|
ҚМЖ. қмж 7 сынып жж типтері. ыса мерзімді жоспар 9блім. Координация жне реттелу
Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар:
9-бөлім. Координация және реттелу
| Мектеп: Талдыапан ЖОББМ
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Машықкер Сағындықова Д.Р
| Сынып: 7
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:-
| Сабақтың тақырыбы
| Жүйке жүйесінің типтері
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| 7.1.7.1. жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру.
| Сабақтың мақсаты
| жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін атап, оларға сипаттама береді. жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстырады; жанурлардың жүйке жүйесінің типтерінің ерекшеліктері бойынша ажырата алады және күрделенуі бойынша орналастырады.
| Бағалау критерийі
| Жануарлардың жүйке жүйесінің типтеріне сипаттама беріп, салыстырады. Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін ажыратып, оны күрделену реті бойынша орналастырады.
| Ойлау дағдысы
| Түсіну,талдау,зерттеу
| Құндылықтарға баулу
| Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
| Алдыңғы білім
| Жануарлардың қозғалу мүшесі.
|
Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
2мин
3мин
2 мин
| Амандасу, оқушыларды түгендеу, сыныпта жағымды ахуал тудыру.
Үй тапсырмасы «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеріледі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»
Оқушылар жұпқа «Молекулалар мен атомдар қозғалысы» әдісі арқылы бөлінеді.
| Қағаз
| Сабақтың ортасы 2 мин
5 мин
4 мин
4 мин
9 мин.
4 мин.
| Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «Ой ашар» әдісі арқылы оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады?
Жануарлардың жүйке жүйесі туралы не білесіздер? Қалай ойлайсыздар адамның жүйке жүйесі мен адамның жүйке жүйесі ұқсас па? Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері туралы не білгілерің келеді?
«Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
«Ауа райы» әдісімен бағалайды. Күн – өте жақсы; жаңбыр – орташа; бұлтты күн – нашар.
«Венн диаграммасы» арқылы көпшілік оқушыларға қойған мақсатқа қол жеткіземіз. Яғни, жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстырып, жұп бойынша талдаймыз.
«Смайликтер» арқылы бағалайды.
«Ой қозғау» стратегиясы бойынша 2 оқушыға бір тапсырмадан бердім. (ЖЖ). 1) сұрақтар; 2) топтастыру тапсырмалары; 3) сематикалық карта; 4) сөзжұмбақ; 5) тест тапсырмалары.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Сарланған тапсырмаларды орындау.
1 тапсырма:Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерінің күрделенуі бойынша орналастырып, оның неге олай орналасқанын түсіндіреді..
Бағалау критерийлері:
| Дескрипторлар:
| Жануарлардың жүйке жүйесінің орналасуын біледі.
| Жануарлардың жүйке жүйесін күрделенуі бойынша орналастырады; Неге олай орналастырғандарыңды түсіндіреді.
| 2 тапсырма: Ағза үшін жүйке жүйесінің маңызын түсіндіріп, олардың жүйке жүйесінің типін, тіршілік ортасын анықтайды..
Бағалау критерийлері:
| Дескрипторлар:
| Жүйке жүйесінің маңызын түсіндіреді.
| Жануарлар үшін жүйке жүйесінің маңызын түсіндіреді; Жануарлардың жүйке жүйесін, тіршілік ортасын анықтайды.
Медуза; Буылтық құрттарда; Буынаяқтыларда; Желілі жануарлар; Ұлулар;
| Сергіту сәті «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
| Конверт, стикерлер
Жүйке жүйесі типтерінің суреттері
| Сабақтың соңы
10 мин.
| Оқушылардың өзін-өзі бағалаулары: «Алма ағашы». Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Рефлексия: Сабақта:
Мен білдім ... Мен үйрендім ... Маған ұнады ... Қиындық туғызды....
| Плакат, стикер
| |
|
|