Главная страница
Навигация по странице:

  • Бөлім: 10 -бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері.

  • Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) О

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Дескриптор: Жалпы -3 балл.

  • 10-тапсырма. Қазақ ғалымдары туралы мәліметтерді кестеге толдыр. Ғалымдардың өмір сүрген заманына қарай рет санын дұрыс қой. Айтылым

  • Дескриптор: Жалпы -4 балл

  • Дескриптор

  • «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты

  • Тиімділігі

  • Ғалым. ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы аза алымдары 91саба


    Скачать 63.11 Kb.
    Названиеысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы аза алымдары 91саба
    Дата21.05.2023
    Размер63.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҒалым.docx
    ТипДокументы
    #1148625

    Қысқамерзімді жоспар

    Сабақтың тақырыбы: Қазақ ғалымдары

    91-сабақ.

    Бөлім:

    10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация

    Тыныс белгілерінің түрлері мен қызмет

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:6

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Қазақ ғалымдары

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    6.1.4.1. Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 6.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру. 6.4.4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Білім алушылар ғалымдар еңбегінің адамзат тарихы, өмірі үшін маңызын және ғылым-білімнің қоғам дамуына қосар үлесін түсінеді;







    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    7 мин.

    Ұйымдастыру кезеңі:

    (Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

    Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

    Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.



    Оқулық, жұмыс дәптерлері

    ДК экраны

    Сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

    Өз ойымен бөліседі.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    8-тапсырма.

    Сөйлемдерден дисфемизм сөздерді тап және қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.

    Сумақай қоймашының ол сөзіне бұл күлген де қойған. Бірақ, байқады, осы жаман неменің жүріс-тұрысы әлгі ақсақтың айтқанының алдыңғысынан гөрі соңғысына көбірек келіңкірейді (Ә. Кекілбаев). – Ей, мынау кім? Қайдан ерттің? Түу, өзі сап-сары, – деп шайпу мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. – Өй, жынды, есерсоқ неме! Әрі кет, мұнда нең бар? – деп Шоқан тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті (С. Бегалин).



    Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    26 мин.

    9-тапсырма.

    Эвфемизм және дисфемизм сөздердің ортақ белгілерін, айырмашылықтарын мына сызбаға түсіріп жаз.
    Үлгі: Эвфемизм: сыпайы.

    Ортақ белгі: ойды бейнелейді. Дисфемизм: әдепсіз.

    «ВЕНН» диаграммасы:
    Берілген тапсырма бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып береді
    Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

    Дескриптор:_Жалпы_-3_балл.'>Дескриптор: Жалпы -3 балл.

    -ұқсастық-тарын анықтайды.

    -айырмашы-лықтарын айтып береді.

    Оқулық

    Жұмыс дәптерлері




    10-тапсырма.

    Қазақ ғалымдары туралы мәліметтерді кестеге толдыр. Ғалымдардың өмір сүрген заманына қарай рет санын дұрыс қой.

    Айтылым:

    Ол кім?

    Қайда білім алған?

    Жұмыс орындары

    Атқарған қызметі

    Ғылыми еңбектері

































    Дескриптор: Жалпы -4 балл

    - өздері білетін тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жан-жақты, әр қырынан салыстырады.

    - анықтайды.

    -зерттеу жүргізеді.

    Оқулық

    Жұмыс дәптерлері




    13-тапсырма:

    Қазақ ғалымдарының біреуінің өмірі туралы эссе жаз.

    Көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсет.

    Дескриптор:

    Жалпы -3балл

    - Эссе жазады.

    - Оған қарапайым жоспар құрады

    Оқулық

    Жұмыс дәптерлері

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.



    «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

    Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

    Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

    - бүгін сабақта қуантқаны.....

    - мен өзімді.....үшін мақтар едім.

    - маған ерекше ұнағаны.....

    - сабақтан соң маған........келді

    - бүгін маған..........сәті түсті.

    - қызықты болғаны.....

    - ......қиындық тудырды.

    - менің түсінгенім.....

    - енді мен......аламын.

    Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

    Жақсы!

    Талпын!
    Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





    написать администратору сайта