта студенттер туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан дайын бекітілген жағындыларды бояулары қажет.

  • Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға ауыз суы жеткізілді. Судың осы үлгісінің МЕСТ(ГОСТ)-пен ағынды суға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қажет.

  • Есеп № 8. Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200.

  • Есеп № 9. Жасушаға қоректік заттардың түсуі және қоршаған ортаға ақуыздар мен ферменттердің бөлінуі цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді.

  • Есеп № 10. Жұқпалы аурулар клиникасына жалпы әлсіздікпен, мазасызданумен, бас ауруымен – көптеген ауруларға тән белгілері бар науқас кірді.

  • Инфекция жұқтырған және өлген зертханалық жануарлардың ағзаларынан алынған таңба - жағындыларда капсуламен қоршалған пневмококктардың болуы пневмококкты сепсис диагнозын қоюға мүмкіндік береді.

  • Есеп № 12. Жұқпалы аурулар ауруханасында "Тұмау"деген болжама диагнозы бар науқас жатыр. Науқастың мұрын жұтқыншағынан шайынды алып тауық эмбрионына жұқтырдық. Эмбрион өлді.

  • Есеп № 13. Диагноз қою үшін науқастың қақырығына бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет. Зерттеу үшін стерильді ыдыс қажет.

  • Есеп № 14. Зертханаға санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін топырақ сынамасы келіп түсті.

  • Есеп № 15.

  • Есеп № 17. Ішек инфекциясы белгілері бар науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Науқастың нәжісінен бактериолог E. coli таза дақылын анықтады.

  • Есеп № 18. Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды ( жараны )

  • Есеп № 19. Көптеген жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасында микропрепараттарды Грам әдісі мен бояу қолданылады.

  • Есеп № 20. Адам ағзасындағы патогендік бактериялары адам жасушаларының беткей құрылымдарына бекітілуге қабілетті.

  • Есеп № 21. Науқастан алынған материалды зерттеу кезінде бактериолог бактерияның таза дақылын бөліп алды.

  • №1МЕж бақылауға арналған есептер. Иммунология негіздерімен жалпы микробиология пнінен 1 межелік баылауа дайындалу шін 2 курс Жалпы медицина


    Скачать 27.28 Kb.
    НазваниеИммунология негіздерімен жалпы микробиология пнінен 1 межелік баылауа дайындалу шін 2 курс Жалпы медицина
    Дата23.10.2021
    Размер27.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№1МЕж бақылауға арналған есептер.docx
    ТипДокументы
    #253818

    Иммунология негіздерімен жалпы микробиология пәнінен

    1 межелік бақылауға дайындалу үшін 2 курс «Жалпы медицина» факультеті студенттеріне арналған жағдайлық есептер.

    Есеп № 1.
    XIX ғасырдың аяғында медициналық микробиологияның прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохтың жұмыстарымен тығыз байланысты.
    1. Луи Пастердің медициналық микробиологиядағы ең маңызды жаңалықтарын сипаттаңыз?

    2. Роберт Кохтың медициналық микробиологиядағы ең маңызды еңбектері қандай?
    Есеп № 2.
    Іш сүзегіне күдікті науқастан алынған нәжісті Эндо ортасына себу нәтижесінде түрлі түсті колониялар өсті: кейбіреулері таңқурай түсті, басқалары түссіз.
    1. Шартта көрсетілген қоректік орта (қолдану мақсаты бойынша) қандай қоректік орталарға жатады және оның құрамына не кіреді?

    2. Неліктен колониялар Эндо ортасында таңқурай түсіне боялған?

    Есеп № 3.
    Микробиология бойынша практикалық сабақта студенттер туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан дайын бекітілген жағындыларды бояулары қажет.
    1. Студенттер қандай бояу әдісін қолданады және осы әдіс бойынша бояу реттілігін сипаттаңыз?

    2. Бұл бактериялардың қышқылға төзімділігі немен байланысты?
    Есеп № 4.
    Хирургиялық бөлімшеде патогенді стафилококк тудырған науқастарда стафилококк инфекциясының өршуі тіркелді. Осы бөлімшенің қызметкерлерін тексеру кезінде патогендік стафилококк операциялық мейірбикенің жұтқыншағынан бөлініп алынған.
    1. Медбикенің ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

    2. Бұл зерттеу қалай жүргізілетінін сипаттаңыз?

    Есеп № 5.
    Науқастарды емдеу кезінде хирургиялық стационарда түрлі антибиотиктер мен химиопрепараттар қолданылды. Науқастардан көптеген дәрілерге төзімділігі бар бұрын бөлінген дақылдардан ерекшеленетін стафилококк дақылдары бөліне бастады.
    1. Микроорганизмдерде пайда болған көптеген дәрілік төзімділіктің механизмдерін сипаттаңыз?

    2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың қандай әдістерін білесіз, олардың біреуін сипаттаңыз.

    Есеп № 6.
    Сібір жарасына күдікті науқастың карбункулының ішіндегісінен жағынды дайындалды, Грам әдісімен боялды. Микроскопия кезінде препаратта капсуламен қоршалған тізбектесіп орналасқан кесілген ұштары бар күлгін түсті таяқшаларды табылды.

    1. Бактериялардың текқана морфологиялық және тинкторлық қасиеттерін зерттеуге негізделген жұқпалы ауруларды микробиологиялық диагностикалау әдісі қалай аталады? Осы әдістің құндылығы мен кемшіліктерін сипаттаңыз.

    2. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз?

    Есеп №7.
    Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға ауыз суы жеткізілді. Судың осы үлгісінің МЕСТ(ГОСТ)-пен ағынды суға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қажет.
    1. Ауыз судың фекальды (бактериялық) ластануын бағалау үшін қандай санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды?

    2. Ауыз судың коли –титрі мен коли-индексін қандай әдістермен анықтайды? Осы әдістердің бірін сипаттаңыз.

    Есеп № 8.
    Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200.
    1. Аудиториядағы ауа ластанған немесе жоқ па деп қалай ойлайсыз және неге? Ауаның санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдеріне қандай бактериялар жатады және неге?

    2. Аспирациялық зерттеу әдісі қалай жүргізілетінін сипаттаңыз?

    Есеп № 9.
    Жасушаға қоректік заттардың түсуі және қоршаған ортаға ақуыздар мен ферменттердің бөлінуі цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді.
    1. Заттардың бактериялық жасушаға тасымалдану механизмдерін сипаттаңыз.

    2. Бактериалды жасушадан заттардың сыртқа тасымалдау механизмдерін сипаттаңыз.

    Есеп № 10.
    Жұқпалы аурулар клиникасына жалпы әлсіздікпен, мазасызданумен, бас ауруымен – көптеген ауруларға тән белгілері бар науқас кірді.
    1. Бұл науқаста жұқпалы аурудың қай кезеңі белгіленген? Жұқпалы аурудың барлық кезеңдерін сипаттаңыз.

    2. Микроорганизмдердің патогендік факторларын атаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
    Есеп № 11.
    Инфекция жұқтырған және өлген зертханалық жануарлардың ағзаларынан алынған таңба - жағындыларда капсуламен қоршалған пневмококктардың болуы пневмококкты сепсис диагнозын қоюға мүмкіндік береді.

    1. Зертханалық диагностиканың қолданылған әдістері қалай аталады? Осы әдістердің құндылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.

    2. Басқа ауруларға қарағанда жұқпалы ауруларға тән ерекше қасиеттерін сипаттаңыз.

    Есеп № 12.
    Жұқпалы аурулар ауруханасында "Тұмау"деген болжама диагнозы бар науқас жатыр. Науқастың мұрын жұтқыншағынан шайынды алып тауық эмбрионына жұқтырдық. Эмбрион өлді.
    1. Тауық эмбрионында вирусты индикациялау үшін қандай реакция қойылады? Бұл реакция қалай жасалады?

    2. Жасуша дақылында вирусты индикациялау әдістерін сипаттаңыз?

    Есеп № 13.
    Диагноз қою үшін науқастың қақырығына бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет. Зерттеу үшін стерильді ыдыс қажет.
    1. Стерильді ыдыстарды дайындау үшін: флакондар, Петри табақшалары, пробиркалар және т. б. стерилизацияның қандай әдісі мен режимі қолданылады.

    2.Аппарат құрылысы және жұмыс режимі қандай?

    Есеп № 14.
    Зертханаға санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін топырақ сынамасы келіп түсті.
    1.Анаэробты бактерияларды бөліп алу үшін қандай қоректік орталар қолданылады және осы ортаның біреуінің құрамына сипаттама беріңіз?

    2. Анаэробиозды жағдай жасау әдістерін сипаттаңыз?

    Есеп № 15.
    Пневмониямен ауыратын науқастың қақырығынан патогендік микробтар бөліп алынған.
    1. Микроорганизмдердің вируленттілігі мен патогенділігіне анықтама беріңіз.

    2.Ол қандай бірліктерде өлшенеді және оны экперимент жүзінде қалай анықтауға болады?

    Есеп № 16.
    Созылмалы пневмониямен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойы кең спектрлі антибиотиктермен емделді. Ауыз қуысының шырышты қабатында ақ таңбалар пайда болды. Дәрігер ауыз қуысының кандидозы деп диагноз қойды?
    1. Саңырауқұлақтардың құрылымы мен жіктелуі?

    2. Прокариоттардың және эукариот жасушаларын ерекшелендіретін белгілерін жазып көрсетіңіз?
    Есеп № 17.
    Ішек инфекциясы белгілері бар науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Науқастың нәжісінен бактериолог E. coli таза дақылын анықтады.
    1. Бактериолог қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу үшін микробиологиялық әдістердің қайсысын қолданды, оны қалай жүргізеді және осы зерттеу әдісінің құндылығы мен кемшіліктері қандай?

    2. Бактериялардың қоректену типтері мен энергия алу тәсілдері бойынша жіктелуі?
    Есеп № 18.
    Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды (жараны) анықтап, шанкрдан алынған материалды микроскопиялық зерттеуге тағайындады. Бактериолог материалды зерттеп, спирохеталарді анықтады.
    1. Спирохеталардің ультра құрылымын сипаттаңыз?

    2. Бояудың қандай әдістері және оларды тірі күйінде зерттеудің қандай әдістері қолданылады?
    Есеп № 19.

    Көптеген жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасында микропрепараттарды Грам әдісімен бояу қолданылады.
    1. Бактериалды жасушаның қандай құрылымы бактериялардың бояуды қабылдау қабілетіне жауап береді және Грам бойынша бояу әдісін сипаттаңыз?

    2. Бактериялық жасушаның ультра құрылымын сипаттаңыз?

    Есеп № 20.
    Адам ағзасындағы патогендік бактериялары адам жасушаларының беткей құрылымдарына бекітілуге қабілетті.
    1. Бактериалды жасушаның қандай құрылымдары қоздырғыштың адгезиясын қамтамасыз етеді?

    2. Экзотоксиндер мен эндотоксиндердің айырмашылықтарын тізімдеңіз.

    Есеп № 21.
    Науқастан алынған материалды зерттеу кезінде бактериолог бактерияның таза дақылын бөліп алды.
    1. Қандай қоректік орталарды қолдана отырып, бактериолог қоздырғыштың ферментативті белсенділігін анықтайды және осы орталардың құрамын сипаттаңыз?

    2. Бактериялардың ферменттері. Ферменттердің жіктелуі және ферменттердің практикалық қолданылуы.


    написать администратору сайта