|
акушер4тема. ЫСа жауапты сРАтар арылы баалау жолымен студентті баалау шін млімет жинау (saq Short Answer Questions)
ҚЫСҚА ЖАУАПТЫ СҰРАҚТАР АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ ЖОЛЫМЕН
СТУДЕНТТІ БАҒАЛАУ ҮШІН МӘЛІМЕТ ЖИНАУ
(SAQ – Short Answer Questions)
ЖПД жұмысындағы әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
| Студент:
Жақсылық Мөлдір
| Оқытушы:
Кушкарова А.А.
| Күні:
03.04.2020
| Нұсқа: 4
|
1
| Заманауи контрацепция тәсілдері
| 0
| 5
| 10
| 15
|
| -Заманауи жаңа контрацептивтер түрлері:
-Қынаптық сақиналар, оральді контрацептивтер, имплантанттар, микробицидтер, қынаптық барьерлер сонымен қатар трансцервикальді стерилизация.
-Қынаптық сақиналар- құрамы комбинерленген және тек прогестинді болуы мүмкін. Әйел өзі қынапқа 35 күнге 1 сақинаны енгізе алады.. «Nuvarıng, Nestorone»
-Трансдермальді контрацепция- пластырь, спрей не гель түрінде шығарылады. Тері арқылы ішке гормон бөледі: цервикальді шырышты қоюландырып, эндометрий өсуін баяулатады. Аптасына 1 пластырьден қолданады.
-Имплантанттар- jadelle, sıno-ımplant, ımplanon. Тері астына енгізіледі, өзінен прогестин бөледі.
-Трансцервикальді стерилизация- essure- пружинаға ұқсас, жатыр түтігін толтырып, тығындап тұрады. Адиана әдісі- жатыр түтігіне имплантантты салған ісінеді, кеңістікті толтырып тұрады.
-Микробицидтер- спермицид сиақты әсер етеді, жыныс жолымен берілетін инфекцияда, ВИЧ-тан қорғайды.
Ер адамдарға арналған гормональді контрацептивтер- құрамы комбинерленген не тек тесттостероннан болуы мүмкін, сперма өндірілуіне қарсы тұрады. Инъекционды түрде шығарылады, кемшілігі- жиі инъекция алу қажеттілігі.
Risug- сперма шығарылатын өзекке жағылатын гель, сперманы жарамсыз етеді.
| 2
| Лактациялық аменорея тәсілі, әснр ету механизмі , көрсеткіш және қарсы көрсеткіш , артықшылығы және кемшілігі
| 0
| 10
| 15
| 20
| 25
| 30
|
|
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ) емшекпен баланы емізу көмегімен жүктіліктен қорғану. Ол балану емізу барысында үрпіні тітіркендіру арқылы овуляцияны тежеумен физиологиялық эффектіге негізделеді. Бұл әдісті босанудан кейін алты айда қолдануға болады. Әдіс ана мен бала денсаулығына да жақсы әсер етеді. Егер де әйел емшекпен баланы емізетін болса, етеккір қызметі болмайды, сондықтан жүктілі болу қаупі де төмен. Әдіс әйел емшекпен толық, күні түні, интервал екі үш сағаттан аспай емізгенде оң нәтижелі болады. Баланы емшектен шығарып, немесе қосымша әдіс қолданғанда әдіс эффективтілігі төмендейді. Әйел сәбиді емшекпен емізуді босонудан соң бірден бастау керек. Бұл әдіс аменореясы (менструациясы жоқ) сақталған және толық сәбиді емшекпен емізетін болса ғана тиімді.Егер сәбиді емізуден шектесе немесе қосыша тағамдарды беретін болса бұл әдіс эффектісі төмендейді.Бұл әдісті келесі көрсетілген әйелдер қолдануына болады:
Сәбиді тек емшек сүтімен емізсе; Етеккірдің қайта қалпына келмеген; Босанғанына 6 айдан аз болса; Әдістің артықшылығы: Эффектілігі- 98% (2-3 % босанғаннан соң бірінші 6 айдағы жүктілік мүмкін болатын); Қолдануы қарапайым; Әсерін бірден; Тегін; Жыныстық қатынасқа әсер етпейді; Босанудан кейінгі қан кетуді төмендетеді; Физикалық кері әсері жоқ; Медициналық бақылауды қажет етпейді; Лактационды аменорея әдісі сәби үшін өте пайдалы.
Сәби үшін артықшылығы:
Пассивті иммнизация; Тамақтанудың ең пайдалы көзі; Басқа сүттің немесе судың патогенді флорасымен қатынасуы төмендейді.
Әдістің кемшілігі:
Қолданушыға байланысты (емшкпен емізу ережелерін міндетті түрде сақтау керек); Әлеуметтік жағдайларға байланысты әйелдердің тек емшекпен емізу қиынға түсуі мүмкін; Қорғанудың қысқа мерзімділігі (6 айға шектелген); Жыныс жолдарымен берілетін инфекция және жыныстық жолмен берілетін басқа аурулардан (мысалы, вирусты гепатит В, ЖИТС) қорғамайды; Лактациялық аменорея әдісін қоданғанда кейде қиын мәселелер мен жағдайлар туындауы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштер:
Етеккір. Етеккір келуі ол овуляция басталып және фертильділіктің қайта қалпына келуі; Сәби екі емшекті тәулігіне 6 реттен кем емсе немесе түні бойы ұйықтаса. Емшекпен емізу жиілігінің төмендеуі аналық бездің қалыпты функциясының қалпына келуіне жағдай жасайды және овуляция тежелмейді; Егер әйел сәбидің тамақтану рационына емшек сүтін алмастыратын сұйықтық немесе тағам бере бастаса,онда мұндай жағдайда овуляция тежелмейді; Сәбиге 6 ай немесе одан жоғары болса. 6 айдан бастап сәбиді басқа қосымша тағамдармен қоректендіру қажет. Бұл әйелдің жүкті болу мүмкіндігін жоғарылатады; Жоғарыда көрсетілгендердің барлығында әйелдің жүкті болу мүмкіндігін жоғарылатады. Әрі қарай емшекпен емізуді тоқтатпай , басқа контрацепция әдісін қолдану қажет. Лактациялық аменорея әдісі тек емшек сүтімен (лактация) емізсе ғана эффектісі бар.
Эффектілігі: дұрыс қолданған жағдайда эффектілігі шамамен 98%. Бұл әдіс мына ережелерді сақтағанда ғана эффектісі бар:
Әйел сәбиді қосымша тағамдарсыз тек емшек сүтімен емізсе; Сәби емшекті күндіз әр 3 сағат сайын және түнде 1 рет емсе, аралығы егерде түнгі емізу 6 сағаттан аспау керек,сонда эффектілігі жоғары; Еттеккір әлі болмаса; Босанғаннан соң 6 айдан кем болса;
| 3
| ЖІС әсер ету механизмі , көрсеткіш және қарсы көрсеткіш, артықшылығы және кемшілігі
| 0
| 10
| 20
| 30
| 40
| 50
|
| Жатыр ішілік зат: Қандай материалдан жасалғанына, пішініне, көлеміне, жатыр ішілік заттардың құрамына кіретін медикаментозды қосылыстар сипатына қарай инертті, медикаментозды,мыс сымы бар,тағы да құрамында гормондары бар контрацептивтер болып бірнеше түрге бөлінеді. Жатыр ішілік контрацепцияның босанған,қабыну ауруларымен ауырмаған , ретті түрде жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерге қолданған ең ықтимал. ЖІС- жоспарланбаған жүктілік алдын-алу үшін жатырға енгізілетін контрацепция түрі.
Артықшылығы:
-Жоғары эффективтілік
-Қосымша қорғанысты қажет етпейді
-Бағасы тиімді
-Ұзақ уақыт қолданылады
-Лактацияға әсер етпейді
-Гормональді түрі тек қорғаныс емес сонымен қатар емдік мақсатта қолданылады
-Спиральді алған соң фертильділік қалпына келеді
-Құрамында мыс, күміс, алтын бар түрлері қабынуға қарсы жұмыс атқарады
-Жыныстық қатынас кезінде қолайсыздық тудырмайды
Кемшілігі:
-Бала босанбаған әйелдерге ұсынылмайды
-Жанама әсері болуы мүмкін (етеккірдің көп, ауырсынып келуі,т.б)
-Жыныстық жолмен берілетін инфекциядан қорғамайды
-Арнайы дәрігер ғана спиральді сала алады
Қарсы көрсеткіштер:
-Жүктілік
-Кіші жамбас органдарының қабыну және ісік аурулары
-ЖІС-ке(немесе құрамындағы затқа) аллергия
-Босанбаған әйелдерге
-Жатыр мойны эрозиясы
-атырдың туа біткен кемістігі
Көрсеткіштері:
-жүктіліктен сақтануды қалайтын жағдай.
| Ұпайдың максимум саны: 100 (100%), жинаған ұпай саны: ___ ( ___%) |
|
|