Жмкс. Асқынулар. Инъекциялар кезіндегі асынулар жне оны алдын алу I. Жергілікті
Скачать 23.93 Kb.
|
Инъекциялар кезіндегі асқынулар және оның алдын алу I. Жергілікті: инфилтрат, абсцесс. иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома. II. Жүйелі: ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС. Инфильтрат - тері астылық және бұлшықет ішілік инъекцияларынан соң, инъекция жасаған жерде болатын қатаюдың пайда болуы. Егер • Инъекция өткір емес инемен жасалса; • Бұлшыкет ішілік инъекцияға кыска ине колданса; • Инъекцияның орны дұрыс болмаса: • Бір орынға жиі инъекция жасалса; • Суық ерітінділер қолданса, инъекция жасаған жерде қолға сезілетін инфильтрат пайда болады. Инфильтрат болған жерге жылытқыш компрестер және қыздырғыш қою қажет. Абсцесс - пиогенді мембранамен жан жағындағы ткандерден шехтелген жұмсақ ткандердің іріңді кабынуы. Себебі асептикамен антисептика ережелерін сақтамауға байланысты. Медикаментозды эмболия майлы ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп,оны бітеп қалады,соның» салдарынан тканің некрозына алып келеді.Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп ,жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже: ампуланы алдын ала жылыту, салған кезде орнын дұрыс таңдау және "қан тамырына түспегендігіне көз жеткізу мақсатында итергішті тартып көру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл ары қарай не бері қарай тартып, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Итергішті тартьш көргенде қан болмаса ғана салуға болады. Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді кұйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл аскынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас. Нерв тармақтарынын зақымдануы көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы мүмкін. • Механикалық- инъекция жасайтын орынды дұрыс таңдамағанда; «Химиялық - дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жакын орналасқанда. Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен(нервтің кабынуы) параличке(нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін. Тромбофлебит - тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері: ауру сезімі, терінің кызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі. Бір көк тамырды жиі венепункция жасағанда немесе жиі өткір емес инені қолданғанда кездеседі. Гематома (тері астына қаннын ұйылуы) - венепункцияны дұрыс жасамағанда, тері астында кара-көк дақ пайда болады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, бірнеше минут инъекция жасаған орынға спиртке батырылған мақтаны басу керек. Тағайындалған инъекция басқа көк тамырға жасалынады. Ал гематома орнына спирттік компресс қойылады. Сепсис - жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға инъекция жасағанда және көк тамырға стерильді ерітінділерді құйғанда асептикалык ережелерді қатаң бұзғанда дамиды. Вирусты гепатит В. сары сулық гепатит, ВИЧ-жұқпалы аурулар, бұл да асептикалық ережелерді бұзғанмен байланысты, инъекция жасағаннан кейін бірнеше айдан соң дамуы мүмкін. Негізгі мэселені дэрілік препараттарды қабылдағанда болатын крапивница, ринит, Квинке ісінуі, конъюктивит түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар құрады. Ең қатерлі аллергиялык реакцияның түрі анафилактикалық шок. Шұғыл түрде дәрігерге хабар беру керек және жедел көмек көрсетуді бастау қажет. Анафилактикалық шок дәрілік препаратты енгізгеннен соң бірнеше секунд немесе минут аралығында дамимды. Неғұрлым шок тез басталса, соғұрлым ағымы нашар, тіпті өліммен бітуі мүмкін. Клиникалық анафилактикалық шок кезінде кенеттен қан қысымы төмендеп, бронх тарылып, есін жоғалтады,терісі қызарады, кышитын бөртпелер басады, құсу, жүрегінің жиі соғуы байқалады. Симптомдары әртүрлі бірігулермен байқалуы мүмкін. Өлім жедел тыныс жеткіліксіздігінен, өкпе шеменінен, жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен дамиды. Алғашқы көмек: 1.дәріні енгізуді тоқтату, 2. дәріні енгізген орынға жгут байлау, 3.науқасты жатқызып, аяғын көтеру, 4.0,1%-1,0 мл адреналинді 200,0 мл физ ерітіндісімен көк тамырға, Мг преднизалонды енгізу. 6. антигистаминдік заттарды енгізу: 1%-1,0 димедролды көк тамырға, 7. тұншығу болса, көк тамырға 2,4%-10,0 мл эуфиллин, 8. жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксізді дамыса өкпелік-жүрек реанимация шараларын жүргізу қажет. Дәрілік заттарды қолданғанда аллергиялық реакцияны алдын-алу үшін тағайындалу көрсеткішін катаң тексеру қажет, аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері пайда болғанда тез арада тоқтату, жоғары аллергендік белсенділігі бар препараттарды (антибиотиктер, сары сулар) енгізгенде, сынама жасау қажет. Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі жедел көмек Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрігер шақыру. 2. Енгізіліп жатқан аллергенді тоқтату (инені к/т қалдыру). 3. Науқасты жатқызып, басын бір жаққа бұрып, аяғын көтеру. 4. Таза ауамен қамтамасыз етіп, ылғалды оттегі беру. 5. Қажетті заттарды дайындау. 6. Дәрілік заттарды к/т тамшылатып құю үшін система. 7. Әр түрлі көлемдегі шприцтер. 8. ӨЖД аппараты (Амбу қапшығы). 9. «Анафилактикалық шокқа қарсы» бикс 10. Дәрігер тағайындауы бойынша: - т/і 0, 018% - 0,2 мл адреналин - к/т 0, 018% - 0,5 мл адреналинді NaCl ерітіндімен. - к/т кортикостероидты енгізу 11. 60-90 мг (180 мг дейін) преднизолон немесе гидрокортизон 150-300 мг (к/т немесе б/е) 12. Антигистаминды дәрілерді енгізу: - Супрастин 2% - 4 мл, пипольфен 0, 25% - 2-4 мл - Димедрол 1% - 2-5 мл. - Жүрек гликозиттері: - Строфантин 0, 05% - 5 мл, 10 мл NaCl - Дигоксин 0, 025% - 0, 5 мл, 10 мл NaCl - Зәр жүргізетін лазикс (фуросемид 1% - 6 мл к/т) 13. Эуфиллин 2, 4% - 10 мл, 10 млNaCl 14. Кордиамин 25% - 2 мл. Кофеин 20% - 2 мл. 15. Реанимациялық іс-шаралар жүргізу. 16. Жансақтау бөлімшесіне жеткізу. |