|
Өсімдік ұлпалары. ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы сімдік лпаларыны ртрлілігі тзуші, жабын, негізгі, ткізгіш, механикалы, бліп шыарушы лпа.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу». Зертханалық жұмыс «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу».
Бөлім:
| 8.1А Жасушалық биология
| Педагогтің аты-жөні:
| Сапарова Б
| Күні:
| 06.09
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу». Зертханалық жұмыс «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу».
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 8.4.2.1 өсімдік пен жануар ұлпаларын жіктеу
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар өсiмдiктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Өсімдіктерде қандай ұлпалар қалып таспайтынын анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Жануарларда қандай ұлпалар қалыптаспайтынын сипаттайды
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
б). Топтастыру.
| Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:
ТҚЕ сақтау. Топ басшысына бағыну. Белсенді болу. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау. Уақыт шегінде жұмыс жасау.
| Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|
Тоқыма жіп
| Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
|
1. «Ұлпа» түсінігіне анықтама беріңдер.
2. Өсімдіктерде қанша ұлпа түрлері бар?
3. Жануарларда қанша ұлпа түрлері бар?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
| Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
| Дескриптор: Жалпы -3 балл
Өсімдіктерде қандай ұлпалар қалып таспайтынын анықтайды
| Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру
|
| Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады
| 1.Тапсырма
Өсімдік ұлпаларының түрлерін анықтау
2.Тапсырма
Нейронның құрылысы және оныңұлпалармен байланысы: а) бұлшық ет ұлпасы; ә) эпителий ұлпасы; б) жүйке жасушасы бойынша кестені талдайды
| Дескриптор: Жалпы-3 балл
1.Суреттерді талдау,сипаттау
2. Кестені сызады
| ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
| Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады
| 3.Тапсырма
2-сызбанұсқаны пайдаланып кестені түсіндіру
| Дескриптор: Жалпы -3 балл
1.Кестені талдау
| ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
| Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
| Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
| |
|
|