23.01.2023ж.
«Тексерілді»
Директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары
____Р.Манкаева «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбына коучинг сабағының жоспары
23.02.23ж
| Коуч: Капасова Н.А.
| Тақырыбы:
| «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»
| Мақсаты:
| Білім беруде жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып, жаңаша оқытуды өзара талдау. Әріптестермен бірлесе талдау нәтижесінде оның заман талабына сай екеніне көз жеткізу.
| Күтілетін нәтижесі:
| - мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін көреді;
-жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылайды;
-практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.
| Құрал-жабдықтар:
| үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, маркерлер,т.б.
| Өткізу барысы:
| Кезеңдері
| уақыт
| Коучтың іс-әрекеті
| Мұғалімдердің іс-әрекеті
| Қолданылатын ресурстар
| Коучингтің дәйексөзі:
|
| ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен
| Дәйексөзбен танысады.
| Интербелсенді тақта
| І.Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу
| 5 минут
| Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. «Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.
Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады.Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:
8-12 (20-00) сағат аралығындағылар - амандасады, жақсы сөз, тілек айтады 12-16 (00-04) сағат аралығындағылар – құшақтасу, 16-20 (04-08) сағат аралығындағылар – арқа түйістіру
Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады.
| Амандасады,ортаға шығып,тренингке қатысады..
|
Сағат суреті, стикерлер
| Ой қозғау.
| 3 минут
| Сыни тұрғыдан ойлау:
Жұмбақ: «Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған»
Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?
Жауабы: келтірілген сөздердің барлығында сан есім жасырылған.
-Ал біздерді біріктіретін не? Ұстаздар жауабын тыңдау.
| Ойланады, жауап береді.
|
Интербелсенді тақта
| ІІ.Мағынаны тану
2.1.Бейнебаян көру
| 2 минут
| 1) «Ескі көзқарастағы мұғалім - ол қандай?» Мысалдар келтіре аласыз ба? 2) Бейнебаян көру. «Школа моей мечты»- Ералаш топтамасынан - Осы сияқты қылықтармен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылықтарын төмендетері сөзсіз.
| Бейнебаянды көреді, өз ойларымен бөліседі..
| Интербелсенді тақта
| 2.2. Топтық жұмыстар:
Постер қорғау
| 6 минут
| І топ. «Мұғалім- сабақ иесі, оқушы - бақылаушы» немесе «Дәстүрлі оқу» әрекеті (Жетістіктері мен кемшілігі) постер қорғау
Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 5 минут
| Топтар ойланады, постерге түсіреді.
Ортақ пікірге келіп, қорғайды.
| Флипчарт, А4 парағы,стикер
| Ықпалдастыру сәті
|
| «Толық банка» әдісі
Ең алдымен,
тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы; Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар; Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр.
Толық банка-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді.
|
Банка – сабақ
Тас – сабақтың негізгі фазалары;
Ұсақ тас – мағынаны танытуда атқаратын іс – әрекет
Құм – ой толғаныс (бағалау, кеңейту) десек,
Су – осылардың барлығын біріктіретін сабақтың мазмұны
| Сұрақтарға жауап береді.
| Тас, ұсақ тас, құм, су, банка
| 2.3.Сергіту сәті
|
| «Суретке қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз?
Адамың басы – сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Бұл өмірде өзіңізге қажетті мәліметтердің барлығын есте сақтай аласыз. Жақсы мен жаман адамдарды тез ажыратып, сізге деген көзқарасының қандай екендігін бірден анықтау қабілетіңіз бар. Үй – үй шаруасын, тыныштықты, жылы қарым-қатынасты, махаббат пен мейірімділікті, ас дайындауды жақсы көретін сезімтал жансыз. Үйіңізге қонақ шақырып, дастарханды түрліше етіп безендіргенді жақсы көресіз. Достарыңызбен жиналғанда әңгіме-дүкен құруда алдыңызға жан салмайсыз. Суретші – сіз шығармашылықтың адамысыз, ойыңызға келген қиялдарыңыздың барлығын жандандыра аласыз. Сіздің ең басты құралыңыз – ұшқыр қиялыңыз. Оның әрдайым дамуына жағдай жасап отырыңыз. Тас – бірқалыпты өмір сүруді жақсы көретін, жаныңызға жақын адамдарға барынша адал жансыз. Өмірдің ағысымен асықпай жылжудасыз. Кейде елеулі өзгерістер де болып тұрады. Өміріңізді жаңа жылдық от шашумен салыстыруға болады. Тыныштық, артынша жойқын жарылыс. Ағаштар – сіз әрдайым өсу үстіндесіз. Ақылыңыз, күш-қайратыңыз, шығармашылық белсенділігіңіз күннен-күнге толысуда. Бір орында тұрмай, дамылсыз жылжу үстіндесіз. Бұл қасиетіңізге қызғанышпен қарайтын адамдар жетерлік.
| Суреттен алғаш не байқағанын айтады.
| Интербелсенді тақта, сурет
| 2.4..Шығармашылық жұмыстар
| 2 минут
| Ұ стаздардың сезіміне психологиялық бақылау. Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр мұғалімге таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек. 1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Кілті: 1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады».
2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді». 3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»
| Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
| Интербелсенді тақта, суреттер.
| 2.5.Жағдаяттық сұрақтар
| 6 минут
| V. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу. Нұсқау: Сіздердің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаулықтың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқауға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды білдіріңіз.
1- жағдаят: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?
1. «Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».
2. «Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».
3. «Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғаліммен оқуың керек шығар».
4. «Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді».
5. «Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».
6. «Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?». 7. – 2- жағдаят: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек? 1. «Шынымды айтсам, күмәнім бар», 2. «Әрине, сен бұған күмәнданбай -ақ қой». 3. «Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін». 4. «Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?». 5. «Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық». 6. «Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істегенімізге байланысты». 7. – 3- жағдаят: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектіген айтыңыздаршы». Мұғалім не деуі керек? 1. «Меніңше, сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты» 2. «Бұған алаңдайтын еш нәрсе жоқ» 3. «Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын жағдайды тереңірек біліп алуым керек» 4. «Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып, бұл жағдайға қайтып оралайық»
5. «Мен саған қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек.» 6. «Алаңдама, менде де, сендей кезімде дәл осындай қиындық болған» 7. -
| Ұстаздар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
| Интербелсенді тақта
| ІІІ.Ойтолғаныс.3.1. Бейнебаян көру
| 8 минут
| «Ең жақсы мұғалім» бейнебаянын көреді.
Қандай мұғалім болсақ та, бастысы адами құндылығымыз басым болсын!
| Бейнебаянды көреді.
Өз пікірлерін білдіреді.
| Интербелсенді тақта
| 3.2. «Болжау» стратегиясы
| 1 минут
| . Үйретуге де, үйренуге де асық бол!
Бір ғұлама өзеннің қасында отырып күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит судың қасына келіп, су ішейін деп жатқанда,судан ішпей қашады.
Сұрақ: Ит неге судан қашты?
(Жауапты тыңдау)
Осылай үш-төрт рет қайталанған соң, ғұлама,иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында,шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де,судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді.
Осы орайда ғұлама ой түйеді.
Қандай?
"Иттің осындай әрекетінен түсінгенім - бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі - адам ішіндегі қорқыныштарынан. Егер,ІШІМІЗДЕГІ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢЕ БІЛСЕК,қалаған мақсатымызға жете аламыз".
Тағы ойланып,үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді.
ҮЙРЕНГЕНІ-ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені.
Білгеніңізбен бөлісіңіз - басқа адамдардың үйренері бар шығар...
Үйретуге де үйренуге де асық болыңыз,өйткені әр адамның міндетті түрде бір білгені айтар сөзі бар...
| Ұстаздар мәтінмен таныса отырып, сұрақтарға жауап береді.
| Интербелсенді тақта
| 3.3. Рефлексия
| 2 минут
| Кері байланыс
«Бес саусақ» әдісі кері байланыс орнату
| Сабақтан не алғанын стикерге жазып , саусақ суретіне жапсырады.
| Флипчарт, А4 парағы,стикер
|
|
| Назарларыңызға рахмет!!!
| Мұғалімдер де өз алғысы мен қорытындыларын білдіреді.
|
|
Кері байланыс
Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)
________________________________________________________________________________________________________________________
Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________ Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________
1. Мықты денсаулық 2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік 3. Ауызбіршілік 4. Ортақ қызығушылық 5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау 6. Қамқорлық 7. Тәртіп 8. Бос уақытыңызды бірге өткізу 9. Сенімділік 10. Ата - ананың сөзі заң 11. Ата - ана отбасының үлгісі 12. Әлеуметтік жағдай 13. Отбасылық қарым - қатынас 14. Махаббат 15. Мейірімділік 16. Шынайылық 17. Сырт көзге үлгі болу 18. Береке 19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет 20. Көп бала
|