Главная страница

қмж. 3 сынып _МЖ жа_а.. ысамерзімді жоспар 1саба. Сабаты таырыбы міріміздегі айталаулар


Скачать 494.92 Kb.
Названиеысамерзімді жоспар 1саба. Сабаты таырыбы міріміздегі айталаулар
Дата17.05.2023
Размер494.92 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 сынып _МЖ жа_а..docx
ТипПрограмма
#1137161
страница13 из 28
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




Сабақтың ортасы

(26 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі

Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады. Сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.



Топтық жұмыс

1- тапсырма «Ұялшақ мысық» пен «Қалалардың альбомы» жобасын әрі қарай жетілдіру жолдарын ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Берілген тапсырмаға топтық талдау жасайды.

  • «Ұялшақ мысық» пен «Қалалардың альбомы»

жобасын әрі қарай жетілдіру жолдарын ұсынады.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-

бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс

2-тапсырма Шағын ойын жобасының сценарийін жоспарлап ұсыныңдар

Дескриптор

Берілген тапсырмаға жұптық талдау жасайды.

Шағын ойын

жобасының сценарийін жоспарлап ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері





Жеке жұмыс 3-тапсырма

  • Спрайтқа

тінтуір көрсеткішінің

тигенін не

тимененін анықтау командасын қандай ойын жобаларында қолданар едің?

  • Ойынның

сценарийі мен скриптісін құруда қандай қиындықтар кездесті?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.



Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-

бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.



ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Көңіл күй букеті» әдісі

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі керек.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсініксіз.

Жасыл түс – барлығы жақсы.

Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісімен бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды, жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жұлдызша» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



17-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптары: «Өнер», «Атақты тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Word мәтіндік редакторы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін пернелерді пайдалану; 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;

3.2.1.3. мәтінді өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Достармен кездесу уақыты» әдісі







Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі менікіне ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. І топ: сағат 9

ІІ топ: сағат 12

ІІІ топ: сағат 15

IV топ: сағат 18

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • 1-суретке назар аудар, әңгімеле. Берілген суреттерге қандай ортақ тақырып ұсынар едің?

  • Қандай мәтіндік редакторларды білесің?

  • Өнер туралы мәтінді компьютерде қандай мәтіндік редактормен теріп, сақтай аласың?



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы!

Талпын!.т.б.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейі,н мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

( 26 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу.

«Әңгімелесетін

әріптестер» әдісі

Алдымен, топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Жаңа сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар

Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мәтінімен оқып, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы!

Талпын!т.б.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері







әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3

факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы; • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселері туралы ақпарат алмасады.












Топтық жұмыс: «Еркін талқылау»

әдісі

Мұны шағын топта қалай болса, сондайақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, мұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады. Бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға болады.

1-тапсырма

Word пен WordPad редакторларын төмендегі бағыттар бойынша салыстырып, талдаңдар: 1) Терезе

құрылысындағы

ұқсастық пен

айырмашылық; 2) Құралдардағы

ұқсастық пен өзгешеліктері.

Дескриптор

  • Берілген тапсырмаға

топтық талдау жасайды.

  • Терезе құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

  • Құралдардағы ұқсастық пен

өзгешеліктерді анықтайды.



Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы!

Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс. «Даналық ағашы» әдісі

Оқушылар

арасынан бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің

қолында қорап немесе сандықша болуы керек.

Оқушылар тақырып

бойынша ашық

сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап

2-тапсырма

Word редакторының терезесі мен

құралдары бойынша сұрақтар құрастырып, сыныптастарыңа ұсын.

Дескриптор

  • Word редакторының терезесі мен құралдары бойынша сұрақтан құрастырады.

  • Құрастырған сұрақтарын сыныптастарына ұсынады.



Қалыптастырушы

бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы!

Талпын!



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28


написать администратору сайта