Главная страница
Навигация по странице:

  • 9.2.3.2 - эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру Сабақтың барысы

  • (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруМақсаты

  • Тиімділігі

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

  • Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

  • «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты

  • қмж 9 сынып. ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Эмбрион мен рыты дамуын салыстыру Студентті атыжні Жумат А. Е


    Скачать 249.72 Kb.
    Названиеысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Эмбрион мен рыты дамуын салыстыру Студентті атыжні Жумат А. Е
    Дата25.04.2023
    Размер249.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақмж 9 сынып.docx
    ТипДокументы
    #1089487

    Қысқамерзімді жоспар

    Сабақтың тақырыбы: Эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру
    Студенттің аты-жөні: Жумат А.Е

    Күні:13.04.22ж

    Сынып:9 а

    Сабақтың мақсаты: 9.2.3.2 - эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру Сабақтың барысы:
    Сабақтың барысы:


    Сабақ кезеңі/Уақыты


    Педагогтің іс-әрекеті


    Оқушының іс-әрекеті


    Бағалау


    Ресурстар


    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту.

    7 мин.


    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


    Оқулық, жұмыс дәптерлері

    ДК экраны


    Жаңа сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

    Өз ойымен бөліседі.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


    1. Ұрықтану дегеніміз не?
    2. Эмбрионалды кезең қанша уақытты құрайды?
    3. Жүкті әйел гигенасы қандай болу керек?
    Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады


    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


    Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    26 мин.


    1-тапсырма.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

    Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


    1. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатырға түсуін түсіндіріп береді.



    Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

    -Тапсырманы түсіндіреді;

    -Сұрақтарға жауап береді.



    Оқулық,

    жұмыс дәптері

    ДК




    2-тапсырма.

    Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


    1. Туғанға дейін адам өмірі қандай кезеңдерге бөлінетінін сызба түрінде бейнелейді.
    2. Болашақ ана ағзасының ұрықтануға дейінгі сәтінен имплантация сәтіне дейінгі қалыптасу үрдісін талдайды. Бұл кезде қандай маңызды оқиғалар жүреді.


    Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

    -тапсырмаларды орындайды;

    -Сызба сызады.


    Оқулық,

    жұмыс дәптері

    ДК




    3-тапсырма.

    Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


    1. Ұрықтанудан кейін ана және шарананың ағзасында тууға дейін жүретін үдерістерге жалпы сипаттама береді.
    2. Эмбрион мен шарана арасындағы айырмашылықты атайды.
    3. Суретке қарап ұрықтың даму кезеңдерін сипаттап береді.


    Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

    -тапсырманы орындайды.

    -Жауаптарын негіздейді.

    -Суретпен жұмыс жасайды.


    Оқулық,

    жұмыс дәптері

    ДК


    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.





    «Бір ауыз сөз» әдісі.

    Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

    Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.


    Жеке жұмыс:

    Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.


    Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

    «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






    написать администратору сайта