Главная страница

Иновациялық әдістердің түрлері. Иновациялы дістерді трлері


Скачать 21.04 Kb.
НазваниеИновациялы дістерді трлері
АнкорИновациялық әдістердің түрлер
Дата06.02.2022
Размер21.04 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИновациялық әдістердің түрлері.docx
ТипДокументы
#352969

Иновациялық әдістердің түрлері

Бүгінгі қоғамның оқытушылар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған,өзіндік ой-пікірі қалыптасқан тұлға қалыптастыру. Тұлға- қалыптастыруда - оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Елбасымыздың Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын оқытушы жауапкершілігінің өсуі, танымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Мемлекеттік білім стандарты жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновацияық әдіс-тәсілдерді енгізу-студенттердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге,шығармашылық еңбек етуге жол салары анық.

Қазіргі таңда оқу орындарында педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту,білім беру және тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі студенттің жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Педагогикалық озат тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол жоғарғы оқу орындарында жаңалық енгізеді. Cондықтан бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі оқытушы ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені жоғарғы оқу орындарының тәжірибесіне енгізуге болады, сондықтан жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесіне жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек. Негізгі педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Оқытушы мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Тәжірибенің екінші белгісі- педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім»-студенттердің білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Оқытушы сабақтарын дұрыс бағалап, студенттердің білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

студенттердің бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

өз беттерімен білім ала білуі;

білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

студенттердің жалпы дамуы.

Білім сапасы студенттердің байқампаздығынан, талдау, жинақтау,абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Студенттердің алғырлығы олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Тәжірибенің үшінші белгісі –оқыту, тәрбие дамуда тұрақты жақсы нәтижелерге жету үшін оқытушылар мен студенттердің өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Студенттерге шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық- тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озық тәжірибені оқу-тәрбие жұмысында үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір оқытушы еліміздегі жаңашыл оқытушылардың бай тәжірибесін белгілі педагоктар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынғандарын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық процессіз жоғарғы оқу орнының дамуы мүмкін емес.

Белгілі ғалым Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

білім мазмұнындағы инновация;

оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы,түрі,әдістері және құралдарындағы инновация;

оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

жоғарғы оқу орындағы басқару жүйесіндегі инновация;

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

модульдық ( бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей студенттермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

жүйелі: барлық оқу орындарында болатын өзгерістер.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай оқу орындарының жұмысын дамытатын, оқу өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір оқытушы өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгереді.

Инновациялық үдерістің кезеңдері:

инновацияның себептері;

жаңалықты жобалау;

жаңалықты жүзеге асыру.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады.

1. Жаңа идеяны іздеу.Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

2. Жаңалықтарды ұйымдастыру.

3.Жаңалықтарды енгізу.Оқу –тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

4.Жаңалықтарды бекіту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.

Жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін:

Сабақта интерактивті әдістерді қолдану;

Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру,

Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, оқу орны жағдайына бейімдеу;

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:

Жобалау технологиясы;

Саралап даралап оқыту;

Дамыта оқыту технологиясы;

Модульдік оқыту технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

Сатылай кешенді талдау;

Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.

4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік бар.

5. Студенттерді ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді

6.Студенттердің қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану оқытушыларды шеберлік жағынан шыңдайтынын дау тудырмайды.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

Тиімділігі, жүйелілігі;

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңестігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушы келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:

1. Оқытушы жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.

2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.

3. Жаңа технология қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

4. Жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді.

5. Студенттердің жұмыс әдісін.

6. Студенттердің жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.

Білімді меңгерту - студенттің танымдық талдау жасай отырып, оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл студенттердің есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады.

Тіл сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы студенттің білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы студенттердің пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі-әдістерді анықтап алу басты міндет. Мысалы, анализ әдісі-ойлаудың логикалық тәсілі, ал синтез-таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез-талдау барысында бөлшектеген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз. Студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Сондай-ақ, шығармашылық пен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады. Салыстыру әдісі - дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі.

Сабаққа іріктелген жаттығу, тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы өте маңызды. Оның маңыздылығы: студенттер үшін практикалық құндылығының болуы; студенттер өмірімен байланысты болуы; олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалуы; студенттердің қызығушылығын туғызуы; оқытудың практикалық мақсаттарына сай болуы керек.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару оқытушылар алдындағы міндет болып табылады. Сондықтан қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс- әрекетпен қаруланған психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл оқытушы ғана мақсатқа жете алады.


написать администратору сайта